Государственные внебюджетные фонды Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2010 в 18:55, Не определен

Описание работы

Кіріспе......................................................................................................................2
I – Бөлім
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру..........................17
II – Бөлім
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту......................................27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.........31
2.3. Тәжірибелік жұмыс........................................................................................40
Қорытынды..........................................................................................................42
Пайдаланған әдебиет..........................................................................................44

Файлы: 1 файл

Курсавая работа.doc

— 332.50 Кб (Скачать файл)

   - тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;

   - апта бойында жалпы тақырып  сақталып келіп, негізгі тірек ретінде тәрбие жұмысының бір түрін басшылыққа алып, басқалармен сабақтастыра жүргізу;

   - жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласына байланысты беріліп, басқа  тәрбие жұмыстарын   бекіту, толықтыру, қайталау, еске түсіру мақсатында қолдану;

   - әр түрлі  іс- әрекеттер барысында  тәрбиешінің басшылығы баланың  ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;

   - апта бойындағы тәрбие жұмысының  нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы  негізінде әрбір  жұма   күндері   түрлі жолдармен қорытындыланып  отыруы қажет. 

   - тәрбис жұмысының мазмұны күнделікті  іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі   жұмыстарда  жалғастырылып,  тиянақталады   (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі).

   Аталған талаптарды ескере келіп, тәрбиеші болашақ  қоғам азаматтарын  тәрбиелеуде  өзіндік ізденіспен,  ынта- ықыласпен балаға деген сүійспеншілік сезімін жоғалтпай жүйелі түрде жұмыс жүргізсе өз- өзіне сенімді, өмірге қабілетті, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиеленеді деп сенеміз. [8] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.1. Мектеп жасына  дейінгі балаға  эстетикалық тәрбие беру арқылы жан – дүниесін дамыту. 

     «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй », - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің: «Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.

   Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды- эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай, «Балбөбек» бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп өткізуге тырысады.

   Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.

   Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі.

   Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

   Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.

   Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама- шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.

   Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.

   Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.

   Ән- күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби- музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын- сауықтар, өткізіледі. Мысалы: «Абай мен Пушкин», «Күй сүйемін!», «Әнші балапан», «Айтыс», «Қыз маржаны, жігіт сұлтаны» т.б. Саз сабақтарында өткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.

   Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.

   Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын анықтау. Сазға икемділік диагностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы –жеке баланың және бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.

   Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі - бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.

   Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, сабақтарды және түрлі іс-әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді.

   Балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы  өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.

   Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы шығармашылық даму қарқыны, деңгейі  де соған сәйкес болады. [9. 15]

     Тәуелсіз Қазақстан Республикасының  дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім  мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу - бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымдар басшылыққа алу ұсынылады:

   а. балаларға табиғат туралы қарапайым  мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан  дүниесін дамыту;

   ә. балалардың  табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.

   Бұдан балалардың ізгілікті – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда экологиялық  тәрбие берудің құқықтық үлгісіне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершілік, эстетикалық және халықтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргізу қажеттілігі байқалады. Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі де балаларды туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, оны қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол – ұлттық тіл көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы саналатын аң – құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай білген. Бұған ақын Сырбай Мәуленовтің мына жолдары мысал бола алады.

   Баланың бойындағы әдемілікке, әсемдікке  іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат  сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда  экология тақырыбы таптырмайтын құрал. Айдаладағы орман, өзен – көл, тау  – тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. Мәселен, ежелгі грек аңыздарында айтылғандай, Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейінге қалдырған көрінеді. Ықылым заманнан бері әдемі де сүйкімді құс – кептердің бейбітшілік жаршысы саналуы, әдемілік символы – аққу, ұлар, ақ қарлығаш – бақыттың бастамасы, игіліктің иесі ретінде бағалануы баланың жан дүниесін байытады. Бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын – жазушы, ғалым кемде – кем. Мысалы, табиғаттың сұлу көрінісін ақын Ж.Жұмабаев: 

   Табиғат - әсемдіктің төркінісің,

   Ән  саламын бір сенің көркің үшін.

   Жан – жануар танытып бір өзіңе,

   Сенен алып тұрғандай бар танысын, - 

   деп жырласа, көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: « Табиғат әдемілігі бала жанының тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесін дамытуда үлкен орын алады,» - деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы шығармаларды экологиялық тәрбиеге тірек ету – педагогтың басты міндеті.

   Халықтық  тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде жұрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсініп, онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмірдің өзінен қалыптасқан кейбір салт – дәстүрлерді елеп – екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, күнделікті тұрмыс – тіршілікте «обал – сауап», «ынсап – қанағат» қағидаларын берік ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды – жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесімді қарым – қатынас жасаудағы дәстүрдің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған  «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. 

   Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевтың:

   Танымай өтеміз бе киелі не?

   Қырсығы білместіктің тиерін де ...

   Ұрпағың дал болар ма, ағаш таппай

   Кәдімгі домбыраның тиегіне, - 

   деген көңіл тебіренісі табиғатты дер кезінде бағалай білуге үндейді. Табиғат жайындағы ақындардың жан айқайы, өнегелі өсиеттері – баланың экологиялық мәдениеті мен жан дүниесін дамытуға баға жетпес дүниелер. [10. 117]

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.2. Мектеп жасына  дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары. 

   Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды  табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

   Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп  жүрген жануарлар мен өсімдіктердің  болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.

   К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының,  санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Информация о работе Государственные внебюджетные фонды Казахстана