Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2017 в 07:37, курсовая работа

Описание работы

Еңбекақы - өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады , сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігін артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.     

Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмысының объектісіне байланысты аудит методологиясы мен аудит қолданатын техникалық әдісінің түріне қарай әр түрлі болады.     

Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

  • тапсырушы субъектінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу;
  • есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау;
  • аудит мазмұнына бағдарлама жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау;
  • аудитор тобының жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды ұйымдастыру.

 

     Аудит бағдарламасында шаруашылық субъектісінің  есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден, есеп саясаты субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жұмысындағы материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтау әдісінің өндіріс процесінің есебін ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.     

Екіншіден, есеп саясаты субъектісінің қаржылық есептерінің мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін, салықтық есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп-анықтау жолын (әдісін) бекітеді.     

Үшіншіден, есеп саясаты бухгалтерлік есеп процесінің құқылық негіздеріне; жаңа есеп жоспар заңына; тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субъектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.     

Енді  аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субъектісінің  технологиялық ерекшелігіне  байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күрделілігі  аудит тобының жұмысына нақты  талап, міндеттер қояды. Сондықтан, аудит жүргізуші өз жұмысының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет.     

- Аудиттің мақсаты: аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субъект шаруашылығына қандай экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтауы қажет. Сол үшін аудитор бухгалтерлік есептің нақты құжаттарына, отчеттарына зерттеу, талдау жасау арқылы субъектінің бухгалтерлік есебіндегі кемшіліктерді, экономикалық жұмысындағы кемшіліктерін атап көрсетіп, сол кемшіліктерді түзету жолын айтып, тапсырушы алдында сенімділікке ие болуы қажет. 

Аудит мақсатында бухгалтерлік көрсеткішіне сараптау жасау, оның ішінде инвестиция тиімділігін, құнды қағаз операцияларын  тексеру, айналым қаржысы операцияларының  заңдылығын, қаржылық жағдайының тұрақтылығын тексеріп, тапсырушыға өзінің осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатын баяндауға міндетті.      

Аудит мақсатында – аудиторлық тәуекел (риск) ерекше орын алады. Онда аудитор аудитор  тәуекеліне баға беруге міндетті. Негізінде, аудитор тәуекелі дегеніміз – аудит жұмысы біткеннен кейін анықталатын қаржы отчетында жіберілген қателер. Оның өзін аудит теориясында үшке бөледі:     

- отчет құрамындағы тәуекел –  ішкі аудит кемшілігіне сәйкес  жіберілген қателерге байланысты  аудит тәуекелі;      

- ішкі аудит тәукелі – тәуекл бухгалтерлік отчеттарда жіберілген қателерге байланысты кемшіліктер;     

- анықталмаған тәуекел – шаруашылық  операцияларының бухгалтерлік есепте  дұрыс алынбау себебінен болатын  тәуекел.      

- Шаруашылық субъектілерінің жұмыс бөлімдері және ондағы есеп жұмысы. Аудитор өз бағдарламасында тапсырушының шаруашылық жұмыс бөлімдерінің өндірістік немесе жалпы кәсіпкерлік ерекшелігіне байланысты, оның субъектіге табыстылық деңгейіне байланысты аудит жұмысы белгіленеді. Яғни, субъектінің негізгі бөлімдері тиянақты тексеруге алынады. Содан кейін, оның басқа жұмыс бөлімдерін тексеру бағдарламада өз алдына бөлек көрсетіледі. Әрине ол объектілер бір-бірімен байланысты тексеріледі. Соның нәтижесінде аудитордың бір жүйеге келген пікірі қалыптасады. Аудитор өз тарапынан жиналған ақпаратты сараппен талдау жасап өзінің аудиторлық қорытындысына негіз етеді.     

Тексеру объектілеріне оған қосалқы объектілер дұрыс белгіленбесе аудиттік тексеру  ақпараты да дәлелсіз, мағынасыз болады. Ол өз кезегінде аудитор қорытындысының сәтсіз болуына немесе түгелдей қате болуына әкеп соғады, яғни аудиторлық тәуекел пайда болады.     

Бағдарламада  объектілерді аудиторлық тексеру әдістері анықталады. Ол жаппай-түгелдей тексеру, іріктеп тексеру. Жаппай-түгелдей тексеру ол касса, банк операцияларына, аванс отчеттарына жүргізіледі. Сонымен қатар бағалы мүліктерге, материалдарға, тауарларға алғашқы есеп құжаттары арқылы түгелдей тексеру жүргізіледі. Іріктеп тексеру жалпы материалдар есебіне, еңбек ақы төлемін есептеу объектілеріне жүргізіледі. Кесте 3      

2.3  Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын жүргізу          

 Аудиторлік тексерудің мақсаты қызметкерлерге жалақы берудегі заңдылықты сақтау, еңбектік қатынастарға қатысты жалақының және басқадай төлемдер мен сыйақылардың дұрыс аударылуын, сонымен қатар жалақыға салық және басқадай әлеуметтік қажеттілікке ұстаулардың сақталуын қадағалау болып табылады.        

 Аудиторлік тексерудің негізгі  мақсаттары:      

- еңбек туралы нормативтік құқықтық  актілердің жағдайы және еңбек  қатынастарындағы ішкі бақылау  жағдайын қадағалау.      

- бірінші ретті құжаттарға сай  жалақының және төлемдер мен  қосымша төлемдердің дұрыс аударылуын  тексеру.      

- жалақының дұрыс есептелуі мен  табыс салығының басқадай төлемдері  мен ұстаулардың дұрыстығын тексеру.     

- қызметкер жалақысымен есеп  айырысуда шоттардың корреспонденциясының  дұрыстығын тексеру.     

Қызметкер жалақысымен есеп айырусыда ақпарат көздері болып басқарушының қабылдау туралы бұйрығы мен шешімі, жұмыстан шығарылу туралы еңбек келісімінің тоқтатылуы, аударым туралы, кәсіпорынның      

жұмысшыларға  берілген демалысы, штаттық кесте, азаматтық құқық туралы мінездеме туралы келісім,келісім шарттар мен басқадай еңбектік келісімдер түрлері, еңбекақыға қосымша ақша мен сыйақыларға (жеке карточка, жұмыс уақытын қолданудағы табелдер, нарядтар, рапорттар, маршруттық беттер, жасалынған істер туралы актілер, қосымша ақша төлеуге беттер, орындау қағаздары, есеп айырысу және төлем ведомасттары және т,б) негіз болатын бірінші ретті құжаттар; сонымен қатар бухгалтерлік есеп регисторы, жалақының турлері және шифрларына байланысты шығындарды бос ведомастке бөлу, журнал-ордерлер, Бас кітап, баланс және қаржылық қорытынды есептің басқадай түрлері тәрізді.     

Аудитор тексерудің алдында кәсіпорында  еңбекақыны төлеуде қандай жүйе мен  форма, штаттық кесте, еңбекақы мен  қосымша төлем жайында ішкі жағдай, коллективті келісім шарт, еңбекақы төлеуде есеп айырысу есебі, сонымен қатар осы есеп жүргізу орны компьютерленген бе жіне т.с.с жағдайларды анықтап алуы тиіс. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, аудитор осы ішкі бақылау жүйесіне сауалнама жүргізеді. Төменде 3-кестеде мысал ретінде сауалнама сұрақтары берілген.     

Мекеменің есебіне және келісімді жұмыскерлерге  жалақыны аударуды және оның жасалуына  бақылау жайында аудит жүргізуде, аудитор нарядтар, маршруттық карталар, жодық қағаздар, жасау ведомсттері, істелінген жұмыстар актісі тәрізді бірінші ретті құжаттардың дұрыс рәсімделгенін, сонымен қатар кәсіпорында еңбек ету нормасы және келісімді бағалар жасалынған ба және белгіленген бе, бірінші ретті құжаттарда қажетті реквизиттер бар ма екенін тексеру тиіс.     

Кесте 3     

Еңбек пен еңбекақы есебінің аудитін орындаудың    бағдарламасы:

 

Аудитор іс-әрекеті

 Ақпарат көзі

1

Баланс  қорытындылары мен айналым қалдық ведомосының деректерінің сәйкестігін тексеру

Баланс, айналым қалдық ведомосы

2

Еңбек пен еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Алғашқы құжаттар, айналым қалдық ведомосы, еңбек ақы есептелуінің жұрналы, синтетикалық есеп

3

Еңбек пен еңбекақы есебінің      

сақтаудың, олардың түгендеудің, жұмыс уақытын  дұрыс жүргізуін     

есептеу

Алғашқы құжаттар, айналым қалдық ведомосы, еңбек ақы есептелуінің жұрналы


 

  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
      

Ішкі  бақылау жүйесін тексеру және қызметкерлер еңбекақысымен есеп айырысуда бухгалтерлік есеп туралы сауалнама   Кесте 4        

 

 

Сұрақ мазмұны және зерттеу  объектісі

Сұрақ мазмұны және бақылау  шешімі

Аудитор қорытындысы мен  шешімі

1

2

3

4

Белгіленген штаттық кесте бар ма және ол қолданыла  ма

Штаттық кесте жылына бір рет қарастырылады

Ішкі  бақылау әлсіреген,қателіктер болуы  мүмкін(К 2)

Барлық  жұмысшыларға жеке карточкалар жасалынған ба

Жасалынған

Бақылау міндетті деңгейде (К 4)

Қабылдау, жұмыстан шығару және с.с бұйрықтар  уақытында құрыла ма

Бұйрықтар уақытында және дұрыс құрылады

Бақылау міндетті деңгейде (К 4)

Кадр  бөлімшесімен белгіленген келісім баға мен тарифтік қойылым қолданыла ма

Таңдаулы  түрде,  бір жыл ішінде кадр бөлімшесі  жағынан бақылау жүргізіледі

Ішкі  бақылау әлсіреген,  қателіктер болуы  мүмкін (К 2)

Жалақының ұсталуы дұрыс тексеріле ме

Таңдаулы  түрде, үнемі емес, бір жыл ішінде  бақылау жүргізіледі

Ішкі  бақылау әлсіреген,  қателіктер болуы  мүмкін (К 2)

Әлеуметтік  сақтандыру ұйымы мсен салық қызметкерлері  есептемені тексерген бе

Есептік жылда тексеріс болмаған

Ішкі  бақылау әлсіреген,  қателіктер болуы  мүмкін ( К 2)

Есептік-төлемдік ведомсттер дұрыс нөмірленген бе

Арасы ашық нөмірлеу іске асырылады

Бақылау міндетті деңгейде (К 4)

Қосымша ақша, демалысқа, ауруға байланысты аударымдар белгіленген тәртіп бойынша сақталына ма

Сақталынады, бірақ төлемдерді төлеуде ішкі белгіленген жағдай жоқ

Ішкі  бақылау әлсіреген,  қателіктер болуы  мүмкін (К 2)

Жалақыны  және басқадай қосымша төлемдерді төлеуде  кешігулер бола ма

Ия, бар

Себебін анықтау (К 2)

Дайын өнімге жалақы беруде фактілер бар  ма

Ия, бар

Салықтың  дұрыс салынуын тексеру       (К 2)

Жалақы  туралы шоттардың байланыс жүйесі жасалынған ба

Жоқ

Шот корреспонденциясынан қателіктер болуы  мүмкін (К 2)

Бірінші ретті құжаттар берілгендер жалақымен  есеп айырысудағы синтетикалық және аналитикалық шот есебімен сәйкес келе ме

Тексеру тоқсанл соңында таңдаулы түрде жузеге асады

Таңдаулы  тексеру жүргізу керек (К 3)


 

            

Ескерту: К 1 – төменгі деңгей; К 2 – ортасынан төмен;К 3 – орташа;К 4 – жоғары;        

 Сауалнамадан кейін аудитор тексеру  бағдарламасын дайындайды, соған  сәйкес қызметкерлермен әрбір есеп айырысу түріне аудиторлік тексеріс жүргізіледі және аудит процедураларын жүргізеді.      

Уақытша еңбекақы төлеуде тарифтік қойылым  мен келісім шарт шарттарының  дұрыс қолдануын тексереді. Жұмыс  уақытын қолдану табелін, нарядтар және басқадай жалақы аудару туралы құжаттарды тексергенде оларға басқадай ойластырылған тұлғаларды қосқан жағдайлардың бар жоқтығын анықтайды.Бұл үшін нарядтарды берілген уақыты бойынша талдап алу қажет, нарядтағы жұмысшылардың тегін салыстыру қажет және жұмыс уақытының есебі туралы табельді, кадр бөліміндегі жеке есептегі құрамды қарастыру қажет. Алдыңғы төленген бірінші ретті құжаттарға қайтадан аудуруым туралы жағдайларды тексеру қажет, бір немесе бірнеше тегтің есептік- төлемдік ведомсттерде қаталануын қарастыру қажет.     

Негізінен ерекше нарядтар тексеріледі, тұлғаларға жазылған кәсіпорынның тізім құрамында  жоқ және ұзақ уақытша жасамағандарға, сонымен қатар сапалы емес істерді  өзгерту мен қателіктерді жоюдағы  нарядтар.Бірінші реттік құжаттар мен  есептік ведомсттерді тексеруде арифметикалық есептемелердің дұрыстығына назар аударылады.      

Аудитор көңілін құжаттардың дұрыс рәсімделуі мен ынталандыру сипаттағы басқадай төлемдердің аударылуына; премиялар  мен сыйақылардың жұмыс қорытындысы  бойынша  белгіленген уақытында, қөмек ретіндегі төлемдер, қосымша жұмыс үшін  қосымша төлемдер, жұмыс жасымаған уақыты үшін демелыстық есеп, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы есепке көп көңіл аудару тиіс. Сонымен қатар ол әрбір кәсіпорында ішкі материалды      

Кесте 5        

Аудит процедуралары 

Процедуралар  тізімі

Ақпарат көздері

1

2

3

1

Мекеме  есебі және келісушілердің жалақысының  есептелуің және аударылуын тексеру

Нарядтар, маршруттыық қағаздар, еңбек ету  нормасы, келісімді бағалар

2

Уақытша және басқадай төлем түрлерін аударудағы есеп айырысуын тексеру

Белгіленген тарифтік қойылымдар, міндетті жалақылар, төлемдер

3

Жалақыдан ұстаудың есебін тексеру

Есептік-төлемдік ведомсттер, айналым қалдық ведомосы , бұйрықтар және т.б

4

Қызметкерлер туралы аналитикалық есеп жүргізуін тексеру

Жеке шоттар, ведомосттар

5

Еңбекақы  төлеуде шот дұрыстығын және бос  шоттарды тексеру

Ведомосттар, айналым қалдық ведомосы

6

Әлеуметтәк  қажеттіліктерге төлемдердің есептелуінің дұрыстығын тексеру

Есептік ведомосты, расшифровка

7

Жалақыға  байланысты депонттелген соманы тексеру

Депоненттік қағаз, депоненттік жалақының есеп кітабы

Информация о работе Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын құру