Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

      ІІ  ТАРАУ. 2003-2015 ЖЫЛДАРЫ  КАЗАҚТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ 

2.1. Батыс Қазақстан  облысының 2006-2008 жылдарға  арналған индустриалды-инновациялық даму Аймақтық бағдарламасы 

      Батыс  Қазақстан  облысының  2006-2008 жылдары индустриялық – инновациялық дамуы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен бекітілген 2003-2015 жылдары Казақтан  Республикасының индустриялық- инновациялық дамуының Стратегиясына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 25 маусымында №633 қаулысымен бекітілген “Мұнай-газ машинажасау” пилоттық кластерін құру және дамыту жоспарына сәйкес жасалып отыр.

      Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының 2010 жылғы дейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуы Стратегиялық жоспарының ұзақ мерзімді арттықшылықтары және Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің  2006-2008 жылдарға арналған орташа фискалды саясаты ескерілген.

      Инновациялық  – инвестициялық үрдістің Батыс Қазақстан облысы алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін, белсенді түрде қазіргі заманғы машинжасау мен өнеркәсіп кешенін қалыптастыруға негізделген мемлекеттік экономикалық, технологиялық мен инновациялық саясатын жүргізу көзделуде.

   Облыс индустриясының кәзіргі  жағдайына  талдау:

   Облыс  индустриясының  дамуы  және оның   Республика көлеміндегі  алатын  орны:

 

2 кесте.   Өңірлік ішкі  өнімдердің  құрылымы  (%)

  2005 2006 2007
Облыс бойынша 100,0 100,0 100,0
өнеркәсіп 26,7 49,1 48,7
ауыл  шаруашылығы 4,45 3,81 3,4
Көлік және байланыс 8,57 9,68 9,5
сауда 7,19 7,94 10,0
құрылыс 7,57 11,83 11,6
басқалары 45,51 17,64 16,8
 

      Түбегейлі нарықтық өзгерістердің тікелей  салдары ретінде, соңғы жылдары, облыста өнеркәсіп өнімдерін  өндіруде тұрақты өсу тенденциясы байқалады. Мысалға өнеркәсіптік өндіріс өнімі көлемі 2004 жылғымен салыстырғанда 2005 жылы 121,0%-ға, Соңғы 9 ай 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 130,7%-ға өсті. Өндіріс көлемі 9 ай 2007 жылы 260,6 млрд. теңгені құрады немесе 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,4 есеге (орташа республикалық жанында 136,4%) артық.

      

        

        
 
 
 
 

Диграмма 3. облыстың қысқаша статистикалық жылнамалығы 2003-2006

    Облыс өнеркәсібінің негізгі саласы тау-кен  өндірісі (көмірсутек) болып табылады (Қарашығанақ кенішін игеру және Чинарев кенішін өнеркәсіптік-тәжірбиелік  пайдалану). Оның 2006 жылғы өнеркәсіп  өндіріс көлеміндегі үлесі 90,3 % және жалпы салық түсімінің 13,5%-ын құрады. 

3 кесте. Қызмет түрлері бойынша өндіріс өнеркәсібі құрылымы (үй шаруашылығын қоса, өнеккәсіп бойынша жалпы)

  2005 2006 2007
Өнеркәсіп бойынша барлығы  100,0 100,0 100,0
таукен  өнеркәсібі 85,4 90,3 90,3
өңдеуші өнеркәсіп 11,5 7,8 7,9
Тамақ өнімдерін өндіру 4,4 2,3 2,1
Мата  және тігін  өнеркәсібі 0,1 0,1 0,1
Мұнай өнімдерін өндіру 3,7 2,9 3,0
Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу  0,6 0,4 0,4
Машина  және жабдықтар жасау өндірісі 1,8 1,3 1,4
электроэнергия, газ және суды өндіру мен тарату 3,1 1,9 1,8
 

      Қарашығанақ кенішін игергеннен  бастап табиғи газ -9,1 млрд. куб.м,  газ конденсаты – 8,5 млн. тонна  өндірілген. Бұл көрсеткіш өндірудің  ең жоғарғы көрсеткіші болған  жыл 1991 жылмен салыстырғанда табиғи газ -2,2есеге және газ конденсаты – 88,9%-ға артық.

    Облыс үлесіне республикадағы газ конденсатын  өндірудің 96,8%-ы, табиғи газ өндірудің 41,8%-ы тиеді.

    Өңдеуші өнеркәсіп машинажасау, металл өңдеуші, газ конденсатын, ауылшаруашылығы өнімдері мен шикізатын қайта өңдеуші және тері, тігін, резина, пластмасса бұйымдарын өндіретін т.б. кәсіпорындармен белгілі.  

Өндірістік  әлеует 

    Облыстың  өндірістік әлеуетінің  негізінен, ауылшаруашылық, құрылыс индустрясы кәсіпорындары құрайды.

    Аймақтың  өнеркәсібі тау-кен өндірісі,машина жасау, энергетика, тамақ, металл өңдейтін сала кәсіпорындарымен, сонымен қатар  жеңіл өнеркәсіп және құрылыс  материалдарын шығаратын кәсіпорындарымен белгілі.

    Негізінен өнеркәсіпорындар Орал қаласы мен Қарашығанақ  мұнай газ конденсат кеніші орналасқан Бөрлі ауданында орналасқан. 2007 жылы қаңтар-қырқүйек айларында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 504,0 млрд. теңгенің өнімін шығарып, ол 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда физикалық индекс көлемі  21,4%-ға артық болды.

      Өнеркәсіптің барлық саласы өнім  шығаруда өсімге қол жеткізген.  Мысалға: тау кен өндірісі 26,4 пайызға, өңдеуші сала 3,4%-ға, электр қуатын, газ бен суды өндіру мен таратуда 5,8%-ға артық.

    Тау-кен  өнеркәсібінің негізін Қарашығанақ  Петролеум Оперейтинг б.в. пайдалануды  жүзеге асыратын Қарашығанақ мұнай  газ конденсатының кеніші құрайды.

    4 кесте.     2004-2006 жылдары түрлі салалар бойынша өнімдер өндіру динамикасы (экономиканың қаржылық емес секторындағы  ағымдағы құн, млн. теңгемен)

  2005 2006 2007

Барлығы өнеркәсіпте

260613,9 501689,9 591466,5
тау-кен  өнеркәсібі 222547,4 452836,6 534015,4
өңдеуші өнеркәсіп 29862,5 39228,6 46651,5
Тамақ өнімдерін өндіру 11430,4 11796,0 12659,3
Мата  және тігін өнеркәсібі 269,4 329,9 300,0
Мұнай өнімдерін өндіру 9564,6 14608,9 17283,6
Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу 1473,4 1822,4 2634,8
Машина  жасау 4622,1 6390,5 7844,9
электроэнергия, газ және су өңдіру мен тарату 8204,0 9624,7 10799,6
 

    Облыстың  тұрмысын қамтамасыз ету инфрақұрылымының негізін құрайтындардың бірі электрмен  қамтамсыз ету. Жергілікті электр қуатын өндірушілер Орал қаласында орналасқан ЖЭО және 160 МВт/с қуаты бар  Қарашығанақтағы мұнай газ конденсаты кенішінде орналасқан газтрубиналық электрстанциясы.

    «Батыс  Қазақстан АЭК» ААҚ электр қуатын сатып алуды, тасымалдауды және таратуды жүргізеді. Кәсіпорын өзінің пайдалану  қызметін 110 кВ кернеулі электр желісімен  қамтамасыз етілген магистралдар, 220/110/35 кВ станциялары,  35-10-0,4 кВ кернеулі тарату жүйесі  35/10 және 10/0.4 кВ станциялары негізінде жүргізеді. Электр тарату жүйесінің ұзындығы 23 мың км. құрайды.

    Бүгінігі  таңда бар тарату жүйелері тұтынушыларды  қажет электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Жобалық шешімдер мен құрылымды көрсеткіштер бойынша компанияның электр жүйелері күндізгі және түнгі уақытта пайдаланудың  тәуліктік кестенің тұрақсыздығын  ескере отырып, максимальды 350 МВт-қа дейінгі  жүктемені көтере алады.

    Бірақ, жөндеу жұмыстарына қажет қаржының  жетіспеуінен көптеген энерго обьектілері қанағаттандырықсыз техникалық жағдайда. Қазіргі электр жүйелері және  станциялар 30 жылдан астам пайдаланды  және жаңғырту мен қайта жөндеуді талап етеді. Олардың орташа тозуы  60% .

    Бұл  салаға инвестиция тарту бүгінде  басты мәселелердің бірі. Сондықтан  энергия техникалық шаруашылықты жаңғырту кәсіпорынның өз қаржы есебінен жүргізіліп отыр.

    Облыстың  энергия тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. ҚМГКК-дегі ГТЭС –тағы 4-ші генератордың құрыылыс аяқталды. Келесі жылдың 2-ші тоқсанында Орал ЖЭО-дағы ГТҚ - 26,9 пайдалануға  беріледі. Бұл обьектілерді іске қосу Ресейден импортталатын электр қуатының көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

    2004 жылы  өз электр қуатын өндіру  қуатын өндіру көлемі 2003 жылғымен  салыстырғанда 12,8 %-ға, 2002 жылмен  салыстырғанда 62,3%-ға артты. 

    Өңделген  және тұтынылған электр қуатының көлемі 2002 жылы 417,5 млн. кВт/сағат және 744,9 млн./сағат, 2003 жылы 601,1 млн. кВт/сағат және 856,2 млн./сағат және 2004 жылы 677,8 млн. кВт/сағат және 1023,2 млн./сағат құрады.

 
 
 
 
 
 

Диаграмма 4. Облоыстың энергетикалық  көрсеткіштері 

   5 кесте. Өнеркәсіп өнімдерінің түрлері бойынша өндірудің нақты

                     көлем индексі  (%)

  2005 2006 2007

Барлығы өнеркәсіпте

121,5 106,3 130,7
тау-кен  өнеркәсібі 133,7 108,9 132,1
өңдеуші өнеркәсіп 109,4 112,7 117,8
Тамақ өнімдерін өндіру 104,5 101,0 108,1
Мата  және тігін өнеркәсібі 82,4 78,5 102,8
Мұнай өнімдерін өндіру 116,2 4,2 120,2
 Металлургия  өнеркәсібі және металл өңдеу 75,5 105,2 119,2
Машина  жасау 80 2,2 94,8
Электроэнергия, газ және су өңдіру мен тарату 120,5 101,5 132,5
 

          Өнеркәсіптегі өндіріс сала қызметкерлерінің орташа тізімдік саны 15,2 мың адам.  2004 жылғы орташа жалақы 2002 жылмен салыстырғанда  18,5% өсіп, 43,0 мың теңгені құрады.

    Өңір  өнеркәсібінің  түйінді  мәселелері:

  • Облыс өнеркәсібін одан әрі өркендету үшін бірқатар тежеуші факторлардың түйінін шешу қажет:
  • өндірістің тиімділігін арттыруға тежеу болып тұрған құрал-жабдықтардың (43-80%) тозу деңгейінің жоғарлылығы;
  • өнімнің бәсеке қаблеттілігінің төмен болуы, тізімдеменің аздығы және облыс өнеркәсіптік кәсіпорындарының өнімдерін тұтынудың төмен болуы;
  • тұрақты өткізу рыногының болмауы;
  • өнеркәсіптік-өндірістік қорларының белсенді бөлігінің төмен техникалық жағдайы және саланың инновациялық белсенділік деңгейінің айтарлықтай болмауы;
  • өндірістік қуат мүмкіндігін толығымен пайдаланбауы;
  • қаржы айналымның жетіспеуі және кейбір өнеркәсіп салалаларының инвестициялық қызығу туғызбаушылығы;
  • ірі металлургиялық өндірушілердің машина жасау кәсіпорындарына әділетсіз баға саясатын жүргізуі;
  • өндіріс саласында және кәсіпорынды басқаруда білікті мамандардың жетіспеуі;
  • машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның негізгі бөлігінің жойылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, сараптық-тәжірбиелік қор, сынау мен техникалық орталықтар),
  • стандарттау, сертификаттау бойынша ұйымдардың болмауы (АSМЕ/АРІ);
  • салалардың соңғы өнімді шығаруға емес,  құрылымдық бұйымдарды шығаруға басым бағытталуы;
  • мемлекеттік сатып алу саласында құқықтық нормативтік актілердің жетілдірілмегендігі;
  • технологиялық алдын-ала көру механизмінің болмауы;
  • ақпаратқа жетімнің болмауы;
  • маманданымдық, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, біртұтас, өзара байланысы бар, инновациялық инфрақұрылымның болмауы, бұл жағдай бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жаңа ғылым сиымды технологияны дамытудың нашар дамуының негізгі себебі болып табылады;
  • көптеген кәсіпорындар бәсеке қабілеттілігі төмен өнім шығаруда. Өнімді бір мөлшермен және ұсақ партиялармен шығаруы кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізіп (құнында), осындай өнімдерді тізімдік жағынан және сапа жағынан импорттау себебі;
  • өндірісте ғылым сыимды, қосымша бағанын көп қосылған жоғарғы технологиялық бұйым өнімдерінің үлесінін төмен болуы;
  • тізімдемені кеңейту, өнім сапасын жақсарту, инновациялық, ғылым сыимды және жоғарғы технологиялы өнімдермен және технологияны құру, өз құнын төмендету және маркетингті дамыту бойынша жұмыстардың нашар болуы;
  • нашар маркетинг пен менеджмент;
  • сатылғаннан кейінгі сервистік қызметтін төмен деңгейі;
  • техникалық қайта жабдықтану, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарлар және машина жасау өнімдерін ел территориясындағы мұнай және басқа да компаниялар мен ұйымдардын жер қойнауын пайдалану операцияларындағы сұранысы туралы ақпараттың болмауы.

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары