Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2016 в 14:20, контрольная работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі
І Кіріспе
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Аймақтардың дамуының теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).
Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқаруды жетілдіру жолдары.
ІІІ Қорытынды
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағытының бірі – мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды жүргізу. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтуға бағытталып отыр. Аймақтарда экономиканың өсуі және бәсекеге қабілетті болудағы негізгі міндет халықтың әл-ауқатын көтеру, бірақ әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет: табыстарды көтеру және елдің әл ауқатын арттыру. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен тұрмыстың ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.
Аталған мәселелерді шешу барысында мемлекет тарапынан елімізде үшжылдық бюджетпен жұмыс жасайды. Мұның бір артықшылығы – үшжылдық кезеңге арналған экономиканы және әлеуметтік салаларды дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға өздерінің бизнестерін барынша ауқымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуын ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды. Халықтың тұрмысын көтеру барысында, яғни дағдарыстан шығу мақсатында мемлекет басшысы экономиканы сауықтыру үшін қазіргі таңда атқарылатын жұмыстарды саралай келіп, бес бағытты нақтылап берді. Оның біріншісі – банк секторын тұрақтандыру, екіншісі –құрылыс саласын және үлескерлер мәселесін шешу, үшіншіден –дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнестің зардап шекпеу керектігін, төртінші ауылшаруашылығын ойдағыдай дамыту, бесінші – индустриялық-инновацияны дамыту. Аймақтарды дамату барысында осы аталған жеңілдіктермен қоса кәсіпорындарды салықтық жеңілдіктер мен қатар олардың өнімдерін нарыққа шығару үшін жағдайлар жасау, яғни бағаны бір қалыпты ұстап тұру, неғұрлым өнеркәсіп және кәсіпорындар көбейген сайын аймақтарда жұмыссыздық саны солғұрлым төмендей береді. Сол себепті, ең алдымен мемлекетте өндіріс орындарын мен кедейшілікті жою басты міндет. Кедей халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады. Еліміздегі барлық селолық елді мекендердің 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде екенін ескерсек, онда мынадай экономикалық тетіктерді қолданудың маңызы арта түседі:
Сонымен ҚР аймақтарыдың мәселелері, экономикалық көрсеткіштері, экономиканың әлеуеті мен дамуына байланысты келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:
Аймақтық басқаруды жетілдіруді шешу үшін келесідей мүмкіншіліктерді пайдалану қажет:
Соған орай, еліміздегі аймақтардың дамуын жетілдіру мақсатында келесідей міндеттерді шешу қажет:
Осы жоғарыда ұсынылған міндеттерді, аймақтық саясатты жүргізу арқылы мемлекеттің реттеуі нәтижесінде аймақтың дамуын ілгерілетіп алдағы уақытта оң нәтижелерді көрсетуі ықтимал.
Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша негізгі мәселелерді шешу бойынша келесідей ұсыныстар бар. Бұл мәселелерді шешу жоғарыда 2-бөлімде талдап өткеніміздей, Оңтүстік Қазақстан облысы жан басына шаққанда ЖӨӨ бойынша республикамызда соңғы орындардың бірінде орналасқан. Сол себепті өңіріміздегі әрбір саланы, әсіресе, өнеркәсіп, ауылшарушылығы оның ішінде мал шаруашылығы, туризм, құрылыс және де өңірдегі шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын дамыту қажет деп есептей отырып, осы салалардағы ақсап тұрған мәселелерді дамыту жолдарын ұсынамыз.
Өңір экономикасын дамытудың басты басымдықтары бірі нақты сектордың бәсекелесу қабілетін арттыру болып қалады және де өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға өту, жаңа технологияларды ендіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды көздейді.
Өңір өнеркәсібінің дамуына позитивті әсері бар күшті жақтары:
-ауыл шаруашылығын тиімді
дамытуға мүмкіндік беретін
-жеңіл және тамақ
-өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы;
-экспортқа бағдарланған өндірістің болуы (тоқыма, металлургия, тау-кен өнеркәсібі, мұнай өндірісі);
-кәсіпкерліктің дамуына
қолайлы жағдайдың болуы: қаржылық-несиелік
ұйымдар (қаржылық даму институттары,
екінші деңгейлі банктер, шағын
несиелік ұйымдар, «Максиму» АИО»
ЖШС), «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ, «Оңтүстік»
арнайы экономикалық аймақ, индустриалды
аймақтар, «Кәсіпкерлерге қызмет
көрсету орталығы» ЖШС, «Шымкент
инновация», «ОҚО өңірлік технобақ»
ЖШС, түрлі консалтингтік
Негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы басым аудандарда байқалады, өнеркәсіпті жаңғырту дәрежесі, оның өңір экономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда, экспорт көлемінде өнеркәсіптің шикізаттық секторының тауарлары үлесі жоғары болуда. Экспорттың осындай құрылымы өңірдің сыртқы факторларға экономикалық туелділігін арттырып отыр, бұл жағдай әсіресе соңғы жылдары тауарлық нарықтарда байқалып отырған жаһандық коньюнктураның тұрақсыздығына байланысты.
Бірқатар салаларды диверсификациялық қайта жабдықтау саясаты:
Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осылайша вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрайды да, өндіріс құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді. Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6000-7000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3000-3500 метр кубқа қысқарған. Осыған орай, тамшылап суғару шарасын одан әрі дамыту қажет деп есептейміз. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Облыста 2013 жылы - 1209 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Облыс аймағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, сонымен қатар, ежелгі қаланың орны «Отырар», «Сауран» және көптеген басқа да тарихи нысандар орналасқан. Өңіріміз этнографиялық, тарихи-археологиялық нысандармен қамтылған және әлемдік туристік нарықта сұранысқа ие табиғи демалыс аймақтарына Ақсу-Жабағлы, Сайрам-су, Өгем, Қырыққыз, Біркөлік шатқалдарын жатқызуға болады. Жыл сайын облыстық, республикалық маңызы бар жолдар ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуде, мұның өзі туризмді дамытуға үлкен үлес қосады. Туризм саласындағы маңызды бағыттардың бірі туристік имиджді қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді алға жылжыту. Сол себепті, туристік имиджді дамыту қажет деп есептейміз. Және де Туристік және көліктік инфрақұрылымдарды дамыту, жоғары дәрежелі экскурсоводтардың, әсіресе шет ел тілін меңгерген (ағылшын, италян) туризм нұсқаушысының тапшылығын болдырмау қажеттігін алға тартамыз.
Информация о работе Аймақтардың дамуының теориялық негіздері