Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

    Мақсаты: Облыста өндірілген өнімнің импортын азайтып экспортын көбейту үшін әртараптандыру негізінде және салаға қазіргі кездегі технологиялар мен жабдықтарды тарту арқылы қазіргі бәсекелестікке тұра алатындай өндірістік кешенді қалыптастыру.

    Міндеті: 

  • ішкі және сыртқы рынокта алдағы уақытта қажеттілігін ескере отырып өнімнің сұранысын одан әрі дамытуға, өңдеуші саланы дамытуға алдағы бағыттарды анықтау;
  • қайта құру, жаңғырту, техникалық жарақтану және қайта мамандандыру негізінде өндірісті әртараптандыру;
  • өнімнің экспорттық бағытын дамыту;
  • машина жасауды дамытудың кластерін қалыптастыру;
  • саланың сервистік әлуетін дамыту және кеңейту;
  • өнімі нақтылы тұтынушыларды қамтуға бағытталған өндірістің ғылымды қажетсінетінін дамыту;
  • ғылыми-техникалық жасақтауларды комерциализациялауға инновациялық, ақпараттық қызметпен қамтуға өнеркәсіптік кәсіпорындарда қазіргі кездегі инновациялық инфрақұрылымды дамыту және қалыптастыру;
  • инвестиция тарту;
  • қазіргі кездегі технологиялармен жабдықтарды тасымалдауды дамыту;
  • өндірісті басқарудың менеджментін және өнімнің сапасына халықаралық стандартты ендіру;
  • кәсіптік және бастапқы, орта техникалық, жоғары білімді мамандарды даялау.

Мұнай-газдық машина жасау 

         Отандық мұнай-газдық машина жасауды  дамытудың басымдығы мына жағдаймен  айқындалуда яғни мұнай-газ кешені  машина жасау өнімінің ірі  тұтынушысы болып табылады.

          Мұнай-газ секторының жоғарғы  қарқында өркендеуі өзінің кезегінде,  отандық мұнай-газдық машина жасау  факторын дамыту болмақ. 

          Батыс Қазақстан облысы аумағындағы  8 машина жасау мұнай-газ жабдықтарын  шығарушы зауыттарды Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Мұнай-газдық машина жасау» кластерін жүзеге асыруға қатынасуға таңдап алынды.

         КТҚБ (Каспий теңізі Қазақстан  бөлігі) қазақстандық үлес болжам  бойынша 70 пайыздан кем емесін  құрауы мүмкін, ал жұмыстар мен  қызметтер бойынша 80 пайыздан кем емес.

 Саланың  бәсекелестік артықшылығына талдау

Батыс Қазақстан облысында саланы дамытудың  жолдары 

    Бәсекеге  қабілетті мұнай-газдық машина жасау  саласын құруды орталық және жергілікті атқару органдары бес кезеңмен жүзеге асырады, олардың әрбіреуі мынадан тұрады:

  • бірінші кезеңде өндірлетін қордын болжамы анықталады, мұнай өндірудің маманданымдығы есептеледі және жылдарға іске қосылатын ұңғымалар болжанады;
  • екінші кезеңде әрбір кенішке: теңіз бұрғылауы мен өндіру платформалары, мұнай мен газды тасымалдайтын тұрба құрамы, орташа бір ұңғымаға материалдар мен жабдықтар жеткізілімі нормативі, бұрғылау жұмыстары мен көмірсутек өндірісіне ресурстар мен материал саны және т.б. құрамы бағаланады;
  • үшінші кезеңде мұнай-газ саласының тұрба құбырлары жүйесінің машина жасау мен металл өңдеу өнімдеріне сұранысы анықталады;
  • төртінші кезеңде мұнай өңдеу мен мұнайхимия кәсіпорындарының машина жасау мен металл өңдеу өнімдеріне сұранысы анықталады. Сонымен қатар жекелеген топтар бөлінеді: қайтадан құрылып жатқан кәсіпорындар, жаңғыртуды жалғастырушы кәсіпорындар және маманданымға қызмет көрсетуші кәсіпорындар;
  • бесінші кезеңде материалдар мен жабдықтардың ағымы жылдар бойынша және мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен құрылымдарының іске қосылуына қарай анықталады.

 «Мұнай-газдық  машина жасау» кластерін құру

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 25 маусымындағы №633 «Экономиканың басым секторларындағы  пилоттық кластерлер құру мен дамыту бойынша жоспарларды бекіту туралы»  Қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысында «Мұнай-газдық машина жасау» пилоттық кластер құру және дамыту жоспары дайындалып және бекітілді.

