Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2011 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Мұнымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 14 952 теңгені құрайды.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................3-4


1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны.......................................................5-10

1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері............................................................10-14

1.3 Еңбекақы ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі............................14-16


2. Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың

жетілдіру жолдары

2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі...17-20

2.2 Еңбекақыдан ұсталымдар және шегеру сомалар есебі....................21-22

2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі...........23-24


Қорытынды..............................................................................................25-26


Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................28

Файлы: 1 файл

Бухабаева.doc

— 210.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................3-4  

1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны.......................................................5-10

1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері............................................................10-14

1.3 Еңбекақы  ұйымдастырудағы шет ел тәжірибесі............................14-16  

2. Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың

жетілдіру жолдары

2.1 Қызметкерлердің  құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану  есебі...17-20

2.2 Еңбекақыдан  ұсталымдар және шегеру сомалар  есебі....................21-22

2.3 Есеп  айырысудың синтетикалық және  аналитикалық есебі...........23-24 

Қорытынды..............................................................................................25-26  

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ 

        Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.

      Мемлекет  Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

      Мемлекет  Басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау  қарсаңында» Жолдауына сәйкес 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары орта шамамен 30%-ға жоғарылады.

        Бұдан басқа, Еңбек кодексіне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге жыл сайын төленетін еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде белгіленді және жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына шығар кезде емделуге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілді.

        Мұнымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы    6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 14 952 теңгені құрайды.

        Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің (одан әрі – Кодекс) 10-бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

         Еңбек шартының құрамы Кодекспен анықталған, оның міндетті кағидаларының бірі болып еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттарының көрсетілуі саналады.

          Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

     Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері:

  1. Өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
  2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
  3. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
  4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
  5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
  6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
  7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

      Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру  үшін мынадай жағдайлар қажет:

     1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

     2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.

     3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.

     4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

      Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономикада  еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық  аспектілерді жалпылау, ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер орындалады:

          - Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;

      - Қызметкерлермен есеп айырысу  есебі;

      - Еңбекақыны төлеудің жетілдіру жолдарын қарастыру.

      Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кездегі  кәсіпорындардағы еңбек ақыны төлеудіңақы  жолдарын қарастыру.

      Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

      Кіріспеде – курстық жұмыстың мақсаттары мен  міндеттері туралы  жазылған. Бірінші  бөлімінде  еңбек ақы түрлері, жүйесі, нысаны, есептеу тәртіптері, ұсталынатын ұсталымдары туралы талқыланған. Екінші бөлімде Қызметкерлермен есеп айырысу туралы айтылған.  
 
 
 
 

      1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

      1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны 

      Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл  еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген  көлеміне сай еңбеккерлер орындаған  жұмысы үшін алады.

      Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі  ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс  беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

      Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

      Жалақы  екі түрге бөлінеді:

      - негізгі;

      - қосымша.

      Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:

      - жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

      - қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;

      - жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;

      - ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар.

      - мерзмінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

      - түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

      - жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.

      Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

      - балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;

      - жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

      - мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

      - негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

      - пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

      - шыққанда берілетін жәрдемақы.

      Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді  деп аталатын 2 нысаны қолданылады.

      Мерзімді  еңбекақы нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды.

      Мерзімдік еңбекақының нысаны жай-мерзімділдік және сыйақылық-мерзімділік болып бөлінеді.

          Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: 
          - сағаттық;

    - күндік  ақы;

    - айлық  ақы.

          Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

      Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, т, цн, килограмм т.б.). Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

      Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою  арқылы белгіленеді;

      Кесімді-сыйақылық - бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

      Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек  төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың  белгіленген нормадан тыс артық  өндіргені үшін көтермелеу ретінде  пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.

      Жамана  кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы  және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;

      Еңбекақы  төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл  жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемі нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда — онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Информация о работе Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары