Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2016 в 16:37, реферат
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Кіріспе.........................................................................................................................
Негізгі бөлім...............................................................................................................
Нарықтың пайда болу тарихы..................................................................................
Нарықтың маңызы.....................................................................................................
Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты.................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Осыған байланысты, өркениеттік нарық
-меншіктің алуан түрлі
-мемлекеттік реттеушілерді
-үш негізгі элементтерді
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде, талан-тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық жүйеге айналдыру қажет.
Сұраныс пен ұсыныс теориялары
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
Бірін бірі алмастыратын және бірін — бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
— Егерде тауарлар бірін — бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
— Егерде тауарлар бірін — бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
Бәсекенің деңгейі
Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.
Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан — Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік — бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
Бірін — бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. С. Әкімбеков,
А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық
теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі.
– Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық
теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов,
Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин.
/Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов
– Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев,
М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық
теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат»,
1998. – 479 бет.
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық
теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана:
2006., 248 б.
5. Нарматов С.Р., Нарматова
А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы.
(Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516
бет.
6. Курс экономической
теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное
и переработанное издание/ Под общ. ред.
Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров:
«АСА», 2006 – 832 с.
7. Сажина М.А., Чибриков
Г.Г. Экономическая теория: Учебник для
вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма,
2005. – 672 .
8. Крымова В. Экономикалық
теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим,
2009. – 196 б.
9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық
теория. Экономикалық емес мамандықтарға
арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық
ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия,
2006. – 316 б.
Информация о работе Экономиканы ұйымдстырудың нарықтық сипаты