Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

Іске  асыру мерзімдері

  • 2008 - 2012 жылдары

Қаржыландыру  дереккөздері  

  • Қордың өз және қарыз қаражаты, оған қоса мемлекеттік бюджет қаражаты, сонымен қатар Қордың мемлекет кепілдігімен тартқан қарыздары

Күтілетін нәтижелер  

  • ШОБ субъектілерінің сандық құрылымының сапасын арттыру , яғни шағын бизнес субъектілері санының заңды тұлға түрінде және шағын бизнес кәсіпорындарының активтері мен жұмысшылар санының ұлғаюына байланысты шағын бизнес кәсіпорындарының біраз бөлігінің өтуі есебінен шағын бизнес субъектілері санының өсуі ;
  • ШОБ субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және экспор тқа бағдарлануын арттыру ;
  • Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде ШОБ рөлін арттыру ;
  • Жаңадан құрылған және мақұлданған жұмыс орындарын ұлғайту .
 

 «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – Қор) әзірлеген  осы Бағдарлама Қазақстан Республикасында  шағын және орта бизнесті сапалы  дамыту жөніндегі мемлекеттің  2008-2012 жылдарға арналған іс-шараларының  алдағы жалғасы болып табылады.

Аталмыш Бағдарлама ішкі өндірісті ұлғайту, өз өнімінің бәсекегеқабілеттілігін көтеру арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде беделін арттыру үшін жоғары әлеуетті мүмкіншіліктері бар шағын және орта бизнес субъектілеріне бағасына қолжетімді қаржы ресурстарын ұсыну арқылы шағын және орта бизнестің даму деңгейін арттыру үшін бірден-бір тиімді құрал болып табылады.

Бүгінде шағын және орта бизнес субъектілері құрылымдарының (одан әрі – ШОБ) ұйымдастыру-құқықтық нысаны сияқты олардың  жұмыс істеу салаларының сапалы жақсаруына мемлекет тарапынан шараларды күшейтетін уақыт жетті. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 756 385 бірлікті құрайды, олардың ішінде 11 756 кәсіпорын орта бизнес субъектілерін, яғни ШОБ субъектілерінің жалпы санының 1,5% құрайды, ал қалған 98,5% немесе 744 629 бірлік – шағын бизнес субъектілері. Осы 744 629 шағын бизнес субъектісінің 454 959 немесе 61% өз қызметін жеке кәсіпкерлер түрінде, 169 314 немесе 22,7% - шаруа қожалығы түрінде және барлығы 120 356 немесе 16,2% - заңды тұлға немесе шағын бизнес кәсіпорындары түрінде жүзеге асырады. Осы сандар басым көпшілігі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына бағдарланған шағын бизнесті қолдау жөніндегі үкімет тарапынан жасалған шаралар нәтижесі болып табылады. Осының нәтижесінде, біз бүгін шағын бизнес субъектілерін шағын бизнес кәсіпорындары түрінде (одан әрі - ШБК) дамытуға және олардың орта бизнес деңгейіне тезірек өтуіне айтарлықтай жақсы әлеуетіміз бар.

Екінші  деңгейдегі банктердің (одан әрі – ЕДБ) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (одан әрі –ШКС) 2002-2007 жылдар үшін 2008 жылы берген кредиттерінің өсу серпінінің, қарқынының нәтижесінде ШКС-ң кредит ресурстарына сұраныстарының мөлшерін 2 408 млрд. теңге немесе 20 млрд.АҚШ долларына тең сомада болжауға болады.

ЕДБ-ң  ШКС үшін кредит ресурстарын салалық  бөлу құрылымында соңғы бес жылда  мынадай серпін байқалатынын ерекше атап өту керек:

1. Сауда  – өзгеріссіз 40%;

2. Көлік  және байланыс – үлестің жылына  орташа есеппен 1% өскені байқалады және 2007 жылы 4% құрады;

3. Құрылыс  –орташа есеппен жылына 4% өсімі  байқалады және 2007 жылы 21% құрады;

4. Өнеркәсіп  –жылына орташа есеппен 2% -ға  төмендегені байқалады және 2007 жылы  оның үлесі 2003 жылғы 15%-дан 7% -ға дейін төмендеген;

5. Ауыл  шаруашылығы –жылына орташа есеппен  2%-ға төмендегені байқалады және 2007 жылы оның үлесі 2003 жылғы  15%-дан 8%-ға дейін төмендеген.

ЕДБ-ң  кредит қаражатын салалық үлестіру құрылымындағы стратегиялық маңызды  екі саладағы ШКС үлесінің төмендеуі  Қазақстан экономикасын әртараптандыру және оның сапалы өсуі үшін қауіп тудырады.

Бұл фактілер, өз кезегінде, ШОБ-ң осылайша даму беталысы экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік  туғызбайтындығын растайды. Әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін осы шағын  және орта бизнес кәсіпорындары – заңды тұлғалар, әсіресе, өнеркәсіп секторында жұмыс істейтіндер, дәлірек айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп маңызды рөл атқарады.

Шағын бизнес субъектілерінің соңғы бес  жылдағы даму беталысы жоғарыда көрсетілген  пайымдауларды растайды. Сонымен қатар ШБК қолданыстағы ШКС-ң жалпы санының ең аз үлесін (16%) иемденеді барлық өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар арасында жеке кәсіпкерлер (одан әрі – ЖК) және шаруа қожалықтары (одан әрі – ШҚ) ретінде, алайда ЖК (3,7%) және ШҚ (1,6%) қарағанда елдің жалпы ішкі өніміне ең үлкен салым (10,5%) енгізеді. Олар экономиканың барлық саласындағы шығарылатын өнімнің 60% астамын қамтамасыз етеді. Өз қызметін әнеркәсіп саласында жүзеге асырып жүрген ШБК-ң 10% барлық саладағы ШБК шығаратын өнімнің14% үлесін қамтамасыз ететіні ШБК рөлінің жағымдылығын растайды. Құрылыс саласындағы ШБК рөлі : қолданыстағы ШБК-ң барлығы 19% барлық саладағы ШБК шығаратын өнімдерінің 27% үлесін қамтамасыз етеді және көлік және байланыс саласындағы ШБК: салалық тұрғыда ШБК санының 6% -ы барлық саладағы ШБК шығаратын өнімдерінің 8% үлесін қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы  ШБК санының 1%-ға өсуінің мультипликативтік  нәтижесі әлеуметтік міндеттермен қатар  экономикалық міндеттерді шешу кезінде  ең жақсы болып шықты: ШБК санының 2003-2007 жылдар мерзімінде бір пайызға өсуі ЖК - 0,8% және ШҚ - 0,31% болған кезде, жұмыспен қамтылғандар санын орташа есеппен 0,8%-ға, ал ЖК - 3,8% және ШҚ - 0,65% болып тұрған кезде, өнім шығару көлемінің өсімін 6,5%-ға қамтамасыз етті.

Өкінішке  орай, қазіргі кезде қолданыстағы ШБК жалпы санының ең көп үлесін (39%) иемденетін сауда саласындағы ШБК және қолданыстағы субъектілер саны жағынан ең төмен дамығандар қатарына өнеркәсіп саласының ШБК жатады, олардың қолданыстағы ШБК-ң жалпы санындағы үлесі – 9,5%, ал ШКС-тегі үлесі барлығы 1,5%.-ды құрайды. Ал ШКС-ң жалпы санының үлесі бойынша ШБК өнеркәсіп саласында 53%-бен алдыңғы қатарда келеді және осы саладағы ШКС шығаратын өнімнің 91% -н қамтамасыз етеді. Сандық өсімінің қарқына бойынша 2003 - 2007 жылдар аралығындғы талданатын мерзімге өнеркәсіп ШБК-ң барлық өзге сала ШБК-ң ұқсас көрсеткіштерінен (8%) кейін қалып отыр, сонымен қатар ЕДБ кредиттері өсімінің қарқыны бойынша осы саланың ШБК (266%) дерлік барлық саладан кейін қалып отыр. Қолданыстағы өнеркәсіп ШБК санының бес жыл мерзімдегі 1%-қ өсімінің мультипликативтік нәтижесі осы саланың қолданыстағы ШБК санының азырақ өскенін көрсетеді, алайда жұмысбастылық (1,3%) сияқты әлеуметтік мәселелерді дұрыс, ал өнім шығару көлемін ұлғайту сияқты экономикалық міндетті мейлінше тиімдірек (14,7%). шешіп отыр

Осылайша, ішкі өнімді ұлғайту, өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары әлеуетті мүмкіншіліктері бар шағын  және орта бизнес субъектілеріне және осындай мүмкіншіліктеріне байланысты Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде өз рөлін арттыруға өз қызметін заңды тұлға нысанында жүзеге асырып жүрген шағын кәсіпкерлік субъектілернемесе шағын бизнес кәсіпорындары, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп, көлік және байланыстың басым салаларында қызмет істеп жүрген орта кәсіпкерлік субъектілері жатады.

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

Қор Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің қалыптасуы мен  экономикалық өсуін ынталандыру  және шағын бизнесті қолдауға бағытталған  мемлекеттің қаржы ресурстарын  пайдаланудың тиімділігін арттыру  мақсатында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына сәйкес, банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық типтегі акционерлік қоғам нысанында құрылған.

Қор 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап « ҚАЗЫНА»  орнықты даму қоры» АҚ басқаратын компаниялар тобының құрамында жұмыс істейді.

Қор өзі  жұмыс істеген кезден бастап, жалпы  сомасы 33 299,9 млн. теңгеге яғни ЕДБ-ң  шағын бизнес субъектілеріне берген кредиттерінің жалпы сомасының 2,2% құрайтын 2878-ден астам шағын кәсіпкерлік жобасын қаржыландырды.

ШОБ мемлекеттік  қаржылай қолдауды әрі қарай ұлғайту  қажеттілігі туды.

Мұндай  жағдайда мемлекет осындай проблемаларды  елеусіз қалдырған жоқ.. Сонымен  қатар ШОБ секторының жағдайын тұрақтандыру үшін 48,8 млрд. теңге мөлшерінде кредит ресурстары бөлінді, кейіннен оларды ШОБ субъектілеріне беру үшін ЕДБ-ге келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша Қор арқылы орналастырылды.

Кредит  қаражатының аталмыш траншының  нәтижесінің және оларды ЕДБ арқылы ШОБ субъектілеріне жеткізу механизмінің тиімді жақтарымен қатар жағымсыз жақтары да болды. Тиімді жақтарына:

- ЕДБ  өтімділік дағдарысының шиеленісі  жағдайында ШОБ-ке дер кезінде  қаржылай көмек беру;

- ШОБ-ң  кредит үлесінің төмендеуіне  ЕДБ жол бермеуі сияқтылар  жатады.

Жағымсыз  жақтары:

- ЕДБ салалық тұрғыда кәсіпкерлер үшіне кредит құрылымын өзгертпеді. Осы уақытқа дейін сауда саласы көш ілгері тұр;

- соңғы  қарыз алушылар – ШОБ үшін  кредит мөлшерлемесін төмендетпеді 

(Тиімді  мөлшерлеме – 20,1%);

- қаражатты  аймақтар бойынша тарату біркелкі болмай шықты ( қаражаттың 54% барлығы 4 аймаққа ғана – Алматы-22%, Қарағанды- 14%, ШҚО - 8%, Павлодар – 8% шоғырландырылды).

- ШОБ  негізгі қаражатының ұлғаюына, жаңаруына  және жетілуіне өте төмен әсер  етті. Игерілген қаражаттың ең  көп бөлігі айналым қаражатын толықтыруға (67%) және инвестиция (33%) берілді.

Бағдарламаны  іске асыру механизмі 

ШОКС  үшін қаржы ресурстарына қолжеткізілуін қамтамасыз ету үшін, Қор тікелей  кредиттеу кезінде мынадай қаржы  құралдарын қолданып отыр.

Қаржы құралдары:

1. инвестициялық  жобаларды жобалық қаржыландыру, оның ішінде инвестициялық жобаларды  бірлесіп қаржыландыру;

2. негізгі  қаражатты сатып алуды, жаңартуды  және жетілдіруді ортамерзімді  және ұзақмерзімді несиелеу;

3. қаржы  лизингі; 

4. ШОКС  ағымдағы активтерін толықтыруға қысқамерзімді несие беру.

Инвестициялық басымдықтар 

Экономикалық  қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (ОКЭД) сәйкес тікелей несиелеу шеңберінде жобаларды іріктеу барысында 1 қосымшада  көрсетілген салалар Қордың Инвестициялық  басымдықтары болып табылады.

Несие беруді шектеу

  • Қор Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тікелей несиелеуді «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңымен (әрі қарай - Заң) белгіленген шектеулерді есепке ала отырып жүргізеді. Тікелей несиелеу барысында сауда-делдалдық қызметті, құрылысты және ойын-сауық орталықтарының, қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметін несиелеуге тыйым салынған.

Қарыз алушыға қойылатын міндетті талаптар:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес заңды тұлға болуы;
  • Жоба өндірістердің біртұтас жүйесін құруға бағдарланған, қосымша құнның технологиялық және экономикалық тізбекшесін біртіндеп дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнімді құратын жобалар тобының бөлігі болуы;
  • жобаны іске асыру үшін білікті персоналдың, оның ішінде компания менеджментінің болуы;

Қарыз алушының:

- салық  және бюджетке өзге міндетті  төлемдер бойынша; 

- ЕДБ  және банктік операциялардың  өзге түрлерін жүзеге асырушы  кредиттік ұйымдардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы.

Қарыз алушыға қойылатын артықшылықты талаптар:

· Шығарылатын  өнімінің экспортқабағдарланушылығы  немесе импорттыалмастырушылығы;

Сыйақы  мөлшерлемесі

ШОКС  үшін Қордың өз қаражаты есебінен ұсынатын қаржы құралдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық Банктің қайтақаржыландыру мөлшерлемесі деңгейінен аспауы қажет.

Кесте 7. Несиелеу мерзімі, сомасы және валютасы

р / р  

Қарыз түрлері    Ұсыну валютасы   Ұсыну мерзімдері   Қаржыландыру  сомасы
1   Инвестициялық басымдықтар бойынша ұзақмерзімді жобалар   Теңге   7 жылға дейін    60 000 АЕК-тен  300 000 АЕК-ке дейін
2   Айналым қаражатын  толықтыруға арналған қысқамерзімді  және ортамерзімді жобалар   Теңге   3 жылға дейін    60 000 АЕК-тен  300 000 АЕК-ке дейін

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары