Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2011 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Мұнымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 14 952 теңгені құрайды.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................3-4


1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны.......................................................5-10

1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері............................................................10-14

1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі............................14-16


2. Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың

жетілдіру жолдары

2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі...17-20

2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және шегеру сомалар есебі....................21-22

2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі...........23-24


Қорытынды..............................................................................................25-26


Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................28

Файлы: 1 файл

Бухабаева.doc

— 210.50 Кб (Скачать файл)

      Францияда кадрларды бекіту жұмыс тәжірибесі үшін, еңбек тәртібі үшін үстемелер  арқылы, көлік шығындарына жәрдемақылар арқылы, егер жұмыс орыны үйінен алыс болса, берілетін үстемелер  арқылы, фирмаға берілгендігі үшін сыйақылар арқылы жүзеге асырылады.

      АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде кәсіпорындарда кадрларды бекіту үшін әлеуметтік төлемақылар  мен жеңілдіктер пайдаланылады. Зейнетақылық қамтамамыз ету жүйелерінен  басқа жұмыс тәжірибесімен және кәсіпкерлердің зейнетақы қорына салынған салымдарымен байланысты мемлекеттік зейнетақыларға қосымша әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктің басқа түрлері еңбек тәжірибесімен байланысты емес, бірақ олар кәсіпорын коллективінің тұрақтануына көмектеседі. Коллективтің тұрақтануына пайдаға қатысу жүйесу де көмектеседі, оның міндеті қызметкерлерді фирма мүдделеріне енгізу ғана емес, сонымен қатар өндірістегі әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту.

      4) Кәсіпорындарда ұйымдастырушылық-техникалық  жағдайдың қажетті деңгейін жасау  техниканы және технологияны  жүйелі түрде жаңартуда, еңбек жағдайын жақсартуда көрінеді. Бұл басқа да тең жағдайларда кадрларды және бекітуге көмектеседі. Өндірістік жоғарғы-ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі еңбек өнімділігінің өсуіне, өнім сапасын жоғарылатуға, жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға әкеледі. Бұл  шарттарға еңбекті нормалау мен ұйымдастыру да жатады — соңғысы жалақыны ұйымдастыру элементі болып табылады және сәйкесінше оның көлемі мен дифференциясына әсер етеді. Еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары — бұл оның материалдық және моралдық марапаттау әдістері. Олардың ішінде маңызды рөлді окладтар мен мөлшерлемелерді анықтау және реттеу әдістері ойнайды: жалақының бірдей мөлшерлемелері, жалақы мөлшерлемесін автоматты түрде жоғарылату, еңбекті бағалау нәтижесі бойынша мөлшерлемелердің өзгеруі. Бұл жекелеген өндірістер мен қызметкерлер тобының спецификасын ескеруге мүмкіндік береді.

      5) Квалификациялық деңгейді үзіліссіз  жоғарылатуды ынталандыру білім  үшін, квалификация үшін, мамандықтарды  біріктіріп орындау үшін, төлемақыны  қолданумен жүзеге асады. Білім үшін төлеудің мәні қызметкерге оның жұмыс орнында жасайтын жұмысы үшін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір білім сомасы болғандықтан орындай алу қабілеттілігіне де төлейтінімен сипатталады. Бұл жүйе өндірісті тез модернизациялау, жаңа өнімді шығаруға ауысу және т.б. жағдайларда тиімді. Квалификация үшін төлеу жүйесі АҚШ-та пайда болы, ал оның кең қолданылуы Америка өнеркәсіптеріндегі өндірістік бригадаларының іс-әрекет алаңының кеңеюімен бірге жүрді. Бұл жүйенің мәні еңбекақы көлемі тек қана орындалатын жұмыстың күрделілігіне байланысты емес, сонымен қатар қызметкер өзінің іс-әрекетінде пайдалана алатын мамандықтар жиынына да байланысты екендігімен сипатталады, яғни нақты еңбек емес, квалификациялық өсу төленеді. 
 
 
 
 
 
 
 

          2. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі

      2.1 Қызметкерлердің  құрамы мен жұмыс  уақытын пайдалану  есебі 

        Еңбек жайлы есеп беруде көп  салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның  жұмысшылары мен қызметкерлерін  негізгі қызмет атқаратындар  және негізгі емес қызмет атқаратындар болып екі топқа бөлінеді. Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге жұмысқа алушы және қызметкер арасында жеке еңбектік келісім шарт жасалуы тиіс.

      Жеке  еңбектік келісім шарт дегеніміз  жұмысшымен жұмыс беруші арасында жазбаша  жұмыс орны, келісімшарттың мерізімі, еңбек режімі жағдайы, еңбекақы, екі жақтық материялдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім. Келісім шартта еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші тағайындайды, ал жұмысшы немесе қызметкер екі келісімге сәйкес белгілі мамандығы бойынша берілген  жұмысты атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші басқа да төлемақыларда уақтылы төлеп отыруға міндеттенеді.

      Жеке  еңбек шарты мазмұны мен сипаты жұмыс берушінің қаржы жағдайы  мен өндіріс алдындағы міндеттер мен оның салалық ерекшелігіне байланысты анықталады.Әйтсе де Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңындағы 7,8 және 9 баптар міндетті түрде еңбек шартына енгізілуі тиіс.

      Келісім шарт мерізімі заң бойынша белгіленбейді. Оның еңбек шартына сәйкес қызметкер мен қызмет алушы бірге белгілейді.Егер еңбек шартында оның мерізімі көрсетілмеген жағдайда, ол мерізімі шектеусіз мерізімге тағайындалған деп есептелінеді.

      Жеке  еңбек шарты жасалғаннан соң  жұмысқа қабылданғандығы жайлы  жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы туралы белгі жасайды.Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының 15.02.2000 ж.№ 35-П “Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі жөнінде оны бекіту инструкциясы” туралы Әлеуметтік қорғау және еңбек Министерлігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.Жеке еңбек шартынан басқа жұмысқа алушы қызметке мен азаматтық-құқықтық келісімшартқа отыруға құқылы.Ондай келісімшарт жеке арнайы тапсырмаларды орындау үшін жасалады.

      Азаматтық-құқықтық келісімшарттың жеке еңбек шартынан айырмашылығы орындаушы арнайы тапсырманы ұйымның ішкі еңбек тәртібіне  тәуелсіз орындайды.Қызметкер мен  жұмыс беруші арасындағы еңбек және әлеуметтік қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі.Мұндай шартқа отыру, жасау және оны жүзеге  асыру Қазақстан Республикасының “Ұйымдық шарты жөніндегі” 04.07.1992 ж. № 1514-XII заң бойынша анықталады. Бұл шарт жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне байланысты, заң негізінде белгіленген төменгі еңбекақыдан жоғары деңгейде еңбекақы белгілей алады. Жұмыс беруші, сыйақы мөлшерін ұйымдық шартқа сәйкес белгіленген мөлшерден кем тағайындай алмайды.

      Жыл сайынғы және басқа да "Еңбек  туралы " Заңға, ережелермен заң  актісі, ұйымдық шарт және демалыс графигіне байланысты  қызметкерлерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, біреуін кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді.Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы немесе құрылыс бөлімі бастығы қол қояды.Осы бұйрық негізінде кадр бөлімі  қызметкерге  демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады.Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда жеке, еңбек шартының тоқтатылғандығы жайлы бұйрық шығарылып, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді.Барлық қызметкерлер категориясы жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режімінің сақталуына бақылау жасау үшін, істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табельі жасалады.

      Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының  орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі (Т-13, Т-13а) қолданылады.Бұл табельдің банкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-жөні, кәсібі, табель номері және т.б.Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

      Табель  әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға  бір данадан беріледі.

      Табель  тиісінше ресімдегеннен кейін оны  кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.

      Табельдік номір кәсіпорында тәртіпке келтірілген  сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі  өздерінің барлық қызметкерлердің  аты-жөні енгізіледі.

      Табельде  жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.) .Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келмеген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын көрсету арқылы жүргізіледі.

      Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі  бұл жұмысты орындаған тұлға  тізімінде жүргізіледі.Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды.Соның мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады.Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.

      Егер  жұмыс уақытында істелінетін  жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.

      Табельге  бұл деректер құрылымдық бөлімше  басшысы жұмыс болмай қалу себебін  бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде енгізіледі.Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны  қолданып, карточкалық әдіспен- бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен- тапсыру және беру жолмен; бақылау- рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.

      Қызметкердің  жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы тағайындалған тұлға  жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбәр қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік номірі жазылады.Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады.Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады.

      Өнім  өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материялдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

      Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы рапорты және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады.Есепті оңайлату мақсатында  көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін.

      Өндірістің  жаппай- тасқынды ( массово-поточное производства) жағдайында өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескріледі.Әр бригада мүшелерінің өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт негізінде есептелінеді.Бұл рапорттардың негізінде бртгада мүшелерінің еңбекақысы есептелінеді.

      Өнімділік туралы рапорт (жинақтаушы) (Т-28 және Т-28а формалрады) әр түрлі кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының еңбекақысы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданылады.

      Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір текті жұмысты бір ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.Өнімдік есеп тізімдемесі (30 формасы) бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.

      Өндірістік  серия сипатында- өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескеріледі.Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеуге болады.

      Бағдарлық құжат (Т-23 формасы) өндірістегі детальдар қозғалысының оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде қолданылады Бағдарлық құжат (Т-23а формасы) ауысым үшін өнімділік  рапортымен (Т-22 формасы) ұштастырылып қолданылады.

      Ауысым  үшін өнімділік рапорт өнімді нақты  жасалуын көрсетуге арналған  және жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады.

      Жеке  немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік, Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін)  көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің (цехтың)  өндірістік бағдарламасы алынады.

      Тексеріліп  қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша  есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі. 

Информация о работе Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары