Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2016 в 16:37, реферат

Описание работы

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Содержание работы

Кіріспе.........................................................................................................................
Негізгі бөлім...............................................................................................................
Нарықтың пайда болу тарихы..................................................................................
Нарықтың маңызы.....................................................................................................
Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты.................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................

Файлы: 1 файл

Экономика срс.docx

— 36.87 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................

Негізгі бөлім...............................................................................................................

Нарықтың пайда болу тарихы..................................................................................

Нарықтың маңызы.....................................................................................................

Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты.................................................

Қорытынды................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.

Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші

6 субьектілерінің, адамдар  мен жалпы қоғамның арасындағы  тауар айырбасы қатынастарының  жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің  нарық айырбас саласында сатушы  мен сатып алушы арасында арнайы  экономикалық қатынастардың жүйесін  құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде — өндірісте, таратылуда, айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.

Негізгі бөлім

Нарықтың пайда болу тарихы

Нарықты шын мәнінде қажетті экономикалық жағдай еткен үш негізгі шарт бар.

Бірінші шарты – ежелде пайда болған еңбектің қоғамдық бөлінуінің бірнеше үлкен даму сатысы бар. Олардың алғашқысы – мал шаруашылығынан егіншілік шаруашылығының бөлінуі, екіншісі – шаруашылықтың өзіндік түрінің пайда болуы, үшіншісі – сауданың құрылуы болып табылады. Кейін шаруашылықтың басқа түрлері де бөліне бастады, бөлек өнеркәсіптің мамандандырылуы дамыды. Осы процесс шексіз бола тұрып, өндірістік еңбек өсімімен тығыз байланысты.

Еңбектің бөлінуі айырбасты қажет етеді. Ежелгі малшылар жер өнімдерін қажет етті, ал жер иеленушілерге ет керек болған. Осы кезден бастап айырбас пайда болды, кенеттен мөлшері ұлғая бастады. Бастапқыда белгілі бір қоғам ішінде, кейіннен қоғамдар арасында да айырбас процесі өте бастады. Алғашында оның формасы өте қарапайым болған. Этнографтардың зерттеулері бойынша Калимантан аралында және қазіргі Малайзия аймағында айырбастың қызықты алғашқы үлгілері көріне бастады. «Сатушылар» өз айырбас тауарларын «сатып алушылар» келіп, көру үшін қойп кеткен де, өздері кетіп қалған. Егер «сатып алушылар» сол нәрсені алғылары келсе, олар өздерінің айырбас тауарын қалдырып кеткен. 10 Енді сатушыға қалдырылған тауар ұнаса, ол өз тауарын тастап, айырбас тауарын алып кетеді.

Мұнда біз айырбас (бартер) туындысы көрінісін бақылай аламыз. Бұл – айырбастың ең қарапайым үлгісі. Әрине, осы әдістің шынайы нарыққа жете алатын мүмкіндігі болған жоқ. «Сатушы» мен «сатып алушы» көзқарастары бір-бірімен сәйкес болмауы да мүмкін еді. Онда өз тауарларына қажеттілігін өтеу үшін ірі бір емес, бірнеше айырбас жасау керек еді.

Айырбастың дамуы ақшаның пайда болыуна алып келді. Нәтижесінде, арнайы және басқа да тауарларды сатуға немесе өнеркәсіптің дамуына жол ашты. Ақшаның пайда болуымен ғана тауар өндірісі пайда болды. Басқалай айтқанда, нарыққа шығу, басқа адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндіріс пайда болды.

Екінші шарт — өндірушілердің экономикалық жағынан ерекшеленуі. Тауар айырбасы міндетті түрде эквивалентікке талпынысты ниеттейді. Ешкімнің де ұтылғысы келмейді, яғни өз тауарының орнына эквивалент- таурады алғысы келеді. Ал осындай талпыныс экономикалық шектеу және көзқарастардың ерекшеленуі негізінде туындайды. Осындай ерекшелік тарихи және меншік базасында құрылады. Әрі қарай ол ұтымдық меншікке қарай ығыса бастайды, бірақ шектеулі және ауқымды көзқарастар шеңберінде болады. (кооперативті серіктессіктер, акционерлі қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, негізінде мемлекет араласуымен және т.б.)

Нарықтың шаруашылықты тиімді қолдануы үшін үшінші шарт та қажетті болады: өндірушінің өзіндік құқықтары, кәсіпкерліктің еркіндігі, шаруашылықтың әр жүйесіндегі бейнарықтық басқару. Бірақ, тауар өндіруші неғұрлым оқшауланса, соғұрлым нарықтық қатынастардың дамуына үлкен орын бар болады. Нарықты өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп жиі айтып отырамыз. Бұл тұжырым дұрыс, бірақ нарықтың 11 дүниеге келуі ақыл-ойдың ғана жетістігі деп айтуға болмайды, бұл ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

Нарықтың маңызы

Нарық категориясын тереңірек ұғыну үшін оның шаруашылық (экономикалық) іс-әрекетіндегі орнын анықтауымыз қажет. Экономикалық іс-әрекеттің 4 сферасын атап кетуге болады:

1.Өндіріс.

