Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

    Кәсіпорынның  көрсеткіштерінің психологиялық негіздемесі  – инвестицияның обьектісі инвестордың  субьективтік бағалауымен түсіндіріледі.

    Инновация түсінігіне жаңа заңдастырылған патентті иемдену деген түсінік ұқсас  келеді. Бұны талқылауда, инновацияның мынадай анықтамасы бар, яғни «Жаңа, бұрын болғандардан өзгеше және жүзеге асқан жағдайда, жаңа жоғары технологиялық өнімді шығаруға әкелетін немесе бұрыннан белгілі өнімдерге өз әдістерін, олардың тұтыныс және техникалық қасиеттерінің үрдісті жақсарту мақсатында жандандыру мүмкіндігі бар, идея». Жоғарғы технологиялық өнім деген түсінік-бұл, адамзаттың өміріндегі барлық саласында қолданылуға жататын, белгілі үрдістің капиталмен сиымдылығын және еңбек сиымдылығын маңызды түрде азайтатынмүмкіндігі бар жаңа өнім. (өнімнің мінездемесіне сай).

    Кәсіпорындардың ісінің тиімділігі сыртқы аймаққа қалай  сіңгендігіне байланысты, олардың құрылымдарының қаншама қозғалғышты және икемділігі, жаңалықтарға қандай өлшемде мүмкіндігімен  тығыз байланыста.

    Француз социологі Крозье.М, көрсеткендей, «қазіргі заманғы бәсекелесте бірінші кезекте ресурстармен қамтуды ұлғайтуға емес, жаңалықтарды енгізуге мүмкіндігіне күрес бәсеке алдында бірінші орында».

    Әлемдік технологиялық ядроға кіретін елдер (АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция), қазіргі кезде алдыңғы қатарда инновациялық істі жандандыру негізінде даму үстінде.  Өзгерген сыртқы салаға икемделу тетіктері, әр-түрлі қайта құрылулар мен жаңалықты енгізу арнай ғылым саласы инноватикада қарастырылады. Инновация саласында қолданылатын тағы бір маңызды түсінік, инноватика- ұйымдағы мақсатты бағытталған өзгерістер мен жаңа енгізулер туралы ғылым.    

    Инновация- бұл, басқару обьектісін өзгерту және экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, экологиялық, басқа да күшті әсер түрлерін алу мақсатында жаңалықты енгізудің қортынды нәтижесі.

    Жаңалық - фундаменталдық, қолданбалы зерттеулер, қайсы-бір сала ісіндегі эксперименталдық жұмыстар немесе өңдеулердің тиімділігін артыру мақсатында рәсімделген нәтиже. Жаңалықтар мынадай түрде рәсімделуі мүмкін: зерттеулер, ойлар, патентер, тауарлық белгілер, рационализаторлық ұсыныстар, жаңа немесе қайта жандандырылған өнім құжаттар, технологияға, басқару және өндірістік үрдіс, ұйымдық, өндірістік немесе басқада құрылымдар, ноу-хоу, түсініктемелер, ғылыми жақын келу немесе негіздемелер, құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.), маркетингтік зерттеу нәтижелері және т.б. (101). Друкер П. көзқарасында «инновация- бұл зерттеу де, жаңалықта емес. Бірақта екеуі де кей жағдайда қажет болуы мүмкін. Ол ғылым негізінде фокусталынбайды, ал ол тиімділік негізінде қарастырылады. Оның маңызы негізі техникалық және ғылымиға қарағанда, концептуалдық мінезде. Новатордың сапалық мінездемесі болып, басқаларға бөлшектелген, байланыссыз жинақта көрінетін жүйені біріктіру мүмкіндігі табылады. Инновация максималды мүмкіндікті беретін аймақтарды табу үшін: бар нәрсені жасау үшін не жетіспейді, біздің табыстарды өзгерту үшін қандай кішкене қозғалыс жасау қажет, біздің барлық ресурстардың күшін көбейту үшін қандай аз ғана өзгеріс енгізу қажет»

    Инновациялық үрдістің бағыттылығы мен мінезіне әсерін тигізетін негізгі факторлар:

  • жаңалықтардың ақпараттылығы. Ұйымдар нақты қорытылмаған жаңалықтарды көбінесе іске асыруға жұмыстана бастап, ол туралы мардымсыз мәлімет игере отырып, нені енгізетіндігі туралы жұмыс бабымен шешуге бейімделеді. Нәтижесінде, жаңалықты енгізу “велосипедті қайта ойлап тапқанмен” бірдей болады;
  • сыртқы бақылауда ұстау- бұл, кәсіпорынның сыртқы аумаққа тәуелді болуы немесе сыртқы жүйе алдында жауапкершілікті жүктеу деңгейі (бұндай тәуелділіктің формасы болып, қарыз құралдарына, кадрларға, тұтынушыларға және т.с.с. қажеттілігі табылады). Өз аумағына қарапайым икемделуге емес, бақылауға ынталы кәсіпорындар, жаңалықтарға жоғары дайындығын көрсетеді;
  • резервтік ресурстар (қаражат, кадрлар, материалдар және т.с.с.). Өте жоғары деңгейдегі резервтер жаңалықтарға қажеттіліктерді туғызады;
  • ұйымдық құрылымы.

    Мемлекетік  индустриялық-инновациялық саясаттың  негізгі мәні әлемдік нарықтағы  белгілі бір тауаралардағы экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес салаларында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін құру және дамыту болып табылады.

          Индустриялық  саясат деп мемлекет олар арқылы бәсекеге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасайтын және қолдау көрсететін шаралар кешені түсініледі.

    Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы Қазақстан Республикасының  2010 жылға дейінгі кезеңге арналған дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің, білімдердің нәтижелерін беру процесі.  Жаңалықтарға жоғары жауапкершілікпен қарау қажет, онда әр жаңалық кәсіпорынның тұрақтылығын бұзады, ішкі қысымдыққа әкеледі, белгілі уақытқа қызметін бұзады, өлшемдеріне өзгеріс әкеледі. Тұрақты жүйені сақтау қолдан жасалу арқылы, жаңалықты кезеңдер арқылы, оның жүйесінің бір элементтерінде өзгеру кезінде   басқалардың тұрақты құрылғандығы сақталуы тиіс.

    Инновациялық  үрдіс жүйелік көрініс ретінде, Пригожин А.И.-дің көзқарасымен 3 кезеңге  бөлінуі мүмкін

  • өзгеріс импульсін анықтау. Ол сыртқы аймақтан келетін ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі;
  • өзгерістерге қажеттілікті түсіну;
  • өзгерістерге қарсылықтардан өту. Қарсылық- бұл өзгерістерге бірінші мінезі, өйткені өзің үшін өзгерістің пайдалығы мен шығымдылығын талдауға адамзатқа белгілі уақыт қажет. Өзгерістерге қарсылықтың психологиялық негізі инерция мен әдеттер, белгісіздіктің алдында қорқыныштықтың болуы табылады.

    Инвестициялар деп өнеркәсіптің,құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқада салаларының кәсіпорындарында капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкі нәтиежесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

    Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Кәсіпкерлер оны өзінің табысыныңқаражаттарының есебінен жұмылдырады.Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның  меншігінде қалған табысы саналады. Бағағалы қағаздардың  көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

    Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша : қаржылық және нақты болып бөлінеді.

    Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материялдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

    Қаржылық инвестициялар-бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқада олжалар.  
 

    1.2. Инновациялық – инвестициялық іс - әрекетте экономиканы басқару ерекшеліктері мен жүйелік – технологиялық бағыттары

    Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы  (бұдан әрі – Стратегия) 2015 жылға  дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономиканы жеделдетілген жаңғырту әрі әртараптандыру және оны дамытудың шикізатттық бағытынан қол үзу және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

    Мемлекет  дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын  жария еткен негіз қалаушы  құжат елдің 2030 жылға дейінгі  ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындап берген  Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы» атты Жолдауы болып табылады.

          Стратегия Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Қазақстан  кәсіпкерлерінің оныншы форумындағы "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауына,  Мемлекет Басшысының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс  алдында. Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан-2030» стратегиясы» Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде.

    Біздің  ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды  бағыттары» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы  Жолдауларына, «Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 61-тармағына және «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 231-тармағына сәйкес әзiрлендi.

    Стратегияны табысты іске асыру 2015 жылға қарай  ел экономикасы сервистік-технологиялық дамуға  көшуге дайындалуға тиіс.

    Стратегияда қойылған мақсаттарға тиімді қол  жеткізу үшін олардың шеңберінде Стратегияны одан әрі жүзеге асыру  күтілетін жаңа экономикалық шарттарды  ескере отырып,  оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толықтыру және  экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салаларын және адами капиталды қарқынды дамыту жөніндегі мемлекеттің кешенді күш-жігерін айқындау талап етіледі.

    Стратегия индустриялық-инновациялық  дамудың және экономикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үдемелі инновациялық даму жағына қарай экономика құрылымындағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылдырылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық шараларының, қағидаттардың, басымдықтардың жиынтығын білдіреді.

    Осы құжат ұлттық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік-коммуникациялық  және әлеуметтік инфрақұрылымды үлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялардың (мемлекеттік даму институттары мен ұлттық компаниялардың қаражаттарын қоса алғанда) негізгі басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

    Стратегияны іске асырудың негізгі бағыттары:

    Минералдық ресурстарды басқаруды жетілдіру:

    Орта  және ұзақ мерзімді кезеңде минералдық-шикізат  ресурстарын игеру және өндіруші өнеркәсіпті дамыту елдің экономикалық даму қарқынын айқындайтын болады және экономиканың қалған секторлары үшін – өсу, ал жеке перспективада даму орнықтылығының локомотиві болып табылады.

    Осыған  байланысты минералдық-шикізат ресурстары саласында басты міндеттердің бірі жер қойнауын пайдалану тиімділігін  арттыру арқылы жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, елдің минералдық-шикізат базасын дамыту және нығайту, пайдалы қазбалардың қорларын ұлғайту болып табылады.

    Осыған  байланысты әлемдік даму үрдістерін, ұзақ мерзімді, сондай-ақ елдің көлік-коммуникациялық  желісін дамыту сасятымен өзара  байланысты ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, минералдық-шикізат ресурстарын игерудің ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет.

    Минералдық-шикізат  базасын дамытудың 2030 жылға дейінгі  стратегиясын іске асыру жалғастырылады.

    Елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың  2003 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралар жүргізілуде:

    пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтау  үшін  базалық материал ретінде 1:200000 масштабында алаңдарды геологиялық  жете зерделеуді жүргізе отырып, жаңа ұрпақтың картографиялық негіздерін құру;

    1:200000 масштабында алаңдарды геологиялық  жете зерделеп, мемлекеттік өңірлік  гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық  зерттеулер жүргізе отырып, жер  асты суларының перспективалық  алаңдарын табу және бағалау;

    Осы тетікті іске асыру үшін Қазақстан  Республикасының «Инвестициялар туралы»  және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңдарына  бірқатар заңнамалық түзетулер енгізу қажет болады.

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары