Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2015 в 16:21, реферат
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.
1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері
1.1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не?
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы
2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы
2.1 Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері
1.1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз
не?
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы
2 Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңының мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету.
Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады [1, 4 б].
Осы орайда барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазір іс жүзінде салық қатынастарындағы барлық салаларында бар және олар тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бір басымдығы ретінде айқындалған. Бұл салық қызметі органдарының да басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық салық қызметі органдарының беделіне нұқсан келтіреді, салық төлеушілердің сенімін жоғалтады, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп тудырады, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зардабын тигізеді.
Осымен қатар «Салық төлеушілердің Хартиясы», «Салық қызметі органдары қызметкерлерінің кәсіптік әдеп кодексі» және басқа да заң актілерімен бекітілген нормативтік-ережелер қабылданды. Бұл құқықтық ережелердің негізгі мақсаты Салық кодексі және басқа заң «актілерінде қаралған мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Мысалға «Салық төлеушілердің Хартиясының» негізгі мақсаты салық төлеушілердің құқығын қорғау, ал «Салық қызметі органдары қызметкерлерінің кәсіптік әдеп кодексі» салық органдары қызметкерлерінің қарым-қатынасын, әрекетін реттейді. Аталмыш құжаттар мемлекет мүддесін қорғауға, қоғамның салық органының қызметіне қанағат сезімін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, оған төзімсіздік танытуға, қызметті адал атқаруға, сыпайы, әдепті болуға, жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға және моральдық-этикалық нормаларды сақтауға жетелейді.
Осы шаралар аясында қалалық салық қызметі органдарында құқықтық сауаттылықты көтеру, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын-алу мақсаттарында кәсіби сабақтар өткізіледі, баспасөз беттерінде мақалалар жарияланады.
Сонымен қатар, қалалық салық қызметі органдары тиісті құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп заң бұзушылықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу бағытында өз құзіреттері шегінде бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
Дегенмен әр түрлі заң бұзушылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттердің, негізінен қолында билігі бар, халыққа қызмет жасайтын мемлекеттік органдар жүйесінде жиі орын алатыны жасырын емес.
Мұндай келеңсіздік қоғамның, халықтың тиісті мемлекеттік органға, оның лауазымды адамдарына деген сеніміне селкеу түсіреді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Салық комитеті әзірлеген, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 19 желтоқсан 2007 жылғы № 469 санды бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну Стандарттары – салықтық қызметтерді тұтынушы – салық төлемгері үшін бекітілген салықтық қызметтердің тәртібін түсіндіретін құжат.
Аталған салықтық қызмет көрсетулер жөнінде салық есептілігін қабылдау мен өңдеу орталықтарындағы қабырғаларда арнайы стенділерде жан-жақты мағлұматтар ілініп қойылған, сондай-ақ, осы қызмет көрсетулер жөнінде газеттер де арнайы мақалалар жарық көрді.
Осыған орай әрбір сала бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері бекітіліп, салықтық сауалдарға деген сұранысты жетілдіруге, талдау, зерттеу жұмыстарын жиі жүргізуге мән берілуде.
Қазір ел алдында тұрған өзекті мәселенің бірі-мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекеттерін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, мұндай бизнесті тиімсіз етеді және экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты сипат алып,бұрынғыдан бетер өзектілене түсуде. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті даму жолындағы жеті басымдылықтың бірі санап негізгі қағидаларын анықтап берді.
Жемқорлыққа қарсы күрес – салық қызметі жұмысының ең басты мәселелерінің бірі болып табылады және бүгінгі таңдағы міндетіміз сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою. Осыған байланысты ҚР ҚМ Салық комитеті төрағасының бұйрығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салық бағдарламасын орындау туралы іс-шара жоспары қабылданған.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды [2, 5 б].
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық
даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар
тарту процесін баяулататын және демократиялық
мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына
кері әсер ететін, елдің даму болашағына
айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына
Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында
қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап
көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз
құбылысты жою бағытындағы кешенді және
жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып,
әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың
даму тарихы
Информация о работе Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясы