Қазақтардың барша тіршілік болмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2011 в 20:59, реферат

Описание работы

Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, бойлық бойынша тербеліп көшіп қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастырған. Мұндай жүйе барша өмір салты, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық және рухани мәдениеттің қасиетін, салт-дәстүрін, талғам-танымын реттеп өміршең етіп отырады. Бұл тарихи дамудың кепілі болып келген.

Файлы: 1 файл

табигат.doc

— 935.00 Кб (Скачать файл)

   Қазақтардың ауа райын болжаудағы ұстанымдарын білу кімге де болсын көптік етпейді. Мектебімізде географияның бастапқы курсында география пәнінің мұғалімі Жакупов  Алтынбек Аманжолұлы 6- сыныптарда, Жер  қабаттары тарауының §34, ал 7- сыныптарда атмосфера және климат тақырыптарында, 8- сыныптарда Қазақстанның клиаты тарауының агроклиматтық қорлар тақырыптарында қолданса, 9- сыныптарда Агроөнеркәсіптік кешені тақырыптарында ауа райының өзіндік ерекшеліктері туралы мәлімет беріп өткен. Осы тұста, оқушы дүниетанымын кеңейту, іздендіру үшін менің жобамның өзіндік үлесі бар. Сондықтан да, оны қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сол сияқты жұмысымды арнайы кітапша ретінде шығарып, мектебіміздің кітапханасына тарту еттім. Яғни, толық танысқысы келетін оқушыларға көмек болар деп санадым.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   
      Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа  деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті  болады. Халық ұғымында табиғат деген  қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе - тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ»,«Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған. Қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп қастерлеген.   

                  Қасиетті сөз бар  еді «Кие»- деген 

                  Киелігі жоламас жүйе деген 

                  Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

                  Ең алдымен бұл сөзді  сүйеді екен.

      Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен  тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық аппатар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі аңық айқындалды.

      Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы –  тірі ағзалардың бір – бірімен  байланысын және  олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын, тепе – тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс – әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс – тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға,табиғат пен арадағы тепе– теңдікті қалпына келтіруге бағытылған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.

     ХХ  ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым - қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың  өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол  қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

     Қазіргі кезде Семей полигоны, Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында және т.б. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда.

     Марқакөл  меелекеттік табиғи қорығынның ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімі осы мәселерді шешуге өз үлесін қосу барысында мынадай міндеттер  қойдық..

     Табиғат–адам–қоғам–өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара – қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

    –       Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алуы болып табылады.

    –       Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым– қатыныста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.

    –       Мектепте жас ұрпақтарға экологиялық білім беруде қорық қызметкерлерімен бірігіп қоғамдық пайдалы еңбек, экологиялық апталық, саяхат, практикалық жұмыс жасау.

   Жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық табиғат қорғау акциясы «Саябақтар–шеруі» аумағандағы өткізілетін «Табиғатты қорғайық», «Біз Марқакөл өркеніміз» деген суреттер жарысы, «Менің Марқакөлім» атты балалардың  шығарма жұмысының жарысы осыған дәлел. Жергілікті тұрғындар мен қорық қызметкелері бірігіп көгалдандыру, құстарды қорғау, көшедегі лас– қоқыстарды жинау, тұған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескеркіштерін қамқорлыққа алу сияқты шаралар өткізіліп отырады.

     Өзіміз  тұратын Күршім ауданында, әсіресе, Марқакөл қорығынның аймағында экологиялық  мәселелер жоқтың қасы емес. Қорық қызметкерлерінің табиғатты қорғау тұрғысындағы еңбектері, осы қорықтың жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толығымен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете алмайды. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынның ғылыми зертеулерінің 2007–2012 жж. перспективті жоспары жасылынған. Мысалы: ММТҚ «Табиғат жылнамасын» жүргізіп, биологиялық алуан түрлігінің жыл сайынғы мониторингісі, экожүйеге антропогендік факторлардың әсерін бақылау, хариус балығын көбею экологиясын зерттеу зияқты ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Айрықша қорғалатын және қорғалмайтын аймақтарды эко жүйелерінің өзгеруіне болжам жасалуда, Оңтүстік Алтайдың флорасы мен фаунасына инветаризация жасалады.

     Марқакөл  мемлекеттік табиғи қорығының (ММТҚ) қорғау аймағында санитарлық шаралар жыл сайын өткізіліп отырады, соның ішінде:

    –       Қорық аумағында ескерту және тыйым салу туралы аншлагтар орнатуы.

    –       ММТҚ аумағында қорғауға шығу және рейд жасау.

    –       ММТҚ инспекторлаларына экологиялық ағарту оқу сабақтарын өткізу.

    –       ММТҚ аумағында туристтер мен дем алушылармен экологиялық ағарту сабақтарын өткізу.

     Қойылған  мақсаттарды жүзеге асыруда Табиғат  мұражайына саяхат жасаудың зор ықпалы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау аспектілері туралы мақалалар шығару, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғап, сақтап қалуда ұсыныстар жасалады.

     Тұған жеріміздің табиғатын қорғау– баршамыздың  міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата – бабамыз оқымай– ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған. Қазақ орнатқан ошақтарын да көшкенде жауып кетеді екен.

     Ойымызды  түйіндесек адам мен табиғат әрқашанда  егіз. Әр адам табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарап, табиғат байлығын молайту саласындағы істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу арқылы салауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу әрбір адам баласының міндеті болып табылу тиіс және солай болатына сенімдіміз.

      Марқакөл  қорығы – біздің табиғи байлығымыз, мақтанышымыз.  Өзен–көлдің суының сылдырын, құстардың қалай әндеткенін естімеген, гүлдердің сұлулығын  тамашаламаған, арайлы алтын күннің шапағатын қызыға қарамаған адамнының ой–өрісі кең болмайды, қиялы қанатсыз болады. Ендеше, қорық манайында қорық режиміндегі аймақ құрғанда ғана, көл бассейнінің табиғат кешенің сақтауға болады, яғни Марқакөл шұңғымасының қайталанбас табиғаты - Оңтүстік Алтай эталоны бола алады. 

  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 

 
 
 

 

 
 
 
 
 

 
 

Информация о работе Қазақтардың барша тіршілік болмысы