Метрология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2010 в 09:46, Не определен

Описание работы

Кіріспе .......................................................................................................................3
1. Метрологияның теориялық негізі........................................................................5
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы........................5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі....................................................8
1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүесінің қазіргі жағдайы.......11
2. Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау..............................................................................................................17
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі......................................17
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі...................................20
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру......................23
3. Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру.....................................................................................................................26
Қортынды....................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................32
Қосымшалар................................................................................................................33

Файлы: 1 файл

метрология.doc

— 232.50 Кб (Скачать файл)

    Өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ету келесі жолдармен жүргізіледі:

    • бекітілген типке сәйкестігі мен типтің бекіту мақсатымен өлшеу құралдарын сынау;
    • өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациялауы;
    • өлшеу құралдарын калибрлеу мен салыстырып тексеру;
    • өлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестациясы:
    • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді лицензиялау;
    • мемлекеттік метралогиялық бақылау мен метрологиялық қадағалау;
    • МӨЖ-ң эксперт-аудиторларын дайындау мен атестациялау;
    • өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандылығын жетілдіру;
    • ақпараттық қамтамасыздандыру;
    • Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық келісім шарт негізінде, шет елдерінде метралогия саласында жасалған жұмыс нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету;
    • метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұжымдардың жұмыстарына қатысу.
 
 
 
 
 

    2. Қазақстан  Республикасының метрология саласындағы  заң шығарушы базаға талдау  жасу. 

    2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі. 

    Еліміздегі  эканомикалық саясатты жүргізу кезіндегі  прогресстің маңызды алғышарттары әлемдік рыноктағы отандық өнімнің  сапасы мен қызметін және олардың  бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарлату  болып табылады.

    Өнімнің сапасы мен қызметін жоғарлату, мемлекеттік міндет болып табылады, ол тікелей жоғарғы сапаны қамтамасыз ету мақсатымен, сынау, өнімдердің сертификаттарын құру мен көрсетілетін қызмет, қадағалау және өндіру кезіндегі өлшеу күйі мен деңгейіне байланысты.

    Өлшеу нәтижесіндегі тұтынушыларды қанағаттандыру кезінде, өлшем бірлігі қоғамның соңғы мақсаты болып табылады.

    Елімізде  және халықаралық деңгейдегі өлшем  бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттін  негізгі мақсаттарының бірі болып  табылады.

    Жоғарыда  айтылып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ҚР-да 1993 жылы 18 қаңтарда «Өлшем бірлігі туралы» заң қабылданады, бұл заң республикадағы метрологиялық инфоқұрлымның басқармасын заңды принціптерге ауыстыруға мүмкіндік беріп, келесі мемлекеттік қадағалау формасын бекітеді:

    • өлшеу құралдарының мемлекеттік сынаулар мен типтерін бекітеді;
    • өлшеу құралдарының мемлекеттік метрологиялық аттестациялауын;
    • өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеру;
    • өлшеу құралдарын прокаттау, сату, жөндеу, салыстырып тексеру, жасау бойынша әрекеттерді лицензиялау;
    • бөліп орау және сату кезінде түрлі қораптағы бөліп оралған тауардың сапасы бойынша мемлекеттік қадағалау;
    • метрологиялық нормалар мен ережелерін сақтауын, өлшеуді орындау әдістемелерін, өлшеу құралдарын қолдану мен күйін мемлекеттік қадағалау.

    Халықаралық таразы және өлшем бюросы мен Халықаралық заң шығарушы метралогия ұжымының құжаттары мен таразы және өлшем бойынша Генеральді конференция шешімінің басшылығымен, ТМД-ң Парламентаралық қатысушы-мемлекеттік ассамблеясы, 1992 жылы 13 сәуірден «Стандартизация, метрология және сертификация саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Парламентаралық келісімді ескере отырып, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеу облысындағы, қатысушы-мемлекеттер негізінде нормативтік жақындасуда жәрдемдесуге ұмтылып, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша шаруашылық субъектілер мен мелекеттік бақылау ұжымдары арасында  
 

қатынасты реттеу мен дұрыс емес және қате өлшеу салдарынан жеке және заңды  тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатымен, барлық мемлекеттер одағындағы

өлшем бірлігін қамтамасыз етудің заңды негізінің  жиынтығы түрінде, кепілді растау құжаты ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң қабылданды.

    2000 жылы 7 маусымда Қақастан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаевтің үкімімен Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң негізінде жасалған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

    Бұл заң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метралогиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін, өлшеулердің дұрыс емес нәтижелердің салдарынан қорғауға бағытталған.

    Заң әрекетінің таралу салаларына мемлекеттік  басқару органдары жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының териториясындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асырылатын әрекеттер мен жеке және заңды тұлғаларға таралады.

    ҚР-ң  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»  заңы 7 тараудан, 31 баптан тұрады:

    І тарау. Жалпы ережелер.

    1 Бап. Осы заңда пайдаланылатын  негізгі ұғымдар.

    2 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету туралы заңдар

    3 Бап. Осы заңның қолданылу аясы

    4 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету мақсаттары.

    5 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  етуді мемлекеттік басқару.

    ІІ  тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесі.

    6 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  етудің мемлекеттік жүелердің  құрлымы.

    7 Бап. Өлшем бірлігін қаматмасыз  етудің мемлекеттік жүесінің  объектілері.

    8 Бап. Өлшем бірлігін қаматамасыз  ету жөніндегі нормативтік құжаттар.

    9 Бап. Шама бірліктері.

    10 Бап. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары.

    11 Бап. Өлшем құралдары.

    12 Бап. Өлшемдерді орындау әдістемелері.

    ІІІ тарау. Метрологиялық қызмет.

    13 Бап. Метрологиялық қызметтін  құрлымы.

    14 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қызмет.

    15 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері. 
 

    16 Бап. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың  метрологиялық қызметтері.

    ІV тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрелу.

    17 Бап. Өлшем құралдарының түрін бекіту және оларды метрологиялық аттестациялау.

    18 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету саласында лицензиялау және  аккредиттеу.

    19 Бап. Өлшем құралдарын салыстырып  тексеру.

    20 Бап. Өлшем құралдарын калибрлеу.

    V тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

    21 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қадағалаудың мақсаты.

    22 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қадағалаудың объектілері.

    23 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қадағалаудың аясы.

    24 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қадағалау түрлері.

    25 Бап. Өлшем құралдарын шығарылуын, жай-күйін және қолдануын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метралогиялық қадағалау.

    26 Бап. Сауда опперацияларын жасу  кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

    27 Бап. Кез-келген түрдегі бума  тауарларды ашу, сату және импорттан  алу кезінде олардың саның  мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

    28 Бап. Мемлекеттік метрологиялық  қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары.

    VІ  тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу.

    29 Бап. Қақстан Республикасының  өлшем бірлігін қамтамасыз ету  туралы заңдарын бұзғандық үшін  жауаптылық.

    30 Бап. Осы заң нормалардың бұзылуына қатысты дауларды шешу.

    VІІ  тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру.

    31 Бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету және мемлекеттік метрологиялық  қадағалау жөніндегі жұмыстарды  қаржыландыру. 

    Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша заң шығару Қақақстан Республикасының Конституциясына негізделген, «Өлшем бірлігін қаматамасыз ету туралы» заңы мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудің түрлі жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайтын және басқа (өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесінің реестіріне өлшеу құралдарын еңгізу тәртібі, метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мен  
 

калибрлеуді өткізу тәртібі, Қазақстан Республикасында  рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне өлшеуді орындау әдістерін қолдануға, аттестациялауға және

жасауға қойылған талаптар және т.б.) нормативтік  құқықтық растау құжаттарынан құралады. 

    2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің  нормативтік негізі 

    Қақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің нормативтік негізін, нормативтік құжаттар комплексі құрайды. Олар Қазақстан Республикасындағы қажетті өлшем дәлдігі мен бірдейлікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін регламенттейтін, бірдей нормалар мен ережелерді бекітеді.

    Қазақсатн Республикаының нормативтік құжаттары  мыналарды регламенттейді (6 Қосымша):

    • шама бірліктерін;
    • мемлекеттік салыстырып тексеру сызбалары мен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын;
    • өлшеу құралдарын тексеру құралдары мен әдістерін және калибрлеуін;
    • өлшеу құралдарының нормаланған метрологиялық сипаттамаларының номенклатураларын;
    • өлшеу дәлдігінің нормаларын;
    • өлшем дәлдігінің көрсеткіштері мен өлшеу нәтижелерінің берілу формалары мен әдістерін;
    • өлшеуді орындау әдістемелерін;
    • материалдар мен заттардың қасиеті жөнінде мәліметтердің берілуі мен дұрыстығын бағалау әдістемені;
    • материалдар мен заттардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілеріне қойылатын талаптарын;
    • материалдар мен заттардың қасиеттері бойынша мәліметтерді сараптау және атестациялау, жобалаушы, құрлымдық және техналогиялық құжаттардың метралогиялық сипаттаманың нормативтік құжаттарын калибрлеу мен салыстырып тексеруді, метрологиялық аттестациялауды, сынауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін;
    • метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды

    ҚР-ң  нормативтік құжаттары мыналарға  бөлінеді:

    • негізгі, яғни нормалар мен ережелерді және жалпы талаптарды бекіту;
    • қандай да болсын түрдегі өлшемдердің нормалар мен ережелерді және талаптарды регламенттеу;

Информация о работе Метрология