Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2015 в 16:21, реферат

Описание работы

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Содержание работы

1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері
1.1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не?
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы
2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы
2.1 Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Заказ 623.docx

— 53.23 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Қорытынды

 

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.  

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. 

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Алимжанова А. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибе».- 165-167 бет.// Жастар және ғылым: бүгіні және келешегі . Ғылым апталығының материалдары -Ақтөбе. Қ.Жұбанов атындағы АМУ РББ, 2010ж
  2. Бисембиев Т.Ш. «Перспективы борьбы с перступностью в свете антикоррупционной программы Правительства на 2006-2010гг.» // «Жаһандандыру жағдайындағы құқықтық саясаттың басым басғыттары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Ақтөбе. Қ.Жұбанов атындағы АМУ РББ, 2010ж. - 351с. 284-286 с.
  3. Ағыбаев А. «Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігі». // Заң, 2005. - №11.- б.26-27
  4. Дьячук Н.М. «Условия освобожения от уголовной ответственности за дачу взятки как правовая мера борьбы с коррупцией» // «Жаһандандыру жағдайындағы құқықтық саясаттың басым басғыттары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.-Ақтөбе. Қ.Жұбанов атындағы АМУ РББ, 2010ж.-351с. 309-311 с.
  5. Туганбеков А. «О причинах коррупции и некоторых мерах по противодействию ей» // Заң және заман, 2009. - №3.- с. 38-40
  6. Тулегенов К. «Борьба с коррупцией –приоритетная задача органов прокуратуры» //Заң және заман, 2010. - №1.- б.9-12
  7. Мұратов Е. «Жемқорлық жайлап барады». // Заң, 2007. - №3.- б. 30-32
  8. Жетібаев Ж. « Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қылмыстық-құқықтық аспектілері қандай?» // Заң, 2009-.№4.- б. 3032
  9. Даетова А.А. «Коррупция –угроза национальной и международной безопасности» // «Жаһандандыру жағдайындағы құқықтық саясаттың басым басғыттары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Ақтөбе. Қ.Жұбанов атындағы АМУ РББ, 2010ж.- 351с. 321-323 с.

 

 

 


Информация о работе Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы