Комплекстік қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық потенциалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:01, лекция

Описание работы

Комплексті қосылыстар олардың биологиялық маңызы.
Координациялық теорияның маңызы.
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстардың табиғаты.
Комплексті қосылыстардың жіктелуі, изомериясы және номенклатурасы.
Комплексті қосылыстардың ерітінділердегі тепе-теңдігі.
Комплексті қосылыстардың медициналы- биологиялық маңызы.
Металды ферменттер, олардың ферменттік катализдегі ролі.

Файлы: 1 файл

2.doc

— 101.50 Кб (Скачать файл)

[Co(NH3)6]∙[Cr(CN)6]және [Cr(NH3)6]∙[Co(CN)6]

Ионизацияланған изомерия бойынша аниондар ішкі және сыртқы сфералардың арасында әр-түрлі бөлінеді. Мысалы:

[Pt(NH3)4 Cl2]Br2 және [Pt(NH3)4 Br2] Cl2

[CoBr(NH3)5]SO4 және [CoSO4 (NH3)5] Br

 

Су молекуласы ішкі сферадан сыртқы сфераға ауысқанда гидраттық  изомерия кездеседі. Мысалы:

[Cr(H2 O)6]Cl3, [Cr(H2 O)5 Cl]Cl2 , [Cr(H2 O)4 Cl2]Cl

Катиондық комплекстердің аты ішкі сферадағы лигандлардан басталады, содан соң орталық атом аталып, оның валенттілігі көрсетіледі, ең соңында сыртқы сферадағы анион аталады. Мысалы:

[Al(H2 O)6]Cl3 – гексаакваалюминий (III) хлориді

[Zn(NH3)4]Cl2 – тетрааминмырыш (II) хлориді

 

Анионды комплекстердің аты сыртқы сферадағы катионнан  басталады. Содан соң ішкі сферадағы лигандлар аталып, ең соңында комплекс түзуші атом валенттілігімен көрсетіледі. Мысалы:

K2[BeF4]- калийтетрафторбериллаты (II)

K[Al(OH)4]- калийтетрагидроксоалюминаты (III)

Нейтралды комплекстерде  бірінші лигандлар аталады, сонан соң комплекс түзуші атомы аталып, валенттілігі көрсетіледі. Мысалы:

[Pt(NH3)2C12]- дихлородиамминплатина (II)

 

Комплексті қосылыстардың  ерітінділеріндегі тепе-теңдік

Нейтралды комплекстер  сыртқы сфералары болмағандықтан иондарға ыдырамайды. Катиондық және аниондық комплекстердің электролиттері иондарға ыдырап, комплексті ион түзеді. Мысалы:

[Ag(NH3)2 ]Cl      [Ag(NH3)2 ]++ Cl


 

[Ag(NH3)2 ]+       Ag+ + 2NH3


 

 

Кт-з= [Ag+] [NH3] 2 / [Ag(NH3)2 ]+

 

Kт-з – тұрақсыздық константасы

Тұрақсыздық константасы комплексті ионның тұрақтылығын сипаттайды. Оның мәні неғұрлым төмен болса, соғұрлым комплексті ион тұрақты. Кт-қ = 1/Кт-з

 

Биологиялық жүйелердегі хелаттар, олардың медициналы-биологиялық  маңызы.

Тіршілік үшін қажетті биокомплекстер – гемоглобин, хлорофилл, витамин В12 хелатты қосылыстарға жатады.

Гемоглобин молекуласы гем комплексінен және глобин белогынан құралған, гем-комплексіндегі комплекс түзуші ион Fe2+. Оның айналасындағы алты координациялық орынның біреуінде глобин белогы, екіншісінде молекулалық оттегі орналасады. Гемоглобин оттегін өзіне қосып алып, оны қан жүйесі бойынша өкпеге және организмнің әрбір клеткаларына таратады.

HHb + O2 = HHbO2

Хлорофилл молекуласындағы  комплекс түзуші ион Mg2- . Фотосинтез процесі хлорофиллдің қатысуымен жүреді.

                         Күн сәулесі

6CO2 + 6H2 O   C6H12O6 + 6O2



                            Хлорофилл

Витамин В12 (цианкоболамин) молекуласындағы орталық ион Co3+ . ол белоктың алмасуын тездетіп, қан құрамын жаңартады. В12 –ның жетіспеуінен анемия пайда болады.

Хелаттар дәрі ретінде де қолданылады. Олар организмде екі, үш валентті металдармен тұрақты комплекс түзеді, сол себепті олар организмнен улы заттарды, радиоактивті изотоптарды т.б. ығыстырып шығару үшін қолданылады. Сондай бір дәрілік препаратқа ЭДТА жатады.

Pb2+ + Na2 [Ca ЭДТА] = Na2 [Pb ЭДТА] + Ca2+

Сол сияқты Na2 [H2 Tr] немесе Na2 [ЭДТА] (трилон Б) комплексті қан құрамындағы артық Ca2+ - ионын ығыстырып шығару үшін пайдаланады.

Ca2+  + Na2 [H2 Tr] = Na2 [Ca Tr] +2 H+

 

Иллюстрациялы материалдар: презентация

 

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ё.І.Патсаев,С.А.Шитыбаев,І.Н.Дәуренбеков. Бейорганикалық және физколлоидтық химия Шымкент:Б.и., 2004.
  2. Сейтембетов Т.С. Химия : Оқулық / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : Эверо, 2010.
  3. Глинка Н.Л. Общая химия. М. «Химия» 1987.
  4. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую химию М. ВШ .1989.
  5. Равич-Щербо М.И. Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия, М. ВШ. 1975.

Қосымша

  1. Ахметов Н.С. Общая и неоргиначеская химия. М.ВШ 1988.
  2. Некрасов Б.В. Основы общей химии. М. Химия , 1974
  3. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. М.ВШ 1997.

 

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

  1. Комплексті қосылыстар дегеніміз қандай қосылыстар?
  2. Координациялық теорияның қандай қағидалары бар?
  3. Комплексті қосылыстарды қандай қасиеттеріне байланысты жіктейді?.
  4. Комплексті қосылыстардың номенклатурасының түрлері.
  5. Комплексті қосылыстардың ерітінділердегі тұрақсыздық константасы..

Информация о работе Комплекстік қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық потенциалдар