Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.
«Серпінді» макрожобаларды іске асыру
Серпінді
макрожобалардың негізгі
100
млн. АҚШ долларынан астам
өндірістің, экспорттың құрылымын өзгертуге бағытталушылық және аралас салаларға оң өзгеріс көрсететін; қазіргі заманғы технологияларды тарту.
«Серпінді» макрожобаларды іске асыруды Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия, ал оны іске асырудың басымдықтары мен тетіктері «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» мемлекеттік бағдарламасымен айқындалатын болады, оның негізгі міндеті даму институттарының, мемлекеттік органдар мен жеке сектордың экономиканың құрылымын өзгерту мен мұнай емес сектордың үлесін ұлғайту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру болады.
1.3. Инновациялық – инвестициялық үрдістің әлемдік тәжірибедегі көрінісімен оны аумақтағы қолданылу мүмкіндігі
Қазіргі заманғы
әлемдік экономика мен
Ірі дамушы елдер төрттігі: Бразилия, Ресей, Индия және Қытай экономикасының жедел өсуі таяудағы он жылдықтардың маңызды үрдісі болады. Олар «ескі» индустриялық елдерді экономиканың жалпы көлемі жағынан ғана емес, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша да айтарлықтай ығыстырады. Бұл елдердің ЖІӨ-нің жалпы көлемі 2010 жылға қарай Үлкен алтылық блогы елдерінің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция және Италия) жиынтық ЖІӨ-сінен асып түседі. Бұл ретте, Индия мен Қытай тауар өндіру мен сервистік қызмет көрсету бойынша, ал Ресей мен Бразилия – табиғи шикізатты экспорттау бойынша көшбасшылық ұстанымға ие болады.
Әлемнің трансұлттық компаниялары Индия мен Қытайда шамамен 71 процент бизнес жүргізуді жоспарлап отыр, бұл ретте оларды арзан жұмыс күші ретінде қарап қана қоймай, жаңа ірі өткізу нарығы ретінде де қарайды. Нарықтың тез өсуі және үдемелі көлемдері үлкен корпорацияларды тартады және осы елдердің нарықтарын ірі инвестициялар үшін тартымды етеді, ал мүдделі тұтынушылардың өсіп келе жатқан саны қысқа мерзімді сияқты, ұзақ мерзімді песпективада да бизнестің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер танытады.
2020 жылға қарай
халықтың нақты сатып алу
Қызмет көрсетулер саласын (бағдарламалық қамтым, ақпараттық технологияларға негізделген іскерлік қызмет көрсетулер аутсорсингі) тез жаңғырту еңбекті халықаралық бөлудегі Индияның рөлін айтарлықтай күшейтеді.
Егер соңғы он жылдықтарда инвесторлар үшін елдердің тартымдылығы жұмыс күшінің төмен құнына негізделген, қазіргі кезде ол энергетикалық ресурстардың қолжетімділігімен айқындалады. Жер бетіндегі халықтың үштен бірінен астамы тұратын өсіп келе жатқан азиялық алыптар - Қытай мен Индия энергия ресурстарына деген орасан зор сұраныс танытып отыр. Мысалы, Қытай әлемде мұнайды тұтыну бойынша екінші орынға шықты. Осы экономикалардың өзін мұнай мен газдың сенімді көздерімен, оның ішінде шетелдегі неғұрлым белсенді инвестициялық саясат есебінен қамтамасыз етуге деген ұмтылысын танытатын энергия ресурстарының импортына өсіп келе жатқан тәуелділігі (2006 жылы Индияда - 70 %, Қытайда – 50 %).
Әлемдік тәжірибе барлық елдерде (Францияны, Германияны, Оңтүстік Кореяны және Жапонияны қоса алғанда) өнеркәсіптік саясат адресаттары ретінде салалар емес, компаниялар танылғанын куәландырады. Мысалы, Францияда әрбір салада өз айналасына ұсақ бизнесті біріктіруге және әлемдік нарықтарда шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге тиіс бір немесе екі ірі компания құрылған. Экономикалық жағынан дамыған елдердің қазіргі заманғы өнеркәсіптік саясаты үшін қатаң салалық басымдықтардың болмауы тән, бұл ең алдымен бизнестің жоғары әртараптандырылған бүкіл құрылымының салдары болды. Сондықтан өнеркәсіптік саясаттың негізгі адресаты ретінде көбінесе белгілі бір елде қалыптасқан, ел мүдделеріне жауап беретін корпоративтік құрылымдар танылады. Дәл осы жерде жалпыұлттық даму ресурстары: кәсіби кадрлар (маркетологтар, топ-менеджерлер), басқару өкілеттігі, алдыңғы қатарлы технологиялар мен қаржы ресурстары өспелі дәрежеде шоғырланады.
Қазіргі заманғы өнеркәсіптік саясаттағы маңызды рөл корпоративтік басқаруға тиесілі. Бұл ұғым кәсіпкерлік ортасы корпорациялар туралы заңдармен, бағалы қағаздар, инвестициялар шығару және оларды пайдалану саласындағы ережелермен, қор нарығының жұмыс істеу рәсімдерімен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен және салық заңдарымен реттелетін фирмалар мен басқа да экономикалық субъектілер арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас жүйесін танытады. Корпоративтік басқару инвесторлардың шешімдеріне және өз кезегінде капиталдың тиісті ағындарына әрі ресурстарды орналастыруға таралатын тәуекелдер, жаңа технологиялар мен «адами капиталға» инвестициялар саласындағы фирмалардың стратегиясына әсер етеді.
Осылайша, мемлекет пен трансұлттық компаниялар тандемі – салалар мен экономиканың тиісті сегменттерінде ірі компанияларды дамыту стратегиясымен байланыстырылған салааралық кешендерді дамыту стратегиясын әзірлеу.
Стратегияның мұндай келісілуі индустриялық саясатты іске асыру тиімділігі мен сапасын арттыруға, перспективалық нарықтық тауашаларды, экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамдарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл тәуекелдерді айтарлықтай қысқартуға және компанияларды инвестициялық жоспарлау көкжиегін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік болжау жүйесі серпіліс нүктелерін іздестіреді, болашақ неғұрлым тиімді нарықтарды, сұраныс пен технологияларды дамыту перспективаларын айқындайды, тәуекелдерді талдауды жүргізеді. Мұндай жүйе бизнеске инвестициялық және зияткерлік ресурстарды қайда шоғырландыру қажеттігін айтады.
Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздігі шиеленісе түсті.
Қазақстанның
Осыған байланысты,
Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі
экономикалық саясаттың басты басымдығы
ретінде мемлекет мақсаты дамудың
шикiзат бағытынан қол үзу
Индустриялық-инновациялық саясат басымдықтарын айқындау
Индустриялық-
Бұл тәсіл экономиканың әр түрлі салаларының кәсіпкерлері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге және сыртқы нарықтарға бағдарланған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндіктер ашады.
Нақты ұсыныстар жеке меншік секторда пайда болуға тиіс, ал екінші деңгейдегі банктер мен мемлекеттік инвестициялық даму институттары арнайы әдістемелер негізінде ұсыныстарды жеке меншік сектормен серіктесе отырып әлеуетті іске асыру мақсатында оларды талдайтын болады. Ұсыныстарды бағалау жөніндегі жұмысқа отандық және шетелдік мамандар тартылатын болады.
Нарықтық
Әдетте, мемлекет нақты компанияларды тікелей қаржылық қолдай алмайды және онымен айналыспауға тиіс, бірақ ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор және бастамашы бола алады және болуы тиіс және жеке меншік кәсіпорындарды инновациялық процестерге тарта отырып және сонымен өндірістік және бәсекелі әлеуетін құрып әрі жақсарта отырып, оларды жаңғыртуға ықпал етуге тиіс.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын айқындау әдістері:
Әлемдік практика нарықтық экономикасы бар мемлекет экономикадағы құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыруда жеке меншік сектормен ынтымақтаса алатынын көрсетіп отыр. Осы ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өзінің экономикалық дамуы саласында ірі серпін жасаған басқа да елдерде бар.
Қазіргі заманғы Қытай сондай-ақ индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке меншік сектормен ынтымақтастық саясатын жүргізеді.
Дүниежүзілік
Банктің зерттеулері
І тарау бойынша тұжырым:
Инновация үшін тең мөлшерде барлық үш ерекшелігі де маңызды: ғылыми-техникалық жаңашылдығы, өндіріске қолданбалығы, коммерциялық өтімділігі. Осыдан, ғылыми-техникалық инновация болуы қажет:
а) жаңашыл болуы; б) нарықтық сұранысты қанағаттандыру мен өндірушіге пайда әкелу;
Мемлекетік
индустриялық-инновациялық саясаттың
негізгі мәні әлемдік нарықтағы
белгілі бір тауаралардағы
Серпінді жобаларды іске асыратын жеке инвесторлар үшін мемлекет осы шараларды ұсынудың экономикалық орындылығын бағалау арқылы, мемлекет осындай жобалардың қаржылық тартымдылығын қамтамасыз ететін және оларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын тетік енгізу арқылы осы инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары түрінде жағдайлар жасайтын болады.
Қазақстанның
қазіргі заманғы
Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.
корпоративтік
басқарудың тиімділігін арттыру; кәсіпорындардың
қаржы есептілігінің
Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары