Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Басқару. Адамды басқару. Қызметті басқару. Бұл үш ұғым, өте кең, ауқымды мағынада жүреді. Қызметпен басқару-қызметтiң жоспарлауынан, өндiрiстiк есептердiң дұрыс жүруімен, өндiрiстiк жұмыстың өлшем жүйесiнiң нақты жасалуынан және тапсырмалардың орындалғандығын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай адамды басқару ұғымы туындайды. Егер қай қызметте болмасын адамдармен басқару терiс, дұрыс емес iске асса, қызметпен басқару жүзеге аса алмайды. Адамдарды басқару, кәсіпорындағы қызметті басқарумен байланыстырылады. Осыған орай жалпы басқару ұғымы туындайды.

Содержание работы

Кіріспе бөлім...........................................................................................................1

1 бөлім. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру...................................2
Тарихи тұрғыдан кәсіпкерлік ер адамның жұмысы..................................5


1.2 Әйел адам-әлсіз, нәзік жан...............................................................................6

2 бөлім. Дамыған елдердегі соның ішінде Еуропа елдеріндегі әйел-басқарушы тәжірибесі............................................................................................7

3 бөлім. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы Қазақстандағы әйел-басқарушы..............................................................................................................10

3.1 Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның жеке мақтау қағаздары, әйел адам тамаша басқарушы бола алатындығының нақты үлгісі......................12

4 бөлім. Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар...

4.1 Қазақстан Республикасында әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіреттін факторлар...........................................................................................14

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................18

Қосымша мәлеметтер............................................................................................19

Файлы: 1 файл

КУРСАВОЙ АИДА 1.doc

— 347.00 Кб (Скачать файл)

         ӘЛ –ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

                             Экономика және бизнес факультеті

                           Менеджмент және бизнес кафедрасы 
 
 
 

                                            КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

Тақырыбы: Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру. 
 
 

Орындаған:                                                                         Кушкинбаева А. К

3 курс студенті    

М07К2                                                            
 

Ғылыми жетекші: Жұмамбаев С.К.

Э.ғ.к., доцент 
 
 
 

                                           Алматы, 2009 ж

Жоспар 
 

Кіріспе бөлім...........................................................................................................1 

1 бөлім. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру...................................2 

    1. Тарихи  тұрғыдан  кәсіпкерлік ер адамның  жұмысы..................................5
 

1.2 Әйел адам-әлсіз, нәзік жан...............................................................................6 

2 бөлім. Дамыған елдердегі соның ішінде Еуропа елдеріндегі әйел-басқарушы тәжірибесі............................................................................................7 

3 бөлім. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы  Қазақстандағы  әйел-басқарушы..............................................................................................................10 

3.1 Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның  жеке мақтау қағаздары, әйел адам тамаша басқарушы бола алатындығының нақты үлгісі......................12 

4 бөлім.  Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар...

4.1 Қазақстан  Республикасында әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіреттін факторлар...........................................................................................14 

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................18

Қосымша мәлеметтер............................................................................................19 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Басқару. Адамды басқару. Қызметті басқару. Бұл үш ұғым, өте кең, ауқымды мағынада жүреді. Қызметпен басқару-қызметтiң жоспарлауынан, өндiрiстiк есептердiң дұрыс жүруімен, өндiрiстiк жұмыстың өлшем жүйесiнiң нақты жасалуынан және тапсырмалардың орындалғандығын  бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай адамды басқару ұғымы туындайды.    Егер қай қызметте болмасын адамдармен басқару терiс, дұрыс емес  iске асса, қызметпен басқару жүзеге аса  алмайды. Адамдарды басқару, кәсіпорындағы қызметті басқарумен байланыстырылады. Осыған орай жалпы басқару ұғымы туындайды. Басқару  түр мәлiметтеріне байланысты былай сипатталады: жетекшiнiң жұмыс құрама бөлiгiнiң  ұжымдық  iскерлігін  қамтамасыз ету,  кадрлық саясат жүргізе білу, қарамағындағы адамдарға өз біліктілігін үйрете білу, деректерді, мәлеметтерді  беру. Ал басқару өз аясында қызмет түріне тәуелсіз, көп зерделi күштерді қажет етеді. Ұйымның қызметiн басқару-жұмыстың максимал нәтижелерiнiң табысына талпынысын бiлдiредi. Осыған байланысты келесідей тұжырымға келуге болады: басқару-адам қызметiнің барлық дәрежесінде кездеседі және адамның әр түрлi қызметтi басқаруды қажет етеді. Жақсы басқару iске асқан сайын жетiстiктiң ықтималдығы соншалықты жоғары болады. Басқару арқылы ғана-нәтижені нақты болжау, адамдардың тығыздығы  және олардың бір ұжымда жұмыс жасауы жүзеге асырылады. Осыған орай бүгінгі күнде басқару көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр. Басқаруды әбден жетiлдiрудi, жаңа формаларын iздестiру, оның дамытуының жаңа жолдарын қарастыру бүгінде, экономистердің де, психологтардың да басты мәселесі болып табылады.

     Ұжымды басқару-өнерлі іс және де осы өнермен айналысатын адамнан оның темпераменттілігін, дүние танушылығын, құзыреттiлiгін, ойлаудың ауқымдылығын, үйлесiмді жұмыс жасап білуін қажет етеді.  Басқарушы-көш басшы, ынталандырушы, ұйымның болсын, кәсіпорынның болсын алға бастаушы күші болып табылады. Бүгінгі таңда басқарудың көптеген түрлері анықталған. Айта кетсек, авторитарлық стиль, демократиялық стиль, Либералды стиль, технократиялық және бюрократиялық стиль. Басқару стилі, басқарушының  мәдениеттiң деңгейi және құндылық бағыттана тәуелдi болады. Басқарудың ең шешу тұжырымдамасы: «жеке басқару», яғни басқарушының қарамағындағы жұмыс істеп жатқан адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы, жұмыс жасауға әсерін тигізетін  әр түрлi әдiстерiн қолдана отырып және олардың тиiмдiлiк дәрежесiн анықтау арқылы жұмыс жасау процесінде жеке басқару.

    Француз ойшылы және филосовы Шарль - Луи Монтескьенiң айтуынша: «адамдармен басқарғын келсе оларды өз алдында айдап жүрудің қажеті жоқ, олардың ізінде өзің жайлы жүруін керек».(« если хочешь управлять людьми, не надо гнать их впереди себя, надо следовать за ними»).  
 

  1. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру.
 

     Бұл курстық жұмыс жоғарыда айтылып кеткен басқару стильдері ретінде, әйел адам басқарушы ретінде қарастыруға анализдеуге бағытталған. Менеджерлік негізгі мыслалдар мен мәселелер келтірілген.  Бүгінгі таңда бұл жұмыстың мәні өте маңызды. Себебі  заманның өзгеруіне қарай, адамның интелектуалды дамуына қарай көптеген өзгерістердің біздің өмірімізге әсері тиіп жатқаны айдан анық болса керек. Бүгінгі таңда еліміз дамушы мемлекеттер қатарында. Бірақ оған қарамастан,  әйел адамды басқарушы  ретінде қарау, біздер үшін үйреншіксіз нәрсе. Себебі біздің ойлау қабілетіміз, салт-дәстүр, дін-ниетіміз, батыс елдерінен әлде қайда өзгеше, тым өзгеше.

     Соңғы екі үш мың жылдықтарда дамыған елдерде әйел адам мен ер адамның құқығы тең. Яғни әйел адамы бұл заманда тек ғана үйді және үй ішін аялап әлпештеп ұстайтын Ана ретінде ғана емес сонымен қатар «жұмысшы-әйел», «бағушы-ана» ретінде қалыптасып келеді. Жалпы әйел адам мен ер адамның жалпы адамның теңдігі Қазақстан Респуликасының Конститутциясында 1 бабында анық та айқын көрсетілген. Бірақ оған қарамастан біздің елде күні бүгінге дейін әйел адамға деген көз қарас өзгермеген. Теңсіздік көп жағдайда байқалады. Мәселен: әйел адамның толық жұмыс бастылығы ешқашанда оның отбасымен немесе ата анасымен қабылданбайды. Көптеген кәсіп орындарда және де толықтай дерлік біздің мемлекетімізде әйел адамның  еңбегі бағаланбайды. Жалпы әйелдерге қатысыты кемстудің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияда былай делінген: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеячынсы саясы, эеономикалық, әлеуметтік. Экономикалық, мәдени азаматтық бостандықтарын жүзеге асыруға нұқсан келтірітін жынысына қарай кез келген айрмашылық жасау, ерекшклеу немесе шектеу заңмен қудаланады.

