Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 17:50, курсовая работа
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ........................................5
1.2. Аша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері.................................7
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................11
2.2. ҚР заңдастырылған ақша белгілері .........................................................14
2.3. Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі. Нақты ақшалай айналым ............................................................................................................21
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1.ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты...............................................................................................................28
3.2.ҚР ˗ да ақша жүйесін жетілдіру жолдары................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................35
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі экономикалық ахуалға байланысты теңге бағамының икемділігін арттыру мақсатында өзінің валюта нарығына қатысуын одан әрі төмендетуге тырысатын болады.
Экономикалық ахуалдың түпкілікті өзгеруі энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт және айтарлықтай төмендеуі және олардың ұзақ уақыт ішінде осы деңгейде сақталуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестері елдеріндегі құнсыздануы кезінде теңге бағамының күрт өзгеруі ықтимал.
Экономикалық даму сценарийіне қарамастан ақша-кредит саясатының шаралары жылдық инфляция деңгейін 6-8% шекте ұстап тұруға бағытталады. Инфляциялық қысымда ынталандыратын артық ақша ұсынысының ұлғаюы тиісінше, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру операцияларының өсуімен жойылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде өтетін интеграциялық үдерістерді ескере отырып ақша-кредит және валюта саясатының сол немесе өзге де шараларын қолдануды жүзеге асырады.
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді шоттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк вексельдерді қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыру ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқа мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.
Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлттық банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.
Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен байланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей
эквивалент ролі тарихи түрде
алтын,а бекітілген. Алтынның басқа
барлық тауарлардың құнын
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиеттінің бірігумен көрініс табады:
Егер нақты ақшалай
айналым банкноттармен және
Екі формадағы айналым өте тығыз байланысты және бір-бірін тез-тез ауыстырып тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нақты айырбас бағамының айтарлықтай нығаюына жол бермеу үшін, сондай-ақ бағам ауытқуларын жүмсарту үшін ішкі валюта нарығына сатып алушы ретінде қатысты. Тұтастай алғанда 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасын таза сатып алуының көлемі 3,6 млрд. АҚШ долл. болды. Нәтижесінде 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 87,1%-ға 9,3 млрд. долл. дейін ұлғайды.
ҚР Алматы қаласында халықаралық қаржылық орталық құрылған еді. Оның негізіг мақсатты: мемлекетте экономикалық дамуды қамтамасыз ету, жетекші қаржылық білімдерді жеткізу, аса ірі инвестицияларды келтіру және қаржылық нарықтын сапалы дамуын қамтамасыз ету. Нақты және тез есеп айырысуларды жүргізбей ешқандай мемлекетте экономиканы даытуға мұмкін емес, сондықтан бұл ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеті.
Ол орталыққа қатысушылармен Орталық арасында келісім шарт жасалуы тиіс және ол жерде келесі мәселлері қарастырылуы тиіс:
Қазақстандық банктік жүйе ТМД елдері арасында өте қарқынды дамып келе жатыр. ТМД елдерінің рейтингі бойынша 23 жетекші банктерінің арасында 5 Қазақстандық банктер. Ол банктердің активтері соңғы жылдары 75,8 млрд. теңгеден 2001 ж. 2004 ж. 241 млрд. теңге жетті.
Қазіргі кезде ҚР ЕДБ өзіндік капитал көлемі тез қарқынды өсуде. АҚ «Казкоммерцбанк», «Банк Тұран Әлем банкі», «АТФ» және «Альянс банк» ең алдынңы банктер болып табылады.
Бұл банктердің әр
қайсысы нарықта өздерінің
Қазіргі кезде қазақстандық банктер үшін ең маңызда мәселелері:
Ең алдымен бағытты
жаңа электрондық жүйелерді
Болашақта қолма-қолсыз
төлемдерді жетілдіру
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Заңңамалық актілер
4.Инструктивно-нормативные акты Национального Банка РК (Сборник актов)
5. Указ Президента РК, имеющий силу закона, от 30 марта 1995 года № 2155 «О Национальном Банке Республики Казахстан»,
6. Указ Президента РК, имеющий силу закона, от 31 августа 1995 года № 2444 «О банках и банковской деятельности», Гражданский кодекс Республики Казахстан от 1 июля 1999 года N 409-1 ЗРК (Особенная часть) (с изменениями, внесенными Законами РК от 29.11.99 г. N 486-1; от 29.03.00 г. N 42-И; от 05.07.00 г. N 75-И; от 18.12.00 г. N 128-И; от 06.12.01 г. N 260-Н; от 24.12.01 г. N 276-П; от 21.05.02 г. N 323-И; от 08.01.03 г. N 376-Н; от 13.03.03 г. N 394-Н)
7. Закон Республики Казахстан от 28 апреля 1997 года N 97-1 «О вексельном обращении в Республике Казахстан» (с изменениями, внесенными в соответствии с Законом РК от 24.12.01 г. N 276-П),
8.Закон РК от 29 июня 1998 года N 237-1 «О платежах и переводах денег» (с изменениями, внесенными в соответствии с Законами РК от 28.12.98 г. N 336-1; от 29.03.00 г. N 42-Н; от 13.03.03 г. N 394-Н)
9.Стратегический план индустриально-инновационного развития РК на 2004-2015 годы. Собрание актов Президента РК, № 3, 2004
10.1993 ж. 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық валютаны еңгізу туралы » заңы
Информация о работе ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты