Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

    Жоғарыда  аталған нысандар толық іске қосылған уақытта 180 жұмыс орны ашылатын болады.

    Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Чинарев кен орнында өнімділігі жылына 1,5 млрд текше метр тазартылған газды, 140 мың тонна сұйытылған және 750 мың тонна тұрақты конденсатты құрайтын газ дайындау қондырғысының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол экспортқа  тауарлы газды шығаруды және газдың факелді жағылуын толықтай тоқтатуды қамтамасыз ететін болады. Бұл нысанда 90 жұмыс орны ашылады.

ҚПО б.в. корпорациясының әлеуметтік жобалары

Консорциумның әлеумет-тік жобаларына бөлінетін  инвестициялардын жалпы көлемі бүгінгі таңда 133.5 миллион доллардан асып отыр, ал ӨБТСК қолданылатын 40 жыл ішінде бұл инвестицияның жалпы сомасы 500 миллион доллар болады.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Батыс  Қазақстан облысындағы Қарашығанақ  кеніші әлемдегі мұнай-газ конденсаты кеніштерінің бірі. Кеніш 280 шарты километр аумақты алып жатыр, оның қойнауында 1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар. Бүгінгі таңда Қарашығанақ Қазақстандағы 5,5 миллиард доллардан асатын шетелдік капитал салымымен ірі инвестициялық жоба болып табылады. Кенішті игеру төрт халықаралық компаниялар басшылығымен жүзеге асырылуда. Олар Би-Джи Групп (Ұлыбритания), Эни (Италия) - әрқайсысының үлесі 32,5 пайыздан құрайды, сондай-ақ Шеврон (АҚШ) – 20% және ЛУКОЙЛ (Ресей) 15% капитал үлестері бар. Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін осы төрт компания Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы болып бірікті. КПО өз қызметін Қарашығанақ әріптестерінің Қазақстан Үкіметімен 1997 жылғы қарашада қол қойылған өнімді бөлі жөніндегі негізгі келісімге сәйкес жүзеге асырады. Келісімнің шарттарына сәйкес КПО Қарашығанақ жобасын басқаруды 2038 жылға дейін жүзеге асыратын болады.

      Төртінші. Машина жасау және металл  өңдеу саласы бойынша

    Облыс аумағында  6 ірі және орта машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының 2 кезеңі аясында және өңдеу секторын дамыту мақсатында облыста 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылды. Машина жасау кәсіпорындары жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде келесі жобаларды жүзеге асырды:

    «Батыс  Қазақстан машина жасау компаниясында» «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы үшін мұнайды тасымалдауға дайындауға арналған жоғарғы технологиялық жабдық өндіру жолға қойылды.

    2008 жылы «Батыс Қазақстан машина  жасау компаниясында»   газкомпрессорлық  станса жабдықтарын және жоғары  қысымды ыдыстар өндіретін цехты  қайта құрылымдау аяқталды.

    Қазір «Интергаз Орталық Азия» компаниясы  үшін 1 дана турбоагрегатын қайта жаңғырту аяқталды, екінші данасын жөндеу жалғасуда.

    Сонымен қатар  «Мақат» компрессорлық  цехын қайта жаңғырту және  ел аумағында шығарылмайтын газды  қайта айдау жабдықтарын өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.

    «Орал «Зенит» зауыты»   су ығыстырымдылығы 200 тонна «Барыс»-«Сардар» жобасы кемесінің бас үлгісін дайындады.

    «Омега  прибор жасау зауыты»   төменгі  кернеулі электр қуатын  (1000 В) тарату және басқарудың электр қалқандарын  дайындау және монтаждау үрдісін  игерді.

    Металл  өңдеу саласына келетін болсақ, бүгінгі күні «КазТрубПром» зауыты негізінде қуаты жылына 39 мың тонна сорғы-компрессорлық және айналмалы құбырлар өндіру бойынша жаңа кәсіпорын құрылды. Бұл технологиялық желі API, DIN және ГОСТ әлемдік стандарттарына сай келетін сорғы-компрессорлық және айналмалы құбырлар өндіруге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Металл бұйымдары»  зауыты «Қазақстанның инвестициялық  қорымен»  бірлесіп, құны 625 млн.теңгеден жоғары тұратын және қуаты жылына 60 мың тонна металл құрылымдарын өндіретін «Металл бұйымдарын ыстықтай мырыштау бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

    Бесінші. Химия және қорғаныс өнеркәсібі

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы  №641 қаулысымен бекітілген Қазақстан  Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2009-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газы негізінде метанол, полипропилен шығару бойынша газ-химиялық кешен салу көзделген.

    Бұл кешен метанол, полипропилен, метионин (ірі қара мал азығына қосымша), формальдигидтелген қарамай, метил-трет-бутилді эфир, жоғарғы октанды бензин және дизельді отын өндірісін ұйымдастыруды қарастырады.

    Сондай-ақ, қазіргі уақытта «БМ»  фирмасы  құны 6675 млн.теңге болатын «Биохимиялық комбинат құрылысы» жобасын жүзеге асыруда. Өндіріс қуаты - жылына 12 мың тонна ұлпа (клейковина), жылына 27 мың тонна мал азығын, жылына 30 млн./л биоэтанол өндіреді.

    Сонымен қатар, бүгінгі күні «БатысКалий»  фирмасы калийлі минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба   Үкімет жанындағы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында анықталған макро өңірді экспорттық мамандандырудың екі бағытының біреуі болып табылады.

    Қорғаныс  өнеркәсібі саласында  төтенше жағдай министрлігі  және  шекаралық қызмет үшін кеме шығаратын Орал «Зенит» зауыты мен «Гидроприбор»   ғылыми-зерттеу институтын атауға болады.

    «Гидроприборда»   2008 жылдың қыркүйегінде екі жоғарғы  жылдамдықты «Шағала» кеме құрылысы аяқталды.

    Орал  «Зенит» зауытында   2008 жылдың мамыр айында   шекара қызметіне арналған «Барыс» патрульдік кеме құрылысы аяқталды.

    Қазіргі уақытта Орал «Зенит» зауытында  су ығыстырымдылығы 500 тонна кеме жасау  жоспарлануда. Жоба құны - 840 млн.теңге.

    Алтыншы. Энергетика.

    Өздеріңізге белгілі, Батыс Қазақстан облысы еліміздің бірыңғай энергетикалық жүйесінен оқшау жатқандығына байланысты электр энергиясы жағынан ресейлік жеткізушілерге тәуелді болып отыр.  Соңғы кезде олар электр қуатының бағасын екі есеге, 1 кВт сағат үшін 0,83 рубльден 1,57 рубльге дейін өсірді және әлі де өсіруде.

    Орын  алған жағдайдан шығу үшін «Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы» қуаттылығы 54 МВт газ турбиналы электр станциясының құрылысын жүргізіп   жатыр.

    Бұл станция болашақта  электр энергиясының импортын қысқартуға,   тарифтерді тұрақтандыруға, сондай-ақ қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі көп қабатты үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды жылу қуатымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылы Жол картасы шеңберінде  3 елді мекеннің: Ақжайық ауданының Жолап ауылының, Теректі ауданының Ақжайық шипажайының және Бөкей ордасы ауданының Шонай елді мекенінің электр желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

    Жетінші.Көлік  және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

    Қазіргі  кезде облыста 88 тұрақты облысішілік және  қалааралық автобус маршруттары бойынша және қала маңы поездарымен жолаушылар тасымалдау жұмыстары жұргізілуде.  Орал халықаралық әуежайы арқылы 4 облысаралық және 7 халықаралық маршруттар бойынша жолаушыларға қызмет көрсетілуде.

    Бұл саланы дамытуда проблемалар жоқ  деуге болмайды. Қала ішінде жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасына тұрғындар  атынан сын көп айтылады. Әсіресе, қаланың шетіндегі ықшам аудандарға автобус қатынасын  жақсарту қажет.

    Облыста телекоммуникация жүйесін жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазір облыстың шалғай аудандарымен байланыс жақсарды. Жыл басында шалғайдағы Бөкейордасы, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандары тұрғындары Интернет  жүйесін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Біз бұл саланы одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз. 

    Сонымен, құрметті әріптестер,  бізге барлық 7 бағыт бойынша  ауқымды жұмыстарды атқаруымызға тура келеді.

    Қазіргі кезде жалпы облыс бойынша 131 млрд. 69 млн. теңге құрайтын 23 инвестициялық жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Соның 16-сы биылғы 2009 жылдың аяғына дейін бітеді. Олардың 8-і ірі, 7-уі әлеуметтік маңызы бар жобалар.   Осы жобалардың бәрін жүзеге асыру - бізге   үлкен сын және зор жауапкершілік жүктейді.

          Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының екінші кезеңінің шеңберінде Батыс Қазақстан облысында 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

            2006 жылы облыстық бюджеттен оны жүзеге асыруға 655,6 млн.тенге бөлінді, жапондық «Тохоку» компаниясымен бірлесіп газтурбиналық электростанцияның құрылысын аяқтау қуаттылығы 28,5 МВт құрайтын Орал ЖЭС және облыстың алғашқы инновациялық инфрақұрылымын жасақтауға мүмкіндік берді (технопарктің жаңа офистік ғимаратын салуға, аймақтық конструкторлық бюро және технопарк Алгоритм үшін техникалық диагностика лабораториясын салуға).

             Облыстың бірқатар кәсіпорындары  инвестициялық 16 жобаны жүзеге  асыруға кірісті, бұл 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының құрамына кіреді.

             Орал Зенит зауыты жаңа отандық  және шетелдік технологияларды  пайдалана отырыпсу сыйымдылығы  180 тоннаны құрайтын Барс-Сардар  кемесі жобасының бас үлгісін дайындады. Келесі Барс кемесінің жобасы 2008 жылдың көктемінде салу жоспарлануда. 2007 жылы су сыйымдылығы 450 тоннаны құрайтын ҚР ҰҚК шекаралық қызметі үшін кеме құрылысын салу бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 

              2006 жылы Гидроприбор ҒЗИ АҚ Қазақстан Каспийшелф АҚ үшін 20 тонналық жолаушылар кемесінің жобасын жасақтады

    Омега прибор жасау зауыты АҚ төменгі қуаттағы 1000В болатын элетрщиттерді даярлауға  және монтаждау тәсілін игерді.

    Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы АҚ мұнай даярлау және тасымалдауға Қазмұнай АҚ үшін жабдықтарды шығаруды реттеді.

    Биохимиялық комбинаттың құрылысын салудың  бірінші кезеңі БМ ЖШС 53,4 млн.АҚШ  доллары,

    Насос-қысым  тұрбасы және оларға муфты шығаруды ұйымдастыру Қазтұрөндіріс ЖШС  құны 24 млн. АҚШ доллары,

    Газ сығу станциясы және газ айдайтын кәсіпорындар үшін жабдықтар шығару БҚМК АҚ құны 10 млн. АҚШ долларынан жоғары,

    Металбұйымдарын ыстық мырыштау бойынша қызмет ұйымдастыру  Металлбұйымдары БӨК ЖШС 5 млн. АҚШ  доллары.

    - «Колюбингалық қондырғыларды кешенді өндіру» «БҚМК» АҚШ, (4 млн. АҚШ долл.)

    - «Химиялық реагенттерде өндірілген  қондырғыларды мөлшерлеп беру»  ( «БҚМК» АҚ, 1 млн. АҚШ долл.)

    Отандық кәсіпкерлерді технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында және инновациялық жобаларды  игеру үшін жағдайлар жасалып, «Технопарк «Алгоритм» ЖСШ және  «ҒЗИ «Микрография» РГУ базасында аймақтық конструкторлық бюро ұйымдарымен жұмыс жүргізілуде.

    2006 жылдың желтоқсанында облыс әкімінің  қаулысы бойынша «Мұнайгаз машинажасау»  кластерінің дамуы үшін шебер-жоспар  әзірленіп, бекітілді.

    Шебер-жоспарды игеру үшін облыстық бюджеттен 15,1 млн. теңге жолданды.

    Сонымен қатар Орал қаласындағы «Микрография»  ҒЗИ» республикалық мемлекеттік  мекемесіне мұнай-газдық машинажасау  өніміне  арналған  конструкторлық – технологиялық құжаттарды өңдеу бойынша     аймақтық жобалық-конструкторлық бюро құру үшін республикалық бюджеттен 2006 жылы  48 млн.теңге бөлінген.

    2.3. «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры» арқылы  шағын және орта  кәспікерлерлерді  қаржыландыру бағдарламасының  және оның жүзеге  асырылуы

Бағдарламаның мақсаты  

  • Шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде ШОБ рөлін арттыру

Бағдарламаның міндеттері  

  • Ел экономикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына сәйкес, өз қызметін экономиканың басым салаларында белсенді жүзеге асырып жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъект ілеріне қаржылай қолдау көрсету ;
  • Ел экономикасының индустриал ды -инноваци ялық даму Стратегиясына сәйкес, өз қызметін экономиканың басым салаларында белсенді жүзеге асырып жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъект ілері үшін кредит ресурстары бағасының төмендетілуін қамтамасыз ету;
  • Олардың негізгі қаражатын, сонымен қатар олардың технологиялық қайта жарақтандыруын ұлғаюын және жетілдірілуін қамтамасыз ету

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары