Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей:
«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе,
одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір
саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған
емес».
Қазіргі отандық әдебиеттерде:
«Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio»
- пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау
деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық
және саяси қызметкерлердің, лауазымды
тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып
алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери
және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің
қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және
қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында
пайдалануын айтады».
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас
жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның
өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен
пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды
талдай келе, мынадай қорытынды жасауға
болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының
өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл,
ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда
жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық
дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа
қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі
қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық
анықтамасына негізделмеген [4, 8 б].
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта
келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ
арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға
болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін
заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік
немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға,
екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды
өз басының пайдасы, яғни материалдық
жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда
көзделген жауапкершіліктен таю тағы
үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс
екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің
өзі алдына келген адамды пара,
сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан
қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік
қызметшіге көп жағдайда психологиялық
қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында
пара, сыйақы алуға итермелейді.
- Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
мен типологиясы
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас
жемқорлық субъектілерінің қызметтік
бабын өз басының пайдасына пайдалануына,
пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне,
пара берушінің өзіне алған пайдасына,
пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың
таратылуы және жиілігіне қарай келесі
жіктелімге назар аударалық [4, 8 б].
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының
типологиясы (1-Кесте)
Сыбайлас жемқорлықтың
түрлері |
Қызметтік бабын өз басының
пайдасына пайдаланушы субъект |
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық |
Коммерциялық сыбайлас жемқорлық |
Саяси сыбайлас жемқорлық |
Пара беруші субъект |
Жеке адам парасы (кез келген
азамат) |
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар) |
Қылмыстық пара (ұйымдасқан
қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар) |
Параның түрі |
Ақшалай пара |
Қызмет көрсету |
Пара берушінің пара
беру мақсаты |
Тездету үшін пара беру (пара
алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) |
Тежеу үшін пара беру (пара алған
адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс,
сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады) |
«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін
пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі
бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей
бермеуі тиіс» ) |
Сыбайлас жемқорлықтық
қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі |
Орталықтандырылмаған жемқорлық
(пара беруші кез келген адам өз бетінше
әрекет етеді). |
Орталықтандырылған сыбайлас
жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай»
(төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған
парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен
бөліседі) |
Сыбайлас жемқорлықтық
қарым-қатынастың таратылу деңгейі |
Биліктің төменгі сатысында
орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің
төменгі және ортанғы сатыларында) |
Биліктің жоғарғы сатысында
орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры
қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер) |
Халықаралық сыбайлас жемқорлық
(шаруашылық қарым-қатынас саласында) |
Сыбайлас жемқорлықтық
байланыстардың жиілігі |
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас
жемқорлық |
Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық |
Клептократия (биліктің ажырамас
бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық
) |
- Сыбайлас жемқорлық
көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Сыбайлас жемқорлық мәселесін
зерттеген кезде мынадай сауал туындайды:
сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері
қандай және осы құбылыс неліктен осындай
түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың
пайда болу себептерін зерттеу барысында
бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде
бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері
ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық
туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда
болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім
ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси,
ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ
мәдени-этикалық сипаттағы факторлар.
Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық
[5, 9 б].
Әлеуметтік-экономикалық себептер.
Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін
талдау кезінде айқындалғандай, елдегі
сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі
экономиканың даму деңгейіне тікелей
байланысты. Алайда керісінше фактіні
байқауға да болады. Халықаралық Валюта
қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша
сыбайлас жемқорлық ел экономикасының
дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар
легін қысқартатыны, дарынды адамдарды
өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи
ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол
беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық
құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға
бағытталған реформалардың жүргізілуін
тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен
(орман, минералдық, су ресурстары) жақсы
қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының
бір факторы болып есептеледі. Елдегі
бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға
болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың
болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі
болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне
себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи
байлық ел экономикасының өркендеуін
емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан
сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады.
Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу
көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке
түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі
салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз
босатудың мүмкіндіктері пайда болады
немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді.
Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса
маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар
қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине,
еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер
қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай
жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік
міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады.
Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен
көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің
қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз
ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің
сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына
жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін
адал да мінсіз орындаған қызметшілерді
көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады,
заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай
жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті
шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға,
әділ әрі адал болуға тырысады [6, 10 б].
Білім беру жүйесі экономиканың
өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің
бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами
және құқықтық нормалардың бұзылуы өте
сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның
білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың
даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде
байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды
қорытындылай келе, айтатымыз:
- жағымсыз элеуметтік-экономикалық
факторлар кез келген мемлекетте
сыбайлас жемқорлықтың пайда
болуы, өрістеуі және таратылуының
себептері болып табылады.
- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей,
әлеуметтік-экономикалық факторлар
белгілі бір жағдайларда сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу үшін
қолданылған құралдар болуы әбден
мүмкін.
Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей,
сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық
және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас
жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін
саяси факторларға мемлекеттік құрылымның
ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның
демократиялануына байланысты сыбайлас
жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл
– саяси партияларды, электораттық лауазымдық
қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар
дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз
ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту.
Демократияландыру үдерісі саяси қызметті
жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама
өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті
билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай
кейбір басшыларға жаңа конституциялық
өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік
береді. Осы пікірге Швейцария мемлекеті
дәлел бола алады, ондағы демократияның
тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек
көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару
нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік
құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық
ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан
зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси
бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін
мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде
сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның
істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде
әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония
мен АҚШ-та кең өріс алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру
үшін ең алдымен қазіргі заманғы жағдайларда
оның көріністеріне ықпал ететін негізгі
факторларды айқындау қажет.
Оның ішінде қазіргі уақытта
неғұрлым өзектісі біріншіден, олардың
нормалары құқық қолдану кезінде сыбайлас
жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға көбіне
жағдайлар жасайтын салалық заңдардың
жетілдірілмеуі болып табылады.
Құқықтанудың қыр-сырын білмейтін
азаматтар үшін практикада мұндай заңдардың
ережелерін дұрыс түсіну мен тиісінше
ұғыну қиынға соғады.
Екіншіден, мемлекеттік және
корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз
болуы. Басқарушы шешімдерді әзірлеу және
қабылдау процестері, оның ішінде азаматтардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын
шешімдер туралы сөз болған жағдайларда
әлі де ең жабық процестердің бірі болып
қалуда.
Үшіншіден, лауазымды адамдардың
мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі
халықпен тікелей байланысына байланысты
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда.
Төртіншіден, халықтың, оның
ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің
өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі
әлі де төмен, бұл арам пиғылды қызметкерлерге
оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда
пайдалануға мүмкіндік береді.
Бесіншіден, азаматтар мінез-құлығының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін және
сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық
ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді
және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.
Алтыншыдан, мемлекеттік қызметшілердің
жекелеген санаттарының еңбекақысының
және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік
кепілдіктердің жеткіліксіз деңгейі [7,
11 б].
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас
жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп,
небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп
беріп, қайда мол қаражат, пайда болса,
сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай
отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа
дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді
де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен
жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу
стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты
халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік
пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер
ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны
дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін
айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық
мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес
жалпы барша халықтың борышы екенін атап
көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері
он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге
асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен
көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты
жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп
келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді
шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық
көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас
жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті
түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара
берудің себептерін, пара алудың жағдайларын
түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара
алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс
ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық
сана қалыптасуы қажет [8, 12 б].
Парақорлық мемлекеттік аппараттың
қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік
және басқару органдарының беделіне нұқсан
келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа
шығарып, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық
жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын
кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы
түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі
таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және
әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.
Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында
билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге
өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып
отырғанын көресетіп берді. Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас
жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі
тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің
кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де
қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының
орындалуын қамтамасыз етуге міндетті
деп көрестілген. Мемлекеттік қызметшілердің
сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы
тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының
негізгі себептері мыналар болып табылады:
-мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық
бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік
тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;
-кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет
мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын
күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының
сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң
талаптарын орындау жөніндегі жұмысының
мардымсыздығы; Әрине, сыбайлас жемқорлық
сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл
тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын
шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын,
сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне
қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес
бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу
жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы
жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін
бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз
қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан
сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан
келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі
бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі
болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің
үддесінен шығатынымыз сөзсіз [9, 13 б].
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың
арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық
құқығын қорғауға міндетті, Қандай да
болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар
азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге
баратын болса, әділдікті орнатушы құқық
қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ,
туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды
қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген
қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз
алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің
қатарына жетуді көздеп отырған шақта
сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге
тиіспіз.