Ағылшын тілі етістігінің арнайы формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2011 в 08:13, реферат

Описание работы

Қазіргі замандағы осы мәселе бойынша пікірлер қайшылығы, сондай-ақ жаңа дәлелдердің жинақталуы, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерінің пайда болуы ары қарай зерттеудің ұдайы қажеттілігі мен мүмкіндігінің алғышарты болып табылады, бұл осы зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.

Файлы: 1 файл

возможность лексической (6).doc

— 73.00 Кб (Скачать файл)

    Жалғасқан формада барлық етістіктер қолданыла  бермейтіндіктен және бұл форма  әрекетке ерекше, өзіне ғана тән  сипат беретіндіктен, жалпы түр  формасы  көбірек қолданылады. Қазіргі  ағылшын тілінде Continuous формасының қолданыс аясы кеңейіп келе жатқандығын атап өткен жөн: кейбір қабылдау және ойлау әрекетінің етістіктерін осы формада қолдану үйреншікті болып келеді. Қазіргі заман ағылшын тілінде жалғасқан түр формасында кейде тіпті байланыстырушы етістіктер де (to be, to become, to remain), сонымен қатар to begin етістіктері де қолданылады: You are being very silly, my poor child. – Сен өте ақымақсың, менің бишара балам. 
 
 
 

    
    1. Ағылшын  етістігін таңдаудың  қарапайым алгоритмі
 

    Ағылшын етістіктерінің когнитивті мазмұнына келтірілген түсіндірмелерді (әрине, өте қысқаша түрде) қарапайым алгоритм ретінде жүйелеуге болады, бұл ағылшын тілі етістігінің дұрыс формасын таңдауда қате жібермеуге көмектеседі (Сурет 1).

      

    

       

    

    

      

      

    

      
 

    

      
 

    Сурет 1  - ағылшын етістігі үшін түр-шақтық етістік формасын таңдау алгоритмі

    Бұған қоса, ағылшын тілі етістіктерінің шақтарына когнитивтік көзқарастар түрлі топ етістіктерін белгілі бір  грамматикалық топтарда қолдану қатысында ешқандай ерекше жайлардың жоқтығын көруге мүмкіндік береді. Осылай кез-келген ағылшын етістігі (мысалы, see, know, remember, like және т.б.) Progressive формасында қолданыла алады, бірақ олардың қолданысы қашан орынды, ал қашан орынсыз екендігін айыра білу қажет. Сөз арасында ағылшын тілі етістігінің белсенді немесе пассивті түрін таңдауды анықтаушы қарапайым принцип түсінікті болып келеді, әрі бұл принцип дәл орыс тілінде қандай болса, сол қалпында сақталған.

    Сонымен, ағылшын етістігінің грамматикалық  формалары жүйесінде күрделі де мүмкін емес еш нәрсе жоқ екендігіне көзіміз әбден жетті. Тәжірибе көрсеткендей, ойлайтын адам (оқушы ма, студент па, әлде ересек адам ба, маңызды емес) ағылшын тілі етістіктері шақтарының мәні мен қызметтерін қысқа мерзімнің ішінде-ақ меңгере алады. Қалғаны – техника еншісінде, яғни оқушылардың осы формаларды қолдануды және таңдау алгоритмін автоматтандыруды жаттықтыруына байланысты.

Информация о работе Ағылшын тілі етістігінің арнайы формалары