Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:09, реферат

Описание работы

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау— өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жәй-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
Еңбек қауіпсіздігі — еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлі болдырмайтын іс—шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғану жәй-күйі;

Файлы: 1 файл

oxrana truda.docx

— 38.37 Кб (Скачать файл)

                                                  Кіріспе

                             Еңбек құқығының пәні

Осы Заңда мынадай  негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау— өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жәй-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;

Еңбек қауіпсіздігі — еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлі болдырмайтын іс—шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғану жәй-күйі;

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары — қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтьін, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;

Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

Өндірістік процестің қауіпсіздігі—өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі,

Зиянды өндірістік фактор — оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттіліігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

7)Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы — белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметхеңцің еңбеккв қабіпеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жәғдайлары;

8) Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсәулығын сақтау, өчдірістік ортаның және еңбек процесінін қолайсыз әсерінің алдын алу женіндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

9)Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;

10) Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлап немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік фактордың әсері;

11) Қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзін де нормаларды, ережелерді рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

 Еңбек жағдайларының нормативтері—еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизиалогиялық және өзге де талаптары бар нормативтер;

 Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор — ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;

 Қауіпті өндірістік фактор — әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

 Қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары — еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

16) Еңбекті қорғау—құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;

 Қызметкерлер өкілдері — қызметкерлері уәкілеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері ал олар жоқ болғанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;

 Өндірістік жабдық —машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;

 Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

 Кәсіби ауру — қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;

21 ) Жұмыс орны—қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі турақты немесе уақытша болатын орны;

22) Арнаулы киім — қызметкерді зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;

23) Жеке қорғану құралдары — қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар;

 Ұжымдық қорғану құралдары—жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі — аумақтық бөлімшелер)

- Уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау женіндегі құрылымдық бөлімшелері;

Ауыр қол еңбегі—ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш—қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар:

27) Өнеркәсіп қауіпсіздігі сапасындағы уәкілетті мемлекеттік орган— өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

28) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі—уәкілетті орган) — еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

29)Еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары — еңбек процесінде қызметкердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының жиынтығы.

2-бап. Қазақстан Республикасының  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы  Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе онда халықаралық шарттың ережелері  қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу  аясы

Осы Заңның күші Қазақстан  Республикасының азаматтарына, еңбек  қызметін Қазақстан Республикасында  жүзеге асыратын шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ  адамдарға қолданылады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрі орындауы міндетті.

Жеке еңбек шартында, ұжымдық  шарттарда және жеке берушінің актілерінде  көзделген жұмыс орындарындағы  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті  қорғау деңгейінен төмен болмауға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызметкер мен  жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

17-бап. Қызметкердің еңбек  қауіпсіздігіне және еңбекті  қорғауға құқықтары

Қызметкердің;         

 Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

 Жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп туралы. сондай-ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға.

 Өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғалған жұмыс орнына:

 Қазақстан Республикасының  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ  жеке еңбек және ұжымдық шарттарда  көзделген талаптарға сәйкес  жеке және ұжымдық қорғану  құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз  етілуге;

 Өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жасауға,

 Еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға;

 Өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;

8) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару  үшін қажетті білім алуға және  кәсіби даярлыққа;

9) Шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өтетуге:

 Ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіэділ және өңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына:

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.

18-бап. Қызметкердің еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  саласындағы міндеттері

Қызметкер: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніңдегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.

19-бап  Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары

Жұмыс берушінің:

1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздггі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;

2)қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;

3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнер тапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдрында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.

20-бап. Жұмыс  берушінің еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері І. Жұмыс беруші: .

1) қауіпсіз еңбек  жағдайларын қамтамасыз етуге;

  1. еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;
  2. қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;
  3. өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсіз ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез кепген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
  4. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге;
  5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және оларды ұйымда өткіэуге арнап қаражат бөлуге;
  6. өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен арнаулы аяқ киіммен және зияңды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге. жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;
  7. өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;

Информация о работе Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: