Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2017 в 07:37, курсовая работа

Описание работы

Еңбекақы - өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады , сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігін артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

 

 

ынталандыру жағдайы мен басқадай қосымша  төлемдер есебінің болу керектігін есте сақтау керке.Премиялар мен сыйақылардың аударымы басқарушының бұйрығымен рәсімделуі тиіс және ол қосымша төлем қағидаларына сәйкес болуы қажет.

Есептердің дұрыстығын тексеруде,  орташа жалақыға негізделе отырып, дұрыс орташа жалақы анықталған  ба, одан кейін басқадай төлемдердің  дұрыстығын анықтау тиіс.

Жалақыдан ЖТС- тың дұрыс ұсталуы,  орындау қағаздар бойынша ұстаулар, ҰЗҚ-на төлемдердің түсуі, материалдық залал, алынған ссудалар туралы төлем, жұмысшылардың тауар бойынша қарыздары, олардың несиеге алған жеке сақтандыру келісімдері бойынша, жұмысшының жеке арызы бойынша негізінде банкке аударым дұрыстығы тексеріледі. 

Жалақыны ұстауды тексеруде олардың  құжаттық негізделуі мен заңдылығы,  ұсталынған сомманың белгіленген  уақытында аударылуын анықтау.  Одан басқа барлық ұсталымдар  соммасы жалақының 50 пайызынан  аспау керектігін есте сақтау  қажет.

Сонымен қатар есепте депоненттік жалақының қалай әсер ететіні тексеріледі. Депоненттік жалақы жұмысшының ауырып қалуына байланысты немесе жұмысшы командировкада болғанда беріледі. Депоненттік шоттардың пайда болуы мен заңды түрде есептен шығарылуын анықтау үшін, депонеттік сомманы сәйкес периодтағы есептік-төлемдік ведомстваны салыстыру қажет, басқа құжаттағы депоненттер қолтаңбасын айыру қажет(шығын касса ордеріндегі, төлем ведомстіндегі, арыз және т.б). Егер депоненттік жалақыны есептік шоттан аударған жағдайда алушының берге адресінің дұрыстығын тексеру қажет.

Тәжірибеде  мынадай  жағдайлар  болуы мүкін,  алушылардың әдейі  үй  адресінің  дұрыс көрсетілмеуі, сонымен байланысты кассаға аударымдардың  келіп туспеуі. Сонымен қатар  жасалынбаған жқмыс үшін еңбекақы аудуру тәрізді жағдайлар бар, ондай кезде ақша депонерленеді, бірақ кассир алып қалады.

Аудиторлік  тексеру үрдісінде  жалақыны  төлеуде  және  жалақыны  ұстауда   шот  корреспонденциясының  дұрыстығын  анықтау  қажет,  берілген  есептік  регистрлерде  көрсетілген. Бұл үшін персонал еңбекақысына негізделе отырып жалақы туралы салыстырмалы есептерді тексереді.

Еңбекақы төлеуде    аналитикалық  есепті  сол уақыттағы  Бас  кітаптағы  және  бухгалтерлік  баланстағы  синтетикалық есеп көрсеткіштерін  салыстыру  қажет. Бұл үшін Бас кітаптағы  айдың бірінші күніндегі сальдоны салыстыру қажет және баланстағы есептік – төлемдік ведомость соммасының қорытындысымен салыстыру қажет. 

Сәйкессіздік  тапқанда оның себептерін анықтау қажет. Негізгі себебі ақшалай қаржылардың  шығынын еңбек төлемі, түрлі төлемдер ұстаулар қорына алу, авансты толық ұстамау,төлемдердің құжаттарын екі рет есепке алу, сальдоны бір есептік ведомостен екіншіге ауыстырғанда дебиторлық қарыздың төмендеуі немесе кредиторлық қарыздың өсуі, есептің дұрыс жүргізілуі.     

