Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)
="justify">    Ішкі  вектор кәсіпорындардың экспорттау қабілетіне сол және өзге де дәрежеде әсер ететін мәселелердің кең спектрін қамтиды. Әрекет етуші экспорттаушыларды қолдау екпіні логистика мен телекоммуникация (байланыс, Интернет) саласындағы бәсекелестікті дамыту, бизнесті ашу мен жүргізу бағасын азайту, көші-қон ағынын оңтайландыру, еңбек ресурстарын дамыту, заңнамалық базаны жетілдіру, техникалық инновацияларды енгізу, энергия құнын төмендету, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға жұмсалатын операциялық шығындарды азайту сияқты жеке де, институционалдық та мәселелерді шешуге жасалуы тиіс.

    Жүргізілген сұраныс пен ұсыныс тарапынан  әр түрлі факторларды, сондай-ақ салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін ескеретін статистикалық  деректерді егжей-тегжейлі талдау Қазақстанда  өз өнімін сыртқы нарықтарға  шығару бойынша елеулі әлеуеті бар бірқатар салалардың бар екендігін көрсетті. Индекстердің шкалалары мен жоғары, орта және төменгі әлеует сыныптамасы негізінде бәсекеге барынша қабілетті салалар айқындалды: химия саласы барлық шикізаттық емес өнім көлемінде – 40,4 %, машина жасау – 13 %, тамақ саласы (кондитерлік, жеміс-көкөніс, балық) – 4,1 % және тоқыма өнеркәсібі – 0,5 %.

    Мемлекеттік саясаттың сыртқы векторы Қазақстанның шегінен тысқары жерлердегі ұлттық экспорттаушыларды қолдауға бағытталатын болады. Шетелдердегі қазақстандық экспорттаушыларды қолдау сауда өкілдіктерінің, сауда-дистрибъютерлік желілер мен шетел нарықтарында операция жүргізетін қазақстандық банктердің күш-жігерін үйлестіру, қазақстандық кәсіпорындардың көлік-логистикалық, қойма және өндірістік активтерді сатып алуына жәрдемдесу, саяси және экономикалық тәуекелдерді сақтандыру, шетел нарықтарын маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ экспорттаушыларды саяси қолдау арқылы жүзеге асырылатын болады.

    Ұлттық тауарлар мен қызметтерді жаһандық нарықтарға экспортқа жылжытудың осындай ұйымын құру әлемдік тәжірибемен және бизнестің мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаждығымен түсіндіріледі: (1) көптеген елдер (мысалы, Филиппины немесе Малайзия) осындай жүйені нөлден бастап құрды және табысқа қол жеткізді; (2) дайын өнімнің әрекет етуші экспорттаушылары – бұл негізінен ірі компаниялардың аз санынан тәуелділікті теңгерімдеуге қабілетті орта кәсіпорындар; (3) елде құрылып қойылған мемлекеттік даму институттары жүйесіндегі халықаралық тәжірибені ескере отырып құрылған мемлекеттік экспорттық-импорттық құрылымды құру арқылы халықаралық жобаларға тарту есебінен мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың арасындағы өзара қатынастарды ырықтандыру.

    Әлемнің дамыған және дамушы 104 еліндегі экспортқа жәрдемдесу ұйымдарын Дүниежүзілік Банктің зерттеуі зерттелген агенттіктердің шамамен 52 %-ы мемлекеттен өз бюджетінің 75 %-ынан астамын алғандығын және ұйымдардың 2 %-ының ғана өз бюджетінің 75 %-ынан астамын жеке қаржыландырудан алғандығын, және ұйымдардың 3 %-ының ғана өз бюджетінің 75 %-ынан астамын өз қызметтерін сатудан қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Зерттелген агенттіктердің төрттен үші жеке қаржыландыру алмаған. Жартысы өз қызметтерін сатудан ешқандай кіріс алмаған. Зерттелген агенттіктердің орташа бюджеті елдің тауарлары мен қызметтері экспортының жалпы көлемінің 0,11 %-на баламалы.

    Ұлттық  инновациялық жүйені дамыту

    Төрт  негізгі құрамдас бөліктерден: ғылыми әлеуеттен, инновациялық инфрақұрылымнан, инновациялық кәсіпкерліктен, қаржы инфрақұрылымынан тұратын Ұлттық Инновациялық Жүйе (ҰИЖ) және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету Стратегияны іске асыруға арналған пәрменді құралға айналуға тиіс. 2005 – 2007 жылдар ішінде мемлекеттің белсенді қатысуымен ұлттық инновациялық жүйенің элементтерін дамыту жөніндегі алғашқы қадамдар іске асырылды, олар елдің әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестеріне кіруін ескере отырып, оның одан әрі қалыптасуы үшін  бағдарға айналуға тиіс.

    Ғылымды дамыту

    Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.

    Ғылымды дамытуға жеке секторды тартудың тиімсіз тетігі Қазақстандағы ғылыми-техникалық саланың әлі де әлсіз буыны болып қала береді.

    Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары  НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді.

    Атап  айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің  ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.

    Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды  қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып  табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет.

    Инновациялық  инфрақұрылым

    2003 жылы «Ақпараттық технологиялар  паркі» арнайы экономикалық аймағы («АТП» АЭА) құрылды. 2006 жылғы қыркүйекте  «АТП» АЭА бірінші кезегінің  жалпы алаңы 14 га объектілерінің ашылуы болды.

    2004 – 2005 жылдары Қарағанды қаласында,  Орал қаласында және Алматы  қаласында қазіргі заманғы материалдық-техникалық  базамен жарақтандырылған үш  өңірлік технопарк құрылды. 2007 жылы  Алматы өңірлік технопаркінің  физикалық инфрақұрылымының бірінші кезегін іске қосу жоспарлануда.

    Өңірлік технопарктер мен бизнес-инкубаторларды басқаруды «Инжиниринг және технологиялар  трансферті орталығы» АҚ («ИТТО» АҚ) жүзеге асырады. «ИТТО» АҚ мақсаты Қазақстандағы  технологиялардың бәсекелес нарығын қалыптастыру және жүйелендіру болып табылады. Ұлттық және өңірлік технопарктерді қалыптастыру, инжинирингтік компанияларды қалыптастыру, ақпараттық базаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету, технологиялар трансферті мен  оны инновациялық процестің барлық кезеңдерінде инжинирингтік алып жүру мақсатқа қол жеткізу тетіктері болып табылады.

    Инновациялық  инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін инновациялық қызмет және барлық технопарктердің  менеджерлеріне, салалық министрліктерге, даму институттарына қол жетімді нормативтік құқықтық базаны өзекті ету саласында бірыңғай ақпараттық банк құру қажет. Бұл дерекқорда өнеркәсіптік кәсіпорындардың салалар, қаржыландыру көздері, патенттер және оларға арналған лицензиялар жөніндегі қажеттіліктері бойынша ақпарат ұсынылуға тиіс.

    Қаржы инфрақұрылымы.

    ҰИЖ қалыптастыру мен дамыту саласындағы  негізгі мемлекеттік қаржы құралы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ («ҰИҚ»  АҚ) болып табылады. «ҰИҚ» АҚ-ның  қызметі жаңа венчурлық қорлар, инновациялық өндірістер, инновациялық инфрақұрылымның  элементтерін құруға және перспективалық отандық тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді (ТКӘ) қаржыландыруға, технологиялар трансфертін жүзеге асыруға бағытталған.

    2006 жылы «ҰИҚ» АҚ Қазақстанның  шегінен тысқары жерлердегі 2 венчурлық  қордың құрылтайшылар құрамына кірді: Mayban-JAIC ASEAN Fund  венчурлық қоры және Vertex III Fund L.P. венчурлық қоры.

    Технологиялар трансферті

    Қазақстан ішкі нарықта озық технологиялар  мен жаңа енгізілімдерге шектеулі төлем  қабілеттілігімен, экономиканың нақты  секторы тарапынан перспективалық – олардың коммерциялық қолданылуы тұрғысынан – ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелеріне төмен сұраныстың болуымен, инновациялық өнімнің қалыптасқан нарығының болмауымен сипатталады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізген талдамалық зерттеулерінің деректері бойынша  2005 жылы қорғаған әрбәр сегізінші ғылым докторы мен әрбір жүзінші ғылым кандидаты ғана ғылыми салада жұмыс істеуге қалған. ҒЗИ мен университеттердің ескірген материалдық-техникалық базасымен бірге кадрлардың тұрақтамауы айғағы ғылыми әзірленімдердің коммерциялануына теріс әсер етеді. Осы жағдайларда экспорттық әлеуетті елеулі түрде ұлғайту үшін барынша тиімді әдіс технологиялар трансферті болып табылады.

    Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің, білімдердің нәтижелерін беру процесі.

    Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерде  ірі кәсіпорындар үшін  технологиялар  трансферті саласында мемлекеттік  қолдау жүзеге асырылды. Мемлекет патенттер, лицензиялар алуға қаржы қаражатын бөлді және оларды осы кәсіпорындарға  оларды өндіріске енгізу үшін берді. Жапонның Mitsubischi корпорациясы өндірісінің құпияларын игерген Hundai корпорациясы айқын мысал бола алады.

    Осыған  байланыстығылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін мемлекет пен ұлттық даму институттарының рөлін ескере отырып, технологиялар трансфертін іске асырудың дәл схемасын әзірлеу қажет.

    Шағын және орта бизнесті дамыту

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін  дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары олардың қызметі үшін қолайлы жағдай жасау, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жұмыс істейтін бизнестің жалпы санын ұлғайту, олар өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі үлесін ұлғайту, халықтың өзін өзі еңбекпен қамтуын дамыту болып табылады.

    Инновациялық  өсім мен экономиканың әртараптануын  қамтамасыз етудің, халықтың кедейшілігі  проблемасын жеңудің маңызды  бағыттарының бірі шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

    2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  ОШК-дан бюджетке түскен түсім  427 888,6 млн. теңгені немесе бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемінің 15 %-ын құрады.

    Шағын және орта кәсіпорындар жаңа жұмыс  орындарын құра отырып, бір жағынан қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың тұрақтануына және халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді, екінші жағынан жұмыссыздар үшін төлемдерге бюджеттік шығыстарды қысқартуға және үнемделген қаражатты экономиканың дамуына инвестицияларға жіберуге мүмкіндік береді.

    Бизнес  ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті  нормативтік құқықтық актілерді  жетілдіру бөлігінде дамыту жөніндегі  шаралар, сондай-ақ осы шараларды  Дүниежүзілік Банктің бизнесті жүргізу  жөніндегі рейтингі шеңберінде  біріктіру шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы негізінде жатады.

    Бизнес-инкубаторлар мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары  индустриялық-инновациялық дамудың  өңірлік бағдарламалары мен ұлттық даму институттары шеңберінде қажетті  қолдау алады.

    Қабылданатын  шаралар ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің орнықты өсуін болжауға мүмкіндік береді. 2015 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлік өз дамуының жаңа сапалы деңгейіне шығады, және өзінің экономикадағы мәні бойынша Шығыс Еуропа көшбасшы елдерінің деңгейіне жетеді. Шағын кәсіпкерліктің дамуындағы әңірлік әртараптандырудың бөлінісі елеулі түрде қысқарады. Шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ-дегі үлесі 50 %-ға дейін өседі. Салық түсімдеріндегі үлес кемінде 30 %-ды құрайтын болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің құрылымдық қайта бөлінуі жүреді, оның өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 20 %-ды құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылу 2,0 млн. адамға дерлік өседі.

    Жеке  инвестициялар тарту және «серпінді  жобаларды» іске асыруға арналған жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында мынадай шаралар қажет:

    корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру; кәсіпорындардың  қаржы есептілігінің халықаралық  стандарттарына (ISO-900, ISO-14000) көшуін жеделдету; мемлекеттік даму институттарының  жұмысын үйлестіруді күшейту, олардың қызметінің ашықтығын арттыру жөніндегі іс-қимылдарды жандандыру; отандық бизнестің, әсіресе экспорттаушылардың мүдделерін ескере отырып, ірі халықаралық жобаларды синдицировалық қаржыландыруға қазақстандық қатысуды қамтамасыз ету бөлігінде  халықаралық қаржы институттарымен жұмысты жандандыру; оның қызметін шығындық негізде республикалық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай уәкілетті ұйым құру (инвесторлар үшін «one-stop-shop» қағидаты бойынша).

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары