Отчет по практике в АО «Альясн Банк»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2015 в 21:48, отчет по практике

Описание работы

Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:
корпоративті банк ісі;
саудалық және жобалық қаржыландыру;
жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.

Содержание работы

КIРIСПЕ..................................................................................................................3

1.БАНКТІҢ ТАРИХЫ
1.1 «KASPI BANK» АҚ даму тарихы...................................................................4
1.2 Банктің қызметіне шолу..................................................................................7

2. БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ НЕСИЛЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны....................................10
2.2 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі...................................12
2.3 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі.................................14

3. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАРЫ
3.1 Мерзімді және шартты салымдар..................................................................18
3.2 Шағын және орта бизнес................................................................................20
3.3 Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары.....................................................22
3.4 Филиал желісін дамыту..................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................27

Файлы: 1 файл

Otchet_kaspi.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

КIРIСПЕ..................................................................................................................3

 

1.БАНКТІҢ  ТАРИХЫ

1.1 «KASPI BANK» АҚ  даму тарихы...................................................................4

1.2 Банктің қызметіне шолу..................................................................................7

 

2. БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ НЕСИЛЕУ МЕХАНИЗМІ

2.1 Банктік несиенің экономикалық  мәні мен мазмұны....................................10

2.2 Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі...................................12

2.3 Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі.................................14

 

3. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ  ФИЛИАЛДАРЫ

3.1 Мерзімді және шартты салымдар..................................................................18

3.2 Шағын және орта бизнес................................................................................20

3.3   Жеке тұлғалардың мерзімді  салымдары.....................................................22

3.4 Филиал желісін дамыту..................................................................................24

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

     «Kaspi bank» АҚ – Қазақстанда клиенттерге кешенді қызмет көрсету және кең таралған филиалдық жүйелері бойынша ірі коммерциялық банк болып табылады.

     Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:

  • корпоративті банк ісі;
  • саудалық және жобалық қаржыландыру;
  • жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
  • дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.

    Негізгі бағыттарының  бірі болып келесілер табылады:

  • депозиттер қабылдау;
  • ссудалар ұсыну;
  • теңге мен шетел валюталарында несиелік қаражаттар беру.

    Сонымен қатар, Банк Қазақстандағы  валюталық биржа мен бағалы  қағаздар нарығының негізгі ойыншыларының  бірі болып табылады.

    Банк стратегиясы –  Қазақстанның ірі және орта  кәсіпорындарына банктік қызмет  көрсету және басқа да қаржылық өнімдерді ұсынуында лидерлік позицияны иемденуге бағытталған. «Kaspi bank» АҚ сыртқы және ішкі сауданы қаржыландырудағы лидерлік жағдайын ұстана отырып, ең жақсы перспективті бойы бар өндірістік салалармен жұмыс істеуге тырысады, мысалға мұнай және газ инфрақұрылымы және т.б.

     Сонымен қатар, банк  қаржылық жағдайы өте жоғары  клиенттеріне (VIP клиенттерге ) ерекше  мән беріп, жеке қызмет көрсету  сферасын, депозиттік базасының  диверсификациясын және заңды  тұлғаларға қызмет көрсету сферасын  дамытуда. Сонымен қатар, жалақы жобасы мен мекемелердің қорларын басқару бойынша қызметтердің негізгі ұсынушысы болып табылады. Бұл қызметтер банк клиенттерінің жеке базасын кеңейтудің негізгі құралы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.БАНКТІҢ  ТАРИХЫ

1.1 «KASPI BANK» АҚ даму тарихы

 

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Респубилкасының Ұлттық

Банкінде «Kaspi bank» коммерциялық банкі тіркелді.

1996 жыл – Орталық Азия – Американдық кәсіпкерлерді қолдау қорымен

(Азиялық Несие Компаниясы) шағын  және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды.

1998 жыл Азиялық Даму Банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін несиелендіру желісі ашылды;

Еуропа Жаңғыру және Даму Банкінің шағын және орта бизнесті несиелендіру желісі ашылды;

Әлемдік Банкпен ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы бойынша несиелендіру келісіміне қол қойылды.

1998-2001 жылдары – Банк Rabobank (Нидерландтар) банкімен бірге

«Твиннинг» индустриалдық даму бағдарламасына қатысты.

2000 жыл – Банк жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік (сақтандыру)

беретін Қазақстандық қорының мүшесі болды.

2003 жыл ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі өткізген мониторингтің нәтижелері бойынша Банк Дүнежүзілік Банктің несие желісін жүзеге асыруға қатысушы банктердің арасында ең таңдаулы деп танылды;

Банктің акциялары «А» категориялы КАSЕ бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізілді;

Еуропа Жаңғыру және Даму Банкі ең сапалы несие портфелі бар Банк деп атады;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қорытындысымен Банк банктің ақпараттандыру технологиясын автоматтандыру бөлігінде

бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарына өтті деп танылды.

2004 жыл Қазақстан қор биржасының Биржа Кеңесінің шешімімен Банктің

облигациялары «А» категориялы КАSЕ бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді;

Банк VISA Халықаралық төлем жүйесіне қауымдастырылған мүше ретінде қабылданды;

Қазақстандық кепілдірілген ипотекалық несие қорына мүше ретінде

қабылданды;

Moody’s Investors Service Халықаралық рейтинг  агенттігінің «Kaspi bank» АҚ-на берген рейтінгілері: «В1» деңгейінде шетел валютасында ұзақ мерзімді депозиттер бойынша, «Е+» деңгейінде қаржы тұрарлық рейтингі. Болжам «Тұрақты».

2005 жыл Standard & Poor’s халықаралық рейтингілік агенттігі «Kaspi bank» АҚ контрагенттің несие рейтингін және «В-\С» деңгейінде депозиттік сертификат рейтингісін берді. Болжам – «Тұрақты»;

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі «Цесна» Корпорациясы» АҚ-на «Kaspi bank» АҚ Банктік холдинг мәртебесін алуға келісімін берді;

Банк VISA халықаралық төлем карточкаларының шығаруын жүзеге асырды.

2006 жыл Банк 15 млрд. теңге сомасына Бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеді, оның барысында облигацияның 4 шығарылымы жүзеге асырылды;

Банк сомасы 22 млн. АҚШ долларын құрайтын дебюттік синдикатталған

займды тарту туралы келісімге қол қойды. Займды жетекші ұйымдастырушылар Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG (Германия) болды;

«Kaspi bank» АҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Kaspi bank» АҚ қызметінің  айқындылығын арттыру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара іс–қимыл  туралы» екі жақты меморандумға қол қойды;

Fitch Ratings Халықаралық рейтинг агенттігі  «Kaspi bank» АҚ-на «В-» дефолт эмитент рейтингісін, «Тұрақты» болжамын, «В» қысқа мерзімді рейтингісін берді;«VISA International» төлем жүйесінің маркетингтік бағдарламаларының  қортындылары бойынша Kaspi bank «VISA акциясының ең үздік жарнамасын  жариялаушы» атты марапатын алды;

Банк 50 млн. АҚШ доллары сомасына жетекші ұйымдастырушылар және букраннерлер ретінде Landesbank Berlin AG және Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG синдикатталған займды тартуды жүзеге асырды;

Банк Қазақстан аумағында орналасқан, Western Union қызмет көрсетудің 43 үздік пункттерінің рейтингісінде бірінші орынды алды;

«Kaspi bank» АҚ облигациялары «А» категориялы KASE бағалы қағаздарының  ресми тізіміне енгізілді;

«Kaspi bank» АҚ «Қазақстан салық төлеушілердің ассоциациясы» заңды тұлғалардың ұйымына кірді.

 

REUTERS

«Kaspi bank» АҚ қаржылық ақпарат беру және қаржылық талдау салаларында ұсынылған әлемдік көшбасшы – компанияның клиенті болып табылады.

VISA

«Kaspi bank» АҚ әлем бойынша 22 000 астам мүше банктерді біріктіруші

Халықаралық төлем жүйелерінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

SWIFT

Қаржы ұйымдары арасындағы мәліметтерді беру үшін халықаралық желілер.

SWIFT қаржылық телекоммуникация  саласында барлық әлем бойынша  қаржы ақпаратын жедел, қауіпсіз және нық сенімді етіп беруін қамтамасыз ететін жетекші халықаралық ұйым болып табылады.

WESTERN UNION

«Kaspi bank» АҚ жеке тұлғалардың аударымдарымен жұмыс жасайтын,

мамандандырылған Western Union американдық корпорациясының қосалқы агенті болып табылады. Жүйе әлемнің 195 еліндегі 225 000-нан астам пунктерді қамтиды.

AMERICAN EXPRESS

«Kaspi bank» АҚ жол чектерін шығару мен оларға қызмет көрсету саласында  қызметтерді ұсынатын American Express көппрофильді халықаралық компанияның  агенті болып табылады.

UNISTREAM

«Kaspi bank» АҚ жеке тұлғалардың аударымдарымен жұмыс жасайтын,

мамандандырылған «Юнистрим» Коммерциялық Банк ААҚ серіктесі болып табылады. Unistream жүйесі әлемнің 90 еліндегі 65 000-нан астам орындарды алып отыр.

Kaspi bank:

Қазақстан Қор Биржасының мүшелігіне, және брокер–диллер лицензиясының  1-ші категориясына ие болып отыр;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қаржы Министрлігінің

бастапқы агенті болып табылады; Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) мен бөлшек аударым жасау (клиринг) жүйесіне мүше болып отыр;

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру Қазақстандық  қорының қатысушысы болып табылады;

Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып табылады;

Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығының мүшесі болып табылады; Қазақстан Республикасы Банктер Қауымдастығының мүшесі болып табылады;

Қазақстан Салық төлеушілер Қауымдастығының мүшесі болып табылады; Алғашқы Несие Бюросы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

Moody`s Investors Service

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг – «В1»

Қаржылық тұрақтылық рейтингісі – «Е+» Рейтингтің болжамы – «Тұрақты»

Standard & Poor`s

Контрагенттің несиелі рейтингі және депозитті сертификаттардың

рейтингі - «В-\С» Рейтингтің болжамы – «Тұрақты»

Fitch Ratings

Эмитенттің дефолты рейтингі – «В-»

Қысқа мерзімді эмитенттің дефолты рейтингі – «В»

Болжамы – «Тұрақты»

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы банк секторы екінші деңгейдегі 35 банк, 352 филиалы және 2 мыңнан астам кассалық есеп айырысу бөлімдерімен ұсынылды. Қазақстандағы резидент емес-банк өкілдіктерінің саны 2007 жыл бойы 23-тен 26-ға дейін өсті.

2008 жылы банктердің жиынтық активтері 2 811,4 млрд. теңгеге өсті, немесе 31,7%-ға, және 2008 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 11 683,4 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық есеп беру жеке еншік капиталының көлемі 1 781,8 млрд. теңгені құрады, ол жыл бойы 52,5%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, озып келе жатқан қадамдарымен бірінші деңгейдегі капитал өсіп келе жатты.

2008 жылдың басынан бастап екінші деңгейдегі банктер міндеттемелерінің жалпы сомасы 10 256,7 млрд. теңгеге дейін 28,2%-ға өсті.

2008 жыл бойы банктердің қарыз портфелі 5 997,8 млрд. теңгеден 8 868,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Банктердің несие портфелінің құрамында стандарты несиелердің бөлігі 52,7%-дан 39,8%-ға дейін кеміді, күмәнді несиелердің бөлігі 45,7%-дан  58,7%-ға дейін өсті, сенімсіз несиелердің бөлігі 1,6%-дан 1,5% дейін кеміді.

Портфель құрамының өзгеруі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі жағынан несиелердің классификациялау шараларының қатаң реттеу сұрауларының болуына байланысты болып отыр.

Заңды және жеке тұлғаларының салымдары 36,2%-ға өсіп, арнайы

нысаналанған еншілес ұйымдардағы салымдарды ескергенде, 2008 жылғы 1

қаңтардағы жағдай бойынша 6 424,0 млрд. теңгені құрады. Сонымен заңды

тұлғалардың салымдары 35,2%-ға, ал жеке тұлғалардың салымдары – 40%-ға өсті.

Банктердің жиынтық таза кірісі табыс салығын өтегеннен кейін 2006 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көбейді, және 221,2 млрд. теңгені құрады. Табыстардың  жиынтық көлемі 1 796,9 млрд. теңгені құрады, шығындардың көлемі – 1 575,3 млрд. теңге болды.

 

                           1.2 Банктің қызметіне шолу

 

Корпоративтік бизнес

Алынған стратегия барысында Банк корпоративті клиенттерімен өзінің  ынтымақтастығын белсенді дамытып келеді. 2008 жылы заңды тұлғалардың –клиенттердің (соның ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жеке тұлғалары да бар) саны 25%-ға көбейді де 15 000 жуық болды.

Заңды тұлғалар шоттарды ашудың және есептерді жүргізудің қызмет  көрсетулерін, теңгемен және шетел валютасымен кассалық есеп айырысу қызметін,  сондай–ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде төлем шотымен байланысты толық спектр қызмет түрлерін алып жатыр.

Тарифтер мен кассалық есеп айырысудың жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету – Kaspi bankтің ең  негізгі бәсекелестік артықшылығы.

Жүйеде жеңілдіктер мен бағаның белгілеуін пайдалана отырып, Банк бизнес– клиенттеріне серіктестермен есептесудің ең қолайлы баламасын ұсынып, төлеу операцияларының ыңғайлы жолдарын табуға көмектеседі.

Шоттарға қызмет көрсету

Kaspi bankте ашылған ағымды шоттар бойынша клиент келесі операцияларды қолдана алады:

1)Банктің ішінде немесе басқа банктерге ақша аудара алады (теңгеде немесе шетел  валютасында):

- алынған немесе берілген тауарлар, жабдықтар, өндірісітік өнімі, істелген жұмысы, көрсеткен қызметі үшін аудара алады;

Информация о работе Отчет по практике в АО «Альясн Банк»