Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 13:14, дипломная работа

Описание работы

Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың негізгі мақсаты оның тұрақтылығын, табысты қызметін және дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің өзінің «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет пен кәсіпорындағы инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................
1.1Инновация түсінігі, түрлері мен өмірлік циклы......................................
1.2Инновацияның кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудағы рөлі......................................................................................................................
1.3 Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың шетел тәжірибесі...........................................................................................................
2."KAZKORM" ЖШС-дегі ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ.................................................................... 2.1"KAZKORM" ЖШС-нің қаржылық - шаруашылық қызметін талдау........
..................................................................................................................
2.2Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуын бағалау..... ...............................................................................................................
3.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ............................................................... 3.1Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету...........................................................


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс 2.docx

— 87.57 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...........................................................................................................

1.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................... 
1.1Инновация түсінігі, түрлері мен өмірлік циклы...................................... 
1.2Инновацияның кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудағы рөлі...................................................................................................................... 
1.3 Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың шетел тәжірибесі........................................................................................................... 
2."KAZKORM" ЖШС-дегі  ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ....................................................................                                                                                      2.1"KAZKORM" ЖШС-нің қаржылық - шаруашылық қызметін талдау........

.................................................................................................................. 
2.2Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуын бағалау..... ............................................................................................................... 
3.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ...............................................................                                                                               3.1Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету........................................................... 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 
 
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                             Кіріспе 

 

       Жұмыстың өзектілігі - компанияның дамуына әсер ететін ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Инновациялық стратегия көптеген ахуалдарды алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың негізгі мақсаты оның тұрақтылығын, табысты қызметін және дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар  ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің өзінің «Нұрлы жол – болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет пен кәсіпорындағы инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті [1].

Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын дамуының инновациялық стратегиясын қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеу, «Kazkorm» ЖШС-нің инновациялық стратегиясын қалыптастыруын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну.


       Дипломдық  жұмыстың міндеттері:

- Кәсіпорынның инновациялық  стратегиясын қалыптастырудың теориялық  негіздері

-"Kazkorm" ЖШС-нің қаржылық шаруашылық қызметін талдау

-"Kazkorm" ЖШС-нің инновациялық стратегиясын қалыптастыруын бағалау

-

Зерттеу обьектісі болып үй жануарларына жем-шөп өндіруімен айналысатын "Kazkorm" ЖШС табылады.

Зерттеу пәні - кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың ғылыми және практикалық мәселелері.

Жұмыстың тәжірибелік және ғылыми маңыздылығы компанияның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жетілдірілген ұсыныстар қолдану мүмкіндігі.


Дипломдық жұмысымның тақырыбын кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастыру мәселелеріне арнап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол – жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновациялық саясатты қалай қалыптастыру керек, оның мазмұны неде, қандай жолдар мен тәсілдер бар, инновациялық саясатты қалай тиімді қалыптастыру қажет деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.  
     Бірінші бөлімінде кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастыру теориялық негіздерін зерттейміз, инновациялық стратегиясын қалыптастыру жолында кездесетін құбылыстарға тоқталамыз.

     Екінші бөлімде өндірістік тәжірибемді өткізген кәсіпорын – "KazKorm" ЖШС - нің  инновациялық стратегиясын зерттеу барысында алынған мәліметтерге жүгінеміз. Бұл кәсіпорынның жүргізіп отырған инновациялық стратегиясының ерекшеліктеріне, инновацияны енгізу барысында кездесетін қиындықтар мен туындайтын мәселелерге көз жүгіртеміз.

Үшінші бөлімде жұмыс барысында туындаған ұсыныстар мен инновациялық стратегиясын қалыптастыру барысында экономикалық тиімділікке жету жолдары мен әдістемелерін беруге тырысамын.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде инновациялық стратегиясын әзірлеу мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, кәсіпорынның ережелері, қаржылық -  шаруашылық құжаттары және бухгалтерлік балансы болды.

Талдау барысындағы жұмыстың қажетті тереңдігі мен қорытындылардың нақтылығы экономикалық және математикалық санаулар, салыстырмалы талдау пайдалана отырып анықталған.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Инновация түсінігі, түрлері мен өмірлік циклы

Баршаға белгілі "инновация" - ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ел экономикасын өсуге апаратын негізгі жолдардың бірі. Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы - инновациялық жол.Ол - Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз. Демек Қазақстан экономикасы ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күштерге негізделуі тиіс.                                                                                                                                         Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.

       Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

       Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.

       Инновацияның мақсаты белсенді өзгерістерге таяр болу, тіпті де жақсысын жасап шығуға белсену. Ол өмірді кедейлік пен мешеуліктен құтқару үшін жасалған адам белсенділігінің ең жоғары көрінісі. Инновация мұнда жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол бір өндіру мен қызмет көрсету салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы.  

       Шумпетер өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоғалтпаған инновациялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетті:

- жаңа өнім мен қызметтер;

- ұйымдастырудың жаңа нысандары;

- өндірістің жаңа түрлері;

- қамсыздандырудың жаңа көздері;

- өткізудің жаңа нарықтары.

       Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген  нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу;  патенттер;  тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар;  жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау;  ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы — жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация – жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі.

       Отандық  және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер  синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.

       Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты іс-әрекеттерді қамтитын инновациялық үдерістің, инновациялық қызметтің нәтижесі. Инновацияның жаңа ашылымдардан айырмашылығы - пайдалы инновациялық әсерінің тиімді қызметі арқылы жүзеге асырылуын бағалау. Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерлі қамтамасыз ететін инновациялық үдерістердің нәтижесін айтамыз. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде инновациялық өнімнің міндетті түрде белгілі бір тиімділікке негізделуі дәлелденген. Инновациялық пайдалы тиімділіктің мынадай түрлері болады:

- экономикалық тиімділік - инновациялық өнім немесе технология міндетті түрде пайда немесе шығындарды үнемдеуге бағытталады;

- экологиялық тиімділік - инновациялық өнім экономикалық тиімділікке ие болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң тиімділікке ие;

- ғылыми-техникалық тиімділік - өндіріске енгізілген инновациялық өнім немесе технология ешқандай ақшалай пайда әкелмеуі мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық әкеледі;

- әлеуметтік тиімділік - халықты әлеуметтік қорғау саласына арналған инновациялық өнімдер жасау.

       Американдық ғалым Джеймс Брайан Куинн инновацияның жалпы сипаттарын атап өтті. Олар:

- инновациялар қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады;

- инновациялар ықтималды сипатқа ие;

- инновациялар күрделілігімен ерекшеленеді;

- инновациялар көп уақытты талап етеді;

- инновациялар кедергінің пайда болуына, қарсыласуға, тоқтатылымға және шапшаң үдеуге бейім;

- инновацияларды идея фанаттары мен оның белсенді жақтаушылары бастайды.

       Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;

       Инновациялар түсінігі жөнінде қазақстандық мамандарыда өз пікірлерін қосты. 1996 жылы С.Б.Абдыгаппарова ойынша "инновация - шаруашылық жүргізуші субъектілермен зерттемелерді, әзірлемелерді ғылыми негізделген идеяларды енгізуді қамтитын, мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған нәтижеге жету үдерісі".

       Инновациялар салт - дәстүрді бұзып қана коймайды, сондай-ақ олардың жай кәсіпорындарға қарағанда, біршама көп табыс әкеледі. Американдықтардың есептеуінше, 70-жылдары жасалған ең ұтымды 17 жаңа енгізулердің пайда нормасы жалпы экономикадағы табыстың орташа есеппен 56%-ын құраған және дәл сол уақытта американдық инновациялық емес бизнеске соңғы 30 жыл бойы құйылған инвестицияның орташа пайда нормасы тек 16%  құраған.

 
          

 

1 сурет-Инновацияның түрлері

 

   Инновация



Технологиялық

 

Базистік

 

Жаһандық



Экологиялық

 

Жақсартушы

 

Ұлттық

Информация о работе Жетілдіру шарасына нақты ұсыныстар жасау оның экономикалық тиімділігін ашып ,салыстырып корсету