Бизнес-жоcпар
Арнайы киімдер өндірісі
цехын ашу
2016 жыл
Мазмұны
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының
Алматы қаласында арнайы киімдер
(бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі
цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері
медициналық халаттары мен ашық жұмыс
комбинезондары болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне
басқа да арнайы киімдердің түрлері
қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы
қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ
қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас
қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар
мыналарды қамтиды
Шығыстар, мың теңге |
2 016 |
Негізгі капиталға инвестициялар |
530 |
Айналым капиталы |
1 061 |
Барлығы |
1 591 |
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының
өз қаражаты есебінен сияқты қарыз
капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге
|
Сомасы |
Кезеңі |
Үлесі |
Негізгі капиталға инвестициялар |
1 061 |
03.2012 |
67% |
Айналым капиталы |
530 |
03.2012 |
33% |
Барлығы |
1 591 |
|
100% |
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы |
тенңе |
Пайыздық ставка, жылдық |
7% |
Өтеу мерзімі, жыл |
6,0 |
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу |
ай сайын |
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі,
ай |
3 |
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті
кезеңі, ай |
3 |
Өтеу түрлері |
тең үлестермен |
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына
арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге |
3 414 |
Активтердің рентабельділігі |
33% |
16% дисконттау ставкасы кезінде
инвестицияланған капиталдың дисконтталған
таза кірісі 5 жылда 4 579 мың теңгені
құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) |
119% |
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге |
4 579 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл |
1,9 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
2,0 |
Жоба экономикалық көзқарас жағынан
мыналарға ықпал ететін болады:
- Алматы қаласында 10 жаңа жұмыс
орнын құруға;
- Алматы қаласының бюджетіне
қосымша кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан
мынаны бөліп көрсетуге болады:
- Алматы қаласының медицина
қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет
көрсету, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласы, сауда және
ұқсас қызметтер түрлері қызметкерлерінің
сапалы арнайы киімге деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кіріспе
Ұзақ уақыт бойы (КСРО кәсіпорындарында)
арнайы киімге деген талап, жеке қорғаныс
құралдарын беру және бөлу нормалары
қатаң реттелді. 90-шы жылдар арнайы киім
мен аяқ киімнің, соның ішінде импорттық
киімнің бірнеше түрін әкеліп қана қоймай,
арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарының
(бұдан әрі – АҚҚ) жан-жақты талаптарында
көптеген түсініспеушіліктердің орын
алуына алып келді. Талдаушылар бүгінде
бірыңғай стандарттың жетіспеушілігін,
арнайы киімдерді таңдау өлшемдерінің
болмағанын айтады. Заманауи компаниялардың
бекітілген бюджет шеңберінде АҚҰҚ
сатып алу үшін барынша өжеттілік пе,н
бастамашылық жасауларына тура келеді.
Арнайы киімдерді ұсынатын компаниялардың
дизайнерлері бір орында тұрып қалмағанын
мойындау керек. Жұмыс костюмдерінің,
халаттарының, алжапқыштар мен басқа
да арнайы киім түрлерінің каталогында
киімнің әр алуан түрлері, үлгілері,
матасы, пішімі, өрнектері мен басқа
да «тапсырыс бойынша» мүмкіндіктері
берілген. Қазіргі заманғы жұмыс костюмі
- бұл қолайлылық, ыңғайлылық, стиль
мен қажетті қорғаныс қасиеттерінің
біріктірілген түрі болып табылады.
Сонымен бірге медицина қызметкерлері
киімдерінің де ерекше үлгілерін атап
өтуге болады. Бұл жерде киімнің
түр-түсі әр түрлі – қызыл, көк, жасыл
түсті халаттар мен костюмдер ұсынылады.Тіпті
ақ халаттың өзі көңіл қуантады – стандартты
емес үлгі, ашық түстерден өрнек салынған,
кестеленген. Түрлі-түсті фурнитуралар
бар.
Қазіргі заманғы
тұтынушы арнайы киімдер, аяқ киім
мен АҚҚ бағытын өздері айқындайды.
Қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын
жаңа талаптар көптеген компаниялар үшін
жаңа қызметтер түрлерін – корпоративтік
стильді әзірлеу түрін туғызды. Белгілі
бір түстер гаммасы, бірыңғай стиль,
міндетті логотиптің болуы – бүгінде
қарапайым дәстүрлі түрден бастап (костюмдер,
ашық комбинезондар, халаттар) арнайы
бағыттағы (жол қызметі, автосервис, күзет
құрылымдары қызметкерлері және
т.б.) кәсіби жинақталымдарға дейін
қамтиды.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы арнайы киімдер
цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі арнайы киім түрлері
мыналар:
- медициналық халаттар;
- жұмысқа киетін ашық комбинезондар.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне
басқа да арнайы киімдердің түрлері
қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы
қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ
қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас
қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады.
Цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік жалдамалы
орын-жайда орналасатын болады.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған
айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген
декларация негізіндегі арнайы салық
режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің
шеңберінде жеңілдетілген режимде
жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар
басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды,
тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті
мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан
да осы жобаны іске асыру кезінде сату
бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің
түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады
деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік
басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын
жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін
барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің)
сипаттамасы
Арнайы киімнің негізгі мақсаты –
түрлі бағыттағы кәсіпорындарда, апаттық-құтқару
бөлімшелері мен іздестіру-құтқару қызметтері
құрылымдарында, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде
еңбек қауіпсіздігін кепілдендіру болып
табылады.
Қызметкерлерді сапалы және сенімді
арнайы киіммен қамтамасыз ету өндірістік
қажеттілік болып табылады. Бұдан басқа,
бүгінде арнайы киімдерді пайдаланбай
сәтті орындалмайтын операциялар көптеп
саналады.
Арнайы киім адам ағзасының қалыпты жұмыс
істеуін сақтай отырып қорғаныс функциясын
да атқаруы тиіс.
Бұл арнайы киім адамды қорғап қана қоймай,
сонымен бірге өндірістік процеске
қосымша кедергі жасауы да тиіс. Барынша
қорғаумен қатар ыңғайлы болудың оңтайлы
арақатынасын табу үшін көптеген адамдар:
технологтар, дизайнерлер, химиктер, тігіншілер
мол күш-жігерлерін жұмсайды.
Арнайы
киім – бұл адамды қоршаған ортадан
қорғап қана қоймайды, сонымен бірге
компанияның имиджін қалыптастырады.
Мысалы, медицина қызметкерлерінің
киімі (медициналық халаттар), официанттар
мен стюардессалардың киімдері -
бұлар да арнайы киімдер болып табылады.
Ол компанияның стилін көрсетеді, халықтың
қалың тобынан олардың қызметкерлерін
бірден тануға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің тартымды киімдері
компанияны танудың кепілі. Ал мұндай
арнайы киімнің түрлі қасиеттері
оны қорғаныс ретінде, адамдарды қандай
да бір зиянды әсерлерден қорғауға
пайдалануға мүмкіндік береді.
Медициналық халат. Ақ түс – тазалық
пен ізгіліктің түрі. Ақ медициналық
халат – бұл медицина қызметкері беделінің
ажырамас бөлігі, оның деректеме
карточкасы.
Медициналық халаттар орын-жайларда
санитарлық-гигиеналық режимді сақтау
үшін қажет, екінші жағынан – қызметкер
мен оның киімін кірден және инфекциядан
қорғайды, осылайша инфекцияның таралуының
алдын алады.
Жұмысқа
киетін ашық комбинезон. Ашық комбинезон
- киімнің үстіңгі бөлігі мен шалбарды
қосатын сыртқы киімнің түрі.
Ұзақ уақыт бойы тек жұмыс киімі деп саналып
келді. Оның көптеген қалталары болады,
адамның қимылына бөгет жасамайды.
Өзінің осындай жұмысқа киілетін нұсқасына
қарамастан оның әр түрлі үлгісі бар.
Оның үстіңгі бөлігі біршама ашық болады.
Комбинезонның формасы сәннің бағытына
байланысты өзгеріп отырады – ол барлық
жаңалықтарды тез қабылдайды.
Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
1-кестеде берілген.
1-кесте – Цехтың жоспарлы
өнімінің түр-түрі
Атауы |
Түрі |
Халат |
медициналық |
жұмыс |
рабочий |
3. Өндірістер бағдарламасы
2- кестеде
өндірістің жылдар бойынша жоспарланған
бағдарламасы берілген.
2-кесте - Планируемая
программа производства по годам
Көрсеткіш |
2 016 |
2 017 |
2 018 |
2 019 |
2 020 |
2 021 |
2 022 |
Қуаты, % |
58% |
78% |
90% |
95% |
100% |
100% |
100% |
Медициналық халат, дана |
1 716 |
3 102 |
3 564 |
3 762 |
3 960 |
3 960 |
3 960 |
Ашық жұмыс комбинезоны, дана |
572 |
1 034 |
1 188 |
1 254 |
1 320 |
1 320 |
1 320 |
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік
зерттеулердің (тұтынушылардың арнайы
киімінің дизайнына басымдығын айқындау
мақсатында) нәтижелері негізінде, сондай-ақ
жарнамалық акциялар арқылы жүзеге
асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде
тұтынушылар кірісінің орташа
деңгейімен анықталған сатып
алу қабілеттілігі ескерілді.
3-кесте
– Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
Атауы |
Мәні, теңге |
Медициналық халат |
3 500 |
Ашық жұмыс комбинезоны |
3 000 |
Сату бағдарламасын есептеген кезде
инфляция назарға алынған жоқ, өйткені
инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі
кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына
әсер ететін болады.
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер)
нарығының сипаттамасы
ҚР-да тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінің
нақты көлемінің индексі 2016 жылы 2015
жылмен салыстырғанда артты. Мәселен,
тоқыма бұйымдары өндірісінің индексі
2015 жылы 83,8%, 2016 жылы – 103,1% (ұлғаюы 23%
құрады) құрады. Киім өндірісі индексі
2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда
23,5%-ға артты (1-сурет).
1-сурет
- ҚР тоқыма бұйымдары, киім өндірісінің
нақты көлемінің индексі, %
Ақпарат көзі: ҚР Статистика
агенттігі
Кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар
Алматы қаласының қызмет көрсету, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы саласының,
сауда және ұқсас қызмет түрлерінің
қызметкерлері болатындықтан осы қаланың
еңбек нарығын қарастырған орынды.
Алматы қаласында кәсіпорындарға және
ұйымдарға 2016 жылдың үшінші тоқсанында
48,9 мың адам, соның 1,1 мың адамы – жаңадан
ашылған жұмыс орындарына қабылданды.
Түрлі себептермен 44,6 мың адам, соның
ішінде жұмыс санының босауына (қысқартылуына)
байланысты – 1,4 мың адам, кадрлардың ауысуы
себептеріне байланысты – 39,7 мың адам
жұмыстан кетті (2-сурет).
2-сурет - 2016 жылдың үшінші
тоқсанында Алматы қаласындағы нақты
жұмыс күші мен оның қозғалысы, мың адам
Ақпарат
көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Ірі және орташа кәсіпорындарға 2016 жылдың
үшінші тоқсанында 43,8 мың адам (жаңадан
ашылған жұмыс орындарына – 0,8 мың адам)
қабылданды, 40,9 мың адам кетті.
Есепті кезеңнің соңына бос жұмыс орындарының
саны 3,7 мың бірлікті, ірі және орташа
кәсіпорындарда - 3,2 мың бірлікті құрады.
Экономика секторлары бойынша Алматы
қаласының жұмыспен қамтылған халқының
құрылымы 3-суретте берілген.