Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2016 в 18:11, реферат
Описание работы
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында арнайы киімдер (бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі цехын ашуды қарастырады. Цех шығаратын негізгі өнім түрлері медициналық халаттары мен ашық жұмыс комбинезондары болады. Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне басқа да арнайы киімдердің түрлері қосылуы мүмкін.
Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі
жылына сату көлемі 11 242 мың теңге болып
табылатыны көрсетілген (1916 жыл).
Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 19 %
құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар
бойынша шығыстардың азаюына қарай (37%
дейін) өседі.
Кәсіпорында жеке кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық
нысаны бар және шағын бизнес субъектілері
үшін салық салудың жеңілдетілген
режимін қолданады. ҚР Салық Кодексіне
сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік
салықтың ставкасы кіріс сомасының (жалпы
кіріс) 3% мөлшерінде белгіленген.
20-кесте
- Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің
көлемі (7 жыл)
Салықтың түрі
Сомасы, мың тг.
ЖК қызметіне салық, ЕТҚ салығы
3 243
Жиыны
3 243
Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі
салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда
3 243 мың теңгені құрайды.
12. Әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық әсер
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық
мәні
Осы жобаны іске асыру ауылдық жерде
жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік береді,
осылайша әкелінетін өнімді өңірде өндірілетін
өніммен ауыстыруға ықпал етеді.
Жобаны іске асыру кезінде:
- тұрақты табыс алуға мүмкіндік
беретін жаңа жұмыс орнын ашуды;
- арнайы киім өндіретін жаңа
кәсіпорын құруды;
- Алматы облысының ж бюджетіне
салықтар мен басқа да аударымдардың
түсуін (3 млн. теңгеден астам) болжайды.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан
мынаны бөліп көрсетуге болады:
- медицина саласы құрамының
және қызмет көрсету саласы,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
сауда және ұқсас қызметтер
түрлері қызметкерлерінің сапалы
арнайы киімге деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 10 жұмыс
орны ашылады. Біліктілікті арттыру
(«Өзге де шығыстар» бабы есебінен) жоспарлануда.
12.2 Қоршаған ортаға
әсер
Тұтастай алғанда кәсіпорын қоршаған
ортаға зиян келтірмейді, өйткені өндіріс
зиянды қалдықтар шығарумен байланысты
емес, технологиялық процесте зиянды
қосындылар мен заттар қолданылмайды.
Қосымшалар