Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 16:07, реферат
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен(күндер,сағаттар,минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер ( теңге,тиын) шаруашылық құралдарын , олардың пайда болуы көздеріни , бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептің өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл республика ауқымын да қортындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Жабдықтаушылар. Фирманың жабдықтаушылармен өзара қарым-қатынасы. Фирманың маркетинг іс- әрекетінің табысты болуын қамтамасыз етудегі олардың рөлі.
Маркетинг делдалдары: сауда, тауар-жылжытуды ұйымдастырушы фирмалар, маркетинг қызметін Кврсететін агенттіктер, қаржы-несие мекемелері.
Клиентура. Клиентуралық нарықтар түрлері: тұтынушы, ендіруші, аралық сатушы, мемлекеттік мекемелер, халықаралық мекемелер.
Бәселестер. Тұтынушылар сұранысына байланысты бәсекелестер түрлері: ұнатымды-бәсекелестер, тек-тес тауарлар бәсекелестері, тауарлар түріне сай бәсекелестер, таңбалас бәсекелестер.
Қарым-қатынас аудиториялары: қаржы топтары, ақпарат құралдары, тұтынушылар ұйымдары, көпшілік бұқара.
Фирма іс-әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, саяси , ғылыми-техникалық, мәдени.
Демографиялың ортаның негізгі көрсеткіштері. Фирманың дамуына әсер ететін демографиялық бағыттар.
экономикалық орта, оның негізгі көрсеткіштері.
Тұтыну нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлықтары
«Қажеттілік», «тұтынушы», «сатыпалушы», «сатып алу нарығы» ұғымдары. Тұтынушылардың қажеттіліктері: абсолютті жөне салыстырмалы.
Тұтынушы мінез-құлқының үлгісі, оның құрамдастары. Маркетингтің итермелеуші факторлары және тұтынушының жауап қайтару реакциясы.
Тұтынушылар нарығындағы сатып алушының сипаттамасы. Тұтынушының мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар. Әлеуметтік, мәдени, жеке тұлға және психологиялық факторлар.
Қажеттілікті өлшеу негіздері: оңтайлы тұтыну теориясы, экономиялық теориялары, З.Фрейд пен А. Маслоудың уәждеме теориялары. Мінез-құлықтың оңтайлы жөне эмоциялы уәждері.
Тұтынушылар нарығында сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Мәселені ұғыну. Ақпаратты іздеу. Варианттарды бағалау. Сатып алу туралы шешім. Тауарды сатып алу туралы шешімін қабылдау. Сатып алған затқа тұтынушының реакциясы.
Әлеуметтік-этикалық, демографиялық сипаттамалары және психографиялың талдау негіздерінде тұтыну-шылар типологиясы.
Тұтьшушылар құқыңтары. Тұтынушы егемендігі. Консъюмеризм.
Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Қазаңстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» Заңы.
Нарықты зерттеу мен сегменттеудің әдістемелік негіздері
Нарықты кешенді зерттеу. Тауар және фирма құрылымын зерттеу. Тауар нарықтарын жіктеу: ел шаруашылығының құрылымына қарай, аумақтық қамтуына қарай, табыстың деңгейіне және оның бөлінуіне қарай, қоғамдық өндіріс аумағына қарай, түпкі пайдалану сипатына қарай, тауарды қолдану мерзіміне қарай, ұйымдастыру құрылымына қарай.
Нарықты -қабылдаудың негізгі бағыттары: конъюнктураны бағалау, нарық сыйымдылығын белгілеу жөне нарық үлесін анықтау.
Жалпылама, сараланған жөне мақсатты маркетинг. Мақсатты маркетинг шаралары: сегменттеу, мақсатты сегментті таңдау және тауарды нарықта жалғастыру.
Нарықты сегменттеу ұғымы. Тұтынушылар нарығын сегменттеудің негізгі принциптері: географиялық, демографиялық, психографиялық, мінез-құлықтық.
Өнеркәсіп тауарлары нарығын сегменттеудің негізгі принциптері: географиялық, экономикалық, технологиялық, ұйым типі, сатып алу көлемі және аралық мерзімі, сатып алынған тауарлар бағыттары.
Нарықты қамыту стратегиялары: сараланбаған, сараланған, шоғырланған, «Нарық терезесі» ұғымы.
Тауарды нарықта
жайғастыру. Тауардың нарықта жайғастырылуын
анықтайтын факторлар. Маркетинг кешенін
өндеу.
+Маркетингтің теориялық негіздері, принциптері, тәсілдері, қызметі мен тұжырымдамалары
1, Еліміздің нарықтың экономикаға өту заңдылықтары мен экономикалық жағдайды жақсарту шарттары-ның бірте-бірте жетілуі кәсіпорынның ішкі жөне сыртқы экономикалық қызметте шынайы дербестікке өтуі » қажеттігін көрсетті. Осындай жағдайда шаруашылық қызметке маркетигті қолдану керек болды.
Маркетинг дамыган нарық жағдайындағы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әлемдік тәжірибесін талдап қорытуды көрсетеді, өткір бәсеке жағдайында оның тиімділігін және басқарушының фирма мүмкіндіктеріне, нарықтық талаптарға сай дұрыс шешім қабылдауын және оны орындата алуын қадағалайды.
Маркетинг шаруашылық бірліктің іскерлік белсенділігінің барлық жақтарын ұйымдастыру мен басқару жүйесін көрсетеді, ягни жаңа өнім шығару идеясы мен өндіріске сай технология қолданудан бастап, өнімді сатып алушыға жеткізуге дейінгі барлық қызметті қамтиды.
Маркетинг арқылы, өндіруші сатып алушының күнделікті және келешектегі қажеттіліктерін айқындайды, сатып алу мүмкіншілігінің дәл сол өнімге деген нақты сұранысқа айналуын қадағалайды, сатып алушымен арадағы байланыстың тұрақты өрі ұзақ болуына жағдай жасайды.
Нарықтық қызметтің келесі қасиеттері маркетингтің міндетті талабы болып табылады: төуекелділік, болжамдылық, белсенділік, тапқырлық және байланысқа бейімділік.
Маркетингте ең маңыздысы - белгіленген шаралардың барлық жиынтығын маңсатқа бейімдеу, зерттеу, конструкторлық, өндірістік, тағы басқа барлық жүргізілетін жұмыстарды бір «технологиялың процеске» біріктіру.
«Маркетинг» түсінігінің негізінде «нарық» термині жатыр. Маркетинг дегеніміз - өндірушілердің шаруа-шылық мәселелерін шешуі үшін жүйелік және мақсатты бағдарламалық тәсілдерді қолданатын нарықтық қызметтің бір түрі, ал нарық пен оның талаптары жөне реакциялық сипаттамасы маркетинг қызметінің тиімділік критерлі болып табылады.
Маркетингтік қызмет мыналарды қамтуы қажет:
• нарық, құрылым, нақты сұраныс динамикасы, сатып алушының талғамы туралы сенімді, жедел ақпарат, яғни фирманың сыртқы қызметінің жағдайы туралы ақпарат;
■ бәсекелестер тауарларына қарағанда нарықтық талаптарды толық қанағаттандыратын тауарлар шығару;
• тауарды тарату аймағының мүмкін болатын жоғары мөлшердегі бақылауын қамтамасыз ететін тұтыну-шыға, нарыққа, сұранысқа әсер ету.
Кәсіпорын маркетингінің мақсаты - тиімділікті, пайдалылықты қамтамасыз ету.
Маркетингті қолданудың экономикалық мәні өндірістің ұтқырлығын және тауардың бәсекеге төтеп беру алу қабілетін арттырудан, уақытында жаңа тауарлар шығарудан және олардың ең көп пайда әкелетін жағын ойластырудан тұрады.
2. Маркетингтің негізгі міндеті - тұрып қалмай, тез өтетін өнім шығару. Осыған байланысты маркетингтің келесі негізгі принциптерін ажыратады:
а) өндірістік - сату қызметінің ақырғы нөтижесіне жетуді көздеу;
б) зерттеу, өндірістік және сату жұмыстарын маркетингтік қызметтің шешуші бағыттарына қарай топтастыру;
в) кәсіпорынның маркетингтік жұмыстарының ұзақ
уақыттық нәтижесіне бағытталуы;
Бұл болжау, зерттеулерге көп көңіл бөлуді талап етеді.
г) стратегия мен тактиканы біріктіріп, өзара байланыста қолдануды сатып алушының талаптарына қарай
ыңғайлау.
Маркетингтік қызметтің тәсілдері мына өткізілетін
шаралардан тұрады:
1. Қоршаган ортаны талдау, бұған тек нарық емес, сондай-ақ экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, тағы басқашарттар кіреді. Талдау коммерциялық табысқа әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде қоршаған ортаны және оның мүмкіндіктерін бағалайтын мәліметтер жинағы жасақталады.
2. Тұтынушыларды талдау. Бұл талдау сатып алу жөнінде шешім қабылдайтын адамдардың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, географиялық, тағы да басқа сипаттарын зерттеуден тұрады.
3. Қолда бар тауарларды зерттеу және болашақ тауарларды жоспарлау, яғни жаңа тауар шығару тұжырымдамасын талдау немесе ескілерін жаңарту. Ескірген, пайда әкелмейтін тауарлар өндірістен, кейін нарықтан алынып тасталады.
4. Тауар қозгалысы мен сатылуын жоспарлау.
5. Сатып алушыларға, нақты сатушыларға бағытталған жарнамаларды біріктіру, жеке сату, материалдық ынталандырулар арңылы сұранысты қалыптастыруды және өтімділікті ынталандыруды қамтамасыз ету.
6. Тауарға қойылатын баға деңгейі мен жүйесінен тұратын баға саясатын қалыптастыруы, бағалар мен несиелерді пайдаланудың «технологиясын» анықтау.
7. Елдің техникалық және әлеуметтік нормасын қанагаттандыру, яғни кәсіпорын импорттайтын тауар моральдық-этикалық ережелерге сай қорғалған,
құндылығы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыратындай болуы керек.
8. Маркетинг қызтетін басқару, яғни кәсіпорынның маркетингтік бағдарламасы мен әр жұмысшының жеке міндеттерін жоспарлау, орындау, бақылау, тәуекелдер мен пайданы, маркетингтік шешімдердің тиімділігін бағалау.
Маркетингтік процеске қатысушылар: тауар өндіруші, нарыққа үздіксіз шығып отыратын маркетинг бөлімінің қызметі; кәсіпорын тауарларының нарықта өтуін қамтамасыз ететін делдал (агент, дилер, бро-кер); ұжымдық тұтынушы (сатып алушы); жеке сатушы; соңғы тұтынушы.
3. Маркетинг тұжырымдамаларының келесі түрлері белгілі:
- өндірістік тұжырымдама;
- тауар тұжырымдамасы;
- өткізу тұжырымдамасы;
- тұтыну тұжырымдамасы (дәстүрлі маркетингтік);
- әлеуметтік-этикалық тұжырымдама.
Өндірістік тұжырымдама. Алғаш қалыптасқан маркетингтің өндірістік тұжырымдамасы тұтынушылар арасында кең тараған тауарды қолайлы бағамен сатылуын көбейтуді көздейді. Ол технологияны және өндіру процесін жетілдіруді, өндіріс көлемін үлғайтуды, өндіріс шығынын төмендетуді талап етеді. Сондықтан осы жолмен нарықты әлде бір тауармен тез толтыруға, молынан пайда алуға болады. Бұл тұжырымдама 2 жағдайда кеңінен қолданылады:
- тауарға сұраныс ұсыныстан басым болғанда өндіріс көлемін ұлғайтуға болады;
- тауар шығынын
жаппай мол өндіру арңылы
Тауар тұжырымдамасы. Өндірістік тұжырымдамамен бірге тауар тұжырымдамасы пайда болады. Бұл тұжырымдаманың негізі тауарды жетілдіруге, оның сапасын, дизайнын, орауын жақсартуға көңіл бөледі. Тұтынушылар жан-жақты жетілдірілген тауарды алады, өйткені олардың сапасы жоғары және бағасы қолайлы. Тұтынушы тауарды емес, оның қанағаттандырушы қабілетіне мүдделі. Тауарлар біршама басқаша көрінетін, алайда ұқсас түтыну қызметін атқаратын тауарлармен өзара бәсекеде болады. Олар басқаша өндіріліп, тұтынушыға ерекше арнамен өткізілсе де, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын баламалы өнім болуы мүмкін. Бұл тұжырымдама осыны ескермеді.
Өткізу тұжырымдамасы. Өткізу тұжырымдамасы өндірістік және тауар тұжырымдамасының даму нәтижесінде пайда болған. Жоғарыда айтылған екі тұжырымдама тек қана өндірісті кеңейту және тауарды жетілдіруге көңіл бөледі, ал нарықты жете зерттеп болжаумен шүғылданбайды. Мұндай жағдайда ерте ме, кеш пе, бірақ міндетті түрде өткізу мәселесі шиеленіседі. Өйткені кәсіпорын өндірген тауарды түгелімен және қалайда түтынушыға өткізу қажет. Ал түтынушының қажеттілігі мен сатып алу мүмкіндіктері одан төмен болуы мүмкін. Сондықтан бүл тұжырымдамаларды іске асыру жұмысы қиындыққа ұшырауы ықтимал.
Қазақстан нарығында шетелдік фирмалар кебінесе осы откізу тұжырымдамасын қолданады.
Тұтыну тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама кәсіпкерлік жұмысты үйымдастыру жағынан тарихи жаңа тәсіл.Оның пайда болу себептері:
- тауардың көпшілігіне сұранысты барынша қанағаттандырып, онымен нарықты толықтырғандықтан;
- ҒТП бірлескен бәсекелес күресінің күшеюінен. Бұл тұжырымдаманың пайда болуы мен дамуы маркетинг тарихы керсеткендей қоғамның материалдық және әлеуметтік даму деңгейімен, техникалық прогреспен тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру деңгейімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік-этикалық тұжырымдама. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың жетіспеушілігі, дүниежүзінде инфляциясының кең өріс алуы және әлеуметтік сананың елеусіз қалғаны әлеу-меттік-этикалық тұжырымдаманы өмірге әкелді.
Бұл тұжырымдама төмендегідей маңызды талаптармен сипатталады:
- өндірушінің негізгі мақсаты - қоғамның жарқын болашағына, адамгершілік талабына сәйкес тұтынушының саналы және жағымды қажеттілігін қанағаттандыру;
Информация о работе Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны. Оны ұйымдастыру принциптері