Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 19:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Файлы: 1 файл

novy_kurs_rabota_madina.doc

— 214.00 Кб (Скачать файл)

Орталық банктiң қызметтерi:

  • ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды түрде банкнота шығару;
  • орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни үкiметтiң экономикалық саясаттың құрамдас элементi;
  • орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
  • орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
  • орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi.

Мемлекеттiк борышты басқару деп - орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жүргiзу.

Орталық банктiң операциялары екi түрге бөлiнедi: актив - ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив - ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын құру операциялары.

Сонымен:

  • мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның саясатына шексiз ықпал етедi;
  • орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
  • ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
  • үкiметтiң экономикалық саясатының  негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң түйiнi болады.

Орталық банктiң мiндетi - ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң күшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi.

Ұлттық банк - мемлекеттiк орталық банк. Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер, шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысын, «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшалардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату  және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын  қызметтері арқылы орындалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының

түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тұртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептін мерзімін, формасын, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бакылайды. Ұлттық банк өзінің  бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу,әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың  Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан  әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы  провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан  және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген  операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын  қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

  • алтыннан;
  • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы  қаржылардың қалдықтарынан;
  • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
  • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
  • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
  • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы  активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің  шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден,  бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі  шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және  Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік  сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның  іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.

Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол тоғыз адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.

Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып алты жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе екі ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз алты жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда екі ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айында кемінде бір рет өткізіп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган - Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың  Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер

 

«Коммерциялық банк» — бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде отызыншы наурызында 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

90-шы жылдың басында банктердің  саны 200-ден асты, әрине бұл олардың  экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады. Қазіргі уақытта елімізде 38 коммерциялық банктер жұмыс істеуде.

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

Информация о работе Банк жүйесінің мәні мен мазмұны