Государственные внебюджетные фонды Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2010 в 18:55, Не определен

Описание работы

Кіріспе......................................................................................................................2
I – Бөлім
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру..........................17
II – Бөлім
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту......................................27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.........31
2.3. Тәжірибелік жұмыс........................................................................................40
Қорытынды..........................................................................................................42
Пайдаланған әдебиет..........................................................................................44

Файлы: 1 файл

Курсавая работа.doc

— 332.50 Кб (Скачать файл)

     С. Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991 ж.) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.

   Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр. [1. 50]

     Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.

   Экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып – түсінуге негіз  жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым – педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық , адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:

   а) балаларды туған табиғатқа деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін  терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар  дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

   б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде  нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

   Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға  қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп  жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым – қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң – құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында адамгершілік, еңбек, деен және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғатты қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. «Қазақстан» баспасынан шыққан С. Ысқақовтың «Табиғат және адам», С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың авторлығымен шыққан «Табиғат қорғау кітабы», «Қайнар» баспасынан профессор Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бірлесіп шығарған «Табиғат қорғау» кітабы құнды еңбек болып отыр.

       Абай 38-қара сөзінде табиғат байлықтарының өзара бір-бірімен байланысын өте шебер бере білген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келіп, "қиянатшыл адам – мұсылман емес" дейді.

   «Ғажайып  құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден — абсолюттік сұлулыққа  көшеміз». /Платон/.

     Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі сырын білім- ғылым арқылы танып білуге болады» деген еді. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кітабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. әңгімелері бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейді.

      Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті»- деп тұжырымдайды.

   Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.

   Балалардың  әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.

   Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.

   Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:

   1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;

   2.Мектепке  дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер  барысында игеруге тиісті білім  мен дағдылар көлемін белгілеуді;

   3.Көркемдік  іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.

   Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.

   Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

   Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан  арнайы сюжетті құрастыруға қажетті  элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық  бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.

   Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы. [2.30]

   Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   1.1. Мектеп жасына  дейінгі балаға  экологиялық тәрбие  беру маңыздылығы.

   Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі – бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі  алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

  1. саяхат;
  2. мұражайларға бару;
  3. мақсаттық серуендеу;
  4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;
  5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;
  6. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
  7. музыка тыңдау;
  8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
  9. “Экознайка” қалалық жарысына қатысу.

   Ересек  және даярлық жастағы балалар  “тірі” және “өлі” табиғат деген  түсініктермен таныс. Экологиялық  тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың  қауіпсіздігін сақтау  бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. [3]

   Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында  негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

Информация о работе Государственные внебюджетные фонды Казахстана