ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері ........................................5
1.2. Аша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері.................................7

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................11
2.2. ҚР заңдастырылған ақша белгілері .........................................................14
2.3. Қолма – қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі. Нақты ақшалай айналым ............................................................................................................21
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1.ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты...............................................................................................................28
3.2.ҚР ˗ да ақша жүйесін жетілдіру жолдары................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................35

Файлы: 1 файл

МАКРОЭКОНОМИКА КУРСОВАЯ.doc

— 410.00 Кб (Скачать файл)

     1991 ж Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін Қазақстан,ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында” қала береді.1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000, рубльдік купюралар шықты.Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көретілген.1992 ж маусым айында алғаш рет ресейлік 5 000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.

     Сөйтіп,Ресей  Федерациясында  және одан тысқары жерлердегі  айналыста ақшаның үш түрі:1961-1991жылы  кеңес ақшалар, 1992ж кеңес үлгісіндегі(200, 500, 1000 рубль).Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші  жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

     1993 ж 23 шілдесінде Ресей  Орталық банкі 1961-1991 ж кеңес ақшаларының  белгілерін,сондай-ақ 1992 ж 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы  хабарлады.Бастапқыда олардың айырбасына 1 апта берілді.

     ҚР-сы Президентінің  Жарлығымен 2 күн өткен соң айырбас  мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына  дейін ұзартылып,айырбас шегі  бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

     Ресейдегі ақша реформасы  ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне,оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

     1992 ж. 1 жартысында-ақ ҚР-ның жетекшілері ендігі жерде рублден күтер үзіп, өз валютасын шығаруға бет жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Харисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөтіп, 1993 ж. 1,3,5,10,20,50 100 теңгелік ақшалар ҚР жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

     1993 ж. 12 қарашада ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР  Ұлттық валютаны еңгізу туралы  » Жарғыға қол қойды. Осы Жарғымен 1993 ж. 15 қарашада сағат 8.00 ден бастап ұлттық валюта – теңге еңгізілді.

     КСРО Мембанкінің  және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі  қазыналық және  банктік билеттерді  айырбастау 20 қарашада сағат 18.00 де  аяқталды.

     Қома-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен  міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 руб. айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

     15 қарашадан 18 қарашаға  дейінгі аралықта халық теңгемен  және рубльмен де есеп айырыса  алды.Сондықтан заңды тұлғалармен,сол  сияқты бөлшке сауданы жүзеге асырушы және халық арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70тиын шамасында белгіленді.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті.Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті.1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды.1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды,олардың орнына мыс+никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20, теңгедегі монеталар шығарыла бастады.

     Сонымен,Қазақстан теңгесі  соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай,еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.

    Қазақстан ұлттық валютасының  сәтті енгізілуі,әрі қарай оның  сыртқы және ішкі тұрақтылығын  қамтамасыз етуді талап етеді.

                                 

                                2.2. ҚР ұлттық ақшаның белгілері

 

  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес:

  1. Қазақстан Республикасының ақша бөлгісі теңге болып табылады.
  2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
  3. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Мәселе мынада — "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".

Шындығында, активтердің көпшілігі (нарықтық сұранымы бар құндылықтар белгілі бір жағдайларда өз иелерін иеліктен айырулары мүмкін) әлуетті ақшалар болып саналады, бірақта, әрине, ол үшін әртүрлі жараңдылық дәрежеде. Кез келген нақтылы активтің, міне, осы қабілеттілігі төлем құралы (мейлі спецификалық болсын) рөлінде көрінеді, сонымен ол өзгеше ақша рөлін ойнайды, сондықтанда ол экономика теориясында "өтімділік" деген ат алды.

Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік — нарықтық экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды — "трансакциялық шығындар" деп атайды).

Айтылғандарға қарап, барлық активтерді өтімділіктің азаю дәрежесіне қарап орналастыруға болады. Осынау ұзын қатардың бір полюсін трансакциялық шығындары болымсыз активтер иеленеді; олардың арасында қолма-қол ақша (банкноттар мен монеталар) "чемпион" болып саналады, себебі олардың тікелей басқа активке нөлдік шығынмен айырбастауға боларлық ерекшеліктері бар — барлық сатушылар әрқашанда және қандай мөлшерде болмасын сізден ондай активті қабылдауға даяр. Қысқартып айтқанда, қолма-қол ақша — ол абсолютті өтімді актив.

Басқа полюсінде рыноктік сұраным жоқ және болмайтын да (мысалы сіздің беторамалыңыз) абсолютті өтімліліксіз актив орналасады.

Ол полюстер арасында қалған басқа активтер орналасады. Бұған қарап мынаны түсінуге болады — өтімділігі жоғары болған сайын ол ақшаға жақындай түседі, ақшаға жорық жасалынады.

Өтімділік кез келген әлеуметтік айыру активінің үш ерекшелігін қамтыйды (яғни, қажеттілік туған жағдайда басқа құндылыққа айырбастауға болғандай субъектіге жататын құндылықтарды):

  • активті төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі;
  • "сенімді" активті төлем құралына айналдырудың жылдамдығы мен жеңілділігі;
  • өзінің "уақыт пен кеңістіктегі" алғашқы атаулы құнын (антиинфляциялық тұрақтылық дәрежесі) сақтаудағы актив қабілеттілігі (соның ішінде ақша да бар).

Көптеген адамдардың өздеріндегі бар активтерді "әлуетті қол-ақша" ретінде бағалаулары кездейсоқтық емес, оны олар көбінесе өтімділіктің нақтылы дәрежесіне түзету жасау арқылы істейді (қолма-қол ақшаға айналдыру).

Активтердің өтімділігі — экономикалық агенттің нарықтық мәртебесіне маңызды сипаттама болып табылады: ол өтімділік активтерін неғұрлым көп иеленген сайын, оның алдынан солғұрлым экономикалық мүмкіндіктер мол ашылады.

Сонымен, иелігінен айырылған кез келген нарықтық (яғни, сұраным бар) актив іс жүзіңде төлем құралы рөлін ойнай алады және сонысымен бірге, мейлі шығындарымен, бірсәттілік, бір-жолғы ақша рөлінде көрінеді деп қорытуға болады.

Мұндай жағдайда ақша массасының мөлшерін қалай анықтауға болады? Өтімділік мәні жөніндегі білім бұл сұраққа жауап беруге көмектеседі: ол — төлем (айналым) құралы сипаттамасына өтемділіктің қай дөрежесінің енетіндігіне байланысты.

Сірә, егер, тек абсолютті өтімділік мойындалса, онда төлем құралына тек қолма-қол ақша ғана жатқызылатын болады; егер жоғары өтімділіктегі активтер (мысалы қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар) болса, онда ақша массасының көлемі ұлғаяды.

Ақша массасы мөлшерін қалай анықтау керек, бұл мәселе оңай шаруа емес; егер осы масса ауқымы шешуші макроэкономикалық мәні бар деп санайтын монетаристер пікірі дұрыс болса. онда реттеуге не жататындығын анықтау керек. Өтімділік көзқарасы "ақша агрегаттары" негізіне — олардың жалпы мөлшерін есептеу мақсатындағы өтімділік активтерін топтауға жатады.

Нарықтық құндылықтардың әртүрлі дәреже бойынша топтамасы "ақшалар агрегаттары" деген атқа ие болды. Себебі олар ақшаның санын немесе ақша сияқтыларды (қажеттілік жағдайда ақша орнына жүретін жоғары өтімділіктегі активтерді) көрсетеді.Мынадай ақша агрегаттарын айырады — "М1", "М2", МЗ" және "L":

Дәстүр бойынша біз әлі күнге дейін "ақшаны" банкнот және теңге түрінде білеміз. Ал көптеген елдерде ақшаның негізгі бөлігі талап етіп алынатын банк есепшотына жазылатын чек формасында болады. Міне, сондықтанда "М1" қолма-қол ақшаны ғана емес, сонымен бірге "талап етіп алатын банк есепшотын да" қамтиды.

Акша агрегаттары жүйесінде "L" ақша массасының ең кең анықтамасын береді.

Қай кезде болмасын экономистер ақша массасын реттеу қажеттілігі туралы айтқанда, олар ең алдымен "МІ-ді" назарға алады.

Бізге ақша массасының бір компоненті банкноттар мен теңгелерді біріктіретін "қолма-қол" ақша екендігі белгілі. Алайда ол шаруашылық өмірде айналым құралдарының тіптен кішкентай бөлігін құрайды: қазіргі айналым құралының негізгі түрі — ол қолма-қолдық емес, ағымдық чектік есепшот (біздің практикамызда — "талап етіп алынатын салым").

Талап етіп алынатын салым да — сол ақша, тек, "көрінбестігі" болмаса, өйткені чек арқылы оның көмегімен және банк кітабына жазғызумен, қолма-қолдылықты талап етпестен төлеуді жүзеге асыруға болады.

Демек, біз ақшаны қолма-қолдылық (банкноттар мен теңгелер) секілді дәстүрлі түсініктен кеңейте бергеніміз жөн. Ақшаны әлгідей "тар" ұғымда түсіну экономикалық теорияда 30-шы жылдардың басында-ақ өзгере бастаған болатын, бірақ баяғы ескі түсінік бұл өзгеріске бірден жол бере қойған жоқ. Алайда қазіргі ақша теориясына аудартылатын есепшоттағы (трансакциялық депозит) — қолма-қол есеп ажыратпай-ақ пайдалану үшін құ-рылған "талап етіп алу" есепшотында жатқан секциялар да кіретіні жаппай мойындалған нәрсе. Әлемнің дамыған елдерінде келісімдердің басым көпшілігі трансакциялық депозиттердің көмегімен жасалынады.

Айта кету керек, "адамдар ақша қаржыларын сақтаудың тәсілдерін: қолда ұстау түрін немесе аударма есепшот түрін таңдаған кезде нені басшылыққа алады екен?" деген сұраққа экономистер баяғыдан бері бастарын қатырып келеді.

Бүгіндер ақшаны қолда ұстаудың пайдасына өмірлік маңызды төрт дәлел айтылып жұр:

  • өтімділікті артық керушілік (Д.Кейнс ендірген термин) —оның абсолюттік өтімділігіне қарай қолма-қол ақшаға сұраныс;
  • трансакциялық себеп — қолма-қол ақша төлем құралы ретінде пайдалануға ыңғайлылығы жағынан адамдарға тиімділеу көрінеді (чекті, мысалы, тексеру керек, кейбір жағдайларда қабылдамауы да мүмкін);
  • сақтық себеп (қауіпсіздік), қолма-қол ақшаны қолда сақтау аяқастылық жағдайда сатып алушылық қабілеттің қоры ретінде қарады;
  • алыпсатарлық себеп, ақша иесі қолындағы ақшасын құңды қағаздар құндарының болжап болмайтын нарықтық бағытынан сескенетіндіктен ол қағаздарға салуға тәуекел ете алмайды.

Ақшаның бір бөлігі қолма-қолдылық формада болатын дәлелдермен таныса келіп, біз енді ақша теориясындағы пайдаланылатын ақша агрегаттарының сипаттамасына өте аламыз.

Бірінші ақша агрегаты ("М1") қолма-қол ақшаны және аудармалы есепшоттарды қамтиды. Демек, М1 тек төлем құралы ретінде дәстүрлі түсінікпен шектеледі.

80 жылдардан бері ақша теориясы өзінің қамтуына М1 және тағы депозиттің екі түрін (банктік салымдар) — "қарапайым" (яғни, пайыз әкелетін және айыппұлсыз кез келген уақытта алуға болатын, бірақ есепшот қаржысынан чекпен төлеуді пайдалану жөнінен құқы болмайтын) және "жедел" (көтеріңкі пайыз әкелетін салым, бірақ мерзімсіз ақша алу айыппұлға соқтырады деген шартпен) деп аталатын түрлерін қамтитын М2 — жаңа ақша агрегатын қабылдаған болатын. Демек,

М2 =М1 + қарапайым + жедел есепшоттар.

Бұдан соң өзіне М2 + депозиттік сертификаттар + ірі жедел депозиттерді қамтыған одан да ауқымды ақша агрегаты (МЗ) шықты.

Ақыр аяғында, ақша теориясында МЗ-ке барша өтімділік құндылықтарды біріктірген аса зор ауқымды ақша агрегаты (L) бой көрсетті. Сірә, қазіргі ақша теориясы экономиканың бүгінгі тосын пікірлерін ескере отырып: егер классикалық саяси экономикада ақша жергілікті эквиваленттердің тарихи "марафонында" жеңімпаз болса, ал бүгін төлем құралы қызметін атқара алатындардың бәрін тарта отырып, "ақша" ұғымы тіпті тұлғасыз болып барады.

Әртүрлі активтердің өтімділігі әртүрлі болатындыны белгілі, соған байланысты ақшаға жақын (өтімділік дәрежесі өсіп келе жатқан) активтер жоғары бағаланады.

Бүгіндер барлық дәрежелі өтімділіктің (барлық өтімділік активтерінің жалпы мөлшерлі агрегаты) барша активтерін қамтитын жинақтаушы көрсеткішті іздеу жүріп жатыр. Мұндай көрсеткішті есептеу әдістемесі әр активтің айналым жылдамдығын бағалауды көздейді, өз кезегінде, бағаланатын активтің айналым жылдамдығының өлшемі мәмлелердің жылдық көлемінің осы активке салынған қаражаттың жылдық орташа санына қатынасымен есептелінеді.

Мұндай тәсілді сақтау кезінде М1 ірі масштабты ақша агрегаты ішіне "сіңіп кетеді-ау" деп (оның аз мөлшерлігіне байланысты) қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол көптеген мәмелелерде пайдаланылып, төлем құралы функциясынан гөрі, құндылығын сақтау үшін қолданылып, басқа активтерге қарағанда үлкен үлес салмаққа ие болады.

Төлем құралы ретіндегі функциядан ақшаның айырықша формасы — несиелік ақша шығады. Несиелі ақшаның негізгі түрлері болып мыналар саналады: вексель, чек, облигация, акция, банк сертификаты және басқа құжаттар.

ҚР Азаматтық кодексінде облигацияның, чектің, вексельдің, акцияның, банк сертификатының заңдық анықтамалары берілген.

Информация о работе ҚР-ның 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты