Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 14:01, реферат
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы.
Қолданылған әдебиеттер.
«Астана медициналық университеті» АҚ
Құқық негіздері мен сот медицина кафедрасы
СӨЖ
Орындаған: Амангалиева А.
Тексерген: Дюсенова А.Қ.
Астана
2013 жыл
Жоспар:
Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi
1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол бермеу және оларды тыйып тастау; бұлардың жасалу ықтималдығына ықпал ететiн жағдайларды анықтау, әрi мұндай қылмыстарды болдырмау үшiн өз құқығының шегiнде шаралар қолдану;
2) қылмыстан, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан және жазатайым оқиғадан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйге не болмаса денсаулығы мен өмiрiне қатерлi өзге де жағдайға ұшыраған күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету;
3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жайында келiп түскен мәлiмдеулердi, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу; заңдарда көзделген шараларды уақтылы қолдану;
4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтап, iздестiруде құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
5) күзетiлетiн адамдардың күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
6) күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;
7) авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу;
8) мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң байланыс жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
9) азаматтарға, кәсiпорындарға,
ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс
құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет
мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген
зиянды белгiленген тәртiппен өтеу.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары
1) күзетiлетiн объектiлерге кiру (көлiкпен кiру) кезiнде және олардан шығу (көлiкпен шығу) кезiнде азаматтарға (күзетiлетiн адамдарды қоспағанда) жеке тексеру, олардың алып жүрген заттарына тексеру, көлiк құралдарына және оларда алып бара жатқан заттарға, оның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргiзу;
1-1) Күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде фактiлер мен оқиғаларды суретке түсiрудi, дыбысжазбаны, кино және бейне түсiрiлiмдi жүзеге асыру.
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгiзу;
2-1) жеке және заңды тұлғаларды тексерудi және оларды күзетiлетiн адамдар мен объектiлердi күзету және оларға қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа жiберудi жүзеге асыру;
2-2) терроризмге қарсы
операцияға қатысу және
2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде анықтау жүргiзу;
3) ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану;
4) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттiорындауға қажеттiақпаратты сұрату және алдырту;
5) күзетiлетiн адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға iргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5-1) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн объектiлердi күзету және қорғау бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi ұйымдастыру және атқару;
6) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
7) Президенттiң Күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру;
8) күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу;
9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкiiстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;
10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;
11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұсыну;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;
13) қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкiiстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа мамандандырылған әскери бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардың күшi мен жарағын күзет шараларына қатыстыруға тарту.
Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан
Республикасының Президентi лауазымға
тағайындайтын, лауазымнан босататын
және (немесе) арнаулы мемлекеттiк
органдардағы қызметтен шығаратын
Қазақстан Республикасы Президентi
Күзет қызметiнiң бастығы
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы
заңдылық, гуманизм, адам құқықтары
мен кәсiптiк этиканы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi - Қазақстан Республикасының
Президентiне тiкелей бағынатын және
есеп беретiн, Қазақстан Республикасының
ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
күштерге жататын және осы Заңмен
белгiленген құзырет шегiнде күзетiлетiн
адамдар мен объектiлердiң
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi мемлекеттiк мекеменiң
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, оның нақтылы
және шартты атауы, мөрi, мөртаңбасы, белгiленген
үлгiдегi мемлекеттiк тiлдегi және орыс
тiлiндегi бланкiлерi, өзiнiң нышаны мен
айырым белгiлерi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарына
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметiнде қызметте тұрған
адамдар Президенттiң Күзет
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi
Президенттiң Күзет қызметi кадрларында
немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлердi қолданыстағы
резервке алу және олардың қызмет
өткеру тәртiбiн Президенттiң Күзет
қызметiнiң бастығы белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi күзететiн күзетiлетiн
адамдардың, объектiлер мен көлiк құралдарының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн
шешу үшiн мемлекеттiк органдарда және
меншiк нысанына қарамастан ұйымдарда
олардың келiсiмiмен белгiленген тәртiппен
штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшiн
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi
арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметте
қалдырыла отырып, iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Президентi Күзет қызметiнiң
жұмыскерлерi
Президенттiң Күзет қызметi
жұмыскерлерiнiң еңбек қызметi Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексiмен және
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне оның жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк әрекеттерiне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Қызметкерлердiң, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндiру немесе күш көрсету, олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына кедергi жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық мiндеттерi болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесiнiң құрамына кiруге құқылы емес.
Қолданылған әдебиеттер: