Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2012 в 15:59, реферат
Берілген дененің (заттың) дисперстілік дәрежесі жоғаылаған сайын, ол өзінің көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңіреді. Еріген немесе газ қалпындағы заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану құбылысын сорбция деп атайды. Әдетте өзіне басқаны сіңіруші затты - сорбент, ал оған сіңірілетін затты сорбат деп атайды. Ал сорбцияға кері құбылысты десорбция дейді. Сорбат бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғатына сәйкес сорбция құбылысын қарастырады.