Отчет по практике в АО «Альясн Банк»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2015 в 21:48, отчет по практике

Описание работы

Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:
корпоративті банк ісі;
саудалық және жобалық қаржыландыру;
жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.

Содержание работы

КIРIСПЕ..................................................................................................................3

1.БАНКТІҢ ТАРИХЫ
1.1 «KASPI BANK» АҚ даму тарихы...................................................................4
1.2 Банктің қызметіне шолу..................................................................................7

2. БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ НЕСИЛЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны....................................10
2.2 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі...................................12
2.3 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі.................................14

3. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАРЫ
3.1 Мерзімді және шартты салымдар..................................................................18
3.2 Шағын және орта бизнес................................................................................20
3.3 Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары.....................................................22
3.4 Филиал желісін дамыту..................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................27

Файлы: 1 файл

Otchet_kaspi.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

- Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы салымдарын төлеуге және Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым жүргізе алады;

-  салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мақсатында аудара алады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа

мақсаттарға пайдалана алады.

2) қолма-қол ақшасыз шетел валютасын  конвертациялау (сатып алу/сату);

3) кіріс және шығыс төлемдері  бойынша (теңгеде және шетел валютасында) тексеру;

4) қолма-қол ақшамен операциялар  жасау (ағымды шотқа ақша салу  және ағымды  шоттан ақша алу).

Инкассация

Банк филиалдарында өздерінің жеке инкассация қызметі бар, соның

салдарынан клиент өзіне қолма-қол ақшаны инкассациялауының ыңғайлы кестесін таңдай алады. Арнайы жаттықтырылған қызметкерлер, брондалған автокөліктер осының бәрі бизнес-клиенттердің құндылықтар мен ақшаларын қауіпсіз жеткізулер және сенімді қорғанысы.

Қолма–қол ақшаның және айырбастау тиындардың жеткізілуі және

инкассация клиентпен келіскен уақытында әкелінеді. Ол сауда–саттық әрекетін жасап жүрген, қолма–қол ақшамен жұмыс істейтін клиенттерге, қауіпсіздіктің аса жоғары дәрежесін қосқанда, өзінің сауда орындарының жұмыстарын оңтайландыруға мүмкінді береді.

Валюталық бақылау

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, Kaspi bank клиенттердің валюталық операцияларын жүргізеді. Валюта бақылауының агенті бола отырып, Банк клиенттерге қызмет көрсетудің кең тарауын ұсынып отыр:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және құқықтық-нормативті актілеріне сәйкес Банктің Клиенттері жүргізген валюталы операциялардың сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының валюталы заңнамасының талаптарына сай  сыртқы экономикалық шарттар, сондай–ақ шарттар жобаларының сәйкестігі жөніндегі мәселеге кеңес береді;
  • валюталық заңның талаптарына сәйкес Банк құжаттардағы бланкілерді толтыру тәртібінің орындалуына көмек көрсетіп, кеңес береді; Қазақстан Республикасының кедені арқылы тауарлардың өтетінін ескеретін келісімдер бойынша мәмілелер паспортын жасайды (валюталық бақылауға алу);
  • клиенттің сұрауы бойынша валюталық бақылауға алу құжаттардың дубликаты мен көшірмелерін беру; Қазақстан Республикасында валюталық заңнамасы өзгерген жағдайда,
  • валюталы операцияларды өткізу және валюта тәртіптерін реттеу
  • (паспортизациялау, тіркелу, ескертіп хабарлау) жайында түсіндірмелерді көрсетіп, клиенттерді хабардар етіп айқындау;
  • өз клиенттерінің халықаралық келісімдері толық аяқталғанға дейін
  • бақылауға алу.

      Банк клиенттеріне валютаны реттеу мен қадағалау мәселесі бойынша

кеңестер тегін беріледі, соның салдарынан ол уақыт алмай халықаралық келісімдерді жасауға, келісім паспортының ашылуына көмектеседі. Осының бәрі тауардың кеденнен өту құжаттарының толтыруына немесе төлем жасауына уақытты қысқартып, келісім шарттарының міндеттемелерінің уақытылы орындалуына жол береді.

Валюталық заңнаманың нормалары бұзылған жағдайда жауапкершіліктері туралы мәселелерге біздің кеңесіміз, клиентті заңбұзушылықтан сақтап алдын- ала ескертіп қояды да валютаны қадағалау мен реттеу органдарының әкімшілік  айыппұлдарынан сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ НЕСИЛЕУ МЕХАНИЗМІ

2.1 Банктік несиенің экономикалық  мәні мен мазмұны

 

Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиені – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.  

Коммерциялық несие – бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға берген тауарын бiлдiредi. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына сбеп болған, эконоикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесiн жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

 Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.

Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылығы келесiдей:

  • Қарыз берушi ролiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметтi сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • Коммерциялық несие тек қана тауар формасында берiледi;
  • Қарыз капиталы өнеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты;
  • Коммерциялық несиенiң орташы құны сол кезендегi банктiк пайыз мөлшерлерiмен салыстырғанда төмен болады;
  • Қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәселенiң заңды түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн төленетiн ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынының ұлғаюымен жоғарлайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің даму кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі.Өндірістің жанданып, жоғарлаған кезінденағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарлайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушылармен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде «банктік емес» деген атаққа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар)  қарыз алушылар – несиелік –қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктің белгілі шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларғаберу мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір көзі болып табылмайды. несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емесоған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады. 

 

 

 

 

2.2 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі

 

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелерді ұсынады. Ол несиелер келесідей белгілеріне байланысты жіктеліп, несиенің түрлерін құрайды:

  1. Қарыз алушылардың категориясына қарай:
  2. Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
    • Мақсатты қорларға;
    • Банктерге;
    • Қаржы-несиелік мекемелерге.
  3. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
    • өнеркәсіп салаларына;
    • ауыл шаруашылығына;
    • сауда-саттыққа;
    • дайындау ұйымдарына;
    • жабдықтау-сату ұйымдарына;
    • кооперативтерге;
    • жеке кәсіпкерлерге.
  1. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
  1. Мерзіміне қарай:
    • Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
    • Орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін);
    • Ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары).
  2. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
    • Негізгі қорларға жұмсалатын;
    • Айналым қаражатына жұмсалатын.
  1. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
    • Кепілхатпен;
    • Кепілдемемен;
    • Кепілдікпен;
    • Сақтандырылған;
    • Қамтамасыз етілмеген;
    • Сенім несиесі.
  1. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
    • Стандарты несие – қайтарылу уақыты жетпеге, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
    • Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
    • Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
  1. Валютамен берілуіне қарай несиелер:
    • Ұлттық валютамен;
    • Шетел валютасымен.

7. Берілу шартына қарай несиелер  келесідей жіктеледі:

1) Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу    үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.  Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, екінші халықты несиелеудің өсуі, әсіресе бүгінгі таңдағы тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Сонымен қатар тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Тұтыну несиесінің бүгінгі таңда жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көре аламыз.

2) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.

3)Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.

  1. Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
  2. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
  3. Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
  4. Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
  5. Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;
  6. Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
  7. Рамбурстық несие – шикiзаттарды iшке алып кiру және жартылай фабрикат пен дайын өнiмдердi сыртқа шығару тәжiрибесiнде пайданылатын несие;
  8. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.

 

        1. Несиелеу объектісіне қарай:

Информация о работе Отчет по практике в АО «Альясн Банк»