Метрология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2010 в 09:46, Не определен

Описание работы

Кіріспе .......................................................................................................................3
1. Метрологияның теориялық негізі........................................................................5
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы........................5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі....................................................8
1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүесінің қазіргі жағдайы.......11
2. Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау..............................................................................................................17
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі......................................17
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі...................................20
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру......................23
3. Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру.....................................................................................................................26
Қортынды....................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................32
Қосымшалар................................................................................................................33

Файлы: 1 файл

метрология.doc

— 232.50 Кб (Скачать файл)

    1975 жылы өлшеу техникасы мен стандарттар бойынша Қазақ республикасының тарту қадағалау лабараториясы Қазақ республикасының стандартизация мен метралогия орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға міндетті.

    1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл  КСРО республикасында өлшеу құралдарының  бірдейлігін қамтамасыз ететін  мемлекеттік қадағалаудан өлшем  бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.

    Республикадағы  өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары  мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық  аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді  орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.

    1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы  бойынша Алма-Атының стандартизация  және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды. Барлық Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [10,135].

    Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің  орталығы мен Басты мемлекет эталондар  орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың 700-ден астамымен қамтамасыз етілді.

    1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады. 
 
 

    Рессей  Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді.

    Осының  нәтижесінде Республиканың Мемстандарт  алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады.

    Жоғарыда  айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді.

    Республика  үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік  жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық  заң шығарушы метрология ұйымына  тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды [10,147]. 

    1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі  рөлі 

    Метрология  – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.

    Метрология  үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң  шығарушы және қолданбалы метрология.

    Теориялық метрология – метрология дамудың  іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

    Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

    Қолданбалы  метрология - әртүрлі саладағы теориялық  және заң шығарушы метрологияның  практикалық қолдануын жүзеге асырады.

    Практикалық жұмыста өлешмді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем  бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.

    Қандай  да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің  сапасы мен өлшемі туралы, дайын  өнім мен техникалық опперациялардың  жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек.  
 

Бұндай  мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады [5,94].

    Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының  төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады.

    Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен  әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді.

    Барлық  мамандарылған метрологтардың өлшемдері  кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған  мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады.

    Н.И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында  «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазған, яғни өлшем мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталады. Міне осы өлшеу негізіне алынған.

    Егер  де біз өлшем туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру мүмкін емес болушы еді.

    Көп жағдайларда қиын мәселелерді, әр түрлі  жердегі, әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу құралдарының қолдануымен алынған өлшемдердің көп болуы негізінде шешуге болады. Бұндай мәндерді тек қана олардың бір-біріне жарампаздық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдікті бір-біріне жарампаздықты, өлшемнің нақтылығын жоғарлатуын өндірістің автоматизациясы мәжбүр етеді [5,105].

    Мәселенің неғұрлым қиындығы, метрология мәндері  соғұрлым көп болады. Барлық әрекеттер  өлшемсіз мүмкін емес. Көп өндіріс  салаларында өлшемге байланысты жыл сайын шығын көлемі 30%-ті құрайды.

    Метрологияны қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық, материалдық және т.б. ресурстардың үнемдеу мәселесін иеленеді, себебі өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады. 
 

    Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады.

    Мұнай, газ, жанар майдың көп мөлшері  ескерілмейді. Егер электрлік энергия  счетчигінің қателігі – 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды.

    Егер  дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны есептеледі.

    Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету шартының бұзылуы  өнім сапасын бақылау кезіндегі  техналогиялық процесстерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика  кезіндегі және т.б. өлшеулер үлкен  шығынға әкеледі.

    Өнімді  өндіру кезінде тек қана дайын  өнімнің сапасын бағалау кезінде  өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау  құралының көмегімен, техналогиялық  процесстердің өзінде сапа көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу  күйін де ескеру керек.

    Жаңа  бұйымды жасамас бұрын, техналогиялық  процесстегі өндірістің метрологиялық  жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау  және аттестациялау әдістерін қолдану  қажет.

    Медицинадағы  метрологияның мәні өте үлкен. Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада, терапия және диагностика кезінде өткізіледі.

    Биалогиялық объект параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері  бойынша адамның барлық және жеке мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады. Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек. Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды жасайды.

    Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) әсері зерттеледі, ол үшін көп  өлшемдер жүргізіледі [5,109].

    Оператор  алынған өлшеу нәтижелерінде күмәні болмауы керек. Ол үшін эксплуатация кезінде үнемі слыстырып тексеруден өтетін, метрологиялық аттестациясы бар, сынаудан өткен өлшеу құралдарын ғана қолдану керек.

    Өлшеу кезіндегі әдіс, метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек. Аттестациялық әдістің талаптарын ескеріп, қолданған опператор өзінің өлшеу нәтижелерінің дұрыстығында сенімді болуға болады және егер де оның қателігі берілген шектен шықпаса.

    Барлық  бағыттағы объектілерде заң шығарушы метрологияның негізін біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының бәрін практикада қолдана  

алатын  мамандар болуы керк (басты метролог,өлшеу  күйі үшін жауап беруші, өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар).

    Өлшемді өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның бөлігін құрайды.

    Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау және жобалаудың барлық деңгейлерінен өтетді.

    Өлшеу техникасының даму деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен техникасы) өндірісі дамыған мемлекеттердің техникалық және ғылыми потенциалының көрсеткіші бағаланады. 

    1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету  мемлекеттік жүйесінің қазіргі  жағдайы 

    Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың  бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз.

    Яғни  бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі  өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді.

    Өлшеу қателігі «өлшеудің қатесі» деп атауға бола ма? Жоқ, себебі қате деп оператормен жіберілген қатені айтады.

    Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз  – заңды актілерге сәйкес өлшем  бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар  мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер [9,111].

    Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі  мақсаты – Қазақстан Республикасының  эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының формулировкасы туралы ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау).

Информация о работе Метрология