    Бұл жоспар - «Жалпы жүйелік шаралар» және көрсетілген кластерді жүзеге асыру  шаралар бөлімдерінен тұрады.

    Батыс Қазақстан облысынын мұнай-газдық машина жасау саласында кластер ретінде таңдап алынуы ірі өндірісітін, кадрлық және ғылыми техникалық әлеуеттін, траспорттық инфрақұрылымның, Ресеймен шекаралас болуына байланысты оның машина жасау өнімдерін өткізу нарығы ретінде қамтылуымен байланысты.

    Осының  қасында мемлекеттің негізгі  міндеті машина жасау саласының  дамуына және жеке бизнес құрылымдары  арасында өнімдік ықпалдастық болуына  жағдай жасау болып табылады. Бұл  бәсекелестіктің өсуі мен кластер  ішінде өндірістіктің жолындағы  кедергілерді жойуға немесе әлсіретуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде бәсекелестіктің артықшылықтарын барынша пайдалануға әкеледі.

Инвестициялар тарту

    Батыс Қазақстан облысы Евразияның ортасында  ерекше жағрафиялық жағдайға ие, ол Шығыс және Батыс Европаның ірі  экономикалық және мәдени орталықтарына жақын орналасқан. Жайық өзенін Каспий бассейіні елдеріне шығу жолы ретінде пайдалану оның жалпы мемлекет үшін стратегиялық маңызын анықтайды.

    Облыстың  территориясы арқылы автомобиль және теміржол, өзен және әуе жолдары, Қазақстан Республикасының біртұтас транспорт жүйесіне кіретін құбыр магистралдары өтіп жатыр. Облыс территориясында газдың, газ конденсатының, мұнайдың (мысалға, әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кешендерінің бірі Қарашығанақ, оның зерттелген қоры 1,2 млрд. тонна газ конденсаты,  1,3 трлн. м.куб. газ), борат кенінің, калий-магний тұзының, цемент шикізатының, керамзиттік балшықтың, құрылыс және аллювиалдық құмының т.б. кеніштері бар.

    Облыста инвестициялық процестердің одан әрі  белсенді дамуы ең алдымен, инвестицияны басым салалардың бірі - өңдеуші өнеркәсіпке тартумен байланысты.

    Мұнай-газ  кешенінің тез дамуын машина жасау  саласының әлеуетін кең түрде  пайдалану қажеттігі анықтайды. Бұл инвестицияны сала кәсіпорындарын жаңғыртуға, қорғаныс кешені кәсіпорындарының мамандығын сақтап қалуға, қос маңызды өнім өндірісін, ауылшаруашылық техникасын игеруге тарту қажеттігін туғызады.

    Осы арттықшылықтарды жүзеге асыру мақсатында облыста 2004 жылы «Градиент» аймақтық инвестициялық  орталығы құрылды. Оның акцияларының 100%-ы  қайтарымды негізде қаржыландырылып отырған, жергілікті инвестициялық жобаларға қызмет көрсету бойынша агенттік функцияны атқарып жүрген жергілікті атқарушы органдарына тиеселі.

      «Градинет» АИО» АҚ-ның негізгі  стратегиясы және инвестицияларының  бағыттары:

    1.Кәсіпорындардың  жұмыс істеп тұрған өндірісті  және қызмет көрсетуді кеңейтуге,  қайта құруға және жабдықтауға,  сонымен қатар жаңадан өндіріс  құруға бағытталған инвестициялық  жобаларын қаржыландыруға қатысады.

    2. Төмендегі шарттарды сақтағанда, өз қаржысымен кәсіпорындарды инвестициялауға қатысуға болады:

    1) инвестициялық жоба Қазақстан  Республикасының индустралды-инновациялық  саясатының негізгі бағыттарының  сәйкес келсе;

    2) инвестициялық жобаның жоғары  жалпы тиімділігі (кәсіпорынның  әлеуетін пайдалану және нарықтық факторларды ескере отырып) негізделсе;

    3) инвесторлар үшін кіріс қамтамасыздандырылса;

    4) инвестициялық жоба кәсіпорындардың  технологиялық әлеуетін өсіруге,  өндіріс өнімнің және қызмет  көрсетудің сапасы мен көлемін  өсіруге, шикізат пен материалдарды қайта өңдеуге, жоғары технологиялық өнімді шығаруға бағытталса;  

    5) инвестициялық жоба кәсіпорындардың  нарықтық құнын көтеруге ықпал  жасаса.

Инновациялық  инфрақұрылымды құру

    Технопарктің  құрылтайшылары: «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» АҚ, «Градиент» АИО» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті».

    Технопарк сервистік ұйым, оның басты мақсаты - инновациялық жобалардың құрылуына  және дамуына ықпал жасау:

    - кеңселік және өндірістік ғимараттарды, жеңілдіктермен зертханалық жабдықтарды беру;

    -  қаржыландыруды қалыптастыру, іздеу,  инновациялық жобаларды қолдау  бойынша қызметтер көрсету; 

    -  технологияны тұтынушыны іздеу  бойынша қызметтер көрсету;

    Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі технопарк алдына инновациялық инфрақұрылымды құрумен қатар, Батыс Қазақстан облысының инновациялық процесінің барлық қатысушыларын –ғылыми әлеуетті, қаржы инфрақұрылымын, инновациялық кәсіпорындарды байланыстыру тапсырмасын қойды.

    Технопарк қызметінің негізгі бағыттары:

    - мұнай-газ саласы үшін машина  жасау; 

    - прибор жасау;

    - мұнайхимия;

    - табиғатты қорғау технологиялары.

    Батыс Қазақстан облысында да жалпы  Қазақстанға тән жеткіліксіз  инновациялық белсенділік байқалады. «Алгоритм» технопаркі ЖШС-нің Бағдарламасын дайындау кезінде 55 инновациялық жоба түсті. Олардың 5-уі «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ға алдын-ала жобалық қаржыландыруға 10 жоба қаралуға Сараптық Кеңеске берілді.

    Бірақ аталған жобалар инновациялық жоба бойынша толық деректерін құруға жеткіліксіз, бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

    Осы мақсатта технопарк қорында аймақтық инновациялық даму орталығын құру жоспарлануда. Бұл орталық инновациялық компанияларға  толықтырылған инфра құрылымды  ұсынып қана қоймай, қаржы көздерін іздеуде және серіктестермен байланыс орнатуда жәрдемдеседі.

    «Микрография» ҒЗИ РММ-де сақтаулы техникалық әзірлемелерді  машина жасау және прибор жасау саласында  пайдалану үшін, ақпараттық мәлімет  алмасу мақсатында, Технопарк пен  ҒЗИ-дің техникалық және ақпараттық мүмкіндіктерін біріктіру жоспарлануда.        

    «Микрогафия»  ҒЗИ-дің қоры обьектілер құрылысы және әскери-өнеркәсіптік кешен мен қарулы күштер үшін қажет техникалық әзірлемелерге  толы. Бұл қорды машина жасау және прибор жасау зауыттарын техникалық қайта жарақтандыруды жүргізуге және олардың өндірісін әртараптандыруға, сонымен қатар инновациялық өнімдерді жобалауға тиімді пайдалануға болады.   

        Алға қойған мақсаттарға жету  үшін ҒЗИ мен Технопарк арасында  оптиковолоконный кабель орнату  жоспарлануда, «Алгоритм» Технопаркі  базасында конструкторлық бюро ұйымдастыру, жабық каналдық байланысы бар және бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес бірлескен компьютерлік жабдық орнату жоспарлануда.

    Жұмыс сызбанұсқасы:

    1.Технопаркте  инновациялық идеяларды алдын-ала  пысықтау

    2. бар әзірлемелерден пайдалануға болатынын анықтау

    3. пайдалануға болатын әзірлемелердің  техникалық құжаттары туралы  ҒЗИ-ға сұраныс жіберу

    4. ақпарат алмасу

    5. әзірлемелерді Технопарк КБ-ға  бейімдеу

    - инновацияны тұтынушылары - өнеркәсіптік  кәсіпорындармен байланыс орнату;

    - болашақта «Ұлттық инновациялық  қор» АҚ-ы мен бірлесіп венчурлік  қаржыландыру құрылымын құру;

    - «Градиент» АИО» АҚ қаржыларын  инвестициялық және инновациялық  жобаларды одан әрі қаржыландыруға, инновациялық идеяларды гранттық  қолдау үшін бағыттау, және с.с.

    Бағдарламаны  жүзеге асыру тетіктері

    Бағдарламаны  орындау Батыс Қазақстан облысының  мәслихаты бекіткен, оны жүзеге асыру  шаралар жоспарын жүргізу арқылы орындалады.

    2.2. Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы туралы ақпарат

    Өткен 10 жыл ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Осыдан он жыл бұрынғы Қазақстан  мен бүгінгі Қазақстанның арасы  жер мен көктей. Елбасымыз атап  көрсеткендей, өткен он жыл серпінділік  уақыты, Қазақстанның қауырт даму уақыты болды. Оған бәріміз куәміз.

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары