Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

    КІРІСПЕ 

    Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің өзінің дамуын жетілдіру үшін тиімді қаржылық-экономикалық саясаты басты факторлардың біріне айналған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы индустиралдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жету керектігі баяндалды.

    Менің диссертациялық жұмысымның тақырыбын «Батыс Қазақстан облысында индустриалдық-инновациялық стратегияны іске асырудың экономикалық механизмін жетілдіру» ретінде алуым бүкіләлемдік дағдарысқа дейін бекітілсе де, өзінің өзектілігін жойған жоқ.

    Жұмысты жазу барысындағы зерттеу обьектісі – Батыс Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы және оның нәтижелері. Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларды жедел іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. 2008 жылдың аяғына қарай сыртқы инвестициялар мен несиелердің көптеген көздері жабылды, мұнай мен металдардың әлемдік бағасы құлдырап түсті, мұның өзі шикізат экспортынан түсетін табыстардың қысқаруына соқтырды. Осындай күрделі жағдайда Үкімет бірінші және екінші тұрақтандыру жоспарларын қабылдады. Екінші жоспардың ғана шараларын іске асыруға Ұлттық қордан 2,7 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді, мұның өзі Қазақстан ІЖӨ-нің 14 пайызымен шамалас. Парламенттегі фракциясы дағдарысқа қарсы заңдар пакетін жедел, жан-жақты қарауды және қабылдауды қамтамасыз етті. Үкімет пен Парламенттің үйлесімді өзара ықпалдастығы қамтамасыз етілді. Үкімет белгіленген шараларды белсене жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда әлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде үлкен шаруа тындырылды, сондықтан да біз оның оң нәтижелерін көре бастадық. Қаржы жүйесінің тұрлаулылығы қамтамасыз етілді, мұның өзі экономиканың нақты секторын несиелеуді қайта бастауға мүмкіндік берді. Экономиканың дағдарыстан барынша зардап шеккен салаларында тұрақтылық белгілері көріне бастады. Ұзақ тоқтап тұрудан кейін құрылысқа жан бітті. Қаражат тапшылығына қарамастан, өткен жылы 1,5 триллион теңгеден астам сомаға 213 инвестициялық жоба іске қосылды. 8,5 триллион теңге сомасының 382 жобасы іске асырылу кезеңінде. Cоңғы айларда ғана біздің шетелдік әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп, 15 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Біз озық реформаларды: салық, бюджет, әкімшілік, кеден реформаларын жүргіздік. Мемлекеттік активтер бір қолға – “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына жинақталды, сондай-ақ Ұлттық қор дер уақытында құрылды. Нақ “Самұрық-Қазына” бюджеттік қаражатты экономиканың нақты секторына дейін жеткізудің мемлекеттік тетігіне айналды.

    Тақырыптың  өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

    Бұл диссертациялық жұмысым  басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының бағыт-бағдарын анықтап, жеткен жестістіктер мен қазіргі қаржылық дағдарыстың оған қандай өзгерістер алып келгендігі туралы сараптамалық жұмыс жасап оны ғылыми түрде жеткізу болды.

    Диссертациялық  жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы  инновациялық-инветициялық үрдістің теориялық жағынан қарастырып, барынша түсінік беруге тырыстым. Оның түрлері мен жүзеге асыру деңгей, тәсілдері, іс - әрекетте экономиканы басқару ерекшеліктері мен жүйелік – технологиялық бағыттары талданды. Және де әлемдік тәжіриебедегі көрінісінің Қазақстан Республикасында қолданылуы да дәйекті материалдар келтіріле кетті.

    Екінші  бөлімінде, осы салаға заңдық негіз  болып бағыт беріп тұрған 2003-2015 жылдары Казақтан  Республикасының индустриялы - инновациялық дамуының Стратегиясы, оның ішіде аймақтық бөлініс бойынша анықталған Батыс Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Аймақтық бағдарламасна тоқталдым. Бағдарламаның міндеттері мен мақсаттары, және негізгі бөлімдері бұл бөлімде толықтай жазылды деп сеніммен айта аламын. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлерге несие беруге қаражат бөлініп отырған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы шағын және орта кәспікерлерлерді қаржыландыру бағдарламасының және оның жүзеге асырылуы туралы мәліметер нақты көздерден алынып сараппталды.

    Қорытындылаушы  соңғы бөлімде, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ұйымдастырып жатқан қаржыландыру механизмдерінің ішіндегі менің ойымша олқы соғаты тұсы – жас кәсіпкеерлердің мүддесі қорғалмағандығы туралы айтылады. Және бұл кемшілікті қалай жоюға болатындығы «Жастар – Батыс Қазақстан облысының инновациялық-инвестициялық Қоры» жобасы арқылы барынша дәлелденген.

    Диссертациялық жұмысты орындау барысында көптеген экономикалық әдістер қолданылды, атап айтқанда: салыстыру, талдау, монографиялық, статистикалық және т.б.

    Диссертациялық жұмыс 126 бетті құрайды, 10 кесте, 5 диаграмма, 2 сызба және 2 қосымша кірістірілді.

    Жазу  барысында 31  ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.

    Бұл диссертациялық жұмыс сіздерге еліміздегі индустриалды-инновациялық даму стартегиясының өткені мен болашағы туралы толық мәлімет беріп, жас кәсіпкерлердің инновациялық бастамаларын қолдау бағытындағы жобам өзіндік ой қалыптастырады деген сенімдемін. 
 
 
 
 
 

    І ТАРАУ. Инновациялық – инвестициялық  үрдістің теоретикалық бағыттары 

    1.1. Инновациялық – инвестициялық  үрдіс түсінігі

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларынан: «Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның орталық-азиялық экономикадағы көшбасшылығын белгілеп берді. Енді бізде Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру үшін барлық күш-жігер бар. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінің алдында тұр.

    Біз Қазақстанды жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел ретінде,  әлемде пайда болғаннның барлық жаңасы мен алдыңғы қатарлысын жинайтын, әлемдік шаруашылық жүйесінде шағын болса, өзінің нақты «тауашасын» алып отырған және жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті ел ретінде көргіміз келеді,  гүлденіп келе жатқан және серпінді дамушы қоғамның іргетасы тек шикізаттық сектор шеңберлерімен шектелмеген, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика ғана бола алады. Бұл жеке меншік институты мен шарттық қарым-қатынастарды құрметтеуге және қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамасы мен сабақтастығына негізделген экономика. Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін, Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясаты негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз». 1980 жылдарға дейін инновация термині ұдайы өндіріс үрдісін талдау мақсатында тәжірибе жүзінде қолданылған жоқ, оның негізгі қолданылу саласы болып шетелдік авторлардың аудармалы жұмыстары және аймақтардағы экономиканы зерттеу болды. Бертін келе инновация термині ғылыми айналымда неғұрлым кең таралды және де үкіметтік, нормативтік құжаттарда қолданыла бастады. Инновация екі мақсатта қаралды: бірі үрдіс, яғни негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне кіретін құнды қозғалыстар түрінде, 2-шісі экономикалық категория, яғни экономикалық қатынастар жүйесі ол құнның қозғалысына және авансыланған негізгі қордың ақшалай қаражаттардың жұмылдыру уақытынан олардың орнын толтыруына дейінгі уақытқа байланысы. Қазақстан экономикасын тез дамытуға және оны жаңартуға міндет қойған бірінші ел емес. Әлемде экономика дамуының екі негізгі моделі қолданылған: жетекші елдер әлемдік технологиялық және экономикалық процесіне пионерлік даму моделін ұстанады. Бұл моделдер экономикалық механизімнің ең тиімділігі мен өндірістік технологияларға басты ең икемділігін құруға тырысады. Екінші модель ілгеріленген дамыту моделі, ел үшін  ол әлемдік техникалық- экономикалық прогресстің қортынды кезеңдері болып табылады, немесе жаңа деп сипатталады.

    Модельдің негізгі айырмашылығы, экономикалық механизіммен мұндағы техгологияны меңгеруі дамуына негіздеу, бірақта олар жетекші елдерде құрылып кеткен. Сонымен қатар қуатты қаржы көзін кұру мен ұлттық өндірістін аппаратын жанғыртуға, экспорттан түсетін түсімнен шикізат пен шетелдік инвестиция болуы керек. Әлемдік әдебиеттерде “инновация” жаңа өнімдер мен технологиялардың ғылыми-техникалық үрдістен ауысып келуі арқылы түсіндіріледі. Көп жылдардан бері ҒТП-тің экономикалық зерттеу шегінде жаңа енгізілімдердің мәселесі қарастырылып отырды.

    Келесідей ерекшелігі бөлініп көрініс табады, инновация аймағы ретінде (локалдық және глобалдық); өмір кезеңінің шектері (барлық кезең мен кезектердің талдауы мен көрінісі), енгізілім үрдісінің заңдылығы және тағы да басқа. Көптеген авторлар, негізінен шетелдік (Мончев Н., Перлаки И., Хартман В.Д., Мэнсфилд Э., Фостер Р., Твист Б., Шумпетер И., Роджерс Э. және т.б.) инновация түсінігін өз зерттеу пәні мен обьектісіне байланысты қарастырады.

    Мысалы, Твист Б. Инновацияны үрдіс ретінде анықтама беріп, бұндағы идея мен жаңалық экономикалық мазмұнға ие болады.

    Никсон  Ф. инновацияны- нарықта жаңа және дамыған өндіріс үрдісімен құрылғылары негізінде көрініс табатын коммерциялық, өндірістік пен техникалық мекемелер жиынтығы деп санайды.

    Санто Б. инновацияны- технологиялар, өнімдердің ең жақсысында көрініс табатын және ол экономикалық табыс, пайда табуға бағытталған жағдайда нарықта инновацияның пайда болуы қосымша табысқа әкеліп, тәжірибе жүзінде енгізілім мен идеяны қолдану арқылы қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс деп санайды.

    Шумпетер  И. инновацияны кәсіпкерлік ынтамен түсіндірілетін, өндірістік факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдық тараптары ретінде анықтайды.

    Жаңа  енгізілімнің ішкі логикасында-экономикалық дамуының жаңа динамикасы көрсетіледі. Қазіргі кезде технологиялық  инновацияға қолданылатын нақты түсінік, ғылым, техника мен инновация статистикасы Халықаралық стандарттарында көрініс тауып және Осло Басшылығымен бекітілген. Ғылым, техника мен инновация статистикасы Халықаралық стандарттары- нарықтық экономика жағдайында жүйелік түсініктемемен қаматамасыз ететін, инновация, ғылым мен техника статистика саласында халықаралық ұйымдардың бағдарлары. Осы стандарттарға сай инновация- тәжірибелік қызметте қолданылатын немесе әлеуметтік қызметке жаңа бағыттағы жаңа және дамыған техникалық үрдісті нарықта енгізген, жаңа немесе дамыған өнім түрінде көрініс тапқан, инновациялық қызметтің қорытынды нәтижесі. Осыған сәйкес, инновация инновациялық қызметтің нәтижесі болып табылады. Инновация үшін тең мөлшерде барлық үш ерекшелігі де маңызды: ғылыми-техникалық жаңашылдығы, өндіріске қолданбалығы, коммерциялық өтімділігі. Осыдан, ғылыми-техникалық инновация болуы қажет:

    а) жаңашыл болуы; б) нарықтық сұранысты  қанағаттандыру мен өндірушіге пайда  әкелу;

    Инновациялық  үрдіс субьектілері келесідей топтарға бөлінеді: ерте реципиенттер, ерте көпшілік пен қалыстаушылар.

    2003 – 2015 ж.ж. аралығына экономикаға  сервистік – техникалық бағыттарына  қалыптастыруына негізгі кілті  болып, инвестициялы – инновациялық  дамудың стратегиясына сай экономиканың  даму деңгейі шикізаттық емес саласына бәсекеге жарамдыны өндіру қабілеттігі және де міндетті басымдылықтың біреуі жаңаны қамтамасыз етуші болып табылады.

    Инвестициялық – инновациялық дамуының негізгі  қозғалтқышы болып – жеке сектор табылады, ал мемлекет жаңалықтарға, корпоративтік бастамшығы, экономиканың бәсекеге жарамдылығына, жеке кәсіпорынның қабілеттігін жаңғыртуға, оларды инновациялық процеске алаңдатуға қызмет атқаруы тиіс. Қазіргі уақытта елдегі барлық ғылыми – техникалық шеңберде талдау өткізу қажет, оны анықтау мақсаты мен келешектік бағыттарын елеулі әзірленуі тиіс. Қажетті шарттарды құру, тек облыстың ғылыми техникасы дамыған жаңа материалдар мен химиялық техникалар, ақпараттық техникалар үшін жүргізілетін зерттеулер ғана емес, сонымен қатар кәсіп саласындағы инновациялар енгізу үшін кейбір кемшіліктерді заң шығару шеңберінде терең жетілдіру талаптары қазір басты назарда.

    Инвестиция  қозғалысының бөлшектенген фазасын  зерттеуі, олардың экономикалық мәнінде  анықталатын екі көзқарастың  қалыптасуына әсерін тигізеді, яғни бірі жұмсалмалы екіншісі ресурстық. Инвестиция жұмсалмалы көзқарасы негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің жұмсалымы және олардың көбейуімен жетілдіруімен түсіндіріледі. Белгіленген көзқарас шаруашылық механизімінің әкімшілік-бұйрықтық экономикалық шартымен қалыптасқан өзінің ерекшеліктерімен сипатталса, ол теориялық көзқарастарымен тәжірибелік қызметтерде басым болып табылады. Оның мінездемелі ерекшелігі болып, яғни инновациялық қызметтің бастапқы пункті ретіндегі қаражат қозғалысының өндірістік жобаларына көп мағына беріледі, сонымен қатар тек қана құрылыс комплексімен шектелетін қозғалыстың, негізгі капиталдың айналымдағы ақшалай нысанның рөлі өсті.

          Инвестиция  термині шетелдік әдебиеттерде әр-түрлі ғылымдармен экономикалық ойда анықталған түсінік. Инвестицияның бағытталған бейнесі инвестиция табыс алып инвесторларға аударуына байланысты.

    Инвестицияның ең түсінікті түрі болып капиталды жұмсау мақсатында оның келешекте ұлғайуы. Зерттелген түрлері инвестициялау мәселелеріне арналған және инвестиция капиталды орналастыру тәсілімен анықталады, оның капитал құнының ұлғайуы немесе сақталуын қамтамасыз ету және пайданың оң шамасын алып келу. Инвестиция бұл – кез- келген  құрал-жабдық, яғни ақшаны салуға олардың құнын көбейту немесе есептеп сақтау және де пайданың оң шамасын қамтамасыз ету. Бұл мақсатты есептің әр-түрлі инвестиция негізінде жүзеге асырылатын ең кең инвестициясы басқа капитал жұмсау формасын оның өсіміне бағыттау. Бұндай көзқарас сапалы елеулі инвестиция белгісінің жұмасалым сипаттамасын емес, инвестицияға байланысты капиталдың өсуін анықтайды. Бірақ пайданы алу мүмкін тек кәсіпорынның бәсекелестікке жарамдылығын анықтаған кезде көрініс табады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау Қазақстан Республикасының өңдеуші саласымен куәләндіріледі, олардың дамуы кәсіпорынның қайта құру мүмкін еместігі, сол инвестиция үрдісін енгізу жолдары мен анықталады. Аймақтың инвестициялы даму болашағын, ең алдымен біз мұнай-газ машинасын жасауымен байланыстырамыз. Ел басының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес бұл сала  өнеркәсіптің инвестициялы-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру кезінде басты басымдықтардың бірі болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялық және инновациялық жобалардың тартымдылығы әр-түрлі қарастырылады. Мысалы Калашников В.Л.-дің инвестициялық және инновациялық жобалардың тартымдылығы- бұл кәсіпорынның экономико-психологиялық көрсеткіштерінің жиынтығы бола отырып, инвесторға қаражаттардың бағытталуының өте аз тәуекелдігінің капиталды салу нәтижесінде максималдық пайда табу мүмкіндігі деп ойлайды.

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары