Отчет по практике в АО «Альясн Банк»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2015 в 21:48, отчет по практике

Описание работы

Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:
корпоративті банк ісі;
саудалық және жобалық қаржыландыру;
жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.

Содержание работы

КIРIСПЕ..................................................................................................................3

1.БАНКТІҢ ТАРИХЫ
1.1 «KASPI BANK» АҚ даму тарихы...................................................................4
1.2 Банктің қызметіне шолу..................................................................................7

2. БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ НЕСИЛЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны....................................10
2.2 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі...................................12
2.3 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі.................................14

3. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАРЫ
3.1 Мерзімді және шартты салымдар..................................................................18
3.2 Шағын және орта бизнес................................................................................20
3.3 Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары.....................................................22
3.4 Филиал желісін дамыту..................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................27

Файлы: 1 файл

Otchet_kaspi.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

 

                         

3.2 Шағын және орта бизнес

 

Шағын және орта бизнесті несиелендіру – Kaspi bankтің басты  бағыттарының бірі болып есептеледі. 2008 жыл бойы Банк шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелендіру қарқынын арттырып, аталмыш топтың қарыз қоржыны көлемінің өсу шараларын жүзеге асырды. Нарықтағы Банк қалыптарын  оңтайландыру мақсатында қолданыстағы несие шараларына бірнеше реет  өзгерістер енгізілген болатын. Осының салдарынан, ШОБ клиенттеріне жеке және икемді қатынастар сақталып, несие бағдарламасы өнімдерінің бәсекелестіктігі жоғарлаған болатын.

2009 жылдың бірінші жартсынан бастап, ШОБ бөлімдерінің/секторларының  клиенттері мен Банк қызметкерлеріне арналған бағдарламалық акциялар өткізілген болатын. «Бизнеске арналған жеңілдіктер жиынтығы» атты акция және ШОБ өнімдерін сататын филиалдар басшыларының арасында жарыс акциясы несиелер санының және берілген несиелер ауқымының өсуіне, сонымен клиент базасының  кеңеюіне әкелді.

Банк филиалы желісінің кеңеюімен қатар, ШОБ бөлімдеріне/секторларына қызмет көрсететін қызметкерлерді іріктеу және тұрақты тұрғыда семинарлар өткізіп, қашықтықта оқыту және дәрежесін өсіру жұмыстары атқарылды.

2010 жылдың соңында Банк «Шағын және орта бизнесті дамыту қоры» АҚ  бөлген қаржыны игеруге қатысты. Соның салдарынан, Банк ҚР Үкіметі бастаған шағын және орта кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мемлекеттік саясатының жобасын жүзеге асыратын жеті серіктес-банктердің қатарына кіріп, осы салада өз үлесін қосты.

Kaspi bank бөлшек бизнесті дамытуға стратегиялық түрде бағытталған.Қызмет көрсету сапасының өсуі және дәстүрлі әрі жаңа банк өнімдерін ұсыну потенциалды клиенттерді тартуға және берік әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға ықпал етеді.

 Бұған ұсынылып отырған қызметтерді  сату көлемінің және Банктің клиенттер базасының өсуі айғақ бола алады. Атап айтар болсақ, 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың саны 97 000 астам клиенттерді құрады. 2010 жылы жеке тұлғалардың клиенттер базасының өсімі

202%-ды құрады.

Банк бөлшек операцияларының келесі түрлерін жүзеге асырады:

1)жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және оларды жүргізу;

2)арнайы әзірленген Банктің депозиттік бағдарламасына сәйкес түрлі шарттары мен жинақтау үлгілері бар мерзімді депозиттеріне жеке тұлғалардың ақшасын қабылдау және оларды сақтау;

3)кассалық операциялар: қабылдау, беру, қайта санау, ұсату, айырбастау,банкноттар  мен тиындарды сұрыптау мен қаптау;

4)шетел валютасымен айырбастау операциялары ;

5)«Аmerican Express» чектерін сатып алу және сату;

6)сейфтік операциялар: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын және құндылықтарын сақтау қызметі, оған қоса сейфтік жәшіктер мен шкафтарын жалға беру. Банк тарифтерімен сейфті жалға алу мерзіміне байланысты және жазғы   уақытқа жалдау кезінде жеңілдіктердің ыңғайлы жүйесі қарастырылған;

7)займ операциялары (әр түрлі мақсаттар үшін арнайы әзірленген несиелендіру  бағдарламаларына сәйкес жеке тұлғаларға несие беру);

8)аударма операциялары – ақша аудару бойынша жеке тұлғалардың түрлі

тапсырыстарын орындау:  клиенттің пайдасына ақшаны қабылдау және есепке алу; шотты ашын, сондай-ақ шотты ашпай, Банк жүйесі бойынша аудармаларды жасау; шотты ашып/ашпай үшінші жақтың пайдасына аударма жасау; коммуналды, телекоммуникациялы және басқа қызметтері үшін төлемдер, соның ішінде бюджетке, зейнетақы қорына және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер қабылдау; SWIFT жүйесі бойынша шетел валютасындағы халықаралық аудармалары.

 

 

 

 

 

3.3  Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары

 

Банктік депозиттер халық үшін барынша тиімді және сенімді қаржы

құралдарының бірі болып табылады. Kaspi bankтің депозиттік бағдарламасы  түрлі дәрежедегі салымшылар үшін әртүрлі шарттары мен жинақтау үлгілері бар  депозиттерді қарастырады.

Kaspi bank депозиттік өнімдерді жаңарту мен маңызды ету саясатын  біртіндеп өткізуде, сондай-ақ әртүрлі акциялар мен ұтыс ойындарын жүргізу   арқылы өзінің салымшыларын үнемі көтермелеп отырады. Сонымен, 2010 жылы Банк салымшыларының арасында келесі шаралар өткізілді:

«Kaspi bank» АҚ-ның 15 жыл мерейтойына ұштастырылған «Астанадан  пәтер ұтып ал!» атты теңдесі жоқ акция;

«Kaspi bankтің машиналар шеруі» атты 45 автокөлікті және көптеген басқа  да жүлделердің ұтыс ойынын қарастырған бірегей акция өткізілді;

«Адалдық үшін үстеме» акциясы Банк салымшыларын нақты қалдық сомасын 1%-ға дейін өсіруіне мүмкіндік берді.

2010 жылы Банктің бірінші басшыларының бірі «Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның Консультативті Кеңесінің төрағасы  болып сайланды, осының бәрі қаржы институттарының арасындағы көп жылғы әрі  табысты ынтымақтастықтың заңды нәтижесі болып табылады.

Бөлшектеп несиелендіру

Kaspi bank ұсынылып отырған несие өнімдерін үнемі оңтайландыру

және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын ұлғайту арқылы тұтынушылық,  ипотекалық және автонесиелендіру салаларында белсенді жұмыс жүргізуде.

2010 жылы бөлшектеп несиелендірудің келесі жаңа бағдарламалары енгізілді:

«Жеңіл» несие желісі (шұғыл қажеттілікке арналған);

заңды тұлғаның кепілдемесімен шұғыл қажеттілікке арналған несие;

жалақы жобасынан тыс эксперсс-несиелендіру;

банк салымындағы ақшаның кепілдігімен автокөлік сатып алу.

«Жайлы қыс» және «Шығынсыз несие» атты бөлшек несиелендіру бағдарламалары бойынша жарнама акциялары өткізілді.

2007-2009 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын

дамыту бағдарламасын іске асыру барысында Kaspi bank «Қазақстан ипотекалық  компаниясы» АҚ мен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ- мен серіктестік қарым-қатынасты қалпына келтірді.

Kaspi bank жинақтық зейнетақы қорларымен белсенді жұмыс істеуде,   соның салдарынан «МЖЗҚ ЖЗҚ» АҚ және «Қорғау ЖЗҚ» АҚ салымшылары үшін   жеңілдіктері бар несиелендірудің арнайы шарттары енгізілді.

Ұзақ мерзімді стратегияға сәйкес Банк келешекте мамандандырылған

бөлшек орталықтарын ашу арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын өсіруді, сондай- ақ клиенттердің сұранысын қанағаттандыра алатын жаңа өнімдерді әзірлеуге асакөңіл бөлуді жоспарлауда.

Аударма операциялары

2009 жылы Банк «Юнистрим» ААҚ Коммерциялық Банкімен серіктестік

келісімге қол қойды, бұл өз кезегінде барлық клиенттер үшін әлемнің 90 елінде 65 000   астам қызмет көрсету орындары бар ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесіне   жол ашты. Сонымен қатар «Western Union» халықаралық аудару жүйесі бойынша   қазақстандық теңгеде төлемдерді қабылдау мен аудару қызметі енгізілді.

Банк қызметін көрсету үшін потенциалды клиенттерді тарту мақсатында   жеке тұлғалардың аударма операциялары бойынша «Бесінші тегін» жарнамалық   акциясы өткізілді.

Төлем карталары

01.01.08 жылдағы жағдай бойынша  Банк 47 447 төлем карточкаларын   шығарған болатын, 01.01.09 ж. салыстырғанда карточкалар 28 839-ға (255%) көбейді.

Kaspi bankтің төлем карточкаларын қабылдау желі 2008 жылға 1 қаңтар бойынша  жабдықтардың 269 бірлігін құрайды, соның ішінде 53 банкомат, сауда және қызмет  көрсету орнындарында орнатылған 143 POS-терминал, Банк бөлімдерінде қолма-қол ақшаны беруге арналған 73 POS-терминал.

Орташа айлық қалдықтары (01.01.07 жылына) 244,7 млн. теңгеден

(01.01.08 жылына) 656,5 млн. теңгеге, 411,8 млн. теңгеге (немесе 268%-ға), дейін өсті. Карточкалар бойынша 2009 ж. жалпы біріккен айналым 26,2 млрд. теңгеге дейін жетті. Төлем карточкалары бойынша жасалған транзакциялардың жалпы саны 1,4  млн. операцияны құрады.

2008 жылда Kaspi bankтің эквайрингті желісінде операциялардың көлемі

19,1 млрд. теңгені құрады.

2010 жылдың нәтижелері бойынша, төлем карточкалары   бойынша жасалған операциялардан түскен табыс көлемі 140,1 млн. теңге болды, ол 2007 жылғымен салыстырғанда 223% пайызға көп.

Kaspi bank үнемі карточкаларға қызмет көрсететін желісін және Банктің

карточкаларымен төлем жасауға қабылдайтын сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарын кеңейтуде. Сонымен бірге, Kaspi bankтің банкоматтары арқылы,   қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін енгізуде. Мысалы, тек 2009 жылы ғана «Мобильді  банкинг», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банктік шоттарын толықтыру  және «Қазақтелеком» АҚ-на қызмет көрс туіне төлем жасау сияқты қызметтер  енгізілді.

Банк карточкаларының мүмкіндікерін кеңейту мақсатында, 2009 ж.

жаңа өнімдер енгізілген болатын, солардың ішінде айлық төлейтін жобаның   қатысушыларына арналған «Цесна-Кредит» револьверлі несиелеу бағдарламасы, және   «Present» бағдарламасы бойынша Банк клиенттеріне берілетін несие лимиті бар   карточкалар беріледі.

Банк үнемі өзінің қызмет аясын кеңейтуде, сондай–ақ жаңа төлем

карточкаларын енгізді. 2009 жылы, Ұлттық валютаның күніне орай (15 қазан),  2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банк Western Union жүйесі бойынша 68 аударма қабылдау пунктін және Unistream жүйесі бойынша 63 аударма қабылдау орындарын ашты.

Жыл қорытындысы бойынша Банк «Western Union Financial Services, GmbH» Компаниясының Орта Азия елдеріндегі Аймақты Өкілдігінің «Ең үздік сапалы қызмет көрсету орны» номинациясына ие болды.

«Prepaid» атты алдын ала төлеу карточканың тұсау кесер жобасы іске қосылған болатын, карточкалардың алғашқы пайдаланушылары «Банктің Үздік қызметкері 2009» дәрежедегі номинанттары болды. 2010 жылы аталмыш өнім Банк клиенттерінің  арасында кең таратылмақ.

Kaspi bank және соның басты серіктесі – «VISA International» Халықаралық төлем жүйесімен бірігіп белсенді және жемісті жұмыс істеудің арқасында Банктің карточка ұстаушылардың VISA International 2009 жылдың көктемінде өткізген «Пысықтау бол – VISA қолдан!» акциясына қатысуы болды.  Бүгінгі таңда Қазақстанның карта бизнесінің басты ағымдарының бірі несие карточкаларының дамуы болып табылады. Қазақстанда несие карточка сегменті  жаңадан дамып келуде, сондықтан еліміздің банктерінде (соның ішінде біздің Банк)  оларды әрі қарай енгізуге үлкен мүмкіндіктер ашуда.Сонымен қатар карточкалы  бизнестің басты бағыттардың бірі чипі бар карточкаларға ауысу болып табылады,   олардың алаяқтыққа қарсы артықшылығы және клиенттерге қызмет көрсету мерзімі әлде қайда ұзақ болып келеді

Сондықтан 2010 жылы Банк осындай карточкаларды шығаратын жаңа технологияларды енгізу жоспарлауда. Төлем карточкалары арқылы клиенттерге қызмет көрсету саласының  қатарын кеңейту мақсатында «Kaspi bank» АҚ cash-in функциясы бар банкоматтарды  алуда, олардың қасиеті: банкомат арқылы қолма-қол ақшсыз және де қолма-қол   ақшаны салып есеп айырысу операцияларын өткізуге болады.

GSM/GPRS және Wi-Fi  сымсыз технологиялары бар POS – терминалдардың жаңа баламаларын пайдаланған кезде, жабдықтардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, клиенттерге тауарларды  және басқалай төлем жасаудың қауіпсіз және ыңғайлы тәсілін береді.

Жоғарыда  айтылғанға сүйене отырып, банктің өнімі ретінде, карточкалы бизнестің қарқынды   өсуіне мүмкіндіктері мол.

2010 жылы төлем карточкаларының әрі қарай нарыққа тиімді шығаруға,  пластикалы карточка өнімдерінің мүмкіндіктерін және карточкалы өнімдердің   аумағының кең таралуы, сату жолдарының артуы және қызмет көрсету сапасының   ұлғайтылуы жоспарлауда.

 

 

3.4 Филиал желісін дамыту

 

2009 жылы халықаралық және жергілікті қаржы нарықтарында қиын

жағдайдың бар болғанына қарамастан, Kaspi bank бірнеше айтуға тұрарлықтай   мәмілелер жасап жылды жемісті аяқтады.

Банк сомасы 125 млн. АҚШ долларды құрайтын, Нидерландиядағы өзінің Tsesna  International B.V. еншілес ұйымы арқылы дебютті еурооблигациялардың шығарылымын  жүзеге асырды. Негізгі ұйымдастырушылар ретінде Dresdner Kleinwort және Citigroup

шықты. Нарықта көптеген Қазақстандық эмитент-банктер жағынан айтарлықтай   бәсекелестіктің бар болғанына қарамастан мәміле үлкен табысқа ие болды.

2009 жылдың шілде айында Kaspi bank сомасы 54 млн. АҚШ долларын құрайтын   дебютті синдикатталған займды алу туралы келісімге қол қойды. Мәміленің жетекші ұйымдастырушылары және букраннерлері Commerzbank AG және Standard Bank Plc.   Citibank N.A. болды, сонымен бірге Dresdner Kleinwort және «Банк ВТБ» ААҚ жетекші  ұйымдастырушылардың мәртебесіне де ие болды.

Осы синдикатталған займның басты  ерекшелігі, біріншіден, маржаның едәуір төмендеуімен және 2008 жылдың желтоқсанында   алған займнан кейінгі ұйымдастырудың қысқа мерзімімен көзге түседі, осының бәрі ше  тел инвесторлары жағынан Банкке деген өсіп келе жатқан сенімділігінің  дәлелі екендігін   көрсетеді.

2009 жылы EDC (Канада экспортты дамыту корпорациясы), Deere Credit Inc.  оны қолдайтын US Eximbank, Landesbank Berlin AG оны қолдайтын SACE (экспортты-несие агенттігі, Италия) сияқты ұйымдармен сауда қаржыландырудың келісіміне қол   қойылды.

2009 жылдың қараша айында Kaspi bank АҚ Ресейде, Мәскеу қаласында ресми түрде өкілдігі тіркелді. Өкілдіктің басты мақсаттары: Ресей     Федерациясының банк   секторындағы ахуалды және экономикалық жағдайды сараптау, Банктің клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсету, халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен қатар, Ресей несие ұйымдарымен қарым-қатынасты ұлғайту және өсіру.

Дәйекті және сенімді бизнес-стратегияның жүзеге асуы барысында, сондай–ақхалықаралық менеджменттің стандарттарына сәйкес болуының арқасында, 2008  жылдың мамыр айында белсенді халықаралық «Euromoney» қаржы журналы «Best

Информация о работе Отчет по практике в АО «Альясн Банк»