2.Тарату.

3.Айырбас.

4.Тұтыну

Экономиканың жалпы, әрі қарапайым мақсаты – тұтыну болып табылады. Ал экономиканың ең маңызды саласы — өндіріс. Оның әсерінсіз ешқандай нарық болуы мүмкін емес, тек өнерәсіп қана қажетті тауар массасын өндіреді. Өндірістік сфераны өзгерту – басқа да экономикалық салаларды өзгерудің кілті болады. Ол нарықтық қатынастардың, олардың жоқ жерде құрылуы үшін аса маңызды фактор болып табылады. Егер бастапқыда ешқандай өндірістік нәтиже болмаса, онда нарықтың болуы мүмкін емес. Бірақ өндіріс пен тұтыну арасында басқа да салалар болады, өнеркәсіптен кейінгі тарату жүйесі өндіріс өнімін кімге бұйыратынын, өндірілген тауардың иесін анықтайды. Тарату жүйесі адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың құрылуында маңызы зор.

Тарату жүйесі өндірістің нәтижесі ғана емес. Өнеркәсіп процесінің тиімділігі еңбек өнімінің таратылуы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Айырбас экономика иерархиясы саласында үшінші орынға иеленсе де, оның өндіріске тигізетін әсері таратумен де тепе-тең болады. Қалай болса да нарық фукнцияларын қарастырғанда оның тиімділігі айқын көрінеді. Айырбас сферасы барлық қоғамдық шаруашылықтың жүйесінде ең 13 маңызды рөлге ие. Сондықтан, тауар айырбасы жиынтығы ретіндегі нарық дамуы аса маңызды тарихи рөлге ие болған.

Нарықтың механизмі ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Нарық дегеніміз не ? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіедерді. Қоғамдағы экономика дамып, қиындаған сайын еарық ұғымы да өзгеріп отырады. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген мінднтті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп келісім жасайтын орын емес, қазіргі заманда саудатер теледидар арқылы жарнама бере алады. Сатып алущылар мен тікелей байланыспай-ақ айырбас жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен біліп және тауарларды почта арқылы жібере алады. Сонымен еарық қоғамдық еңбек бөлінісінегізенде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді. Ал кейбір экономистер нарықамынадай анықтама береді: «Нарық шаруашыцлық жүргізетін субьектілердің өз бетімен дербес шешім» Қабылдайтын өзара қарым-қатынастар жиыны. Тауар өндірісі жағдайында нарықтың байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды. Нарықтың құрамна өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де тағы басқалар кіреді. Осыған сәйкес қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші,қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық нарық және басқалары. Жалпы нарық ұдайы өндірістің барлық сатыларына түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарастырды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс жүйесінің маңызды сатысы айырбасты сипаттайды. Сонымен нарық туралы өндірістің құрамды компаненті, тауарлы өндірістің және айырбас айналасының заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Экономикалық дамудың обьективті жағдайы нарықты және оның категорияларын яғни бағаны, ұсынысты, сұранысты, бәсекені және тағы басқаларды өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың экономикалық өмірде нарықтың дамуына кедергі жасағанын білеміз. Өйткені елімізде басқару әкімшілдік-әміршілдік әдісте болатын. Ал соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтың айырбасқа кең жол ашы отыр. Экономикалық өмірле шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі, батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысында заңды көрініс. Мысалы:Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдік қалыптастырды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамызда нарық өндірістің тиімділігіне халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады. Соңғы уақытша теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір біріне орынсыз қарап қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс). Нарықты оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шарушылық механизмінің құрамды бөлігі. Сонымен бірге шаруашылықтың механизмімен тығыз байланыста әрекет етеді. Жоғарыда айтылғандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз үш негізгі элементке : бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. Нарықтың механизмінің осы негізгі элементтерін талдап көрейік. Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттілігіне ұшырайды, не өндіру керек ? Қалай өндіру керек ? Кім үшін өндіру керек ? Қалай өндіру керек ? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінен нарықтың көмегімен шешіледі, яғни баға, сұраныс пен ұсыныс және жалпы түрде, нақты мысал арқылы көрейік. Айталық табыстар дәрежесінің өзінің нәтижесінде адамдар ауқатты болып, тек картоппен тамақтанудың орнына етпен тамақтана бастады.

Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты

Экономикалық  байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.

Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек  бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір  жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек  әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен  оңашаландырады. Екіншіден, олардың  арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.

Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисі А.Курно мен экономист А.Маршал береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген. 

Ағылшын экономисі  У.Джевонс нарықтың критериі деп  сатушылар мен сатып алушылардың  арасындағы өзара қатынастардың  «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы нарық болады.

Бірақ бұл  келтірілген  анықтамаларда  нарықтың мазмұны  тек айырбас  сферасымен шектеледі. 

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі. 

Информация о работе Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты