Коррупция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 16:03, диссертация

Описание работы

Оқу әдістемелік кешені "Алғашқы қауымдық құрылыс" пәні бойынша 5114 мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық кұжаттарды жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

Содержание работы

Абстракт ............................
«Алғашқы қауымдық құрылыс» бойынша оқу жұмысының бағдарламасы
Курстың мақсаты мен міндеті .............................
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ............................
Оқу сабақтарының құрылысы туралы мәлімет.........
Студенке арналған ережелер ..........................
Жалпы мәліметтер.............................................................
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі ......
Лекция сабақтарының мазмұны ........................
Семинар сабақтарынын жоспары, мазмұны .............
СӨЖ-жоспары, мазмұны ........................
Кредиттін мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) тестілік сауалнамалар

б) жазбаша бақылау жумысы

в) коллоквиумдар

г) сөзжұмбақтар

д) т.б.
Студенттердің академиялык білімін рейтингтік бақылау жүйесі
Пән бойынша оку процесінің картасы
«Алғашқы қауымдық құрылыс» бойынша оку процесінін картасы

Файлы: 1 файл

doc.doc

— 1.06 Мб (Скачать файл)
 

Пайдаланатын  әдебиеттер:

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

школа 1982 г.

  1. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
  2. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М. 1974 г.
  3. . Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и
  4. государства. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20
  5. Массон В.М. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976 г.
 

  Этнография  ертедегі аналық-рулық қауымды зерттеумен тұңғыш шұғылданғанда, бұл осы уақытқа қарай географиялық және әсіресе тарихи ортаның өзгеруімен, көршілес қоғамдардың европалық отарлаудың т. б. ықпалымен барлық жерде түп-негізінен өзгеріске ұшырады. Әуел басты ру формасын және түрін өзгертті. Бірақ, ғылым ең бастысын қалпына келтіре алды; бұл туыстардың арасындағы қатынастарға тән тапжылмайтын коллективизм еді. Қамажаулап немесе айдап тығып аң аулау, бөгеттеп немесе аулармен балық ұстау, ұйымдасқан жинап-терушілік, үй-жай салып қайықтар жасау — міне, осының бәрі рудың біріккен күш жігерін талап етті, ал оріаң еңбек өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне қауымдық меншікті тудырды.

  Рудың коллективтік меншігінде, ең алдымен, өндірістің басты құралы—жер бұл жағдайда оның шегіндегі барлық қолда бар аң аулау объектілері, балық шаруашылығы мен жинап-терушілік құралдар, үй мүліктерін жасау үшін шикі заттары т. б. бар территория болды. Жоғарыда сипатталған аңшылар мен балықшылар қоғамдарының бірде-бірі туған-туысқандардың барлық топтарының ортақ меншіктілігінен бөтен жерге меншіктіктің басқа формасын білмеді. Сондай-ақ аңшы адамдары мен балықшы бөгеттерін қайықтар мен ауларды, тұрғын үйлер мен оттарды рулық иемдену де кеңінен дәлелденіп отыр. Жеке адамдарға тек дара өздері ғана жасап шығарған еңбектің қол қарулары — найза, садақ, балта, тағы басқалар, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттар тиісті болды. Бірақ өндірістің бұл қарулары да, әдетте коллективте және дайын оның қажетін өтеу үшін пайдаланылды, сондықтан да бұларға жеке адамның меншіктігі рудың коллективтік меншігі ішінде сіңіп кеткендей болатын еді. 

6-7 - тақырып

Егінші-малшылардың  дамыған рулық  қауымы

Қарастырылатын  мәселелер:

  1. Неолит дәуіріндегі кейінгі қауымының қалыптасуы мен дамуы.
  2. Иелік етуші шаруашылықтан - өндіруші шаруашылыққа көшу.
  3. Егіншілік пен малшылықтың алғашқы ошақтары.
  4. Егіншілік пен малшылыққа өту механизмдері мен шарттары.
 

    Пайдаланатын  әдебиеттер:

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая  школа 1982 г.
  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.
  3. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л. 1974 г.
  4. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяства. М. 1989 г.
  5. Марков Г.Е. История хозяства материальной культуры в первобытном и ранне-классовом обществе. М.1979 г.
  6. Файнберг Л.А. У истоков социогенеза. М. 1980 г.
  7. Алексеев В.П. От животых  к человеку. М. 1969 г.
 

 Неолит  көп мыңдаған жылдық тас ғасырының  жоғарғы да ақырғы сатысы болды. Неолиттік  уақыт, ең алдымен, еңбектің тас қаруларының  жасалу техникасын едәуір жақсартумен сипатталады. Бұл жаңа техниканың ең айңын сипаты текстеу немесе жалтырату тәсілімен, сондай-ақ тасты егеп тесу арқылы тас құралдарды тұпкілікті өңдеу болып табылады, бұл неолиттік ұақыт адамына бұрынғыға қарағанда зор табыспен тасқа ойдағыдай форма беруге мүмкіндік туғызды. Кұрал тастардың сан алуан түрінен, соның ішінде шақпақтан қат-қабаттыларын және үсак  түйірлерінен  гөрі жұмсағынан құралдар жасалды. Бірақ шақпақ тас та, сондай-ақ нефрит немесе  жадейт сияқты қатты жыныстар да жаңа әдістермен өңделетін болды; Алайда, тасты тегістеп жалтырату процесі еңбекті өте көп керек етті және құралдардың өндірістік сапасын біршама аз жақсартты. Сондықтан да көпшілік жағдайларда қару жалтыратып тегістелмеді, әрі шақпақ тас бурынғысынша индустрияда басым болды. Опыру, сындыру және сығу арңылы тасты өңдеудің ескі әдістері кеңінен қолданылды, мұнда қыспа ретушы техникасы гулдену шегіне жетті.

     Неолит  дәуірінің ең маңызды жаңадан  енгізілген дүниелерінің бірі қыштарды ойлап табу болды. Муның неолитке тән сипат болып келетіндігі  соншама, тіпті оны басқаша   алып қыш ғасыры деп  те атайды.

  Рулық қауымның егіншілік-малшылық шаруашылығы дамыған неолит пен энеолиттің археологиялың ескерткіштерімен қатар көрсетіледі.

  Сонау полеолитте-ақ біліне бәстаған әр түрлі мәдениет дамуынын әр келкілігімен түрлі территориядағы олардың локальды ерекшелігі неолитте күшейе түсті. Неолит дәуірінің археологиялық мәдениеті ондап саналады.

Неолит  мәдениеті Таяу Шығыс елдерін-де неғұрлым тез қарқынмен дамыды, мүнда  егіншілік пен үй мәлын өсіру  бәрінен бұрын туды. Жоғарыда натуф мәдениеті кейін мезолитке жататындығы туралы айтылды оның иесі дәнді өсімдіктерді өсіруге әрекет жасап та бақпан еді деп жобалауға болады. Бұдан біраз неғұрлым кейінгі уақытта (б. э.-ға дейінгі VI мың жылдыққа) Солтүстік Ирактағы тұрпайы егіншілік пен мал аруашылығының туу белгілері жатады. Сол жерде Оңтүстік Курдистанның тау етекті рінде  түрған  үй  қойлары  мен  ешкілері болған Карим-Шахир неолиттік мекей-жайы табылып отыр. Дән үккіштердің, ораққа арналған шақпақ тас жүздерінің т. б. табылған сынықтары, натуфтіктердікі сияқты мұнда да, егіншіліктің тікелей алдындағы жинап-терушілік өте - күшті дамыған деуге мумкіндік—береді. Карим-Шахирмен жақын көршілес жатқан, бірақ неғұрлым кейінгі уақытқа жататын (б. э.-ға дейінгі 4750 жылдар шамасы) Калаат-Ярмо (Джермо) мекенінде егіншілік мүлде айқын керіне деп, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен ошақ негіздері жасалған саз балшықтарда дән іздері табылған, тағы хайуанаттардың сүйегі небары 5% қүрайды, қалғандады 95% үй ешкісіне 
шошқаға, қойға тиісті.
 

8-9 – тақырып

Жоғары  дамыған балықшылар мен аңшылардың  шаруашылығы мен  материалдық мәдениетi.

Қарастырылатын  мәселелер:

  1. Қоғамдық қатынастар.
  2. Рулық тайпалық ұйым және өкiмет ұйымы.
  3. Неке және семья.
  4. Рухани мәдениет.  
 

Пайдаланатын  әдебиеттер:

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

школа 1982 г.

  1. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.
  2. История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.
  3. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.
  4. Майкл Кремо,Ричард Томпсон.Неизвестная история человечества. М.,1999
  5. Эдуард Бернетт Тэйлор. Миф и обряд в первобытной культуре. Смоленск,2000
 

Жоғарыда  айтылғандай эйкумендердің кейбір облыстарының табиғат жағдайлары мүнда егіншілік пен мал шаруашылығының тууына бөгет жасады. Атап айтқанда, Евразияның солтүстігі мен Америкада істің жайы осылай болды, мұнда неолиттік экономиканың дамуы аңшылық пен балық шаруашы-лығын одан әрі жетілдіру жолымен алға басты.

Шығыс Европаның солтүстігі мен Солтүстік  Азияда б. э. ға дейінгі IV дың жылдықтың өзінде-ақ, кейінде ұзақ мың жылдықтар бойына Қиыр Солтүстіктің, Сибирь мен Қиыр Шығыстың бірқатар халықтары үшін кәдуілгі болып қала берген аңшылық, балықшылық мәдениеті қалыптасты.

 Атап  айтқанда, иемденуші шаруашылықтан  өндірілетін шаруашылыққа көшуден  көрінетін өндіргіш күштердің өсуі рулық қрылыстың одан әрі дамуына  жол ашты. Аңшылар мен балықшылардың  ертедегі аналы-рулық қауымы келді.

Қоғамның экономикалық негізін бүрын-ғысынша жерге рулық меншік қүрады. Егістік жер мен бау-баша, аңшылық, балық-шылық және жинаптеретін жерлер, бір жағдайларда тура руға тиісті болды, екінші-сінде, тайпаға тиісті деп саналды, бірақ бүған кіретін жеке руларға бекітіліп берілді. Оңдірістің басқа қүрал-жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иелігінде болды, алайда соңғы жағдайда оның иесі олігеннен кейін, иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен руларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас-туыстық байланыстармен сайкеле берді.

  Тіршілік  ету қүреі-жабдықтарымен бір-шама қамтамасыз еттіліп дұрғын халықтың өсуі салдарыңан рулық қауымдар ана  тарапынан аналық үйлік қауым, немесе аналық семья дейтт ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөлінді.

 Аналық  рудың дамуы, сірә, семья мен мекенің  сипатында принципті өзгерістерді тудырмаса керек. Рас аналық-локальды мекен-жай жағдайларында қосақ  семья бір үй шаруашылығына бірікті, бірақ бұл өндірістік ұя бола алмады. Экономикалық және қоғамдық мәнде бүкіл аналық үйлік қауым семья болып табылды. Қосақ семья өз шаруашылығын жүргізбеді және рулықтан бөлек, екі, зайыпқа ортақ меншігі болмады. Егер күйеуі әйелінің мүлкіне нүқсан келтіретін болса, ол оның туған-туыстарымен есеп айырысуға тиіс болды. Ерлер көбіне жеке өзінің қауымымен шаруашылық байланысын үзбеді және «екі үйге» жұмыс істеді. Егер, балалар тіпті өз әкесін біле түрса да іс жүзінде, оған бөгде адам болып қала берді. Аналық үйлік қауым болып тұрған кейбір тайпаларда, мәселен, Добу аралындағы меланеэийлінтерде жалпы қос семья үшін ерекше термин болған жоқ: «семья» уғымына тек ана тарапынан ғана келетін туыстар кіретің.

Қосақ неке, бұрынғы кездегідей екі жақтың кезкелгенінің қалауы бойынша оңай ажыраса алатын және топтың некелік қаты настардың қалдықтарымен толықтырылатын Ирокездер мен гурондарда XVIII ғасырдые өзінде де әйелдердің «қосымша» күйеуі ерлердің   «қосымша» әйелі   бола   алатын бұдан басқа  гурондарда өйел  ретінде аңшылық қыздар болған. 

10 - тақырып

Алғашқы тұрмыстық қоғам  ыдырауының алғы шарттары мен жалпы барысы

Қарастырылатын  мәселелер:

  1. Өндіруші шаруашылық пен соған ұқсас өзге де шаруашылық түрлерінің дамуы.
  2. Металлургияның ашылуы Мыс пен қоланың өндірісте қолданылуы.
  3. Темірден жасалған құрал-саймандардың өндіріске енгізілуі.
 

Пайдаланатын  әдебиеттер.

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.
  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.
  3. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский
  4. Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.
  5. Всемирная история в 24-х томах, Век железа/А.Н.Бадак и др. Минск, М.,2000
  6. Майкл Кремо, Ричард Томпсон. Неизвестная история человечества. М.,1999
 

Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырауының ең маңызды өндірістік алғы шарты металдарды кеңінен пайдалануға көшу болды. Адамзат тарихы үлде жаңа формаларға ие боларлықтай, металл қарулардың енгізілуінің соншама тамаша мәдени және өлеуметтік алға басушы өз салдары болды.

  Металдар  ғасыры екі дәуірге: қола ғасырына және темір ғасырына бөлінеді.

  Қола  ғасыры дегеніміз әдамзат тарихында  қоладан жасалған еңбек қарулары 
кеңінен таралғак және осы қаруды тастармен қатар немесе солардың орнына қолданған дәуір еді. Темір ғасыры дегеніміз темір металлургиясы мен темір қарулардың таралуымен сипатталатын уақыт болатын. Еңбектің темір ең жасалған қарулары аса (лаңызды материал болып отырғандықтан, қазірде де осы заманғы дауір де темірғасырына енеді. Алғашқы тұрмыстық тарихтын археологиялық дәуірленуінде ертедегі темір ғасыры термин жиі қолданылады. 

  Қола  дегенеміз — мыс пен қалайының, кейде алмастыру қорғасынның, мышьяктын  немесе мырыштың әр түрлі үлесте балқытылған  қоспасы.  Ең жақсы ара  қатынас  — 90% мыс пен 10% қалайы. Қола қарулар мыс қаруынан тек қатты ғана емес, өткірде келеді, бірақта оларды күю оңайырақ, өйткені мысца қарағанда (1083°) қола анағүрлым төменгі температурада (700—900°) балқиды. Алайда, мыс сияқты қола қарулар да тас қаруларды түгелдей ығыстыра алмады. Бұған себеп, біріншіден, біркатар жағдайларда, қоладан тастың жүмыстық сапалары жоғары болды, екіншіден, қару жасалатын тастар барлык; жерде дерлік барды, ал қоланың, әсірөсе, қалайы үшін шикизат көзі өте сирек еді.

Информация о работе Коррупция