Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Басқару. Адамды басқару. Қызметті басқару. Бұл үш ұғым, өте кең, ауқымды мағынада жүреді. Қызметпен басқару-қызметтiң жоспарлауынан, өндiрiстiк есептердiң дұрыс жүруімен, өндiрiстiк жұмыстың өлшем жүйесiнiң нақты жасалуынан және тапсырмалардың орындалғандығын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай адамды басқару ұғымы туындайды. Егер қай қызметте болмасын адамдармен басқару терiс, дұрыс емес iске асса, қызметпен басқару жүзеге аса алмайды. Адамдарды басқару, кәсіпорындағы қызметті басқарумен байланыстырылады. Осыған орай жалпы басқару ұғымы туындайды.

Содержание работы

Кіріспе бөлім...........................................................................................................1

1 бөлім. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру...................................2
Тарихи тұрғыдан кәсіпкерлік ер адамның жұмысы..................................5


1.2 Әйел адам-әлсіз, нәзік жан...............................................................................6

2 бөлім. Дамыған елдердегі соның ішінде Еуропа елдеріндегі әйел-басқарушы тәжірибесі............................................................................................7

3 бөлім. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы Қазақстандағы әйел-басқарушы..............................................................................................................10

3.1 Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның жеке мақтау қағаздары, әйел адам тамаша басқарушы бола алатындығының нақты үлгісі......................12

4 бөлім. Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар...

4.1 Қазақстан Республикасында әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіреттін факторлар...........................................................................................14

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................18

Қосымша мәлеметтер............................................................................................19

Файлы: 1 файл

КУРСАВОЙ АИДА 1.doc

— 347.00 Кб (Скачать файл)
>     Ең бірінші және ең негізгі фактор-уақыт. Уақыт-ешкімді де ешқашан аямайды. Уақытты бір өткізіп алған адам, оны қайтара алмайды. Ал әйел адамға-Ана болу тән, табиғатымен бойына жазылған қасиет. Ана болу әрине көп уақытты алатыны жұмбақ емес. Және де біздің елімізде батыс елдерінде секілді өнеркәсіптік кәсіпорындардағы директорлар және олардың орынбасарларының жұмыс уакытының орташа ұзақтығы 10-12 сағатқа дейін, яғни таңертеңгі 8-ден, кешкі 8-ге дейін. Біздің елімізде бұндай күнтізбе кошеметтенбейді.

     Екінші фактор әрине минталитет. Адамның туып-өскен ортасы, салт-дәстүрі, ұстанатын қадір-қасиеті оның дамуында үлкен рөл атқарады. Біз қазақпыз.   Осы фактордың өзі-ақ сөзсіз айқын жайт. Қазақ тарихында әйел адам әрқашан ана болған, сол бейнеден түспейтін де секілді. Әлеміміз қаншалықты дамып жатса да, қазақтар үшін әйел адам-басқарушы, әлі де үйреншіксіз жайт, мүмкін емес жайт секілді. Ата заманнан қалыптасқан мына мақалдың өзі айқын себеп: «қыз оқып-молда болмас», яғни әйел дамның еңбегі ешқашанда бағаланбайды. Бұл көзқарастан біздің еліміз қай уақытта арылатыны белгісіз. Себебі біздің елімізде әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру ғана емес, сонымен қатар басқару ұғымының өзі толығымен зерттелмеген.

     Үшінші фактор діни көз қарас. Қазақстан республикасы зайырлы, тәуелсіз мемлекет. Елімізде қандай дін жолында жүрсең де, өз еркін. Бірақ бүгіңгі таңда елімізде діни жаңдану кезеңі ревалюция болып жатқаны бәрімізге де мәлім. Қазақстан өзін зайырлы мемелекет деп жариялағаннан бері, елімізде түрлі діни нанымдар, түрлі ағымдар көбейіп кетті. Бірақ еліміздің жастарының 70 ислам дінің қабылдаған. Исламда әйел адамы өзінің жұбайының, яғни ер адамының рұқсатынсыз ешбір істі бастауға құқығы жоқ. Ал ер адам үшін жоғарыда айтылып кеткендей, әйел адам басшы болу, олар үшін  қадір-қасиетін төмен түсіргенмен тең. Құран кітабының Бақара сүресінің 228 аятында былай делінген: «ерлердің әйелдердегі сияқты6 әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден гөрі ерлердің дәрежесі артық...» (Бақара 228) ислам дінінде әйел адам мен ер адамның құқығы тең. Әйел адам кәсіпкер болуға да рұқсат етілген, бірақ тек ғана жұбайының ризалығымен, қалауымен. 

     Осы негізгі үш фактор біздің елімізде әйел адамға толық қанды жұмыс жасауға кедергі келтіреді. Әрине бұл факторлардың түзету жолдары бар, бірақ ол өз мезетінде әр әйел адамның өзіне байланысты болып отыр. Себебі бүгінгі күні жұмыс жасау әйел адамның өз еркінде. Ал қазақ әйелдері үшін жұмыспен үйді біріктіру мүмкіндігі көп жағдайда өте аз. Әйел адамы үшін өмір ол-таңдау. Бізідң елімізде әйел адамдар көбіне отбасы жағдайына көп мән беріп. Отбасылы болуды таңдайды. Бұл өз мезетінде басқарушы болу деген ойдың өзін ғана жауып тастайды.

     Басқарушы әйел адамдардың пікірінше-олардың тиімді қызмет етулеріне ең қажетті келесідей шарты: жағының берік және сенімді болуы (прочность и надежность тыла). Жұбайының немесе тума-туысының, соның ішінде ата-енесінің түсінушілікпен, мейірбандықпен қарауы.

     Бүгінде тамаша ханым-басқарушының идиальная леди-босс бейнесі қандай?  Айтар болсақ ол- сұлу, нәзік, қатаң бірақ мейрімсіз емес, білімді, жағымды, біреудің көңілін өзіне аударушы, бар шешімдерді өзі қабылдайтын, физикалық белсенді, тәуекелге дайын, ескертулерге, сынақтарға жақсы көз қараспен қарайтын, бір әлуметтік рөлден басқарушыдан, екінші ана, қызы, жұбай рөліне оңай көшіп, сол қызметтерін ешбір қатесіз орындайтын өте көрікті, ұқыпты нәзік жан. Ал бұл физикалық-психологиялық тұрғыдын мүмкін бе?!

     Бүгінгі таңда өнеркәсіпте 12% басқарушы-әйелдер жұмыс жасайды. Тең табиғи күштердің жақтаушыларының маңызды дәлелдері бойынша, басқарушы-ер адам-психлолгияда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді жағастырушы, ал басқарушы-әйел-өзіндік наразылық деп тусінеді. Бұл мәлемет қаншалықты дұрыс екені әрине әлі толық зерттеліп біткен жоқ және де дұрыстылық ықтималдығы қанша пайыз екені анықталмаған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Осы курстық жумыста әйел адам-басқарушы  тұжырымдамасы қарастылды. Еуропа  елдеріндегі әсіресе АҚШ елдерінің  әйел-басқарушы тұжырымдамасының  тәжірибелері айтылды. Осыған  орай Қазақстан республикасында да болып жатқан эномикалық өзгерістер туралы да айтылды. Және де анық мысал ретінде Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының қызметі көрсетілді. Әрине қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болып табылады. Қазақстанның болашағы әлі алда. Әйел адам-басқарушы тұжырымдамасы жалпы басқару саласы біздің мемлекет үшін өте жаңа, жас сала болып табылады. Әрқашан да дамушы мемлекет, дамыған мемлекеттің тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік саясатын құрайды. Бұл курстық жұмыста жазылатын басты мақсат әйел адамды басқарушы ретінде талдай отырып, экономиканы дамыту үшін жаңа пайда табу көздерін анықтау, яғни әйел адамның интелектуалдығын пайдалану арқылы. Жалпы әйел адам мен ер адамның құғы тең. Бірақ ол біздің елімізде  формалды түрде ғана қалып қоятыны өкінішті. Әйел адам да, ер адамда ойлау қабілеттілігінде бірдей. Олардың айырмашылықтары адам бойында табиғатпен берілетін қасиеттермен ғана ерекшеленеді. Әріне кәсіпорындағы пайда көлемін максималдау үшін әйел адам немесе ер адам басқару тәжірибесінің ерекшелігін бөлу қажет емес. Кәсіпорын нарықта мықты басқарушыға ғана байланысты тұрақтанады, ал басқарушының жынысы, бұған мүлдем әсер етпейді. Бұл тұжырым тек ғана заманның алға қарай өрбеп,  дамуына байланысты туып отырған жайт. Бүгінгі таңда әйел адам өз құқығын ашық түрде көрсетуге ынталы. Өз мүддесін заңмен қорғау, адамдық қасиеттерін ашық қолдану үшін ешбір ережеге,қағидаға сүйенбейді. Әйел адам бұл заманда ешкімге де тәуелді емес. Бірақ бүгінде демократияның дамып, гүлдеп тұрған кезеңінде бұл ғажап жайт емес.

     Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаттары ашылып толықтырылды.    Әйел адамды-басқарушы ретінде қарастыру және де Қазақстанда Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар қарастырылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
 

  1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент, - М.: Гардарика, 2003.
 
  1. Управление  персоналом: учеб. пособие/под ред. Г.И. Михайлиной.-2-е изд., доп. и перераб. - М.: ИТК "Дашков и К", 2007;
 
  1. Иванова С. Офис-менеджер/С. Иванова//Справочник по управлению персоналом.-2006;
 
  1. Шипунов В.Г. Основы управленческой деятельности: социальная психология, менеджмент: учебник/В.Г. Шипунов, Е.Н. Кишкель.-2-е изд., перераб. и доп.-М.:Высшая школа, 2004.2005г.
 
  1. Завгородный Н. Оборотная сторона стремительной  карьеры/Н. Завгородный//Справочник по управлению персоналом.-2006;
 
  1. «Менеджмент негіздері», Ахметов К.Ғ, Сағындықов Е.Н, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А, Жұмаев Ж.Ж. ,: Оқулық.- Ақтөбе; 2005 ж
 
  1.  «Менеджмент», Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С.,: Оқулық. - Алматы; «Қазақ университеті»,
 
  1. «Стратегический менеджмент» Теория и практика Зуб А.Т. ,: Оқу-әдістемелік құрал Аспект Пресс, 2002 ж
 
  1.  «Основы менеджмента», Майкл Мескон, Майкл Альберт: Оқулық.-Мәскеу; «Дело», 1998 ж.
 
  1.  И-87. Жұбайлар  шаттығы / араб тілінен ауд.  А.Ахмад-Алматы:   ЖШС «Әлбаракат баспасы», 2009. 160 бет.
 
  1.   Бюрненталь. Т. Халықаралық адам құқығы: қысқышы шолу.-/ ағыл. Ауд -. .Алматы: Ғылым, 1999 ж.320б,
 
  1.   www.unesco.kz
 
  1.   www.symbat.kz
 
 
 
 
 
 

Қосымша мәлеметтер 

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының өмірбаяны. 

     Жамбыл облысы, Мерке ауданында туып-өскен. Мәскеу тоқыма институтын, механико-технологиялық факультетінің тоқыма өндірісінің инженер-технолог мамандығы бойынша 1964-1969 жылдары бітірген.

  • 1964-1969 жылдары – Мәскеу тоқыма институтында оқу
  • 1969-1972 НОТ инженері, «Трикотажница» Мәскеу фабриканың бас инженерінің м.а.
  • 1972-1984 бас инженер, «Алмагуль» фабриканың директоры ,
  • 1984-1986 «Қазақстан» фирмасының бас директоры,
  • 1986-1990 Алматы қаласының қалалық туристікқ басқармасының бастығы
  • 1990 жылдан бері уақытта «Сымбат» сән Академиясының Президенті, «Сымбат» сән бизнесі Академиясының Президент-ректоры.
 
  • 1995 жылы  ғылыми дәреженің ізденушісі  экономика ғылымдарының кандидаты  диссертациясын қорғады.
  • 2003 жылы Асанова С.Ж. «Тігін бұйымдарының технологиясы» 05.19.04. мамандығы бойынша диссертацияны қорғап және техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.
  • Отбасы жағдайы: 2 қызы, 5 немересі бар.
  • Экономика ғылымдарының кандидаты
  • Өнертану доценті
  • Техника ғылымдарының докторы
  • Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі (Мәскеу қ.)
  • ҚР Ұлттық Инженерлік академик
  • «Халықтар достығы» ордені № 46297 4.08.1986ж. Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы
  • «Еңбек ардагері» медалі 15.02.1989ж. Жарлық
  • Алғыс хат ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан.
  • Медаль ҚР Конституциясына 10 жыл
  • «ҚР Инженерлік ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» медаль
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 8.12.2006 жылғы № 4130 Жарлығы
  • «10 лет Астаны» медалі
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша мәлеметтер А 

 
 
 

 
 
 
 
 

Қосымша мәлеметтер  Б 
 
 

 
 
 
 

Информация о работе Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру