Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 13:14, дипломная работа
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың негізгі мақсаты оның тұрақтылығын, табысты қызметін және дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің өзінің «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет пен кәсіпорындағы инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті [1].
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................
1.1Инновация түсінігі, түрлері мен өмірлік циклы......................................
1.2Инновацияның кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудағы рөлі......................................................................................................................
1.3 Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың шетел тәжірибесі...........................................................................................................
2."KAZKORM" ЖШС-дегі ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ.................................................................... 2.1"KAZKORM" ЖШС-нің қаржылық - шаруашылық қызметін талдау........
..................................................................................................................
2.2Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуын бағалау..... ...............................................................................................................
3.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ............................................................... 3.1Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету...........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................
Ұйымдастырушылық өндірістік |
Микро инновация |
Аймақтық |
Басқарушылық |
Жергілікті |
Әскери |
Экономикалық |
Нүктелі |
Әлеуметтік саяси |
ғылымда |
| ||
Рухани салада |
мәдениетте |
білім беруде |
этикада |
Діни идеологияда |
Сонымен инновацияларды
ғылыми тұрғыда зерттеудің эволюциясын
талдау нәтижесінде "инновация" категориясына
мынандай қасиеттер тән деп айтуғаболады:
- инновация - пайдалы әсерді қамтамасыз ететін жаңа не жетілдірілген тауар немесе үдеріс;
- инновация - экономикалық өсудің факторы.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
1. Жаңалығына байланысты:
- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
- жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
- жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
2.Қолданылуына байланысты:
- өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
- технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
- әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
- нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
3. Шығу көздеріне байланысты.
- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
4. Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
- тұтыну инновациялары;
- инвестициялық инновациялар.
5.Масштабына байланысты:
- күрделі инновациялар;
- жай инновациялар.
1.2 Инновацияның кәсіпорын
стратегиясын қалыптастырудағы рөлі
Қазіргі таңда «стратегия» ұғымы әр түрлі аяда, сонымен қоса экономикалық, маркетингілік, қаржылық, инновациялық жәнеде тағы басқа ортада қолданылады.
Стратегия ұғымы:
- Кәсіпорынның өзінің мақсаттарына жету үшін қолданылатын іс-әрекеттері және жағдайның жүйелігі;
- Сыртқы орта мен ішкі әлеуеттің әсер ету ерекшелігі нәтижесінде ұйымды дамытудың келешектегі жоспары;
- Инновация, өндіріс, табыс пен шығын, бюджет, салық, инвестиция, баға, әлеуметтік салаға қатысты ұйым басшылығының ұзақ уақыттық, аса негізді жоспары;
- Бәсекелестерге деген қатынасында кәсіпорынның (фирманың) күш-қуатын және тіршілік қабілеттілігін нығайтуға арналған, өзара байланысқан әрекеттер жинағы.
Инновациялық ұйымдар үшін стратегия, бұл:
- Ұйымның негізгі инновациялық мақсатына жету үшін ресурстар мен басты мәселелерді анықтайтын, әрекет бағдарламасы;
- Басымды бәсекелікке жеткізетін, нақты әрекеттермен толықтырылған, бизнес тұжырымдамасы (бұл үшін нарықты түсіну, ұйымның нарықтағы жағдайын бағалау, өзінің бәсекелестік басымдылығын жете түсіну қажет) ;
- Басқару объектісінің, яғни, басқару жүйесінің, оның құрылымының, қалыптасқан қатынастарының, тәртіп ережесі мен жұмысшылар қызметі құрамының, қазіргі жағдайының түпкілікті өзгерістеріне байланысты, сапалы жаңа мүдделеріне жету үшін бағытталады, ұзақ мерзімді әрекет жоспарының мақсатты бағдары.
Стратегияны үлгі (алдын ала ойластырылған немесе оқиғалар барысында қалыптасқан әрекет түрі не тәртіп мақамы) ретінде, жоспар (саналы түрде және әдейі құрастырылған әрекет реті) ретінде , оңтайлы әдіс (бәсекелестерді жаңылдыру үшін қолданылатын әртүрлі айла-тәсілдер) ретінде, позиция (сыртқы ортаға қатысты компанияның орны) ретінде, болашақ (ұйымда түпкілікті орныққан дүниені қабылдау тәсілі) ретінде қарауға болады.
Жалпы және инновациялық стратегиялар ұйым мүмкіндіктерін қолдануға және дамытуға бағытталған және сыртқы орта өзгерістері деген реакция ретінде қарастырылады.
Инновациялық стратегия бола алады: қызмет және технологияларды игеруге бағытталған ұйымның инновациялық қызметі; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарда, өндіруде, маркетинг және басқаруда жаңа әдістерді қолдану; жаңа өнімдер өндіруге, жаңа ұйымдық құрылымға көшу; ресурстардың жаңа түрлерін және дәстүрлі ресурстарды пайдалануда жаңа тәсілдеме қолдану.
Компанияның инновациялық белсенділігін арттыратын, алғышарттар, біріншіден, институциональді өзгерістермен, тұтынушылардың жаңа қажеттіліктері мен қалауларының туындауымен, тауарлардың өмірлік кезеңінің қысқаруымен, өнімнің ғылымды қажетсінуінің жоғарылауымен байланысты.
Айта кететін жайт, дамып келе жатқан инновациялық фирма өмірінде әртүрлі мәселелер мен қайшылықтар туындайды, соның салдарынан тұрақты өрлеу кезеңі дағдарыспен алмасады, ал оның өздерінің кезектерінде оның алдағы дамуының негізі болып табылады. Әдебиетте бизнес өрлеуінің 5 сатысын қарастырады.
1 - саты. Креативті негізде өсу.
Фирма болмысның ерте сатысында, оның өсімі, жаңа өнімдер мен өтім нарығын құру жолымен қамтамасыз етіледі.Осы уақытта креативті негіздегі фирма өсімі басқару мәселесін тудырад , және ұжымда шиеленіскен жағдай мен келіспеушіліктер туындауына алып келетін, жетекшілік дағдарыстың басталуына себепкер болады.
Жетекшілік дағдарысты шешудің ең тиімді жолы - басқарудың жаңа әдістерін фирмада қолдануға қабілеті бар , оның даму дәрежесіне сай, мамандандырылған менеджер жалдау. Күшті менеджерді тартумен байланысты жасалған бұл қадам, жетекшілік дағдарысты бастан өткерген фирма үшін өрлеудің жаңа сатысы болып табылмақ.
2 - саты. Өндіріс дамуы негізінде өсу.
Директивті басқарушылық тәсілдеме көмегімен, фирманың өсуі мен дамуына қызметкерлер күшінің аса тиімді бағытталуына қарамастан, бірте-бірте, фирманың алдағы өрлеуі мен даму қарқынына байланысты, орта менеджмент тез арада шешім қабылдау қажеттілігі мен осы шешімдерді жоғары басшылықпен мақұлдау қажеттілігі арасында келіссөздер болуынан зардап шегеді. Бұл орайда, дербестіктің дағдарысы болып анықталатын, дағдарыс туындайды.
Дербестік дағдарыстан шығудың ең тиімді амалы – бөлімше жетекшілеріне өкілеттілікті табыстау.
Бұрынғы орталықтандырылған жүйе шеңберінде өз бетінше басқарушылық шешімдер қабылдауға дағдыланбағандықтан , орта шенді менеджерлерде мәселелер туыныдауы мүмкін, сондықтан жаңа шарттарға бейімделу үшін уақыт керек екендігін ескеру қажет.
3 - саты. Табыстау негізінде (қызметті үйлестіру) өсу.
Басқарудың әлемдік тәжірибесі өкілеттілікті табыстаудың жоғары әсерін басқару құралы ретінде көрсетті, себебі бұл фирмаға орта дәрежелі менеджерлердің көтерме мотивациясы негізінде өсуге және кеңеюіне мүмкіндік береді. Қосымша құқықтар мен басқарушылық өкілеттілікке ие болған орта шенді менеджерлер, жаңа нарыққа енуге, тұтынушылар сұранысына жылдам әрекет ету, жаңа қызметтер мен тауарларды өңдеу және нарыққа ұсынуға қабілетті бола бастайды. Дегенмен, 3 саты шеңберінде даму үздіксіз және шексіз бола алмайды. Бірте-бірте, фирма өсімінің мөлшеріне қарай, бақылау дағдарысы секілді, жаңа дағдарыстың алғышарттары жинақталады.
Кризистік бақылауға рұқсат ету барысында жоғарғы басшылықтың міндетті - басшылық етуді фирмаға бүтіндей қайтару. Солай бола тұра нәтижесінде фирманың тым үлкен көлемді жұмыс жасамайтын орталықтандырылған әдістеріне қайта оралу ең үлкен қателік болып есептеледі. Басшылық етудің қажетті деңгейін ішкі координацияға арнайы механизмдерді енгізу жолымен ғана қайта қалпына келтіруге болады.
4 - саты. Үйлестікті дамыту жолы арқылы өсу.
Төртінші фазаның эволюциялық даму кезеңі кезінде формалдық жүйені қолдану арқылы фирмадағы бөлімшелердің ішкі координация деңгейін әлдеқайда жоғарылатуды жүзеге асыруға болады. Жоғарғы менеджмент фирма ресурстарын әлдеқайда тиімді үлесіруге қол жеткізе отырып, жаңа жүйені жетілдіру және енгізу жауапкершілігін өз мойнына алады. Бөлімше менеджерлері фирманың барлық мүддесін есепке ала отырып, күрделі мәселелерді өз бөлімшелерінің тар аядағы бөлек жағдайда әлдеайда ауқымдырақ қарастыратын болады. Бірақ фирманың одан әрі дамуы мен өсу дәрежесі бойынша ынтымақтастықты дамыту арқылуы өсу деп аталатын инновациялық дамудың жаңа фазасына көшуді білдіретін өзара түсінісу кризисі белең алады.
5 - саты. Ынтымақтастықты дамыту арқылу өсу.
Өзара түсіністік кризисін тек қана ынтымақтастықты дамыту арқылы және топтарда жұмысты пайдалану жолымен өзара қарым-қатынасты мейлінше жақсарту арқылы жоюға болады.
Сонымен, инновациялық стратегия – бұл инновациялық үрдістерді, инновациялық қызметті және осы қызметпен айналысатын мекемелік құрылымдар, сондай-ақ сол мекеменің қызметкерлерін басқару қағидаттары, әдістері және формаларының жиынтығы. Экономикадағы инновациялық үдерістер рөлінің ұлғаюы шаруашылық жүйелер динамизімін және барлық ұдайы өндірістің жоғарылауына әсер етеді.
Кәсіпорынның инновациялық стратегияларын қалыптастыру әдістері. Кәсіпорынның инновациялық стратегияларын қалыптастырудың негізгі элементтер болып келесілер табылады: компанияның макро және микроортасын сараптау; нарық конъюнктурасы; философия, миссия, мақсат және міндеттер, кәсіпорын қызметі туралы стратегия (қызмет түрлерінің артықшылықтары, фирма әрекет еткелі отырған нарық сегменттері, қазақстандық көлемдегі компания үлесі, Қазақстан бойынша ірі компаниялар тізіміндегі компанияның орыны), маркетингтік стратегия (ағымдағы бар сұраныстар бойынша өңдеуді қажет ететін өнімдер, өнімдерді сату жүйесі, өнімдерді таратудың түрлі формаларының үлесі, өнімді таратудың жаңа жолдары мен озық технологиялары, баға саясаты, қызметке сұраныс қалыптастыру жүйесі, жарнама стратегиясы), инвестициялық саясат (инвестициялық ортаны сараптау, инвестициялық саясат қағидаттары, инвестицияның басым бағыттар, инвестициялық жобалар бойынша кіріс деңгейін жорамалдау), қызметкерлермен жұмыс бойынша стратегия (кадрлық стратегия), (қызметкерлерді іріктеу және оқыту, ынталандырып отыру жүйесі), аймақтық саясат (Қазақстан аймақтарын қысқаша сараптау, қайта ашылғалы отырған филиалдар тізімі, компания және филиалдардың өзара қарым-қатынас жүйесі), халықаралық қызмет саласы бойынша стратегиясы.
Экономикалық іс-шаралардың нәтижесінде мекеме инновациялық стратегияны таңдау туралы шешім қабылдауы мүмкін, бұл кәсіпорынның қолданыстағы дамуының стратегиясының негізінде қойылған мақсаттардың орындалмауы нәтижесінде мүмкін, немесе кәсіпорынның биік деңгейге көшуіне байланысты жаңа мақсатты қою нәтижесінде болуы мүмкін.
Кәсіпорын дамуының стратегияларын әзірлеу үрдісінде бірнеше кезеңдер қатарын айтып өтуге болады. 1-кесте
2 кесте - Кәсіпорынның дамуының инновациялық стратегиясын әзірлеу әдістері және негізгі кезеңдері
Кезең |
Кезең сипаттамасы |
Пайдаланылатын әдістері |
1.Алдын-ала |
Басшылықтың талдауы, оның стратегияны әзірлеуге ынталылығы. Кәсіпорынның барлық бағыттар бойынша диагностикасы. Басшылардың және сарапшылардың келісім бойынша таңдауы. |
Директордың анкетасы. Анкеталық сауалнама. Бизнес бойынша сауалнама. |
2.Баламалы стратегияларды әзірлеу |
Стратегияның түрлі нұсқасын әзірлеу үшін жұмыс тобының құрылуы. Сарапшылардың стратегиясын бағалау. |
Ақылмандар сарабы. (мозговой штурм) Мәселелі-іскерлік ойын. Сарапшылармен ұжымды жұмыс |
3. Балама стратегиялар мен шешім қабылдауды ранжирлеу |
Стратегиялық мәселелерді ранжирлеу, критерийлерді таңдау Мақсатты бағдарламаларды әзірлеу |
Сараптамалық әдістер, Желілік әдстер. Стохастикалық сызбалар Басшының интуиция. |