Аудиторлық  тексеру барысындағы анықталған қателер мен ауытқулар, бұзылған нормативті құжаттар көрсетіле және есеп беру көрсеткішіне сандық әсерін анықтай отырып , аудитордың жұмыс  құжатына жазылады.      

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айрысудың бухгалтерлік есебіндегі кең тараған қателіктер мен ауытқулар:      

- жұмысшыларға төлемнің заңдылығы  мен мақсаттылығын  растайтын  құжаттардың жоқ болуы немесе  дұрыс болмауы, уақытында енгізілмеуі;       

- орташа жалақыға қатысты төлемдерді (демалыс, уақытша еңбекке  жарамсыздық және т.б.) есептегендегі қателіктер;      

- түнгі уақытта еңбек ету, қосымша  жұмыс және т.б. үшін түрлі  төлем  және  қосымша  төлемді  дұрыс есептемеу;       

- еңбек ақысы және басқа төлемдерді  есептеу бойынша шоттардың  дұрыс  емес корреспонденциясы.       

Кәсіпорынның бюджетпен есептесу аудитінің негізгі мақсаты салықтар мен жинақтардың барлық түрлері бойынша есептердің дұрыстығын анықтау, уақыты өтіп кеткен төлемдерді және оған қандай пеня есептелінгенін, уақытында қаржы аудармаған кінәлілерге  және мүмкін болатын тәртіп бұзуларға қандай шаралар қолдану болып табылады.  Бюджетпен есептесуді тексеру барысында аудитор тексерілуші шаруашылық субъектісінің, салық пен жинақтарды дұрыс есептемеуге байланысты салық салу қызметтерінің салатын санкциясы, жжәне сонымен қатар бюджетке уақытында ақша аудармауға байланысты, қаржылық шығындарды болдырмауына көмектесуі керек.       

Бюджетпен есептесуді тексеру үшін негізгі  ақпарат  көздері  келесілер  болып  табылады: төлемдер мен жинақтардың  жеке түрлері бойынша есептер  мен түсіндірмелер, бюджетке аударған қажетті сома жайлы алғашқа құжаттармен бірге банкінің көшірмесі, салықтық органдары жағынан тексеру актілері, бухгалтерлік есеп шоты бойынша жазбалар, журнал-ордер және басқа есеп регистрлері, Бас кітап, бухгалтерлік баланс, табыс пен шығындар және т.б. жайлы есеп.       

Салық пен жинақтардың әрбір түрі бойынша  келесілерді тексеру  қажет:     

-  осы  есептерді ішкі бақылау  (тестілеу жолымен) жағдайы;       

- бақылау, сканирлеу, құжаттар  мен есеп регистрлерін салыстыру  арқылы салық салу базасының  дұрыстығын анықтау;       

- бақылау және сканирлеу жолымен  салық қойылымының  қолдану  дұрыстығын;      

- бақылау, нормативті құжаттармен  салыстыру, тексерілуші  субъектінің  ерекшеліктерін зерттеу арқылы  салықтық дұрыстығын анықтау;       

- бақылау, алғашқы құжаттармен  танысу, арифметикалық есептеу жолымен сатып алынған ресурстар бойынша  ҚҚС салу дұрыстығы;      

- төлем құжаттармен танысу, салықтық  есептесу жолымен салықпен  есептеу  анықтамасының дұрыс жазылуы,  салықтық төлемдер мен жинақтарды  аударудың толықтығы мен уақытына  сайлығын,      

-салықтар мен жинақтарды төлеу мен аудару бойынша  операцияларды  бухгалтерлік есепте көрсетудің  дұрыстығын.

Кәсіпорын бюджетпен салық пен жинақтың қандай түрі арқылы есептесетінін анықтау  қажет. Алдында кетірген қателердің сипатын анықтауға  және терең бақылау үшін объектілерді таңдауға мүмкіндік беретін салықтық қызмет пен басқа тексеруші органдар жағынан тексеру қорытындысы мен материалдарымен танысу қажет.

Тексеру барысында анықталған  бұзушылық  аудитордың жұмыс  құжаттарында және аудиторлық есепте тіркеледі.

Аудитор кредиторлық міндеттемелерді келесілер  бойынша  қарастыру  керек:     

- төлеу мерзімі болмаған есеп  құжаттары;      

- уақытында төленбеген есеп құжаттары  бойынша жабдықтаушылар;     

- өзара талаптарды ескеру тәртібіндегі  есептеулер;      

- бюджетпен есептесу;     

- төлеу мерзімі басталмаған вексельдер  және уақыты біткен төлемдер.     

Міндеттемелерді өтеу келесі әдістермен жүзеге асады:      

- төлем арқылы;     

- басқа активтерді беру;     

- міндеттемелерді басқаларға аудару;      

- міндеттемелерді акцияға айырбастау.

Аудитор,  әдейі және мүдделі қателіктер мүмкін болатын, міндеттемелер өтеудің ерекше жолдарына көңіл аудару қажет. Осындай қателерді анықтаған кезде,  маңыздылығын ескеру арқылы  олардың қаржылық есепек әсерін  қарастыру қажет.

Міндеттемелер ұзақ мерзімді (несиелер, мерзімі ұзартылған салықтар) және, есептік күннен бастап бір жыл аралығында өтелуі қажет, ағымдық міндеттемелер болып бөлінеді.

Міндеттеменің пайда болуының заңды түсінігі мен  негізі,  және оның орындалуы ҚР «Міндеттемелік құқығының»  III бөлімімен реттеледі. Онда міндеттемелердің орындалуы бөлімдер,үшінші жақ, орындалу мерзімі және т.б. бойынша қарастырылған.

Кредиторлық қарыздың аудиті кезіндесалықтық заңдар қарызға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие болатынын ескеру қажет.  Үш жыл бойы төленбеген ұйымның қарызы,осы  мерзім біткенде сезікті деп танылады және оның сомасыжиынтық жылдық табысқа қосылады. ҚР-ның Салық кодексінің 10 бапына сйкес сезікті қарыздар ретінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша туындаған, және сонымен қатар өзінің жұмысшыларының еңбек ақысы бойынша  есептелінген, бірақүшжыл бойы төленбеген сомасы бойынша қарыздар түсініледі. Егер кезінде сезікті деп танылған міндеттеме төленсе, жиынтық жылдық табыс осы төленген сомаға азаяды.    Жиынтық жылдық табыстың азаюы солтөлем жүргізген есептік уақытта және алдында табысқажатқызылған  сома мөлшерінде ғана жүзеге асады.         

Исктік  ұзақтығы үш жыл деп бекітілген азаматтық  заңдарға сүйене отырып  бухгалтерлік есепті жүргізбеу салықтық есептегі міндеттемеден босатуға негіз бола алмайтынына аудитор көңіл аудару керек.  Исктік ұзақтық мерзімі  азаматтық  заңдар бойынша салықтық заңдармен салыстырғанда үнемі үш жылдан көп болады.  Бұл салық салу мақсатында уақыт ұзақтығын есептеу қарыздың құрылу сәтінен басталатынына байланысты. Азаматтық  заңдар бойынша -  тұлға өзінің құқығы бұзылғанын білген сәттен бастап, яғни, әдетте, төлем күні ретінде анықталған күннен бастап. Мысалы, тауар күні алынды, төлем мерзімі 20 наурыздан кеш емес деп бекітілді. Салықтық есепте міндеттеме мерзімі 20 ақпанда бітеді, азаматтық заңдар бойынша исктік ұзақтық мерзімін қолдану мақсатында – 20 наурызда.

Қаржылық есепте міндеттемелерден босату бекітілген мерзімнің  бітуі ғана емес, басқа да жағдайларға  байланысты жүзеге асады. Мысалы, ұйым басқа ұйымның қарызын кешіреді, бұл жағдайда алып тасталған қарыз сомасындай табыс пайда болады. Табыс бұл жағдайда бухгалтерлік есепте де көрініс табады. 

   
 

 

 


Информация о работе Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын құру