Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 13:14, дипломная работа

Описание работы

Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың негізгі мақсаты оның тұрақтылығын, табысты қызметін және дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің өзінің «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет пен кәсіпорындағы инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................
1.1Инновация түсінігі, түрлері мен өмірлік циклы......................................
1.2Инновацияның кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудағы рөлі......................................................................................................................
1.3 Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың шетел тәжірибесі...........................................................................................................
2."KAZKORM" ЖШС-дегі ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ.................................................................... 2.1"KAZKORM" ЖШС-нің қаржылық - шаруашылық қызметін талдау........
..................................................................................................................
2.2Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуын бағалау..... ...............................................................................................................
3.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ............................................................... 3.1Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету...........................................................


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс 2.docx

— 87.57 Кб (Скачать файл)

 

     Одан әрі құралған матрица арқылы, біз компанияның даму стратегиясының әр саласында әдістердің қалай қолданылатынын көруге болады.

       Ұйымның сыртқы ортасын талдау әдістері – белгілі бір сыртқы факторлардың әсері және сыртқы факторларға стратегияның сезімталдық дәрежесін анықтау мақсатында қажет.

       Сыртқы орта сыртқы ортаны талдау әдісіне тікелей әсер етуші қасиеттерге ие. Оларға мыналар жатады: күрделілігі, бұл кәсіпорынның ескеретін бірқатар факторлары; ұтқырлық – кәсіпорынның сыртқы ортадағы белгілі бір өзгерістерді көрсететін жылдамдығы; белгісіздік – кейбір сыртқы факторлар туралы ақпараттың болуы мен сенімділігін білдіреді.

Сыртқы ортаның стратегиялық талдау әдісінің негізгі бағыттары: ұйымның дамуына қатер төндіретін сыртқы факторлардың талдауы; кәсіпорынның ағымдағы қызметтеріндегі өзгерістерінің талдауы; қоршаған орта факторларының өзгерістерін бағалау; тұтынушыларға жаңа әдістерді үйрену барысында, құндылығы бар қосымша ақпарат алу.

 

 

 

 

3-кесте- Инновациялық стратегияны қалыптастыру әдістері.

 

Әдістер атауы

             Стратегиялық кезеңдердің атаулары

Ұйымдастырушылық кезең

Сыртқы ортасы

диагностикасы

Ішкі

диагностикасы

Стратегиясын

қалыптастыру

Жүзеге асыру жоспарларын әзірлеу

Сараптама

+

 

+

   

Статистикалық

бағалау

+

 

+

   

SWOT- анализ

 

+

     

PEST- анализ

 

+

     

Ұйымдастырушылық диогностика

+

 

+

   

Модельдеу

   

+

+

 

Синтез

     

+

 

 

      Сыртқы ортаны талдау барысында, ең тиімді және кең қолданылатын әдістердің бірі – SWOT-талдау әдісі болып табылады. Бір мезгілде бірнеше факторларға әсер ықтималдығын есептеу үшін матрицаның ықпалы негізінде қолданылуы мүмкін. Алайда, осы әдістерді статистикалық әдіс, субъективтілік сияқты кемшіліктері бойынша пайдаланады.

       Ұйымның сыртқы ортасын талдау, өте танымал экономикалық-математикалық әдістер болып табылады. Алайда, олардың біршама кемшіліктері бар: күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты шығындар, сондай-ақ мамандарға төленетін сыйақы; дамудың барлық маңызды үрдістеріне толық көлемде бағалау мүмкін емес; деректілік күтпеген өзгерістердің әсерінен жоғары ықтималдық шамаға дейін төмендейді.

       Сратегиялық талдаудың құралы ретінде стратегиялық басқару болып табылады, және ол ұзақ мерзімді қызметте экономикалық қызметтің тиімділіктерін бағалайды. Ол кәсіпорынның ағымдағы жай-күйі мен дамушы стратегиялық мәселелерді талдайды.

       Портфельдық талдау – бұл қорларға инвестициялау мақсатында, табыстылығын және болашақ бағыттарын бағалау үшін қажетті болып табылады, сондай-ақ, экономикалық қызметті зерттеуге бағытталған стратегиялық талдауқұралы болып табылады. Бұл әдәстің кемшілігі, ол ағымдағы кезеңнің деректерін пайдаланады және болашақ кезеңге берілуі мүмкін емес.

       Даму стратегиясының классикалық үлгілерінің басты кемшілігі, олар ұйымның жалпы шарттарына негізделген, іс жүзінде олардың мамандану қызметін ескермейді. Сараптамалық әдістер болашақта жұмыс күйін қалай болатынына баға береді. Сараптама бағасы тиімді дәлелдерге және  интуициялық  білімге негізделген. Олар түрлі тосын  жағдайлардан өтіп кетуі жайлы жауап алуға ,алдын ала мықты және әлсіз жақты анықтауға , белгілі бір іс-шаралардың тиімділігін анализден өткізуге мүмкіндік береді. Сараптамалық әдістердің артықшылығы , интуитивті көзқарасты  қоспағанда,  идеялармен алмасу және қарсы қою мүмкіндігі болып табылады. Сараптамалық әдістердің негізі  толық емес және жанама ақпаратттарды пайдалану, мамандардың жеке тәжірибесі мен түйсігі болып табылады.

       Стратегиялық талдау әдісі үшін  мына талаптарға сай болуы тиіс: сәйкес әсерін бағалау; қатаң бәсекелескен ұйымдардағы тараптарды анықтау; әр түрлі салада жұмыс істеуге мүмкіндік беру; ақша қаражатының қозғалысы  туралы есеп айырысулар толығымен сенімді болмаған жағдайда да ұзақ уақытқа арналған  жобаның әлеуетін бақылау.

       Инновациялық стратегияны бағалау екі маңызды салаларға негізделген, бұл  бағалау ұйымның өз жарамдылығын; орындылығын қолайлы және бірізділілігін анықтау үшін   нақты саясат параметрлерін әзірлейді. Осылайша, бәсекеге қабілетті ортада әрбір ұйым нарығында тұрақты жағдай туралы қамқорлықты және олардың  өнімдерін немесе қызметтерді бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Сол үшін технологияны дамытып, жаңа тұтыну қасиеттері бар өнімдерді әзірлеуді, нарықты кеңейтіп, сатылымды жақсартып, қорларды шоғырландыруды, олардың жалпы  бәсекесін жақсарту керек.

 

1.3Кәсіпорынның инновациялық стратегияның шетел тәжірибесі 
     

       Шетел тәжірибеде фирма дамуының инновациялық стратегиясын зерттеу 19-ғасырдың 50-жылдары басталды. Олар өндірістің келешек тенденцияларын және оның нарықтағы тәртібін зерттеумен байланысты болды. 20-ғасырдың басында инновациялық стратегияның элементтерін құрудың алғашқы қадамдары жасалды.

       Әр мемлекеттің фирмалары өзінің экономикасының спецификасына байланысты инновациялық стратегия құрудың оңтайлы жолдарын қарастырады және экономикадағы  болып жататын өзгерістермен бірге жақсартады.            Ұлыбританияның кәсіпорындары инновациялық стратегияны тұтынушылар қажетілігіне және нарық пен ғаламдық бағалар өзгерістеріне байланысты, Данияда сыртқы нарықты зерттеумен байланысты,Францияда келешек тенденциялар мен осы кездегі жағдайды зерттеумен байланысты, Венгрияда инновациялық стратегиядағы жоспарлаумен байланысты дйындайды.     

       АҚШ-тағы әр фирма инновациялық стратегия дайындауда ізінің нақты перспективаларын анықтауға үлкен мән береді. Сонымен қатар технологиялық,бәсекелестік,нарықтық,әлеуметтік,инновациялық,саясаттық ұйымдастырушылық факторлар қарастырылады. Дамудың инновациялық стратегиясы ішкі нарықтың нығаюына,шетел бәсекелестерден мемлекеттік қорғанысты іздеуге бағытталуы тиіс,ал ең бастысы инновациялық стратегияда ол-сұраныс,өндіріс және баға болып табылады.

Әр елдегі кез-келген фирманың инновациялық стратегиясын дайындалуы әр елдің инновациялық мәдениетіне байланысты болады,мысалы Жапонияның фирмаларының стратегиялары Еуропадан және АҚШ-тан өзгешеленеді.

- АҚШ-тың фирма басшылығы  инновациялық жағдайдың анализін  өзі жасайды,ал Жапония фирмалары  басшылығы тек анализдің бағытталуын  және оның мағлұматтарын төменгі  деңгейге анализ құру үшін  ұсынады.

- Жапония фирмалары АҚШ  фирмаларына қарағанда басқа  дамып жатқан фирмаларды сатып  алу арқылы кеңею және дамып  жатпайтын бөлімдерді қысқартуды  сирек қолданады.

- Жапония фирмалары дамудың  ішкі қайнар көздеріне басты  назар аударатындықтан,АҚШ фирмаларына  қарағанда инновациялық өсу процесіне  көп назар аударады. Жапонияда  өсу темпінің орташа деңгейі  қаржылардың үнемсіз қолданылуына  байланысты төмен болғанмен,бұл  жерде персоналдың ішкі моральды  қуатына көп назар бөлінеді,өйткені  басшылар ойы бойынша бұл фирманың  жақсы нәтижелеріне тура әсер  етеді.

- Жапония фирмаларының  басты назары сату көлемінің  артуына аударылады,инновациялық  стратегия жасаушылар адамша  ресурстарға қаржы құралдарының  қозғалысына қарағанда көп мән  беріледі. Ал АҚШ фирмалары жапондықтарға  қарағанда ақша қаражаттарын  өнімді зерттеугн және жақсартуға  үлкен мән береді.

- Жапония фирмалары АҚШ  фирмаларына қарағанда басты  назарды өндірістік процеске,өндірістік  операцияларды жетілдіру бағдарламаларына  көп бөледі.

- Жапония және АҚШ фирмалары  ізінің инновациялық стратегияларында  өндірістегі бәсекелестіктің мүмкіндіктерін  қолданады.

26-кестеде инновациялық  мәдениет факторына байланысты  АҚШ және Жапония фирмаларындағы  инновациялық стратегияларының  салыстырылуы көрсетілген.

       Америкада 90-жылдары Гарвард бизнес мектебінің қызметкерлері  Брюс Скотт басқаруымен үлкен зерттеу жүргізді, олар сенсациялық қорытынды жасады: американдық фирмалардың әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігінің төмендеінінің бірден-бір факторы әлсіз идеологиясы болып табылады.

 

4 кесте - Инновациялық стратегиялардың салыстырылуы

 

АҚШ

Жапония

1

Кең саладағы нақтылық

Қызметкерлер жағынан жағдайлық бағытталудың көрсетілуі

2

Капиталдың динамикалық дамуы және ресурстардың үнемді қолдануы

Ресурстар үнемдеудің кең және ұзақмерзімді бағдарламасы

3

Қаржылық ресурстарға үлкен мән,өндірістік саясат қысқамерзімге қарастырылады

Адамша ресурстарға мән,компания тұрақтылығын қамтамассыз ету ұзақмерзімді бағдпрламалар арқылы жүзеге асырылады

4

Әр бөлім тәуекелділікті өзіне алады

Тәуекелділікті азайту кең ішкіфирмалық қатынастар арқылы жүзеге асады

5

Өндірісте бәсекелестіктің мүмкіндіктері қолданылады

Өндірісте бәсекелестіктің мүмкіндіктері қолданылады


 

     Зерттеушілер кәсіпкерлерге «компания идеологиясына үлкен мән беру арқылы инновациялық тиімділікті ұлғайтуға» болатынын дәлелдеді. Әр компанияның инновациялық стратегиясының идеологиясы ең басты сұраққа жауап беру керек: «Мынамен біз не үшін айналысамыз?»,яғни бұл сұрақ ұйымдастырушылық қызметке үлкен мағына береді. Америка фирмалары идеологияның 4 басты функциясын қарастырады:

- ол тырысуға арналған  мақсатты анықтайды;

- персоналды мобилизациялайды;

- коллективке байланысты  нақты критерийді анықтайды(«біз-олар»  бөлу принципі немесе әскери  тілмен «өзіміздікі-басқаныкі»)

- құндылықтар жүйесін  дайындайды, ол қойылған мақсатқа  жетудің мүмкін болатын әдістерін  таңдауға мүмкіндік береді.

     «Мак Дональдс», «Кока-Кола», сияқты ірі компаниялар өзінің идеологиясын жасау арқылы бүгінгі аты мен танымалдылығына ие болды. Бұл мысалдар әр фирмаға үлкен жетістіктерге жетудің басты жолы ретінде  белгілі бір идеология керектігін көрсетеді. Сонымен бірге идеология әр кезде болуы керек,бірақ уақыт өте келе фирма мақсаттары мен приоритеттерінің өзгерісіне байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде идеологиядан бұрын стратегияға анализ жасау керектігі тұр деген мәселе туындайды,бірақ қызметкерлер интузиазмы мен тірегісіз компанияда ештеңе өзгермейді.

    Американдық фирмалардың инновациялық стратегиясының келесі маңызды құраушыларының бірі-сұраныс теориясынан көрі ұсыныс теориясын қолдану, оның мәні- қызмет көрсету мен тауар өндірушілері сол нарықтың пайда болуын күтпей, өзі сол нарықты жасайды, ең алдымен тауарды аз көлемде ұсынады және сол тауардың іс жүзінде керектігін дәлелдеп активті жарнамалық кампания жүргізеді,содан кейін тауардың белгілі бір маркаға жататынын көрсетіп, тауар бағасын жылдам төмендету арқылы оны үлкен нарыққа ұсынады. Ең соңғы кезеңда фирма үлкен несиелерді қажет етіп, өндіріс шығыстарын қысқартады. Бұл соңғы кезеңнен фирма сәтті өтсе, ол үлкен және тұрақты нарықта өз орнын табады, неге тұрақты өйткені тутынушыларға олардың тұрақты алып жүрген тауарынан бас тарту өте қиын болады. Олар тәуекелділікке бара ма? Әрине барады, бірақ қатаң бәсеке жағдайында басқа тиімді жолдар жоқ. Бұл процес несиемен қаржыланатынында ешқандай жаман әсер жоқ, өйткені капитал жаңа құнды жасау үшін қажет, оған тәуекел кәсіпкерлердің сұранысы болғанша мемлекет байлығы өседі.

Енді батыс-еуропалық «Хьюлетт-Паккард» фирмасының озық инновациялық стратегиясын дайындаудың құраушыларын қарастырайық. Алдымен мақсаттарға жетудің басты құраушылыры берілген:

- Фирманың барлық ббөлімдерінде  творчестволық белсенді қызметкерлер  жұмыс істеу керек. Қызметкер  жаңа және ең жақсы нәтижелерге  ұмтылу қажет,ол үшін қызметкер  өзінің дайындық деңгейін үнемі  жетілдіріп тұру қажет.

- Басшылық тек өзін ғана мотивациялап қоймай, кәсіпорын мақсаттарына жетү үшін өз қызметкерлерін де мотивациялау керек.

- Фирма өз мақсаттарына  толық көлемде ұмтылуы керек.Қызметкерлер  фирманың барлығына жалпы арналған  ережелерімен жұмыс істеп,бір  принциптермен қызмет жасауы  қажет.

Информация о работе Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету