Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 20:51, курсовая работа
Адамзаттың тіршілік ету тарихының бойына «адам» және «энергия» түсініктері үнемі бірге жүреді. Адам ең алғаш «от» ала бастағаннан-ақ, әр түрлі энергия түрлерін игере бастады және бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда.
Қазіргі таңдағы энергия ресурстарының ішінде кең қолданылатыны – мұнай екендігі бәріне мәлім. Мұнай – теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба.
КІРІСПЕ
Адамзаттың тіршілік ету тарихының бойына «адам» және «энергия» түсініктері үнемі бірге жүреді. Адам ең алғаш «от» ала бастағаннан-ақ, әр түрлі энергия түрлерін игере бастады және бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда.
Қазіргі таңдағы энергия ресурстарының ішінде кең қолданылатыны – мұнай екендігі бәріне мәлім. Мұнай – теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба.
Дүние жүзі бойынша мұнайдың қорлары сан алуан, мұнай қорлары ең бай елдерге: АҚШ, Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Ирак, Венесуэла, Ливия, Алжир, Индонезия, Мексика, Ресей және т.б. Ресей мемлекетіндегі 1948 жылдан бері белгілі ірі кен орындарының бірі Ромашкинское кен орны. Мұнайдың дүние жүзіндегі потенциалды қоры 306 млрд.т құрайды.
2007 жылмен салыстырғанда әлемдік мұнай өндіру 3,8 %-ға артты. Осыдан мұнайды өндірудің артқанын ғана емес, алынатын тауарлық өнімдердің ассортименті бірнеше есе артып, мұнайхимиясында, химиялық синтезде, тұрмыста, ауыл шаруашылығында және де басқада өндіріс салаларында кеңінен қолданылыс тапқанын көреміз.
Мұнайдың жерасты қорларының көптеп табылуымен қатар, мұнай өңдейтін зауыттардың да кең қанат жайып дамығанын байқаймыз. Отын және табиғи майлар өндіруде мұнай мен газдың үлесі өсуде. Олар бірден бір негізгі және жалғыз қорлар қатарына жатады. Мұнайөңдеу өндірісінің негізгі мақсаты – халық шаруашылығының жоғары сапалы мұнайөнімдеріне тұтынушылығын толық деңгейде қанағаттандыру және мұнайхимия, ақуыз-дәруменді концентраттар өнндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Мұнайды біріншілік айдау нәтижесінде немесе деструктивті процестер нәтижесінде алынған өнімдер тауарлық болып есептелмейді, себебі олар қосымша өңдеулерсіз іштен жану двигательдерінің және олардың механизмдерінің эксплуатациялық қасиеттеріне сәйкес келмейді. Тауарлық мұнайөнімдерді дайындау үшін қалдықтық және дистиляттық өнімдерді, әртүрлі процестер нәтижесінде шыққан, тазалауға және бөлуге ұшыратып, араластырып әртүрлі қосымшалар қосады.
Қазіргі заманның талаптарына сай мұнайды өңдеу технологиясында гидротазалау процестеріне көп көңіл бөлінеді, жоғары индексті майлағыш майлар алу мақсатында гидрокрекингтің жаңа қондырғылары пайдалынылуда, күкіртті мұнайларды абсорбциялық және адсорбциялық тазалаудың жаңа әдістері зерттелуде [1].
Зауыттың ағындық сызбасын таңдау кезінде келесі факторды ескеру қажет:
басқа да қол жетімді энергетикалық ресурстардың болуы;
қажеттілігі;
реактивті, дизельдік және қазандық отын;
1 Әдеби шолу
1.1 Ромашкинское кен орны мұнайының жалпы сипаттамасы
Ромашкинское кен орны алғаш рет 1948 жылы ашылды. Ең алғаш 25-ші шілдеде 1948 жылы скважинаны зерттеген кезде, тәулігіне 120 тонна сусыз мұнай алынған. Кейін ол тек Татарстан мемлекеті емес, сонымен қатар дүние жүзіндегі ең үлкен кен орындардың бірі екендігі анықталған. Ақпараттарға сәйкес 2006 жылдың 1 қарашасындағы мәлеметтер бойынша Ромашкинское кен орны мұнайының қоры 3,255 млрд баррельді құрап отыр. Мұнайқұрамды құмтастар девон және карбон дәуіріне жатады.
Әр кен орынның мұнайлары фракциондық құрамдарындағы – жеңіл, орта және ауыр қайнайтын фракциялары бойынша едәуір ерекшеленеді. Мұнай құрамындағы элементтердің сан алуандалығына байланысты әртүрлі кластарға жатқызылады. Осындай талаптарға сәйкес Ромашкинское мұнайы күкіртті, орта және парафинді мұнайға жатады. Құрамындағы көміртек пен сутектің пайыздық қатынасы 85,1:13 [3].
Кесте 1 - Ромашкинское мұнайының физико – химиялық қасиеттері
Мұнай |
Тығыз-дық ρ420 |
200С-ғы тұтқырлық, сСт |
Темпера-тура,0С |
380С-ғы қаныққан бу қысымы,кПа |
Парафин | ||
қату |
от алу |
мөлше-рі, % |
балқу темпера-турасы | ||||
Ромашкин-ское |
0,8620 |
14,2 |
-42 |
-38 |
58 (436) |
5,1 |
50 |
Кесте 2 - Мұнайдың құрамындағы көмірсутек газдарының қасиеті (%)
Мұнай |
С4-ке дейінгі көмірсутектер |
С5 көмірсутектер | |||||||
барлық, мұнайға, (%) |
С2Н6 |
С3Н8 |
изо – С4Н10 |
н- С4Н10 |
барлық, мұнайға, (%) |
изо – С5Н12 |
н- С5Н12 | ||
Ромашкин-ское |
2,87 |
6,25 |
37,3 |
13,59 |
42,86 |
2,24 |
44,2 |
55,8 |
Кесте 3 - Бензин фракциясының сипаттамасы
Мұнай |
Тікелей айдалған бензин (б.қ. – 1800С) |
Каталитикалық риформинг шикізаты (85 – 1800С) | |||||
күкірттің мөлшері, %
|
октан саны |
тығыздық ρ420 |
көмірсутек құрамы, % | ||||
таза күйінде |
0,82 г/кг ТЭС |
арендер |
цикло-алкандар |
алкандар | |||
Ромаш-кинское |
0,032 |
48 |
- |
0,7571 |
14 |
29 |
57 |
Кесте 4 - Мұнайдан алынатын жеңіл керосин дистиллятының сипаттамасы
Мұнай |
Үлгінің температурасы 0С |
Тығыздық ρ420 |
200С-ғы тұтқырлық, сСт |
Температура, 0С |
Мөлшері, % | ||
бастапқы кристаллизация |
от алу (жабық тигельде) |
ароматты көмірсутектер |
күкірт | ||||
Ромаш-кинское |
120-230 |
0,7795 |
1,27 |
-60 |
32 |
19,0 |
0,13 |
Кесте 5 - Дизельді фракцияның сипаттамасы
Мұнай
|
Темпера-турасы 0С |
Цетан саны
|
200С-ғы тұтқырлық, сСт |
Темпера-тура,0С |
Күкірт мөлшері,% | |
қату |
от алу | |||||
Ромашкинское |
230-350 |
57 |
6,20 |
-17 |
117 |
1,22 |
Кесте 6 - Мұнай құрамындағы фракциялардың потенциалдық құрамы, %
Айдалатын температура, 0С |
Ромашкинское мұнайы |
28 |
2,9 |
62 |
4,1 |
70 |
5,6 |
85 |
7,5 |
90 |
8,0 |
105 |
9,5 |
120 |
11,4 |
140 |
14,6 |
160 |
17,2 |
180 |
21,0 |
200 |
24,0 |
220 |
27,0 |
230 |
28,4 |
240 |
30,6 |
260 |
34,2 |
280 |
37,6 |
300 |
41,0 |
350 |
49,0 |
400 |
56,8 |
450 |
65,0 |
490 |
69,8 |
Қалдық |
30,2 |
Кесте 7 – Мұнайының құрамындағы май фракциялардың потенциалдық құрамы, %
Мұнай |
Мұнайдағы май фракциялары, % | ||||
дистилятты |
Қалдықтық |
Жалпы | |||
Төмен тұтқыр |
Орта тұтқыр |
Тұтқыр | |||
Ромашкин-ское |
7,2 |
3,1 |
3,3 |
3,7 |
17,3 |
1.2 Ромашкинское кен орны мұнайын өңдеу технологиясының ағындық сызбасының сипаттамасы
Отын мен жағармайлар алу мақсатында мұнайды өңдеудің екі әдістер тобын бөледі: 1) индивидуалды көмірсутектерді өзгертпейтін әдістер; 2) индивидуалды көмірсутектердің термокаталитикалық деструкциялық әдістері. Бірінші топқа мұнайды тұзсыздандыру мен біріншілік айдау процестері жатады. Айдау мұнайдан табиғи бензин, дизельдік отын және басқа да фракцияларды алу үшін қажет. Екінші тоқа индивидуалды көмірсутектердің термокаталитикалық деструкциясына негізделген процестер жатады, мұнайдан алынатын фракциялардың шығымдарын арттыруға қажет. Оларға термиялық және каталитикалық крекинг, каталитикалық риформинг, пиролиз, гидрокрекинг, алкилирлеу процестерін жатқызуға болады.
Ромашкинское кен орны мұнайын жалпы сипаттамаларына сәйкес, отынды-май бағыты бойынша өңдейді.
Мұнай өңдеудің технологиялық циклі алдымен ЭЛОУ тұзсыздандыру және сусыздандырудан басталады. Бұл процестің мақсаты – мұнайды өңдеуге жібермес бұрын құрамындағы сумен тұздан айыру. Эффективті тұзсыздандыру мен сусыздандыру мұнайды өңдеу кезіндегі технологиялық жабдықтардың коррозиясын бірнеше есе төмендетеді [4].
Технологиялық режимі:
Температура, С°
Қондырғыға түсетін шикі мұнайдың......................
Горизонтальді электрдегидратордағы мұнайдың.....................
Информация о работе Ромашкинское кен орны мұнайының жалпы сипаттамасы