Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі - Елбасымыз дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы деп – индустриалды-инновациялық дамуыд жолға қою және оның жүзеге асуын қатаң бақылауға алу деп баса айта кетті. Ел экономикасын жолға қою үшін осы саланы дұрыс зерттеп қаржы құралдарын дұрыс қолдана білсе – индустриалдық-инновациялық даму экономиканы алға жетелеуші локомотивке айналамақ.

Файлы: 1 файл

Диссертация КАЗАХС.doc

— 688.00 Кб (Скачать файл)

    Стратегияны табысты жүзеге асыру маңызды  бағыты электр энергиясын тиімді пайдалануды ынталандыру, қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту ғана емес, энергетика саласына энергия үнемдеуші, оның ішінде ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізу тетіктерін әзірлеу болып табылатын Қазақстанның электр энергетикасы саласының дамуын айқындайтын болады.

    Электр  энергетикасы саясаты:

    Электр  энергетикасы саласының бар әлеуеті  экономиканың  және ел халқының электр және жылу энергиясына таяу жылдардағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік өндірістің өспелі өсімін және электр энергиясын тұтынудың тиісті өсімін ескере отырып, ұлттық маңызы бар электр станцияларында да, өңірлік энергия көздерінде де генерациялайтын қуаттарды өсіру жөнінде шұғыл шаралар қабылдау талап етіледі. Сондай-ақ электр желілік объектілерді қайта жаңарту мен қалпына келтіруді жүргізу талап етіледі.

    Осыған  байланысты электр энергетикасын дамытуға едәуір инвестиция салу қажет. Бұл ретте  электр энергетикасы саласында тартымды инвестициялық ахуал құру, жаңа объектілер салу, қолданыстағыларын кеңейту және қайта жаңарту мәселесі негізгі проблемалық мәселелердің бірі болып қалып отыр.

    Мынадай тетіктерді пайдалану ұйғарылып  отыр:

    республикалық бюджет қаражатын электр станциялары  мен электр желілік объектілерді жаңғырту, қайта жаңарту, кеңейту үшін пайдаланудың айқын стратегиясын әзірлеу. Электр энергетикасына бюджеттік инвестициялар тарту бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

    жаңа  электр станциялары мен электр желілік объектілерді салу үшін жобаларды іске асырудың ықтимал нысандарының бірі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану болып табылды;

    отандық және шетелдік даму институттарының  қатысуы не қазақстандық және шетілдік компаниялардың даму институттары мен жеке меншік инвесторларының қаражатын тарту жолымен жобаларды бірлесіп іске асыру.

    2010 жылы электр энергиясын өндіру  мен тұтыну тиісінше 94,2 млрд. кВтс  және 95,4 млрд.кВтс-ны құрайды. 2015 жылы  электр энергиясын өндіру мен тұтыну тиісінше 119,7 млрд.кВтс мен 116,7 млрд.кВтс-ға дейін өседі.

    Индустриялық  инфрақұрылымды дамыту:

    Қазақстанның  экономикасын жаңғырту және әртараптандыру және әлеуметтік мәселелерді шешу контексінде  қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру стратегиялық мәнге ие болуда. Индустриялық саясаттың осы бағытын іске асырудың өзектілігі мыналарға негізделген: Қазақстанның экономикасына салынған инвестициялардың зор ағынына қарамастан, негізгі инвестициялар әлі де өнеркәсіптің өндіруші салаларында, сондай-ақ құрылыстың, сауданың, қызметтер мен демалыс орнының кірістілігі жоғары салаларында генерациялануда.

    Кластерлік  бастаманы іске асыру

    Қазір бұл экономикасы жоғары дамыған  елдерде ғана емес, өтпелі және өспелі экномикасы бар елдерде де қарапайым оқиға. Кластерлік бастамалар өңір шегінде кластерлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін күшейту және арттырудың ұйымдасқан қадамдарын білдіреді, оларға кластерлерге кіретін компаниялар, үкімет және/немесе ғылыми топтар қатысады.

    Қазақстанда кластерлердің туындауы олар еңбек өнімділігін арттыратындығына байланысты, бұл, өз кезегінде, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Кластерлік даму саласындағы бастамалар макроэкономикалық тұрақтандыру, жекешелендіру, нарық ашу және коммерциялық шығынды төмендету үшін бұрын салынған күш-жігердің нәтижесінде мүмкін болған Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа маңызды бағыты болып табылады. Кластерлік зерттеулер нәтижелері бойынша туризм, жүк тасымалы, мұнай-газ машиналарын жасау, тігін өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, металлугия және құрылыс материалдарын шығару сияқты салалар мен кіші салаларда 7 пилоттық кластер қалыптастыру перспективалы болып айқындалды.

    Кластерлік  бастама экономикалық саясаттың  басымдықтарын анықтау, кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын әзірлеу және іске асыру үшін кластерге қатысушының, үкіметтің және/немесе ғылыми топтардың күш-жігерін біріктірудің инновациялық тәсілі болып табылады. Осыған байланысты кластерлерді дамыту мемлекет, компаниялар және басқа да институттар саясатының басымдығы болуға тиіс. Елдегі кластерлерді дамытуда негігзі рөл жеке бастамаларға және жергілікті атқарушы органдарға берілуге тиіс, оны іске асыруды:

    өңір (немесе бірнеше жақын жатқан өңірлер) әлеуетті бәсекелес басымдықтарға  ие экспорттық «тауашаларға» шығу үшін шағын және орта компнаиялардың, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың күш-жігерін біріктіру есебінен;

    ірі тігінен-тік кіріктірілген компаниялар  жұмыс істейтін (негізінен мұнай-газ  және тау-кен-метталургия салаларында) өңірлерде өңірдің ірі компанияларының талаптарына сәйкес келетін тауарларды беру мен қызметтерді көрсету жөніндегі тапсырыстарды  алу мен орындау үшін шағын және орта компаниялардың күш-жігерін біріктіру есебінен іске асыру қажет.

    Жергілікті  атқарушы органдардың кластерлік бастамаларды іске асырудағы рөлі өңірлерде мыналарға жәрдем көрсету және жағдай жасау болып табылады:

    жеке  меншік сектор тарапынан бастамалар болмаған жағдайда кластерді дамытуға бастамашылық жасау (маркетингтік зерттеулер жүргізу, кластерлерге әлеуетті қатысушылар арасында диалог орнату және т.б.);

    кластерге әлеуетті  қатысушылар: өндірушілер, берушілер, сервистік компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, реттеуші органдар және қаржы институттары) арасында өзара  іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді үйлестіруші тетіктерді құру (мысалы, үйлестіруші кеңестер);

    кластерлік  даму үшін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптастыру және дамыту: өндірістік және қома үй-жайларын, кіреберіс жолдары, көлік-логистикалық тораптар қалыптастыру, кластерлерді дамытуды қамтамасыз ететін инженерлік желілер мен басқа да объектілері бар жер учаскелерін беру.

    Ұзақ  мерзімді перспективада республиканың  әрбір өңірінде сыртқы нарыққа шығудың  әлеуетті бәсекелес бастамалары  бар экономиканың шикізаттық емес секторының салалары мен кіші салаларында кемінде 2-3 кластер құру мен дамытуды көздеу қажет.

    Мемлекет  пен бизнес-қоғамдастықтар тарапынан  нысаналы  бағытталған логика бірлескен  іс-қимылдар Қазақстанның әлемдік жаңа нарықтарға шығуын қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

    Жетекші кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдар өзіне корпоративтік көшбасшылар  функциясын алуға және серпінді жобаларды  табысты іске асыруға әлеуетті қабілеттілікті таниды.

    Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы активтер басқару жөніндегі жүйе құраушы  тәсілдерді жетілдіру мақсатында және басым серпінді жобаларды іске асырудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық және онымен сабақтас салаларда да мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру талап етіледі.

    «Қазақстан  Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы  
13 сәуірдегі № 314 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылды.

    Мемлекеттік комиссияның міндеттері Қазақстан  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі  мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешімдер әзірлеу және қабылдау болып табылады.

    Мемлекеттік комиссия серпінді макрожобалардың  өлшемдеріне жауап беретін және оларды Серпінді макрожобалар тізбесіне  қосуды ұсынатын мәлімделген жобаларды  қарайды, сондай-ақ осы жобаларды  табысты іске асыру үшін мемлекеттік  қолдау шараларын қарастырады.

    Серпінді  макрожобаларды іске асыру және мемлекеттік  қолдау шаралары туралы оң шешімді  Мемлекеттік комиссияның ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының  Үкіметі қабылдайды.

    Бұдан басқа, мемлекет серпінді жобаларды  іске асыру тетігін макроэкономикалық реттеуді, оның ішінде ақша-кредит саясатын жүргізу, ірі ауқымды ұзақ мерзімді салымдарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар қалыптастыратын тұрақты макроэкономикалық орта құру арқылы жүзеге асыратын болады.

      Отандық экспорттылаушыларды қолдау

    Экономикалық саясаттың осы векторын таңдау қазіргі кезде бастапқыда жеңілісті жағдайдағы (мұнай-газ секторын қоспағанда) қазақстандық кәсіпорындарға бірқатар объективтік себептерге байланысты сыртқы нарықтарда бәсекелесудің өте қиындығымен түсіндіріледі.

    2006 жыл ішінде Қазақстанның  экспорты 2005 жылмен салыстырғанда 37 %-ға ұлғая отырып, 38,3 млрд. АҚШ долларына жетті. Осы кезең ішінде импорттың 2005 жылмен салыстырғанда 36,4 %-ға кеңеюі (23,7 млрд. АҚШ доллары) экономиканың серпінді өсуінің көрінісі болып табылады.

    Экспорттың  озық дамуы оң сауда теңгерімі  мен ел резервтерінің сенімді  түсіндіріледі. 

    Кесте 1 – Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары 

      2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл 2006 жыл
    Экспорт 8631,50 9709,10 12900,4 20096,20 27849,00 38250,30
    Импорт 6445,60 6490,50 8326,90 12781,20 17352,50 23676,90
    Сыртқы  сауда айналымы 15077,1 16199,6 21227,3 32877,40 45201,50 61927,20

    Көз: ҚР. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

    Мұнай және тау-кен өндіру саласының өсу  қарқыны (2001 – 2006 жыл аралығындағы кезең ішінде нақты мәнде 63,2 %) қайта өңдеу салаларының өсу қарқынын (осы кезең ішінде 55,1 %) басып озады.

    Мәселен, өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық  көлем индексі 2002 жылы 8,1 %-ды, 2003 жылы – 7,9 %-ды, 2004 жылы – 9,2 %-ды, 2005 жылы – 7,6 %-ды, 2006 жылдың қорытындылары бойынша – 7,3 %-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ - дегі үлесі 2001 жылғы 28,8 %-дан 2006 жылы 24,2 %-ға дейін тұрақты түрде азаюда. 

      

    Диаграмма 1 – Өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ құрылымындағы үлесі, %

    көз: ҚР. Статистика агенттігі, 2006 жылғы жедел деректер

    Мәселен, егер 2001 жылы экспорттың бес бірінші  тобы1 жалпы экспорт көлемінің 82,5 %-ын құраса, 2006 жылы бұл қатынас 88 %-ды құрады. 2006 жылы минерал өнімдері экспортының үлесі экспорттың жалпы көлемінің 71,9 %-ын, түсті және қара металдар мен олардан жасалған бұйымдар 16,1 %-ды құрады. Шикізаттық емес2 өнім экспортының өсіп отырғанына қарамастан, шикізат материалдары мен төменгі қайта бөлу өнімі экспортының елеулі озық өсімі экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес өнім үлесінің орнықты түрде азаюына әкеп соғады.

    

    Диаграмма 2 – ҚР тауарларының шикізаттық емес және шикізаттық экспортының қатынасы

      Көзі: ҚР. Статистика агенттігі

    1 Экспорттың бес бірінші позициялары: СЭҚ ТН 25,26,27 «Минерал өнімдері», СЭҚ ТН 72 «Болат және болаттан жасалған бұйымдар, СЭҚ ТН 74 «Мыс және одан жасалған бұйымдар».

    2Шикізаттық емес өнімді немесе жоғары қосылған құны бар өнімді ресми айқындау болмағандықтан, іріктеу жоғары қайта бөлуге сүйене отырып, шартты түрде жүргізілді.

    Егер 2001 жылы шикізаттық емес өнімнің үлесі 11,6 %-ды құраса, 2005 жылы ол 6,1 %-ды құрады. Бұдан басқа шикізаттық емес экспортта  елеулі үлесті төменгі қосылған құны бар және әдетте атауларының саны шектеулі өнім құрайды.

    Осы үрдіс ішкі және сыртқы сипаттағы  мәселелерді шешуді қамтитын екі  негізгі бағыт бойынша мемлекеттің  дайын өнімді ұлттық өндірушілер  мен  экспорттаушыларды қолдауының барабар тетіктерін әзірлеу қажеттігіне  мәжбүрлейді.

Информация о работе Инновациялық – инвестициялық үрдістің теоретикалық бағыттары