Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.
Қазақстан қысқа мерзім ішінде ТМД елдері ішінде бірінші болып, Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен теңесті.
Елімізде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылдың соңында 6,8 есе артып, 1 миллион теңгеге жетті. Бұл жоғары көрсеткіш. Егер 1998 жылы еліміздің көрсеткіші әлем елдері бойынша 100-ші орында болса, 2008 жылы - 63-ші орынға шықты. Немесе, соңғы тоғыз жыл ішінде білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 6,3 есеге өсіп, 2 триллион теңгеге жетті. Бұл мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының жартысы немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 11,6 пайызы.
Осындай іргелілеу үрдісін біздің облысымыздың экономикалық көрсеткіштерінен де анық аңғаруға болады.
Облыста аймақтық жалпы өнім өндіру көлемі он жыл ішінде 53 млрд. теңгеден 838 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш әрбір жан басына шаққанда 85 мың теңгеден 1 млн. 6 мың теңгеге ұлғайды деген сөз.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 10 млрд. теңгеден 950 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдері орта есеппен жылына 5-6 пайызға өсіп отырды. Тамақ өнеркәсібі және өңдеу кәсіпорындарының өндіріс көлемі 6 есеге өсті.
Осы жылдар ішінде облыс экономикасына 1 триллион 391 млрд. теңге инвестиция тартылды. Елді мекендерді таза сумен қамту жақсарды. Бүгінгі таңда облыс елді мекендерінің 61 пайызы таза сумен қамтамасыз етілді. Осыдан он жыл бұрын бұл көрсеткіш тек қана 28 пайыз болатын.
Сондай-ақ, осы он жыл ішінде 132 ауыл табиғи газға қосылды. Немесе газбен қамту 44 пайыздан 72 пайызға жетті. Ал селолық жерлерде 9 пайыздан 41 пайызға өсті.
2005-2008 жылдары мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 10 мыңға жуық жерлестеріміз жаңа пәтерге ие болды.
Облыс бюджеті он жылда 9 есеге артты. 1999 жылы бюджетіміздің шығыс бөлігі 8 млрд. теңге болса, 2008 жылы ол - 74 млрд. теңгеге жетті.
Инфрақұрылымдық кешен мақсатты дамып келеді. Соңғы он жыл ішінде 41 білім беру нысаны, оның ішінде 33 мектеп, 63 денсаулық сақтау, 5 мәдениет нысаны жаңадан салынды.
Экономикалық көрсеткіштердің оңды серпіні халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етті деуге болады. Орташа айлық еңбекақы мөлшері 7 есеге, орташа жан басына шаққандағы айлық ақшалай кіріс 11 жарым есеге өсті. Міне, осы келтірілген деректерден облысымыздың елімізбен бірге қарышты дамығаны айқын көрініс тауып отыр.
Дағдарысқа қарсы шаралардың орындалу барысы.
Облыста әлемдік деңгейді шарпыған қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында экономиканы тұрақтандыру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыста Үкімет әзірлеген бес негізгі бағыт негізінде дағдарысқа қарсы бағдарлама және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Осындай бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары әр ауданда және Орал қаласында қабылданып, бекітілді.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 81,9 млрд.теңге көлемінде қаражаттың түсуі қамтамасыз етілді, болжам 190,1 пайызға орындалды. Соның ішінде, жергілікті бюджетке болжамдағы 7,8 млрд.теңгенің орнына 13,4 млрд.теңге түсті. Болжамның орындалуы 171,3 пайызды құрап отыр.
Таяуда еліміздің телеарналарына берген сұхбатында «Дағдарыс - сел сияқты» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы ретіне қарай ұтымды бейнелі сөз қолданды. Ол әлсіз бөгеттерді шайып кетеді, ал күштілері - қалады. Дағдарыстың пайдасы осында. Бірінші жарты жылдықта өнімділік бұрынғыға қарағанда төмендейді. Ал екінші жарты жылдықта еліміз өсім көрсететін болады, - деді Президент.
Біз экономиканы дағдарыстан кейін дамыту жөнінде Елбасымыз алға қойған жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Енді сол бағыттардың әрқайсысына тоқталайын.
Бірінші. Ауыл шаруашылық кешені және қайта өңдеу саласы бойынша.
Облыстың агроөнеркәсіп кешені соңғы жылдары көтеріліп келеді. Ауылға қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникалары әкелініп, жаңа технологиялар енгізілуде. Облыстың аграрлық секторы республиканың Батыс өңіріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісіне айналды. Астық және етті қайта өңдеу көлемі айтарлықтай өсіп, бидай мен ұн экспорты жыл сайын артып келеді. Негізгі тағам өнімдері бағаларын тұрақтандыру қамтамасыз етілді.
Елбасымыздың тағы бір сөздеріне назар аударайық. «Қазақстан - аса ірі аграрлы ел. Жеріміз кең-байтақ. Жайылымдарымыз жетерлік. Қазақстан тек астық рыногында әлемде жетекші орынға қол жеткізуге қабілетті. Етке байланысты да осыны айтуға болады. Бірақ неге біз шұжық өнімдерінің шамамен 40 пайызын сырттан әкелеміз? Консервіленген жеміс-жидектің 80 пайызын, құрғақ сүттің 40 пайызын, өсімдік майының шамамен 30 пайызын сырттан тасимыз. Неге? Еліміздің осы өнімдерді өзі өндіруге қабілет-мүмкіндігі жетпей ме, сонда. Ал әңгіме түбегейлі қайта өңдеу туралы болып отырғандықтан айтарым, бұл - экономиканы дамыту, бұл - индустрия».
Елбасының осы сөдеріне құлақ түрсек, шынымен де келесі он жылдықта әлемдік аграрлық азық-түлік нарығы халық санының және азық - түлікке сұраныстың өсуімен қалыптасатын болады. Бірегей табиғи-ресурстық әлеуетін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту Қазақстанның астық, ет және олардың өнімдері бойынша әлемдік нарықта көшбасшылар қатарына енуіне мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы дәнді дақылдар егісі 23 мың гектарға артып, 566 мың гектар болды. Болашақта тыңайған жерлер арқылы өңделген егістік жерлерді 900 мың гектарға дейін арттыруға және кемінде 750 мың тонна астық өндіруге мүмкіндік бар. Бұл үшін егін шаруашылығындағы интенсивтік технологияларды дамытуды қамтамасыз ету, элиталы тұқым шаруашылығын қолдау және осының негізінде түсімнің айтарлықтай өсуіне қол жеткізу қажет.
2015
жылға қарай ылғал сақтау
Майлы дақылдар көлемі 43 мың гектарға, немесе 1,3 есеге өсуі тиіс. Мемлекеттік қолдау ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне өндіріс көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Картоп және көкөніс шаруашылығы басым бағыттардың қатарында болады. Ішкі нарықты толық қанағаттандыру үшін 115 мың тонна картоп және көкөніс-бақша өнімдерін өсіру қажет, ол үшін өндіріс көлемін 1,3 есеге арттыру керек. Бұл жұмыс ірі тауарлы өндірісті ұлғайту, көкөніс шаруашылықтары мен ерте пісетін көкөніс өнімдерін өндіретін жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру есебінен жүргізілетін болады.
Өсімдік
шаруашылығының төмен дамыған саласы
бау-бақша шаруашылығы болып
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету және мал өнімділігін еуропалық елдердің көрсеткіштерінің деңгейімен салыстырарлықтай деңгейге дейін көтеру қажет. Бұл арада жаңа асыл тұқымды шаруашылықтарды ұйымдастырумен, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жоғары технологиялық мал шаруашылығы кешендерін салумен шұғылдануымыз керек.
2015
жылға қарай ет өндірісі
Қазіргі таңда облыста жылдық қуаты 7,4 мың тонна май өндіретін күнбағысты қайта өңдеу және өсімдік майын шығару зауытының, 8,6 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау кешенінің, 500 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысы жөніндегі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Жақында
облысымызда «ҚазАгро»
Тәулігіне 150 тонна астықты қайта өңдейтін диірмен кешенінің, етті бастапқы қайта өңдеумен қоса, мал сою цехының құрылысы аяқталуда. Басқа да жобаларды жүзеге асыру жүріп жатыр.
Жақын
келешекте қайта өңдеу
Екінші. Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру саласы.
Бұл
салада облыс аумағында «Гидромаш-
Аталған кәсіпорындар силикат және керамикалық кірпіш, темірбетон және бетон бұйымдары мен түзілістері, плиткалар, кеспе тастар мен тастар, металл конструкциялар, керамзит, жылу оқшаулайтын материалдар (минералды мақтадан жылу оқшаулайтын плита), пенобетон, бор, әк және құрғақ құрылыс қоспалары, ағаш бұйымдары, есік, терезе, декоративті бұйымдарын шығарады.
Сонымен қатар облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында 34 жер қойнауын пайдаланушы өз қызметтерін атқарады. Олар құрылыс құмын, саз балшықты шикізатты, құм-топырақ қоспасын, бор, құрылыс гипсін, тастар мен басқа да құрылыс материалдарын өндіруді жүзеге асырады.
Облыстың құрылыс индустриясы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізінде асфальтбетон өндірісін, битум, пенобетон, құрылыс мақсатында пластикалық бұйымдар, әрлеу материалдарын, құрылыс қоспаларының әр алуан түрлерін, сыр-бояу өнімдерін өндіруді дамытуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, барланған және пайдалануға дайындалған құрылыс материалдары кеніштері негізінде төмендегідей өндірістерді ұйымдастыруға болады:
-
облыстың Тасқала және Теректі
аудандарында орналасқан
-
облыстың Зеленов және Теректі
аудандарында орналасқан
-
облыстың Бөрлі ауданында
-
облыстың Зеленов ауданында
-
облыстың Теректі ауданында
-
құм-топырақ қоспасы кеніші
-
саз балшықты материалдан
- гипстен бұйымдар (алебастр, гипсокартон, құрғақ қоспалар және т.б.) өндіретін өндірістер ұйымдастыру үшін облыстың Ақжайық ауданында орналасқан №102 және №96 гипс үйінділері кеніштерін пайдалану.
Үшінші.Газ-мұнай өндірісі және мұнай-газ инфрақұрылымын дамыту.
Облыстың мұнай - газ саласында Қарашығанақ және Чинарев кен орындарының алатын орны зор.
2008 жылы Қарашығанақ кен орнында 15 млрд. текше метр газ бен 11,6 млн тонна газ конденсаты, Чинарев кен орнында 270 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл салада бірнеше ірі жобалар іске асырылуда.
Соның
ішінде «Қарашығанақ-Орал» газ
«Жайықмұнай»
фирмасы үш бірдей ірі жобаларды
іске асыруды аяқтады.Олар - құны 867
млн. теңге болатын мұнайды
Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары