Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2011 в 20:55, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салғастыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы оның ішінде фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдары үшін маңызы зор.

Содержание работы

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------4


Тарау І. Фразеологизмдер туралы сипаттама


1.1.Фразеологизмдердің зерттелуіне қысқаша шолу -------------------------- 6


1.2.Фразеологизмдердің түрлері --------------------------------------------------- 9


Тарау ІІ. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер



2.1. Баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы--------------------12


2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер-------------------------16


2.3. Қазақ тілі фразеологизмдерінің қолдану ерекшеліктері---------------------24


Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------27


Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Аннотация.doc

— 180.50 Кб (Скачать файл)

Аннотация  

      Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы». Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді  оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес деп ойлаймын. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде мен шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде фразеология ғылымы үшін маңызы зор деп ұқтым. Мен ізденісімде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді зерттеген ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен екі тілдегі фразеологиялық лексикография, лексикология материалдарын негізге ала отырып, «баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатын» ашуға тырыстым.

      Гипотеза  бойынша алып қарайтын болсақ фразеологизм тілдің айшықты да, бай саласының  бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Сол себепті бұл сала әлі талай  зерттеуді қажет етеді. 

     Ғылыми  жұмысым дәстүрлі үш бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

    І. Фразеологизмдер  туралы сипаттама

    ІІ. Бұқаралық-ақпарат  құралдарындағы фразеологизмдер

     3. Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------4 

Тарау І. Фразеологизмдер туралы сипаттама  

1.1.Фразеологизмдердің  зерттелуіне қысқаша шолу -------------------------- 6 

1.2.Фразеологизмдердің  түрлері --------------------------------------------------- 9 

Тарау ІІ. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

 

2.1. Баспасөз  беттеріндегі фразеологизмдердің  қолданылуы--------------------12 

2.2. Ағылшын  және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер-------------------------16 

2.3. Қазақ  тілі фразеологизмдерінің қолдану ерекшеліктері---------------------24 

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------27 

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе 

            Тіл –ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір  тіл – бір ұлт. Кез-келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн мәжесіндегі кодқа салынған әр түрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

            Әлемдегі тіршіліктің бар саласын  қамтитын әр ұлттың өзіне ғана  тән көркем сөз орамдары –  фразеологизмдерді молынан табуға  болады. Фразеологизм тілдің айшықты  да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік,  экспрессивті – эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі.

              Зерттеудің өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай  түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салғастыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы оның ішінде фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдары үшін маңызы зор.

            Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері: Баспасөз беттеріндегі ағылшын және қазақ тілдері фразеологизмдерінің құрылымдық-семантикалық сипатын анықтау үшін тіларалық фразеологизмдер және олардың зерттелуіне шолу жасап, екі тілдегі фразеологизмдердің қалыптасуы мен құрылымдық сипатын және лексика-семантикалық ерекшеліктерін айқындап, осы тілдердегі фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Сонымен қатар баспасөз беттеріндегі фразеологизмдерге талдау жасау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер туады.

  • Фразеология саласының тарихына, қалыптасу кезеңдерінің зерттеу нысанына тоқталу;
  • Фразеологизмдердің қос тілдегі ауқымын, құрамы мен құрылымын анықтау;
  • Фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру, әр топқа сипаттама беру;
  • Фразеологизмдер табиғаттағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
  • Баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатына сипаттама беру;

              Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалады. Жұмыс барысында туыс емес тілдердегі ортақ заңдылықтары мен құбылыстарды және айырым өзгешеліктерді айқындауда салғастырмалы әдіс, құрылымдық ерекшеліктерін анықтауда структуралық әдіс, фразеологизмдердің көлемін белгілеуде статистикалық әдіс және осы тілдік бірліктерді талдау барысында сипатталмалы әдіс қолданылды.

                          
 

І тарау Фразеологизмдер  туралы сипаттама

1.1.Фразеологизмдердің зерттелуіне қысқаша шолу

     Фразеология – phrasis  -«орам, сөйлемше»; logia – «ұғым, ілім» деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұмытымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет- ғұрпына, діни, нанын-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен астасып жатқан мызғымыс тұтастығымен, этнолингвистикалық, эксталингвистикалық факторлармен қызықтырады.

      Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық  қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салғастыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ тіл табиғатында осы уақытқа шейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айшықталуы да әбден мүмкін. Ал сайып келгенде, әртиптес тілдердегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.

      Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге  деген құлшыныс өзінің бастауын академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен  етек алады. Бұл құнды еңбек тек  қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан-жақты қарастырып,біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.

      Фразеология тану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:

    1. даяр қалпында жұмсалу белгісі;
    2. мағына тұтастығы;
    3. тіркес тиянақтылығы;

      Фразеологизмдердің  даяр қалпында жұмсалу  белгісі. ФЕ-лар қарым-қатынас процессінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) единица ретінде жұмсалады.  ФЕ-нің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса,  ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. тәріздес ФЕ-лар тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет ФЕ-ға ғана емес, сонымен бірге лексикалық единица сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, talk, laugh, smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, көзді ашып жұмғанша, жұмған аузын ашпау, get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile тәрізді ФЕ-лар даяр қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:

      Kill two birds with one stone- екі қоянды бір таяқпен өлтіру;

      Cat and dog life-  ит пен мысықтай өмір;

      To pick up one’s ear- құлақ тігу;

      Тіркес  тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді. (Ә.Болғанбайұлы және Г.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997.)

      Сондай-ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздердің  орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына radio,the ball деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады, немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады. Н.М.Шанский  сөздің морфемалық  құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан (компонентерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін.

      Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер  тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дабыстың бір  өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын  бүтіндей өзгертіп жібереді.

      Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен  бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылылық, тұтастық, тиянақтылық)арқылы фразеологизмдер  тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді.

 1.2. Фразеологизімдердің түрлері.

      Фразеологизмге  тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен  ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

      Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

      Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген І.Кеңсебаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бөледі:

      1. фразеологиялық тұтастық;

      2. фразеологиялық тіркес.

      Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізі белгілері анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.

Информация о работе Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер