Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2016 в 14:20, контрольная работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі
І Кіріспе
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Аймақтардың дамуының теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында).
Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқаруды жетілдіру жолдары.
ІІІ Қорытынды
Оңтүстік аймақтың экономикасының басты негізі – агроөнеркәсіптік сектор, оның айналасындағы сервистік қызмет көрсететін және қосымша құны жоғары ауылшаруашылық тауарларын қайта өңдейтін шағын және орта кәсіпорындарды дамыту керек. Жалпы облыстағы ауыл шаруашылығы саласының биылғы жарты жылдықтағы жетістіктері жаман емес. ОҚО Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,9%-ды құрайды. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 67,3 млрд, егін шаруашылығында — 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.Облыс көптеген ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, жыл бойы жемшөп қоры ретінде жайылымдарды пайдалануға қолайлы климаттық жағдайларға ие, бұл мал шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Облыстың аграрлық секторында 2,5 мың ауылшаруашылық кәсіпорны мен 69,5 мың шаруа қожалығы бар.Әрбір оңтүстік қазақстандықтың несібесі үшін жылына 21 келі жеміс-жидек, 15 келі жүзім өндіріліпті. Ал республика халқын сапалы дақылдарымен қамтамасыз етуде бұл аздық етуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы, өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын мол ресурстарға ие. Халық санының 47% құрайтын еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны. Табиғи қазбалардың қорлары барит, көмір, темір және полиметалдық рудалар, уран, форфор, бентониттік лай, вермикулит, тальк, әк, гранит, мрамор, гипс, кварцтық құмдардың бай кен орындарымен көрінеді. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олардың 13-і уран, алтын, мұнай, гипс және жер асты суларын өндіруде қызмет ететін, шет елдің қатысуындағы кәсіпорындар.
Қолдағы бар транзиттік басымдылық облыс территориясының Азия, Жақын және Орта Шығыс аймақтары мен Еуропа мемлекеттерін өзара байланыстыратын жолдардың (әуе, теміржол және автокөлік) қиылысында, экономикалық тиімді орналасуымен сипатталады. Туристтік әлеуметті дамыту үшін демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген үлкен мүмкіндіктер бар.
Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, облыстың аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфра -құрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, ОҚО инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі республика бойынша ең соңғы қатарды алады.
Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады. Еңбектің аумақтық бөлінісінде облыс ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өңдеу, мұнай және мұнай өнімдері, тоқыма, құрылыс, металлургия материалдары мен уран өнімдерін өндірумен мамандандырылады. Өнеркәсіп үлесіне жалпы өңірлік өнімінің 23,4% тиесілі, сонымен қатар өңірдің өнеркәсіптік өнімінің үлесі жалпы республикалық көлемде 2,9% құрайды.
Сурет3. 2012-2013 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы
пайызбен
Көрсеткіш атауы |
2008 ж. |
2009 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
ӨНЕРКӘСІП – барлығы, оның ішінде: |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
кен өндіру және карьерлерді қазу |
13,5 |
23,4 |
28,2 |
26,5 |
23,4 |
өңдеу өнеркәсібі |
75,1 |
65,9 |
63,0 |
64,6 |
67,2 |
электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу |
11,4 |
10,7 |
8,8 |
8,9 |
9,4 |
Мәлімет көзі: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігің ресми сайты Автормен құрастырылған. |
Өңірдің өндірістік өнеркәсібі құрылымында электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлудің үлесі – 2008 жылы - 11,4 %, 2009 жылы - 10,6 %, 2010 жылы - 10,0 %, 2011 жылы - 10,2 %, 2012 жылы - 8,8 %, 2013 жылы - 9,3 %. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында сала үлесінің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібінің үлесінің артуына байланысты. Тау-кен өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 3,5 %-дан (2003 жылы) 2009 жылы 23,4 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2012 жылы 28,2 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 26,4 %-ға дейін өсті. Тау-кен өнеркәсібінің жылдам дамуы экспортқа бағдарланған пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, оның ішінде бастысы – уран. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз құрылысының қарқынды жүргізілу де септігін тигізді. Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 88,7% (2003 жылы) 2009 жылы 66 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы), 2012 жылы 63 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 64,3 %-ға дейін төмендеді. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуі кен өнеркәсібінің өндіріс көлемімен салыстырмалы түрде төмендеуімен, инвестициялардың тапшылығына байланысты негізгі құралдардың жоғары дәрежеде тозуымен (71%-ға дейін), сонымен қатар өндірістік өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейіне байланысты.
ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына және 2013 жылы 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 құраған.
ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС және т.б.
Оңтүстік Қазақстан облысы - республикасының мақта өсіретін негізгі аймағы. Қазіргі кезде осы дақылмен облыстың Төлеби және Созақ аудандарынан басқа аудандары айналысады. Соңғы он бес жылда ОҚО-да мақта алқабының ауданы екі есеге өсті, бірақ мақтаның өнімділігі екі есе төмендеді. Бұл көрсеткіштер облыс бойынша жалпы емес, шаруашылықтың жекелеген категориясы - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығында.
Сурет4. 2011-2014 жж. аралығындағы мақта талшығының өндірілген көлемі(тонна)
Жалпы жоғарыда көріп отырғанымыздай, 2011-2014жж. аралығындағы мақта шаруашылығының өндірілу көлемі көңіл толтырарлықтай жағдайда емес. 2013 жылы өндіріс көлемінің артқанын байқасақ, осы жағдайды келер жылы сақтай алмай 1,5 есеге төмендегені байқалып тұр. Қазіргі таңда мақта өндірумен облысымызда 45 мың шаруа қожалықтары айналысады. Олардың 80 % астамы жер иелері 5-10 гектарға шейін. Мақта өңдеуші саланың жекелеген құрамдас элементтерінің жағымды нәтижелерінің пайда болуына қарамастан мақта-тоқыма саласының даму стратегиясын бірегей жүйе ретінде даярлау және іске асыру кезінде кешенді және жүйелі жол болмай отыр. Қазақстандағы мақта шаруашылығы бірігудің төмен дәрежесі, қожалық шаруашылықтардың кооперациясы, шитті-мақта өндіру кезінде агротехниканы пайдаланудың төмен деңгейімен сипатталады. Мақта тазалаушы заводтардың әрекет етуші монополиясы мақта егуші шаруашылықтар мен мақта нарығының басқа кәсіпорындары және қатысушыларының тиімді бірігуін іске асыруға мүмкіндік бермейді. Тоқыма–тігін кәсіпорындарының жеткіліксіз күші де ел ішінде мақта талшығын терең өңдеу үдерісін тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіруде. Мақта-тоқыма кластерін және «Оңтүстік» ЕЭА дамыту да өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты мақта-тоқыма саласының арықарайғы дамуы үшін экономика мәселесін шешу және саланы алдағы он жыл ішінде индустриалды-инновациялық дамуға аударуды ұйымдастыру ерекше ғылыми және практикалық мәнге ие болады.
Сонымен қатар, облысымызда арнайы экономикалық аймақта және индустриалды аймақта эскпортқа бағытталған, импортты алмастыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатта тікелей инвестицияларды тарту, отандық және шетелдік инвесторларды ынталандыру механизмдері бойынша кешенді институттық жүйе құрылды. («Шымкент» ӘКК, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Шымкент –инновация», Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» АИО, Техносаябақтар, бизнес инкубаторлар ж т.б.).
2010-2014 жылдарға арналған
Үдемелі индустриалды-
Сурет5. 2009-2014жж. аралығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі (млн.тг)
Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіп инвестициялар үшін басым сала бола тұрып, 2009 жылы негізгі капиталға жұмсалып отырған инвестициялардың жалпы көлемінің 23,8 %, 2010 ж. – 47,6 %, 2011 ж. – 45,5 %, 2012 ж. – 44,0 % және 2013 ж. – 32,3 % , 2014 ж. – 35,3% құрайды.
3.Қазақстан Республикасының аймақтық басқаруын жетілдіру.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Аймақтарды дамыту және де мәселелерді шешу үшін келесідей факторларды атап өткен жөн. Олар келесідей:
Аталған факторларды жүзеге асыру барысында әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да ат салысулары талап етіледі. Осымен байланысты аумақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің бір жолы әкімшілік- құқықтық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функционалдық өкілеттіліктерді бөлуді, әділетті бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін заңдарды шығару мен жүзеге асыру қажет. Осындай жүйе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандырады және аймақтарда қалыптасқан жағдай үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады.Қазіргі таңда аймақтардың дамуы бір деңгейде болмай тұр. Сол себепті экономикасы артта қалған аймақтарға экономикасы дамыған аймақтардан көмек көрсетілуде. Сол себепті барлық аймақтардың экономикасын теңестіру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп және жекелеген артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру үшін қосымша экономикалық механизмдер қолдану қажет. Артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру механизмінде негізгі орын инвестицияларға беріледі. Сол себептен мемлекеттің инвестицияны реттеу жүйесі 3 кезеңмен жүргізіледі:
Инвестициялық қолдау, сонымен қатар, туризм саласын қамтып отыр. Өйткені, бұл сала аймақтардың табысын және жұмысбастылықты өсірудің маңызды көзі. Инвестициялық жобаларды дайындау барысында барлық қаржы көздерінің ішінде басымдық жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, еңбекті көп қажет ететін жобаларға беріледі. Экологиялық және экономикалық жағдайы төмен аймақтарға қолдау инвестицияларынан негізгі көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары мен заңға қайшы келмейтін басқа да көздер бола алады. Жоғарыда ұсынылған механизмдер әрбір аумақтағы проблемаларға қатысты қолданылады. Сонымен қатар, атап өтетін жайт, бұл шаралар проблемалы аумақтардың жергілікті атқарушы органдарымен, шағын және орта бизнес субъектілерімен қолданатын болса ғана оң нәтиже береді. Жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан мыналар бойынша саясат жүргізуі қажет:
Информация о работе Аймақтардың дамуының теориялық негіздері