     Неше мың ғасыр бойы әйел адам тек ғана үй іші экономикасына ғана араласа алған. Осы себебтен де әйел адамды басшы ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеп  қарастыру ойға сыймайтын зат секілді. Ер адамның басшы болуы стандартты және де ешқашан өзгертілмес белгілі бір қағида ретінде сақталып келген. Мысалы ретінде сонау замандағы әскер басшысынан бастап бүгінгі күннің мемлекет басқарушысын қарастырсақ болады.

     Соңғы он жылдықта тэндірлі айырмашылықтарға байланысты соның ішінде еңбек қызметі өзгерістері және баққұмарлық сияқты факторлар,әйел адамның жұмыс жасау қабілеттілігі көптеген зерттеулер көзі болып отыр. Қарастырылып отырған мәселе өте қызықты, бірақ әр түрлі, мүлдем біріне бірі ұқсмайтын мағлұматтарды қамтып отыр. Сонын салдарынан көптеген теориялық және практикалық сұрақтар жауапсыз қалса керек. Тоқталып өтсек: «Басшы болу тек ғана ер адамға сай, ал әйел адам сонша ауыртпашылықты көтере ала ма?», «Әйел адам бір уақытта ақжаулықты ана, сенімді жұбайы, жауапты басшы бола ала ма?», «Отбасында әйелі мен ерінің орны ауысқан отбасы қаншалықты берік болады?», «Ер адам басқарушу мен әйел адам басқарушының қандай айырмашылығы бар?» Мен осы курстық жұмысымда осы мәселелерге көптеп назар бөлдім.

     Бүгінгі таңда кандай да мемлекеттің экономикасы, нарықтық экономика сипатында. Ал нарықтық экономиканың негізгі мәні, күніге өзгеруінде, күніге жаңарып, дамуында, яғни әйел адамның бойында сонша мың жылдықтар бойы сақталған басшылық қасиеттерін дұрыс қолдану арқылы, экономиканы әлде қайда өсіріп дамытуға болады деген сөз. Бірақ әйел адамның басшылық патенциалын қолдану үшін, Қазақстан Республикасында әлеуметтік экономикалық  өзгерістерді анализдеп зерттеу қажет. Себебі біздің еліміздің минталитеті қандай да болмасын дамыған елдің минталитетінен мүлдем өзгеше.

     Менің осы курстық жұмысымның басты мақсаты, Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық жағдайға байланыстыра отырып, әйел адамды басшы ретінде қарастыру, яғни экономиканы дамытуға жаңа табыс көзін іздеу. Ал әйел адамның бойында неше мың ғасырлар бойы сақталып келген бүркеме патенциал, табыс көзі бола алатыны сөзсіз. Әйел адамның ойлау қабілеті ер адаммен салыстырғанда мүлдем басқаша. Осыған орай бүгінде біздер жаңаша ойлау, жаңаша көз қарас яғни жаңаша басқару көздерін тауып отырмыз, ал ол өз кезегінде экономиканың, әлеуметтің, мәдениеттің дамуына зор ықпал етері де сөзсіз.

     Бүгінгі біздің әлеміміз күрт өзгерді. Кешегі қатаң иеархиялық басқару бугінде мативация немесе сенім орнату сияқты қағидалар қасында тиімсіз. Социялогиялық  терминдер бойынша, ер адам басшы көбіне вертикалды басқаруға көңіл бөледі, яғни қағидалы, ережеге сай, ал әйел адам керісінше, әр адамға индивидуалды көзқарасқа сүйеніп жұмыс жасайды, яғни мативациялық принціпке сүйенеді. Сондықтан әрқашан ұл балдар бірімен бірі жарысады, ал қыз балдар бәрі бір жиналып, сол мәселеден керекті мағлұматтарды ғана еске сақтап қалады. Қандай да болмасын мәселені шешуге әйел адам әрқашан терең оймен келеді. Ер адам болашақта істейтін істеріне ұзақ уақытты жобаларды жасауға құмар болса, әйел адам нақты, бүгін, осы мезетте болатын істердің қорытындысын күтеді. Әйел адам өзінің және біреудің қателіктерін әрқашан да қадағалап отырады. Ол әрқашан өз ойын нақтылы, идеяларын ашық көрсете алады. Ер адаммен салыстырғанда, әйел адам жұмыс уақытында алдамшы күтулерге (ухаживание) көңіл бөлмейді, яғни ол жұмыс пен демалыс уақытын нақты айырып қоя алады. Көптеген ер адамдардың ойынша, әйел адамдар жұмыс орнында жайлы жайтты құрайтын, сәнді киінген сұлу бейне секілді, бірақ олар мүлдем басшы бола алмайды. Бұл ер адамдар үшін мәңгіге сақталған қағида ретінде көрінеді. Мен бірақ бұл қағидамен мүлдем келіспеймін. Себебі әйел адамның интелектуалды патенциялы шексіз және де әлі зерттелу үстінде.

     Ұйымдастырушылық қызмет, мына жүйемен сипатталады: «адам-адамдар тобы», « ұйымдастырушы-тобтар».  Бұл жүйе осы нысандарға сай ықпалдар арқылы,  адамды басқарудың негізгі бөлігі болып табылады.  Яғни, «субьектінің-ұйымдастырушының, обьектіге-басшылық ететін топқа» ықпалы. Психологтар мен социологтардың анықтауы бойынша, кәсіпорындағы жұмыстың тиімділігі, айтарлықтай дәрежеде басқарушыға тікелей байланысты. Ал басқарушылық қасиеттері қаншалықты?

     Әйел адам әрқашан да тұрақтылықты қалайды, бірақ  бизнес  табиғаты тұрақты болуы мүмкін емес.  Бизнесте әрқашанда жаңалық  және де тәуекел болады, ал көптеген әйел адамдар тәуекелге бармайды. Ал ер адамдар керисінше тәуекелді жақсы көреді. Сондықтан да бизнесте ер адамдар көбіне мықты басшы болады.  Жалпы әйел адам мықты басқарушы болу үшін оған мына екі жағдайда мінез-құлық тән болу керек: «ер адамша ойлау қабілеті» және де «долылық» (стервозность). Ер адамға тән мінез:  логика, қаттылық, сызықтық  (прямолинейность). Осы қасиеттер әйел адамдарда да бар, бірақ әйел адамда ол «долылық» сипатта көрінеді. Сапалы басқарушы болу үшін негізігі қажетті мінез құлықтар: парасаттылық, сезгіштік, қаттылық, адаммен жұмыс жасап білу, логика т.б.  Ал осы қасиеттер ер адамның бойында мықты қалыптасқан. Осыған байланысты , әйел адам-басқарушы, ер адам-бағынышты болса, әйел адамға ер адамды басқару қиын  деген пікір бар.

     Адамдармен сойлесіп, қатынасқа түсіп білетін басқарушы, мейірбан ағатай немесе апатайға мүлдем ұқсамайды. Басқарушы қатаң, талапты, қатты болуы мүмкін. Әр басқарушының қарым- қатынасқа түсудің өзіндік сипаттары бар.  Бірақ әйел адамда да, ер адамда да, басқарушы міндетін атқарғандағы жиренішті түрлер айқындалған.

     «Үйде, ақ қолғаппен» (дома в белых перчатках) - сырт көзбен қарағанда дұрыстылық, орындылық, адалдықты негіздеп басқарады. Бірақ шынында сыпайы, әжептәуір әдістермен бағыныштының ар-ұятын төмендетеді, оған немғұрайлы қарайды.

     «Суық асқағы ханым» (холодно-высокомерная леди)-тек ғана жұмыс қызықтырады, ал бағынушының көңіл күйін, өның өзінің өмірі ретінде қарастырады, яғни жұмыс орнында бағынушы тек жұмысты ойлау керек. Бағынышты мен үйреншікті емес қарым-қатынасқа түспейді, әр дайм өзінің бастық екенін көрсетіп, бағынушымен белгілі бір аралықта ғана дистанция сойлеседі.

     «Сұмдық өсекші» (жудкая сплетница) - көп жағдайда әйел адамның басқарушылық қызметін бағалау барысында, оның ен бірінші өсекке құмарлығын айтады. Көп жағдайда басқарушы әйел жұмысы жақсы болады, бірақ біреудің өміріне қызығушылық, біреудің жеке затын қарау, жеке өмірі туралы өсек айтуға құмарлығы оның жақсы атқарылып жатқан қызметінің қараңғы болып, өсек шаңының астында қалып қоюына акеліп соғады.

Информация о работе Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру