Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 17:50, курсовая работа
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ........................................5
1.2. Аша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері.................................7
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................11
2.2. ҚР заңдастырылған ақша белгілері .........................................................14
2.3. Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі. Нақты ақшалай айналым ............................................................................................................21
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1.ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты...............................................................................................................28
3.2.ҚР ˗ да ақша жүйесін жетілдіру жолдары................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................35
КІРІСПЕ ..............................
І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Ақшаның экономикалық мәні
мен қызметтері ..............................
1.2. Аша жүйесінің элементтері
және ақшаның түрлері..........
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының
2.2. ҚР заңдастырылған ақша
2.3. Қолма – қол ақшасыз айналым
және есептесу жүйесі. Нақты ақшалай айналым ..............................
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1.ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты.......................
3.2.ҚР ˗ да ақша жүйесін
жетілдіру жолдары.............
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғашқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды, яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.
Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңестірілген жағдайда көрінеді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғаты емес. К.Марк айтқандай: ″Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ″
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиеттінің бірігумен көрініс табады:
Жалпыға бірдей айырбасталу формасы – кез келген материалдық құндылыққа айырбасталу мүмкіндігін көрсетеді. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты (кәсіпорындар, жер, орман, жер асты сатылады) бұл формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасында ақша тікелей тауарларды өткізумен байланысты емес. Бұл формада олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б. арқылы қолданады.
Еңбектің сыртқы заттық
өлшемі формасында ақша
Қоғамның дамуы мен байланысты алтынның төлем құралы ретінде рөлі жылдан-жылға азаюда, себебі алтынның өндірілуі жалпы өндіріс көлемінен қалуда (демографиялық өсуімен байланысты). Сол себептен алтын ақшалар орнына қағаз ақшалар келді.
Жекеленген елдердің ішінде бүгінгі күнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – ( қағаз белгілері) қағаз және несие ақшалары қызмет атқарады.
Әр бір мемлекет
өзінің заңнамасына сәйкес
І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
1.1. Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қаңдай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т.б.)
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж.ж. Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын жене ол алғашқыда солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
"Монета" атауы (латынның "монес" ақылшы деген етістігінен шыққан) б.д. дейінгі V ғ. Юноны — Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылган алғашқы тенге (монета) сарайынан шыққан (Юноны — Ақылшы).
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды, олардың әрқайсының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің алтын теңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Шынымен, газет пен уақ монеталар арасында қандай да бір байланыс бар ма? Қызығы сол, баршаға таныс "газет" сөзі өзінің шығу тегі жағынан XVI ғ. Венеция Республикасында соғылған "газета" деп аталған уақ мыс монеталарға қарыздар екен. 1566 ж. Венецияда алғашкы баспа басылымы ("Жазба ведомстілері") жарық көрген кезде, оның құны бір газет болып белгіленіпті. Соған дағдыланудың күші соншалық, монета атауы басылым атауына нық бекіп қалған. Сөйтіп, уақ тиын деген мағынадағы "газета" деген итальян сөзі басқа тілдерге де ауысқан.
Ресурстарды сатып алудан капитал қозғалысының бірінші сатысы басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады. (ақша — тауарлар — өндіріс факторлары).
Ақша дегеніміз не? Ақша — ол баршаға бірдей эквиваленттік қызмет көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға тікелей айырбасталатын "тауарлардың тауары".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
1) құндылық өлшемдері;
2) айналым құралдары;
3) қазына мен жинақтауды құру құралдары;
4) төлем құралдары;
5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға — тауар құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.
Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
Ақша қазына мен жинақтауды құратын құрал ретінде. Егер тауар өндіруші тауарын сатып болған соң үзақ уақытқа дейін басқа тауар сатып алмаса, сол әрекетімен ол ақшаны айна-лымнан шығарады, оны жинақтап, қазына жасайды.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін әрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы және нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы" деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.
Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар формасындағы қазына жинауды жеке адамдар және мемлекет жасайды.
Қазына нарықтық экономика жағдайында байлық жинау формасы ретінде ("қозғалыссыз жатқан", "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл атқарады, себебі, ең бастысы -айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді, сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады.
Тауарларды несиеге сатқанда айналым құралы болып ақшаның өзі емес, оның бейнесіндегі қаржыгерлік міндеттеме жүреді. Міндеттеме мерзімі өткен соң қарыз алушы несие берушіге міндеттемеде көрсетілген сомманы төлеуі тиіс. Қарызгерлік міңдеттемені өтеу құралы рөлін ойнай отырып, ақша төлем құралы функциясын орындайды. Бұл функция несиеге сатып алынған тауарлардың төлемі кезінде ғана емес, сонымен бірге басқа да міндеттемелерді өтеу кезінде: мысалы, жалақы төлеу, қарыз ақшаны қайтару, салықтарды төлеу кездерінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақша — бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің экономикалық құндылығының әмбебап өлшеуіші (есептегіш бірлігі). Алайда ақшаның жалпыға бірдей есеп бірлігі деп саналуының себебі, ол кез келген сатылатын игілікке төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік" функциясы ақшаның бірінші теориялық және практикалық проблемасы — өтімділік проблемасын тудырады.
Әлемдік ақшалар. Ақша бұл функцияны ел аралық экономикалық байланыстарға қызмет көрсету процесі кезінде орындайды. Мұндай жағдайда ақша әлемдік рынок айналымына түседі, бұл ретте ол мыналардан көрінеді:
Халықаралық, төлем құралы ретінде — елдер арасында туындайтын қарызгерлік міндеттемелерді өтеу кезінде;
Шет елден қолма-қол ақшаға тауарлар сатып алу кезінде;
Байлықты бір елден екінші елге көшірудің жалпыға бірдей құралы ретінде — әскери контрибуция төлеу, сыртқа зайымдар беру кезінде.
Әдетте әлемдік ақша рөлінде алтын жүреді, алайда бүгінгі заманымыздың жағдайында алтын өзінің халықаралық есеп айырысу құралы мәртебесінің монополиясын жоғалта бастады. Әлемдік ақша ретінде біртіндеп еркін айналыстағы валюталар кеңінен қолданылуда.
1.2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері
Әр елдің өзінің
калыптасқан ақша жүйесі
Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша айналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің заңды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымының болуы ("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер"); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп коймай, сол сияқты қаржы және несие катынастарына да қызмет етеді.
Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және құндык белгілер (толык бағалы емес акшалар).
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген бағамы бар кұнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек кана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің каржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздык жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін аткаруымен де байланысты келеді. Бұл акшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Информация о работе ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты