Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 23:52, курсовая работа
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,тиімді пайдалану,ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен,яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі,және организмге күнделікті түсіп отырады.
Кіріспе
Нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы
егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал
егістіктен біз астық аламыз.Алған
астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары
болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым
жоғары болады.Астық өндірілсе –
ауыл шарушылығының ірі саласы.
Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .
Халқымызды
жоғары сапалы тамақ өнімдерімен
қамтамасыз ету мәселесін шешудің
басты жолы алатын шикізаттарды дер
кезінде ысырапсыз,шығынсыз,
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады .Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.
1.Шикізат(ұн)
1.1Шикізат сипаттамасы
Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады. Ұнның негізгі тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады.
Әр түрлі типті ұн бөлшектерінің үлкендігі, химиялық құрамы, технологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ұн типтері: нан пісіруге арналған, макарондық, тұтынуға дайын.
Түр мен типтің деңгейіне қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі. Ұн сорты дән ұлпасының арақатынасы мөлшерімен, өңдеу технологиясымен ерекшелінеді.
Бидай нанын пісіретін ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда ақ ұн, жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны.
Ұнның сапасы келесі параметрлер арқылы бағаланады:
Бірінші және жоғарғы сорттың бидай ұны витаминдерден болуы мүмкін, егерде оған В1, В2, РР витаминдері қосылса. Ұнның құндылығы дәнді дақылда болатын заттарға байланысты. Ұнның әртүрлі сорты дәннің әр бөлігінен жасалынып, оның тағамдық құндылығына әсер етеді. Ұнның сорты жоғары болған сайын ұнда көмірсу көбейіп, белок және басқа заттар аз болады. Витаминдердің, минералды элементтердің алыстырылмайтын амин қышқылдарының құрамы ұнның сорты төмендеген сайын көбейе түседі. Екінші сортты ұн құрамында жоғарғы сорт ұнына қарағанда витаминдер 2-3,5 есе көп. Екінші сортты ұн, жоғарғы сорт ұнынан екі есе фосфор мен кальцийге, 4 есе натрийге бай. Ұнның сорты төмендеген сайын клетчатканың мөлшері көбейе түседі. Жоғарғы сорт ұнымен салыстырғанда бірінші сортта клетчатка екі есе көп. Төменгі сорт ұндарында липидтер көп. Қанықпаған май қышқылдары 74-81%, линол май қышқылдары көбірек кездеседі. Ұнның май қышқылдық құрамының сипаттамасы наубайханадағы ұнның сапасына және оны сақтау кезіндегі өзгеруіне әсер етеді. Ұнды сақтау кезінде липидтер тез тотығып қышқылданады.
Ұн тарту. Шығымы мен мөлшері мемлекеттік мөлшерлеу талаптарына сәйкес келетін ұн өндіру үшін әртүрлі машиналарды пайдалана отырып ұн тартудың әртүрін қолданады. Сондықтан ұн тарту деп астық және оны ұнтақтағанда пайда болатын аралық өнімдермен және жүргізілетін процестер мен іс-әрекеттер жиынтығын атайды.
Стандартты
сапаға сәйкес келетін ұн өндіру үшін,
ұн тарудың алдында астық
Астықты екі кезеңде дайындайды. Бірінші кезеңде сепараторларда, триерлерде, дуаспираторларда астық шөпшар қоспасынан тазартылады; тас тазартқыш машиналардың көмегімен минералды қоспалар аластатылады; жуғыш машиналарда жуылады және силостарда оның жетілуі іске асырылады.
1.2 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар
Ұнның сапасын
бағалау әдісі МЕСТ9404-60 көрсетілген.
Онда физико-химиялық көрсеткіштері
бойынша МЕСТ171-69 сәйкес келуі керек.
Қышқылдығы, ылғалдығы, қамырдың тез
көтерілуі, сақтауда дрождың мықтылығы.
Престелген дрождың сезгіштігі МЕСТ-те
қарастырылмаған. Нан өндірісіндегі
бидай ұнының сапа көрсеткіштері.: МЕСТ26574-84«Нан
өндірісіндегі бидай ұны.
Қара
бидай ұнының ферментті солодының
сапасын оргонолептикалық және физико-химиялық
көрсеткіштері бойынша
Өндіріске келіп түсетін шикізаттар МЕСТ талаптарына сәйкес келуі керек. Нан өндірісіндегі бидай және қара бидай ұны.
1.2.1 Ұнның органолептикалық көрсеткіштері
Түс – ұн сортының негізгі көрсеткіші. Ол дән түсіне, қабықтар санына, тартылу ірілігіне, нығыздау дәрежесіне және ұнның ылғалдылығына, жарықтың түсуіне байланысты болады. Бидай ұнының жоғарғы сортының түсі – ақ немесе аздап қоңыр реңді; бірінші сорттың түсі – ақ немесе ақ сарғыш реңді; ерекше тартылған ұнның түсі – ақ сары реңді немесе сұр реңді болып сипатталады.
Иісі – қара бидай ұнына тін болып, шіріктің, көктің және басқа да бөтен иістер болмау керек.
Дәмі – қара бидай ұнына тән болып, қышқыл, ашты, бөтен дәм болмау керек. Қытырлау ұнның жіберілмейтін ақауы болып есептеледі. Ол дән дұрыс тазартылмаған жағдайда болады.
Нанды пісіруге және сатуға арналған ұнда көгерген, қышқыл дәм болмау керек. Егерде кез келген зиянкестерді тапса, онда ол ұн сатуға жарамсыз болып есептеледі.
Ұнды сақтау тепмературасы 12-180С жоғары болмау керек және ауаның ылғалдылығы 60-70%, құрғақ, таза, жақсы желдетілетін бөлмелерде сақтайды. Ұн бөтен иістерді тез сіңіреді, сондықтан оны өткір иісті өнімдерден алысырақ жерде сақтау керек.
1.2.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер
Бидай ұнының ылғалдылығы 15% аспау керек. Ұнның ылғалдылығы жоғары болса, оның су сіңіру қасиеті төмендейді. Ол шығарылатын өнімдердің мөлшерін азайтады.
Ұнның күлділігі
сорттың қосымша көрсеткіштері
болып саналады. Төменгі сорттқа
қарағанда, жоғарғы сорттың күлділігі
төмен болады. Өйткені жоғарғы
сорт ұнының дәні негізінен эндосперма
бөлшектерінен тұратындықтан, бөлек
дән ұлпаларында минералды
Ұнның тартылу ірілігі әр сортында өзіндік белгіленген бөлшектің мөлшерімен сипатталып, маңызды технологиялық рөл атқарады. Ұнның сорты жоғарлаған сайын оның бөлшектері ұсақ. Өте ірі ұнның су сіңімділігі төмен және пісірілген нанның көлемі жеткіліксіз болып, оның жұмсақ жерінің ұсақ тесіктілігі қалың, дөрекі болады. Өте ұсақ ұнтақталған ұнның нанының сырты мен жұмсағы күңгірт, формасы жайылып кеткен, тез қатып қалатын нан дайындалады.
Ұнның металомагниттік қоспасы 1кг. 3 мг-нан аспау керек. Металдық бөлшектің ең үлкен мөлшері 0,33 мм-ден аспау керек. Шикі желімшенің мөлшері мен сапасы нан пісіру және макарон дайындауға арналған бидай ұнының қасиетін сипаттайды. Желімшенің эластикалық және созылмалық қасиетіне байланысты, ол қамырдың ашу кезінде көмірқышқыл газын сақтап қалып пісіру кезінде формасын қалыптастырады. Ұн жармасында ішкі желімшенің мөлшері 30%-тен кем болмау керек. Ал жоғарғы сортта – 28, 1 сортта – 30, 2 сортта – 25, ерекше тартылған – 20.
1.2.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері
МТБ микробиологиялық норма көрсеткіштері токсинді элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің деңгейіне сай болу керек.(1 кесте)
1кесте
Көрсеткіштер |
Жіберілетін деңгейі, мг/кг, көп емес |
Зерттеу нәтижелер |
Токсинді элементтер Қорғасын Мышьяк Кадмий Сынап Мыс Мырыш Микотоксиндер: Афлотоксин В1 Дезоксиниваленол |
0,5 0,2 0,1 0,03 10 15,0қарақұмық жармасы 50
0,005 0,7 бидай 1,0 арпа |
0,1 - - - - 0,9 11
- 0,1 0,3 |
Т, токсин |
0,1 |
- |
Зераленон |
1,0 тары, жүгері, арпа |
0,4 |
Пестицидтер: гексахлорциклогексан (a,b.g изомерлер) |
0,5 |
0,1 |
ДДТ және оның метаболиттері |
0,02 |
0,001 |
Гексахлорбензол |
0,01бидай |
- |
Сынапты органикалық пестицидтер |
Жіберілмейді |
- |
2,4-Д қышқылы, оның тұзы мен эфирлері |
Жіберілмейді |
- |
Радионуклидтер: Цезий-137 Стронций-90 |
60 БК/кг 100 БК/кг |
30 40 |
Нан пісіру үшін мынадай түрлері мен сырттары қолданылады: бидайдың майда ақ ұны, жоғары, І, ІІ және қара бидай иеленген ұн, кебексіз ұн.
Дрождар. Нан өндіріснде борпылдатқыш, жұмсартқыш ретінде дорждар қолданылады. Олар - кептірілген, престелген және дрож сүті.
Престелген дрождар 171-81 МЕСТ. Түсі ашық, сұр немесе крем тектес болады. Консистенциясы – тығыз, жағылмай тез сыну керек.
Иісі – дрождардың өзіне тән, көгерген немесе басқа да иіс жіберілмейді.
Дәмі тұщы, дрождарға тән өзіндік тұщы дәм.
Ылғалдың массалық үлесі, процент бойынша – 75,0. Көтерілу күші (қамырдың көтерілуі 70 мл дейін) минутына 70. Қышқылдығы 100г дрождың уксус қышқылдығына шақандағы – 120,0 мг
Дрождың сақтану мерзімі – 12 тәулік.
2 кесте Кептірілген дрождар(СТ18-193-74) дрождың сүті СТ 18269-81
Көрсеткіштер |
Кептірілген |
Дрождық сүт | |
жоғары |
1сорт | ||
1 |
2 3 |
4 | |
Консистенциясы,сыртқы түрі |
Вермишель формасы |
Дрожды клеткалар қабықпен, қорғалған, түбінде шөккен су суспенциясы | |
Түрі
Иісі
Дәмі
Ылғалдылығы пайыз бойынша |
Ашық сары немесе ашық қоңыр
Кептірілген дрождарға тән
Кептірілген дрождарға тән
8,0 – 10,0 |
Ақ-сұр, сарылау өзгешелігімен дрождардың өзіне тән, көгерген немесе басқа да иіс жіберілмейді.
1л.дрождың сүтттегі 75% дрожға шаққанда 450г.болуы тиіс | |
Көтерілу күші 70мл\мин
Қышқылдығы 100гдрождың уксустың қышқылды м.г бойынша есептегенде
Сақтау мерзімі |
70 - 90
_____
12 ай\5 ай |
75
20\72са5ат сайын 0-12'с температурада 360мг
3 тәулік,жазда 2 тәулік |
Асқа салнатын тағамдық тұз. Нан пісіруде негізінен 1және 2 сорт тұздарын қолданылады(МЕСТ 13830-84),ылғалдылығы:2 сорт - 6%, 1сорт -5%,құрамында суда ерімейтін заттар болады,1- сортта - 0,85, 2 сортта – 1,0%.
Информация о работе Метрологияның даму тарихы. Метрологиялық қамтамасыз ету